Жаңа сабақтар

Ырымбек Мақпал

Алматы облысы, Талдықорған қаласы,

Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылы.

«Диас» балабақшасы

Тәрбиеші: Ырымбек Мақпал

Тақырыбы:«Шуақты күн»

Бөлімі: Жаратылыстану

Мақсаттары: Жансыз табиғаттағы нысандардың өздеріне тән белгілерімен таныстыру. Дамытушылығы: Танымдық белсенділігін дамыту. Қарапайым зерттеушілік дағды қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жансыз табиғаттағы нысанның атауын атап бере алады (күн);

Таниды: нысанның өзіне тән ерекшеліктерін біледі;

Қолданады: табиғаттағы өзгерістерді бақылау қабілеті бар.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: Күннің суреті бейнеленген иллюстрациялармен танысу. Өлеңдер оқу. Көктемде табиғатта болатын өзгерістерді, ауа райындағы өзгерістерді бақылау. Ойындар ойнату. Күннің суретін салу.

Құралдар мен материалдар: мольберт (фланелеграф, магнитті тақта), көктемгі табиғаттың суреті, сары, қызыл бояу, ватман.

Сөздік жұмыс: күн, сәуле шашады, жылытады, шешек атты (бүршік жарды), ұшып келді.

ҰОҚ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Педагог ойынның көмегімен алдағы ҰОҚ-ға қолайлы эмоционалдық көңіл күй қалыптастырады. Балаларға айналаның жап-жарық екенін айтады. Бізге қарап, сәулесін түсіріп тұрған – Күн.

Жұмбақ шешкізеді.

Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. (Күн)

Балаларды Күнге қонаққа шақырады.

Болып жатқан оқиғаларға (ҰОҚ-ға) ерекше қызығушылық танытады.

2.Негізгі кезең

Педагог магнитті тақтаға (мольберт, фланелеграф) көктемгі табиғаттың суретін орналастырады. Қимылдарын мынадай сөздермен сүйемелдеп отырады:

… жарқырайды
.
Ағаштарда
… пайда болды
.
… гүлдеді
.

… пайда болды.

… сайрайды. Күннің сәулесіне құстар да, шөптер де, гүлдер де мәз!

Балалар сөйлемдерді аяқтайды. Эмоцияларын білдіретін. Күннің жылуына қуанып, шаттанады.

«Күн» суретін балалардың назарына ұсынады. Суретті мұқият қарап шығып, күннің белгілерін айтады: сары түсті, үлкен – кіші, дөңгелек. Күнге не ұқсайды? Дөңгелек, бақбақ, тоқаш, алма, доп…

Міне, Күн бізге де келді. Ол бізді жарығымен, өзінің жылуымен қуантқалы келіпті.

Картинада дөп-дөңгелек, сары түсті күннің суретін көріп тұрмыз. Күн не істейді? Күн сәуле шашады, бізге қарап жымияды.

Сергіту сәті

«Күн ұйықтайды»

Күн ұйықтайды.

Күн оянады.

Жел соқты. Жаңбыр жауды, Бұлт түнерді.

Күн ашылды.

Алақанмен «Күн» суретін салғызады.

Балалардың алдына ватман қағаздың жартысы мен сары түсті бояу құйылған ыдыс қойылады. Балалар алақандарын бояуға малып алып, ватманға басады.

Үлестірме қағаздардағы суреттермен ойнауға шақырады.

Күннің көңілді сәтін көрсет. Ол неге шаттанып тұр деп ойлайсың? 3. Қорытынды кезең (Рефлексия) ҰОҚ-ны қорытады.

Күнді тамашалауға шақырады. Терезеден күнге қарап қызықтайды. Қыстырғыштармен «Күннің сәулелері» ойынын ойнайды


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.