Жаңа сабақтар

Кубанова Гульмира Жардемовна

Атырау қаласы

№34 көп салалы мектеп-гимназиясы

Сауат ашу

Кубанова Гульмира Жардемовна

Пәні: Сауат ашу

Сынып: 1 «в»

Мектеп: №10 С.Мұқанов

Мұғалім: Кубанова Г

Сабақтың тақырыбы Ұлттық ойындар туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.9.1. Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.1.2.Оқудың түрлерін (буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу) қолдану.

1.2.4.1. Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы,мәндес,көп мағыналы

Сөздердің мағыналарын ажырату.

1.1.2.1.Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау.

Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Сауат ашу пәні, музыка, орыс тілі
АКТ қолдану дағдылары слайд , музыка
Тілдік құзыреттілік Велосипед- велосипед, трамвай-трамвай.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Сәлемдесу.

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар мына кейіпкер кім?Саяхатшы Дара.

Қайырлы таң,достым

Қайырлы таң,ұстазым

Шеңберге тұрайық

Жылулық сыйлайық.

Саяхатшы Дара бізге әуен жолдапты.Бұл әуенде қандай ұлттық ойын сипатталған айтайықшы?

Саяхатшы Дараның жол дорбасында не бар екен.(Ұлттық ойындар бар екен).Олай болса,саяхатқа Аламан бәйгеге барайық.

Кассадан билет алайық.(суреттер бойынша топқа бөлінді).

Велосипед,трамвай,автобус,вагон.

Таныс емес қандай дыбыс бар.Бүгінгі танысатынымыз в дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты таныстырылды.В дыбысы қандай дыбыс дауыссыз ұяң,себебі кеудеден шыққан ауа кедергіге ұшырап айтылып тұр.

В дыбысы орыс тілінен енген дыбыс,в дыбысы сөздің басында,ортасында келеді.В дыбысы бар сөздер айтайық.

Велосипед,трамвай,автобус,вагон.Дыбыстық талдау жасату.

Велосипедтің шығу тарихы.

Сурет бойынша сөйлем құрау.

Дескриптор

Дыбыс пен әріпті ажырата алады.

Дыбыстардың екіге бөлінетінін біледі.

Сөздерді оқи алады.

Видео ролик

Балалар топқа бөлінеді.

Велосипед туралы

Видео ролик

Сабақтың ортасы Жазылу үлгісімен таныстыру
В әрпін жазу үшін бірінші тармағын Н әрпі секілді бастаймыз. Содан соң бір – біріне жалғасқан, оңға қарай жазылған екі шеңбер саламыз.
Кіші әрпін жазу үшін жолдың астынан бастап бір – бірімен қиылысқан екі шеңбер саламыз. Бірінші шеңбері сопақша пішінде жолдың үстінде тұрады, ал кіші шеңбері жолдың ішінде.

Жұппен жұмыс.

В дыбысынан келетін,сөздер жаза қоямыз.Жұпта бір-бірін тексереді. Қатесін табады.

Сергіту минуты

Ат жарыстың суретін көрсету.Бәйгеге қосатын атты, сәйгүлік дейміз. Атқа шабатын адамды шабандоз дейміз.

Бейне таспадан

(Бәйге туралы мағлұмат беріледі)

Бәйге – қазақтың ұлттық спорт ойыны, шабандоздардың ат жарысы. Бәйге қазақ халқының алқалы жиындарының (тойлардың, астардың, т.б.) ажырамас құрамдас бөлігіне айналған. Шабандоздар белгіленген жерге алғашқы болып жету үшін барлық күш-жігерін салып шабады. Жарыс тура және бұрылыстары бар тегіс не дөңгелек бәйге алаңдарда өтеді. Бәйгенің үш түрі бар: ұзақ қашықтық жарысы – Аламан бәйге, Құнан бәйге және Жорға жарысы.

Қазақтың қандай ұлттық ойыны айтылған.

Бәйгеге кімдер қатысады?

Бәйге қай жерде өткізіледі.

Оқулықпен жұмыс:

№2 Мәтінді оқы:

Ат жарысы басталды.

-Алда келе жатқан кім?

— Бас қамшыны, бас!

Әр қарай сөйлем ойлатып ,өрбіту.

Дескриптор:

Мәтінді оқиды.

Мазмұнын түсінеді,сұраққа жауап береді.

Сурет көрсету

Бейне таспа

Мәтінді оқиды.

.

Сабақтың соңы Кері байланыс:

«Жетістік жолы»

Оқушылар жетістік жолдарына тұру арқылы өзі таңдаған жолында тұрып бүгінгі сабаққа байланысты пікір айтады.

Рефлексия

В дыбысы қандай дыбыс?
В дыбысы сөздің қай буынында кездеседі?
В дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтір

Алма мен ағаштың суреттері
Сабақ мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма?Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске астыма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Сабақ мақсатына жетті.

Дыбыс пен әріпті ажырата алады.Сөздерді оқи алады.Оқушылардың сабаққа белсенді қатысқан немқұрайлы отырған оқушыларды түртіп алып отырдым.Келесі сабаққа сол оқушыларға тапсырманы лайықтап әкелуге тырысамын.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Атырау қаласы

№34 көп салалы мектеп-гимназиясы

Сауат ашу

Кубанова Гульмира Жардемовна

Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкесетендіру.

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

1.2.5.1 Мәтін илююстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру.

1.1.9.3 Сөздің буынан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.

1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.

1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.ә

Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Математика, дүниетану пәндері
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Жалау-флаг
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп бір-бірімізге жақсы тілектерімізді айтайық.

Топқа бөліну

Білу күлтесін ашу: Бетпе-бет әдісі

Дыбыс деген не?

Әріп дегеніміз не?

Дыбыс нешеге бөлінеді?

Дауысты дыбыс қалай айтылады? (созылып айтылады)

Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? (қысқа айтылады)

Буынға буынды қосса сөз шығады

Сөзге сөзді қосса сөйлем шығады

«Түсіну» күлтесі: «Тауып көр» әдісі

Сөз жұмбақ

Суреттің алғашқы әрпінен сөз шығару

Кім тапты?

Жапырақ

Елік

Тауық

Ілгіш

Орысша, ағылшынша айту

Жеті дегенде басында қандай дыбыс естіліп тұр. Ж

  • Ж дауыссыз
  • Ж дыбысын айтқанда тіл жоғары көтеріліп таңдайға тимей тұрады. Тіліміз ауаның шығуына кедергі жасайды. Дауыссыз

Ж дыбысынан келетін сөздер айту:

Жарыс, жарық, жылқы, жапалақ, жапырақ, жусан, жуа

Шаттық шебері
Сабақтың ортасы Топтық жұмыс «Қолдану» күлтесі. «Үштік» әдісі (ойлан, топтас, бөліс)

І – топ. Ж дыбысынан келетін суреттегі жануарларды топтастыру.

Жолбарыс

Жылан

Жылқы

Жираф

Жапырақ

ІІ – топ. Берілген суреттегі заттардың атын жазу

Жалау

Жаға

Жарыс

Жайлау

ІІІ – топ. Жаңбыр тамшыларынан қандай сөздер құрауға болады?

Жалау, жасыл, жол, жуа, жарық

IV – топ. Жаңбыр тамшыларынан қандай сөздер құрауға болады?

Жалтыр, жылға, жүзім

«Талдау» күлтесі: «Білгенімді зердеме тоқу» әдісі

Қарамен жазылған сөздерге түсінік беру:

Жаға жаса жалау жасау жасыл жайлау

Жақсы жаман жылтыр жауын жарыс Жарас

Текше

Қима қағаздар

Слайд

Тақта

Буындарды орналастыратын кесте,кеспе әріптер

Оқулық

Жазу дәптері

Сергіту сәті
  • Балалар, біздің ежелгі ата-бабаларымыз кімдер болған?
  • Сақтар
  • Олар қандай халық болған
  • Көшпелі халық болған
  • Көшпелі халықтың мерекелерде астарда өткізілетін негізгі ойындарының бірі – ат жарысы
  • Атпен ойналатын тағы қандай ойындарды білесіңдер?
  • Жарыс сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?
  • Ж дыбысы
  • Жарыс сөзін буынға бөлейік

Мазмұнын пысықтау

  1. Жайлауда не өтті?
  2. Жанаттың аты қандай?
  3. Жарастың жорғасы қандай?
  4. Кім жарыс мәресіне тез жетеді?

«Жинақтау» күлтесі

Дәптермен жұмыс:

Жарты сопақшаның сол жағынан бастаймыз. Оңға қарай дөңгелектей кем жарты сопақша жазамыз.

Жқолымызды алмай үстінен кішкене жүріп жоғары қарай жоғары төмен қосатын штрих жалап қолды үзбей салу керек.

Қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату

Тұрма жай, Суға жуа-жуа,

Қамыр жай. Тазаланды жуа.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

А 3 қағазы,маркер

Рефлексия Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстыңдар?

Ол қандай дыбыс екен?

Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі?

«Бағалау» күлтесі

«Жетістік жолы»

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарым Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Кубанова Гульмира

34 көп салалы мектеп-гимназиясы

Тақырыбы: «Не ексең, соны орасың».

Мақсаты: Жас ұрпақты парасатты, ақылды, мейірімді жан-жақты азамат ретінде тәрбиелеудегі ата-ананың ролін көрсету. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптастасуына ата-ана беретін тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, қарым-қатынас орнату. Ата-аналарға оқытудағы жаңалықтар туралы мәлімет беру. Ата-аналардың мектеппен, сынып жетекшімен тығыз байланысын орнату.

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап

Күтілетін нәтиже: Ата-аналар балаларының парасатты, ақылды, мейірімді т.б.жағымды қасиеттерге ие болуына өздері әсер ететіндігін мойындайды. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы жаңа заманға сай жан-жақты білімді де тәрбиелі азамат қалыптаса- тындығын түсінеді.

Ресурстар: Интерактивті тақта, слайдтар, бейнероликтер, стикерлер, түсті бояулар

Тапсырмалар:

  1. «Капитан» ойыны топқа бөліну
  2. «Жақсы сөзде береке мен ырыс бар…»

  3. «Тыңдап, талдап, ғибрат ал»

  4. «Бала үні»

Мұғалім: Сәлемесіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі ата-аналар жиналысына хош келдіңіздер!

Ата-ананың тілегі — баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгішті , оқу мен еңбектегі табыстары. Құрметті ата-аналар! Біз ерекше ата-аналар жиналысын өткізгелі отырмыз. Бәріміз айнала шеңбер жасап, орнымыздан тұрайық және әрбір ата-ананы «Бала үшін ата-ана кім?» деген сұраққа бір ауыз сөзбен жауап айтып шығуды сұраймын (ата-аналар сұраққа жауар береді).

Әрқайсысы кезегімен:

-Өмірге әкеледі

-Оқытады.

-Тәрбиелейді.т.б.

  • Ия, баламыздың алдында қанша міндеттеріміз бар екенін түсінеміз. Бала-ата-ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып, не басқа бір қатер төңгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімізді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі — баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бала тәрбиесі-қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Отбасы -адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың басты ұстазы-ата-ана. Береке, бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды, болашақ өркениетке қосар үлесі бар.

«Жас көңіл тың жер тәрізді,

Не ексең сол шығады, әрі мол шығады» деп әйгілі, атақты Ғабиден Мұстафин айтқандай, отбасы- баланың тәрбиесінің айнасы. Демек, баланы отбасынан тануға болады, яғни ата-анасың бір- бірімен, ата-анасының баласымен қарым қатынасы қандай екенің өз көзқарасынды қалыптастыруға болады.

  1. Топқа бөлу. «Капитандар ойыны» арқылы топқа бөлу 1-Капитан келе жатыр-әр

қатысушы бөлме ішінде оң қолын шекесіне қойып жүреді, 2- еден жуу- қатысушылар екі адамнан жұптасып, еден жуу сәтін көрсетеді, 3 — адам суға кетті — қатысушылар үшеуден бірігіп, суға кеткен адамды құтқару іс-әрекетін сомдайды, 4-түскі ас- қатысушылар төртеуден бірігіп, үстел үстінде тамақтанып отырған сәтті көрсетеді, 5-қайық есу — қатысушылар бес адамнан бірігіп,қайықты есу әрекетін көрсетеді

Құрметті ата-аналар, біз енді топқа бөлінеміз.

1 топ- Ата-ана

2топ-Отбасы

( ата-аналар топқа бөлінеді)

Мен сіздерді не үшін бұлай бөлді деп ойлайсыздар? (Ата-аналар жауап береді)

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек,

-дегендей,баласының ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар,сірә.Олай болса,бауыр етіңіз балаларыңызды жақсы көріп,еміренгенде не дейсіздер? (Ата-аналар жауап береді)

  1. -Құрметті ата-аналар,енді түрлі-түсті бояуды пайдаланып,үлкен жүректің суретін салайық. (Ата-аналар постерге жүректің суретін бейнелейді)

-Ал, ашуыңызға тигенде, шыныңызды жазыңыздаршы, қандай сөздерді көп қолданасыздар?

(Стикерлерді таратамын, соған ата-аналар сөздерді жазады)

-Енді осы стикерлерді алдарындағы «Жүрекке» жапсырыңыздар. (Стикерлерді жүрек суретіне жапсырады)

3. Оқып, талдап, ғибрат қыл.

Слайдтан «Сызат» бейнеролигін тамашалайды. («Сызат» бейнеролигі)

-Осы бейнеролик туралы қандай ойларыңыз бар, қандай әсер алдыңыздар, өз пікірлерімізді ортаға салайық, кұрметті ата-аналар. (Ата-аналар өз ойларын айтып шығады)

Жауаптар тыңдалады. Постерлерін қорғайды , түсіндіреді.

-Бұл әңгімеден сіздер қандай ғибрат алдыңыздар, оны сұрақтар арқылы талдап көрелік.

-Әкесі неге қарапайым талап қойды?

-Ата-анасының баласын еркелеткені дұрыс па?

-Тақтайдың бетін немен бітеуге болады, көңілде қалған сөздерді немен өшіруге болады?

-Осы баланың орнында өздеріңіз болсаңыздар не істер едіңіздер?

-Жақын достарыңызды, әріптестеріңізді, балаларыңызды ренжіткен кездеріңіз болды ма?

-Сіз өзіңіз біреуге ренжідіңіз бе?

Яғни, біреуді ренжітпеу,оны кешіре білу үшін бойымызда жақсы қасиеттер басым болу керек екен.

  • Осындайда, Л.Н.Толстойдың «Ата-аналардың басты қателігі- олардың ең алдымен өздерін тәрбиелеп алмай, балаларын тәрбиелеуге тырысатындығын- да» деген қанатты сөздері еске түседі.

4. «Бала үні» алдыны ала балаларға жүргізілген жобадағы балалар ойымен таныстыру

Қорытынды:

Адам баласы үшін баладан артық байлық жоқ.Бала өміріміздің мәні де, сәні де , бала — бауыр етіміз. Ия , біз аялап өсіріп баптаған баламыздан үлкен үміт күтеміз. Ел таныған азамат атанғанын , өзіміз жетпеген биіктерге шыққанын армандаймыз.

Сонымен қатар, баламыздан өзімізге деген сыйластықты ,ата –ана ретінде құрметпен қарауын талап етеміз.Баламыз өз бетімізден алып бажаңдап отырса , оның сөзін көтере алмаймыз. «Неге әке-шешеге қарсы сөйлейсің ?» , «Неге бетімнен аласың -?» , «Қырсықпа , қасарыспа менімен!», «Менімен ашық сөйлеспейсің , әңгіме айтпайсың !» т.б. осылай баламызға сын тағып отыратынымыз бар.Осындай «негелерді» баласына қоятын ата-аналар көп.Олар баласының өздеріне осындай қарым-қатынас жасайтындығына бірауық өздерінің қатысы бар екендігін білер ме екен? Ия , кейде іштей мойындау да мүмкін ,мойындамайтындар да бар ғой. «Өз балаларыңызды сүйе отырып , оларды сізді де сүюге үйретіңіз , үйретпесеңіз — қартайған шағыңызда көз жасыңызды төгесіз» деген екен өткен ғасырымызда бала тәрбиесі жөнінде біраз еңбек сіңірген ғалым – ұстаз В. А.Сухомлинский.

Қорыта келгенде, адам бойында екі сәуле пайда болады екен. Ол ақ сәуле адам бойында басым болса,жақсылық пен мейірімділік көп жасалады. Ал қара сәуле басым болса, жамандықты көп жасайды екен. Сондықтан бойымызда ақ сәулені басым ұстап, ешкімді ренжітпеуді, ренжітсек кешіре білуді басты мақсат етіп қояйық. Өмірдегі болып жатқан нәрселерге екі жақты көзқараспен қарап, бір бірімізге кешірімді, мейірімді, иманды болайық.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.