Жаңа сабақтар

Зайткешова Асем Муратовна

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Ғабиден Мұстафин атындағы N5 қазақ орта мектебі Мектепалды даярлық тобы II- санатты тәрбиеші: Зайткешова Асем Муратовна

Тақырыбы: Н дыбысы мен əрпі

Білім беру саласы: Коммуникация саласы

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сауат ашу

Тақырыбы:Н дыбысы мен əрпі МДҰ: Педагогтің аты-жөні:
топ: МАД Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
ҰОҚ оқытылу мақсаты 0.1.1.2 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту

0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.1.3 Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау 0.1.4.1. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нәтиже Барлық тəрбиеленушілер: Сұрақтарға толық жауап береді. Сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі Н дыбысының орнын ажыратады. Жазуға жаттығады.

Көпшілік тəрбиеленушілер: Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады. Н дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы Н дыбысының орнын ажыратады.

Кейбір тəрбиеленушілер: Тілдің дыбыстарын естіп қабылдайды, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айтады Н дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Тілдік мақсат Тəрбиеленушілер: Балар педагогтің көмегімен əр тапсырманы орындау барысында толық жауап беріп, өз ойларын анық жеткізеді.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасу сұрақтары.

Бұл суретте не болып жатыр деп ойлайсың?

Өлең жолдарын қайтала. Н əрпінің бейнесі неге ұқсайды?

Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?

Өткен ҰОҚ алған білім А əрпі дауысты жуан. А дыбысынан басталатын сөздер ойлап табады. Сөздің қай буынында а дыбысы естілетінін ажыратады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар І.
Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут

ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6 – 27мин.

ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс. 6-27 минут

(Т)Педагог балаларды екі топқа бөліп тұрғызып, «Диірменші мен егіндер» ойынын ойнатады. Ойын шарты: Бір топтың балалар диірменші, екінші топтың балалар егін болады. Педагог «диірменші» деп айтқанда сол топтың балалары қолдарын, белдерін айналдырады, ал «егін» деп айтқан кезде сол топтың балалары қолданы жоғары көтеріп жайқалады. Ойын 2-3 рет қайталанады қателескен балаларды екінші топқа ауыстырады.

Педагог мектеп ішіне сырттай саяхаттайтындарын айтады:

– Дəмді иіс шығады.

Ол нан пісіретін орын – наубайхана.

Онда мейірімді адамдар жұмыс істейді. Наубайханада тəтті тоқаштар мен дəмді, жұмсақ нан пісіреді.

(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма

– Бұл суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар? Педагог сұрағына балалар толық жауап береді, Балалар өз ойларын айтады. Педагог қорытындылайды. Үстел басында қандай тəртіп ережелерін сақтау керектігін сұрайды.

– Ас ішер алдында қол жуу керек.

– Қасыңдағы адамдарға «Асың дəмді болсын!» деген жақсы тілек айту керек. Үстел үстіне ыдыстарды қалай қою керектігі туралы түсіндіреді. Тамақ уақытында балалардың қолданатын заттары туралы сұрайды. Тамақты уақытында ішу керек екенін жəне пайдалы тағамдарды жеудің денсаулыққа

Жайылған дастарқан суреті немесе слайдтар. пайдасы туралы айтады. Суреттегі таныс заттарды атайды. Педагог Н дыбысы естілген сөздерді қайталайды. Оларды балалар буынға бөледі.

2-тапсырма. Өлеңін педагог суретті көрсете тұрып оқып береді. Өлеңді балалар мазмұндайды, қайталайды.

Нан қиқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар!

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар!

3-тапсырма Н əрпімен танысады.

Н əрпіне ұқсайтын заттарды педагог көрсетеді. Балалар Н дыбысын қайталау арқылы оның айтылуына қарап дауыссыз дыбыс екенін ажыратады. Ол көк түспен берілген.

Педагог балаларға Н дыбысының айтылуын үйретеді. ерін сəл ашылып,жіңішкерген тіл ұшы,жоғары көтеріледі де,үстіңгі тістің үстіне тиеді,тілдің алдыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады.Тілдің төмен түсуінен «н»дыбысы жасалады.

Екі тіреу, басқышы біреу. (М. Əлімбай)

Суреттегі сатының Н əрпіне ұқсайтыны түсіндіреді. Балалар Н дыбысына ұқсас заттарды атайды.

(Ұ) Сергіту сəті

. Балалар орындарынан тұрып өлеңді қимылмен қайталайды.

4-тапсырма Педагог көк түсті ермексаздан Н əрпінің бейнесін жасап көрсетеді. Балалар көк түсті ермек сазды таңдап алып, Н əрпінің неге ұқсайтынын еске ала отырып, ермек саздан жасайды. Н əрпінен басталатын сөз айтады.

5-тапсырма Суреттегі бейнелерді атайды. Педагог балаларға тышқанның ініне жетуіне көмектесуін өтінеді. Балалар тышқанға көмектесіп жолдарды қарындашпен қосады.

Н əрпін ауады жазып естеріне сақтайды. Əліппе-дəптерде берілген екі жолға Н əрпін

жазады.

Əліппе-дəптер.

Нан түрлерінің суреті.

Н əрпінің баспа түрі жазылған плакат.

Əліппе-дəптер.

Ермексаз.

IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 минут Педагог балалардың оқу қызметіндегі белсенділіктері мен қызығушылықтарын талқылай отырып, мадақтайды.

(Ұ,Ө)Рефлексивтік бағалау: Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды.

Əртүрлі бейнедегі ірімшіктің суреті


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.