NIS

«Білім берудегі дағдарыстық менеджмент. Жаңа тәжірибе мен практика

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығының Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясымен бірлескен қашықтан білім беру жағдайындағы тиімді басқару шешімдеріне арналған халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өз жұмысын сәтті аяқтады. Өздерінің жаңа тәжірибелерімен және идеяларымен 8 елдің – Польша, Сингапур, Ресей, Армения, Белоруссия, Украина, Қырғызстан және Қазақстанның менеджерлері, ғалымдары мен практиктері бөлісті.

Тақырыптық сессияларда дағдарысты басқарудың маңызды аспектілері қарастырылды: форс-мажор кезеңіндегі корпоративті мәдениет және көшбасшылық, ұйымның өзін-өзі оқытуы, мұғалімнің soft-skills шеберлігін дамыту, цифрлы жағдаят, IT-инфрақұрылым мен платформалар, қызметкерлерді ынталандыру және қолдау, пандемия жағдайында үйлесімді отбасылық қатынастарды қамтамасыз ету, биохакинг.

Конференцияның ашылуында Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кәбдікәрімова онлайн оқытуда еліміздің біліктілікті арттыру жүйесі туралы айтса, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Еркін Дусіпов «Пандемия жағдайындағы білім беру мен цифралық мазмұн» баяндамасын ұсынды.

Конференцияға қатысушылар Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің профессоры Дуйшон Шаматовтың баяндамасына үлкен қызығушылық танытты, онда мектепте ынтымақтастық мәдениетін нығайту моделіне талдау жасалды. Киев педагогикалық университетінің әлеуметтану зертханасының меңгерушісі Наталья Бельская баяндама жасап, дағдарысты басқаруда типологияны қолдану мүмкіндіктерін ұсынды. Сингапурде орналасқан MentorEd International компаниясының негізін қалаушы Лилия Мухаметшина мектептегі әдістемелік көшбасшылықтың болашағы туралы айтты. Екатеринбург қаласындағы № 210 гимназияның директоры Алексей Бабетов әлемдегі басты IT экожүйелеріне және білім берудің жетекші шешімдеріне шолу жасады.

– Мектеп осы күнге дейін университетке арқа сүйеп және өзін сыртқы әлеммен тікелей байланыспайтын білім беру процесінің кезеңі ретінде көрді. Қазір білім берудің барлық деңгейлері айтарлықтай қайта құрудан өтіп жатыр және білім беру көшбасшылары мектептерді қандай бағытта дамыту керектігін түсінуі керек, – деп баса айтты өз баяндамасында Еревандағы «Айб» мектебі директоры Арам Пахчанян.

Дағдарысқа қарсы тиімді басқару тәжірибелерімен танысуға 300-ге жуық білім беру ұйымдарының басшылары, профессор-оқытушылар құрамы мен оқытушылар мүмкіндік алды.

НЗМ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.