Жаңа сабақтар

Жакаева Айгул Сейтжановна

Ақтөбе облысы, Хобда ауданы, Құрсай ауылы.

Бастауыш мектебі, даярлық тобының II-санатты тәрбиешісі: Жакаева Айгул Сейтжановна

Тақырыбы: Ауа не үшін қажет?

Мақсаты: Балалардың жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік көзі – ауа туралы түсініктерін кеңейту. Дамытушылығы:Тəжірибелік-тəжірибеалдық жұмыстарға деген қызығушылықтарын ояту, бақылау нəтижелерін салыстыру, талдау жəне қорытынды жасау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелігі:Балалардың бойында табиғат туралы қарапайым түсінік, табиғатпен қарым-қатынас жасау мəдениетін қалыптастыру. Табиғатпен адамгершілік қарым-қатынаста болуға үйрету. Сабаққа дайындық жұмыстары: Суреттермен танысу, тақырып бойынша əңгімелесу, көркем əдебиет оқу, тəжірибе жұмыстары мен тəжірибелер жасау, бақылау, зерттеу мақсатындағы серуендер ұйымдастыру. Көрнекі құралдар:су құйылған стақан, түтікшелер, полиэтилен қалташалар, қағаз парақтары, резеңке ойыншықтар, ысқырғыштар, əліппе-дəптер, түрлі түсті қарындаштар, интерактивті құрал, музыкалық орталық. Сөздік жұмыс: тəжірибе. Көптілділік:ауа – воздух

Жұмыс кезеңдері Педагогтің басқарушылық қызметі (əдістер, тəсілдер)

Ынталандыруқызығушылық тарын оятуПедагог жұмбақтың көмегімен алдағы сабаққа қолайлы эмоционалдық көңіл күй қалыптастырады. Түсi бар көрiнбейтiн, Бiр тұтас бөлiнбейтiн. Тынысы ол тiршiлiктiң, Ешқашан жерiнбейтiн. (Ауа) Педагог балалардың зертханаға барып, өздерінің жұмыс орындарына орналасуын сұрайды

Балалардың жұмысы Педагогті мұқият тыңдап, жұмбақтың шешуін табады: Шешуі: ауа. Өтіп жатқан сабаққа қызығушылық білдіреді. Ойдан шығарылған зертханада ауаның қасиеттерін зерттеуге шақыртуды қабыл алады. Ауа адамдарға да, жануарларға да қажет деген қорытынды жасайды

Ізденістік ұйымдастырушылық: Əліппе-дəптердегі табиғат күнтізбесіне ауа райын белгілеуді сұрайды. Əліппе-дəптердегі тапсырманы пайдалана отырып, балаларды мəселені іздеу, зерттеу үдерісіне бағыттайды: Əліппе-дəптердегі суреттерді қарап шығып, танымдық материалды талқылауға қатысуға шақырады. Далада жел соғып тұрғанын қалай білуге болады? Жел – тез жылжитын ауа ағымы. Талқылауға Қуаныш пен Айсұлу да қатысады. Күрделі сұрақ: ауа кімдерге керек? Көптілділік: ауа – воздух Топтағы тəрбиеленушілерді тəжірибеалдық жұмыстарға тарта отырып, тану үдерісін ұйымдастырады. Адамдардың ішінде ауа бар-жоғын зерттеуге шақырады. Көптілділік: ауа – воздух – air Топтағы тəрбиеленушілерді тəжірибеалдық жұмыстарға тарта отырып, тану үдерісін ұйымдастырады. Адамдардың ішінде ауа бар-жоғын зерттеуге шақырады. Ауаны көзбен көруге бола ма деген сұрақтың жауабын табу мақсатында тəжірибе жұмысын ұйымдастырады. Балаларды ауаны сезінуге шақырады. Сергіту сəті Ауаның дыбысын ненің арқасында естуге болады деген сұрақ қояды Əліппе-дəптермен жұмыс. Балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.

Балалардың жұмысы Балалар ауа райын белгілейді. Суреттерді қарап шығады. Əуе шарларының бейнеленгенін, олардың түстерін атап береді жəне неліктен «əуе шары» атанғанын түсіндіреді. Өйткені шардың ішінде ауа бар. Ауа шардың ішіне қалай түсті? Үрлеген кезде. Далада жел соғып тұрғанын ағаш бұтақтарының қозғалуына, су бетіндегі қозғалысқа, аспандағы бұлттардың көшуіне (қыста – боран, бұрқасын) қарап білуге болады. Балалар ауаның адамдарға да, жануарлар мен өсімдіктерге де тіршілік ету үшін өте қажеттігін дəлелдейді. Ауа таза болуы үшін не істеу керектігі туралы болжамдарын айтады (ағаш егу қажет, терезелерді ашып, бөлмелердің ауасын жаңартып тұру керек, қоқыс тастамау қажет, көліктер мен зауыт-фабрикалардан шығатын зиянды газдарды азайту керек). Сөздерді педагогтің артынан қайталайды. Балалар əліппе-дəптердегі суретті негізге ала отырып тəжірибе жасайды. Əр баланың алдында стақан мен түтікше тұр. Балалар түтікшені суға салып үрлейді, көпіршік шығады. Көпіршіктер дегеніміз – біздің ішіміздегі ауа. Біз түтікшені үрлеген кезде ішіміздегі ауа көпіршік болып шығады. Бірақ, тағы да үрлеу үшін біз тағы да ауа жұтып аламыз. Содан соң түтікшені үрлеген кезде, суда көпіршіктер пайда болады. Полиэтилен қалташаны аламыз. Ішінде ештеңе жоқ, бос. Оны бірнеше рет бүктейды. Бос. Содан соң ішіне ауа толтырып, айналдырады. Қалтамызға не болды? Шынымен де, ішіне ауа толтырылған қалтаның пішіні өзгеріп шыға келді. Ол неге ұқсайды? Енді қалтаны шешіп, ішіндегі ауаны шығарамыз. Ол қайтадан босап қалды. Не өзгерді? Себебі, қалта қайтадан босады. Балалар осыған қатысты пікірлерін білдіреді. Талқылайды, тіршілік ету үшін ауа өте қажет деген қорытынды жасайды. Парақты алып, оны жиырады. Бетіне апарып, желпиді. Жеңіл, салқын ауа сезіледі. Қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындайды. Жел улейді у-у-у. Құйын келіп билейді зу-зу. Қатты, қатты жел соқты гу-гу. Жапырақтар қол соқты ду-ду. Резеңке ойыншықты, ысқырғышты пайдаланады. Ойланып көрші, ауаның дыбысын ысқырғыштың көмегімен естуге бола ма? Суретті боя. 85 Рефлексивтіктүзетушілік Педагог сабақты қорытындылайды. Балаларды ынталандырады. «Шығармашылық ағашы» рефлексивтік жаттығуына қатысуға шақырады. Рефлексивтік түзетушілік Педагог сабақты қорытындылайды. Балаларды ынталандырады. «Шығармашылық ағашы» рефлексивтік жаттығуына қатысуға шақырады. Балалардың жұмысы Педагогті мұқият тыңдайды. Алған əсерлерімен бөліседі. Сабақ соңында балалар ағашқа гүлдер, жапырақтар мен жемістер жапсырады: Жемістер – сабақ жақсы, пайдалы болды; Гүл – сабақ жаман емес; Жапырақтар – қызықсыз болды.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.