Жаңа сабақтар

Айтжанова София Юсуповна

Қарағанды облысы, Бұхар жырау ауданы, Самарканд селосы КГКП я/с «Акку»

II-санатты тәрбиеші: Айтжанова София Юсуповна

Тақырыбы:«Менің елім – Қазақстан»

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу Мақсаты: Қазақстан республикасының бас қаласы – Астана, Мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба, Гимн туралы білімін қалыптастыру. Міндеттері: Қазақстан республикасының астанасы және мемлекеттік рәміздері туралы білім беру; Дамытушылығы: Отанымызға және оның мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет сезімдерін дамыту; Тәрбиелігі: Отанымызға және мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: Жасайды: Қазақстан республикасының бас қаласы – Астана, Мемлекеттік рәміздер (Ту, Елтаңба, Гимн) туралы біледі түсінеді: Қазақстан республикасының бас қаласы – Астана, Мемлекеттік рәміздердің (Ту, Елтаңба, Гимн) құнды екенін түсінеді. Қолданады: Мемлекеттік гимнді біледі және оны кеудесінің сол жағына қолын қойып айтады . Қолданылатын көрнекі құралдар: қала көрінісі, адамдардың еңбегі бейнеленген суреттер, глобус, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, газет-журналдардағы кішкентай сурет қиындылары мен шарлар, жалаушалардың қиылған суреті, қайшы, желім Сөздік жұмыс: Мемлекеттік рәміздер, Ту, Елтаңба, Гимн, әскер. Билингвалды компонент: рәміздер –символы, Ту – Флаг, Елтаңба – Герб, Гимн – Гимн, әскер – армия. ҰОҚ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңберіне тұрғызу. Дөңгелене тұрамыз, Керегені құрамыз. Уық болып иіліп, Шаңыраққа киіліп, Киіз үйді құрамыз. 2. Негізгі бөлім – Балалар, біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан Республикасы); Сендер қандай қалада (ауылда) тұрасыңдар? (Тұратын қаласын немесе ауылын айтады). – Қазақстан Республикасы – үлкен мемлекет. Мемлекет аумағында көптеген үлкен, кіші қалалар мен ауылдар бар. Онда көп ұлт өкілдері тұрады. Ол ұлттардың өздерінің сөйлейтін тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі болады. Дегенмен де бәрімізге ортақ мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Ал сендер қандай тілде сөйлейсіңдер? Мен қазір сендермен қандай тілде сөйлесіп тұрмын? (Қазақ тілінде сөйлейміз). – Енді, балалар, бейнефильмнен бұрынғы кездегі Астана қаласының бас қала болмағанға дейінгі көрінісін көрейік. Сонан соң дәл қазіргі астананы тамашалаймыз. Бейнефильмдер көрсету арқылы бас қаламыз – Астананың кешегісі мен бүгінгісін салыстыра отырып ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тапқызу. Және бұл өзгерістегі адам еңбегінің жасампаздығын айтып түсіндіру. Сонымен қатар түрлі ақпарат көздеріндегі деректерді (бейнеролик және т.б) пайдалана отырып еліміздегі тыныш бейбіт өмірді қамтамасыз етіп отырған әскеріміздің ерен еңбегі туралы әңгімелеу. Балалардың өздеріне өздері білетін, танитын тыныштық күзетіндегі сақшылар, әскери адамдар туралы әңгімелету Ә.Табылдыұлының «Қасиетті шар» әңгімесін оқып беру. Сергіту сәті. Жұмыс дәптерімен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырмаларды түсіндіру. Балалармен Қазақстан республикасының бас қаласы – Астана, Мемлекеттік рәміздер, Ту, Елтаңба, Гимн, әскер сөздері және сөз тіркестері арқылы сөздік жұмыс жүргізу. Екі тілде рәміздер – символы, Ту – Флаг, Елтаңба – Герб, Гимн – Гимн сөздері мен сөз тіркестерін қайталату. 3. Рефлексия. Балалардан оқу қызметінен алған әсерлерін, көңіл күйлерін, не үйренгендерін айтқыза отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілету.

Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.