Жаңа сабақтар

Абдикожаева Айдын Сабыркожаевна

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы. «Аялы алақан» бөбекжайбақшасы Тәрбиеші: Абдикожаева Айдын Сабыркожаевна
Тақырыбы «Аналар-асыл қазынам».

Мақсаты: Балаларға 8-наурыз аналар мерекесі екенін ұғындыра отырып,

аналарын ешқашан ренжітпеуге,қолғанат болуға,құрметтей білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші :Қымбатты балалар,сүйікті апалар,аналар,құрметті әріптестер!

Көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз ,аналар мерекесі құтты болсын.

«Балауса»тобының мерекелік іс-шарасын ,тамашалауға қош келдіңіздер.

Мерекелеріңіз құтты болсын.

Хор»Менің әжем»

Ендігі кезекті балалардың тақпақтарына береміз.

Асылхан:

Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейрамымен

Құрметті аналар

Нұралі:

Ақ анашым аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнімде

Арнадым саған бәрінде

Айару:

Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам

Нұрасыл:

Анамыздың мейірімі

Жүзіне біз қараймыз

Анамызды пейілді

Жомарт жанға балаймыз

Алмас:

Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі анашым

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым

Назерке:

Анам,анам,ақ анам

Мен өзіңдей ақ балаң

Айтқан тілді аламын

Жұмсағанда барамын

Нұрасыл:

Ақ мамамды әрқашан

Сағынамын сыйлаймын

Мейрам сайын мен өған

Түрлі сыйлық сыйлаймын

Оразалі:

Әр сөзімді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам

Альфия:

Әжем ұйықтар алдында

Ертегі айтып береді.

Еркелеп ойнап жатқанда

Ылғи ұйықтап қалады.

Айберген:

Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан

Инаят: Ана пана

Ана дана

Өмірге әкелетін

Ана ғана

Жүргізуші:

Аманулла Назеркенің орындауында:»Ақ мамам»әні

Биші қыздарымыздың орындауында»Гүлдер «биі

Ұлдарымыздың орындауынша»Анаға көмек» биі

Мың бұралған биші қыздарымыздың орындауында «Қолшатыр»биі

Сейітхан Альфияның орындауында»Анашым»әні

Нарзулла Жәнияның орындауында «Қайда әжем»әні

Ата-аналарға құтықтау сөз кезегін беру.

Құрметті ата-аналар мен әжелер.Сіздерді «Балауса»тобының бүлдіршіндері

атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз,әжелеріміз,балаларымыз аман болсын!.


Зайтуна Есмаганбетова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.