Қарағанды облысы, Теміртау қаласы «№20 «Әдемі» балабақша Денешынықтыру мұғалімі: Куттыбаева Жанабике Менлихановна
Тақырыбы: Көңілді сайыстар
Білім беру саласы: Денсаулық. Бөлімі: Денешынықтыру.
Негізгі қимыл-қозғалыстар: қолды белге қойып, қапталға қосалқы адым жасап гимнастикалық орындық үстімен жүру. Гимнастикалық қабырғамен өрмелеу.
Заттар арқылы қос аяқпен секіру (биіктігі –10 см).
Мақсаты: Баланың денсаулығын қорғау және нығайту, дене тәрбиесіне қызығушылығын дамыту, денсаулық сақтау технологияларын қолдана отырып, қозғалыс қабілеті мен икемділігіне талпындыру.
Міндеттері: қосалқы адым жасауды және биікте тепе-теңдік сақтауды, денесін тік ұстап, басын төмен түсірмеуді үйрету. Аяқтарын кезекпен басып, гимнастикалық қабырғаның бірде-бір кермесін қалдырмай өрмелеу, төмен түскен кезде керменің соңғысына дейін жетіп, жерге жеңіл түсу қабілетін нығайту. Биіктігі 10 см үш зат арқылы ізбе-із секіріп өтуге жаттығу. Ептілік, шапшаңдық пен зейін қою қабілетін дамыту; қозғалыс пен оның суреттегі нұсқасын бір-бірімен салыстыру қабілетін қалыптастыру; бір-біріне құрметпен қарауға үйрету.
Ойын: «Кегельді құлатып түсір».
Мақсаты: Көзбен мөлшерлеу қабілетін дамыту, допты домалатып жаттығу.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: орындық үстіндегі жаттығуларды, гимнастикалық қабырғамен өрмелеу, қос аяқтап секіру жаттығуларын.
түсінеді: карточкаларда бейнеленген спорт құралдарының (гимнастикалық қабырға, орындық, модульдер, кегельдер, доптар) қандай мақсаттарда пайдаланылатынын; карточкалардағы суреттерді қимылмен сәйкестендіру қажеттігін, қосалқы адым жасау техникасын, кегельдерді құлату, гимнастикалық қабырғамен өрмелеу техникасын. қолданады: гимнастикалық қабырғамен өрмелегенде кермелерден дұрыс ұстау қабілетін, биіктігі 10 см заттар арқылы секіру қабілетін, биік жерде тұрақты тепе-теңдік сақтау қабілетін; кеңістікте бағдар табу және саптағы өз орнын жылдам табу қабілетін.
Құралдар мен материалдар: биіктігі 10 см жұмсақ поролон текшелер – 6 дана, бала санына қарай диаметрі 20 см доптар, бала санына қарай кегельдер, гимнастикалық қабырға, биіктігі 20 см гимнастикалық орындықтар – 4 дана, тапсырма жазылған карточкалар (гимнастикалық қабырға, гимнастикалық орындық, модульдер, кегельдер мен доптардың суреттері бейнеленген), эстафета таяқшасы – 2 дана.
Билингвалды компонент: жарыстар – соревнования, қыз – девочка, ұл – мальчик, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І.Ұйымдастыр кезеңі
Жарыс өткізу туралы ұсыныс жасайды: ептілік пен шапшаңдық жағынан ұлдар мен қыздар бір-бірімен жарысады. Тапсырмалары бар карточкаларды көрсетеді.
II. Негізгі кезең.
Ойын түріндегі жаттығу: «Орын алмасу». Залды айналып жүру; «Жүгір!» деген команда берілгенде залды айналып жүгіреді.
Орындық үстінде жалпы дамытатын жаттығуларды орындау.
Негізгі қимылдарды көңілді жарыс түрінде орындайды: №1 карточка.
Негізгі қимыл-қозғалыстарды топтарға бөлініп орындайды.
Бірде-бір кермені қалдырмай, аяқтарын кезектестіре басып гимнастикалық қабырғамен өрмелеу. Дұрыс ұстау: төрт саусақпен үстінен, бас бармақпен астыңғы жағынан ұстау қажет.
Техника қауіпсіздігі – баспалдақтың астына жұмсақ мат жаю қажет.
№ 2 карточка.
Қолды белге қойып, қосалқы адым жасау арқылы гимнастикалық орындықтың үстімен қапталымен жүру.
Жаттығудың орындалу техникасын көрсету (балалардың бірі көрсетеді).
Нұсқау: келесі бала қимылды бірінші ойыншы бірінші орындықтан өткен кезде бастайды.
№ 3 карточка.
Заттар арқылы қос аяқпен секіру (биіктігі – 10 см) (3 текшеден 2 қатар). Секіру жаттығуларын орындау техникасын балалардың есіне салады.
№ 4 карточка.
Қимыл-қозғалыс ойыны:
«Кегельді құлат»: допты домалату техникасын көрсету. Нұсқау: кегельдерге қарама-қарсы тұру.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Жарысты қорытады. Ұлдардың қыздарға қарағанда күштірек екеніне назар аударады. Сондықтан қыздарды қорғап, оларға қамқор болып жүрулері керектігін айтады.
—
Зайтуна Есмаганбетова