Жаңа сабақтар

Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.4.А Статистика. Комбинаторика Мектеп: № 73 орта мектеп
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Жасағанберген Жанат Жолдасқызы

СЫНЫП: 6 «Б» Қатысқандар : Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлашы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.4.4.1. бірнеше санның арифметикалық ортасын, санды деректердің құлашы, медианасы, модасын анықтамасын білу;
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
  • бірнеше санның арифметикалық ортасын, санды деректердің құлашы, медианасы, модасын анықтамасын біледі
  • сандардың өзгеру құлашы мен модасын таба алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
  • берілген сандарды өсу ретімен жазып алып, медианасын таба алады
Кейбір оқушылар:
  • сандардың арифметикалық ортасын және арифметикалық ортасы бойынша санды таба алады.
Бағалау критерийі
  • Бірнеше сандардың арифметикалық ортасын, құлашын, модасын, медианасын анықтамасын қолданып таба алады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар:

  • сандардың арифметикалық ортасын қалай табу керектігін түсіндіреді;
Негізгі сөздер мен тіркестер:
  • Арифметикалық орта, өзгеріс құлашы, медиана, мода
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Санды деректердің модасы дегеніміз – жиілігі ең көп сан.

Өзгеру құлашы – берілген сандардың ең үлкенінен ең кішісін азайту
Сандардың медианасын табу үшін алдымен өсу ретімен орналастырамыз
Құндылықтарға баулу Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау

Пәнаралық байланыс География, биология (кейбір құбылыстар немесе процесстерге бақылаулар жүргізу нәтижесін жинақтауға және оларды талдауға үйрену).
Алдыңғы оқу Жиілік, сан, сандардың өсу реті
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

7 мин

2 мин

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Оқушыларды аралық саралау бойынша 3 топқа бөлемін:

Орындықтарының артына үш түрлі стикер бойынша

1-топ. Мода

2-топ. Медиана

3-топ. Арифметикалық орта

«Жылдам сұрақ» әдісі

1. Берілген санның арифметикалық ортасы дегеніміз не?

2. Санды деректердің модасы дегеніміз не?

3. Өзгеру құлашы дегеніміз не?

4. Медианасын табу үшін алдымен не істейміз?

(Оқушылар сұрақтарға жауап береді, мысалдар келтіреді)

Кері байланыс:

(Иа, дұрыс модасын айтқаның дұрыс болды.

Арифметикалық ортасының анықтамасын толықтырып түсіндіруді қарап көр)

Стикерлер
Сабақтың

ортасы

28 мин

8 мин

7 мин

8 мин

5 мин

Бүгінгі оқу мақсатын нақтылаймын.

Топтық жұмыс. «Галерияны шарлау» әдісі

Топтық жұмыстардың орындалу барысын бақылаймын.

І-топ.

Бірнеше сатып алушылардың дүкенде сатып алган заттарының саны тіркелді.5,4,3,7,4,8,6,3,3,12,1,3,1. Тіркелген заттардың модасы мен өзгеріс ауқымынесептеңіз.

ІІ-топ.

Мараттың отбасындағы адамдардың жастары 65, 42, 45, 27, 24, 20, 15-те. Жанұядағы адамдар жастарының медианасын табыңыз.

ІІІ- топ.

Айнұрфизикадан сынақ тестін тапсырды. Екі рет «3»-тік баға, үш рет «4»-тік баға, және бір рет «5»-тік баға алды. Айнұрдың осы физикадан сынақ тестен алған бағаларының арифметикалық ортасын, медиана мен модасын табыңдар.

«Галерияға саяхат» әдісі бойынша бағалау

Жұптық жұмыс.“Көршіңмен талқыла” әдісі

Жайна апта бойы сағат 13:00-де даланың температурасын тексеріп, жазып алды. Алайда сәрсенбі күннің температурасы жазылған дерек белгісіз бір себеппен өшіп қалыпты:

17°С, 20°С, ___,21°С, 14°С, 18°С, 22°С.

Егер Жайна аптадағы температураның арифметикалық ортасы 19°С екенін білсе, апта температурасының:

a) модасын;

b) өзгеріс ауқымын;

c) медианасын табыңыз.

Қалыптастырушы бағалау

(1. Жарайсың, бірінші арифметикалық ортасы арқылы санды дұрыс тапқансың

2. Жақсы, дұрыс есептегенсің, бірақ медианасын табу кезінде оларды өсу ретімен орналастырып алу керек

3. Өзгеру құлашы дұрыс, мына жерді қайта қарап көрші, модасын табуда жиілік санын есептеу керек)

Жеке жұмыс.

Тапсырма 1.

4 сынып оқушыларының минуттық оқудан оқыған сөздердің саны: 85, 70, 112, 111, 105, 96, 98, 96, 108, 97. Осы сандардың медианасы мен модасын табыңдар.

Тапсырма 2.

Жанардың мамасы торт жасайтын жерде жұмыс істейді. Ол күніне 5 торт, 5 пирог, 20 кекс, 50 печенье және 30 әртүрлі тәттілер пісіреді. Жанардың мамасының бір күнде жасайтын тәттілерінің арифметикалық ортасы табыңдар.

Бағалау критерийі Дескриптор
Берілген санның медианасы мен модасын анықтайды 1 Сандарды өсу ретімен жазады
Сандардың медианасын табады
Сандардың модасын табады
Берілген санның арифметикалық ортасын анықтайды 2 Арифметикалықортаны табу өрнегінқұрады
Арифметикалық ортасын табады

Дескриптор арқылы қалыптастырушы бағалау

1. Берілген сандар қатарының арифметикалық ортасын, медианасын, модасын және өзгеру ауқымын табыңдар:

20; 15; 20; 25; 18; 20; 18; 30; 27; 36.

(дискриптор қосымшада)

Таратпа қағаздар

Жеке жұмыс І ІІ
Ұпай 6 4
Барлығы 10

9-10 – «5»

6-8 – «4»

1-5 – «3»

Сабақтың соңы

5 мин

3 мин

2 мин

Рефлексия. «Мектеп – кеме, білім – теңіз»
Оқушылар бағалау парақшаларындағы ұпайлары бойынша кемені орналастырады:

6-8 – кемені аралға апарып орналастырады;

4-5 – кемені теңіз ортасына орналастырады;

1-3 – кемені жағалауға орналастырады;

Үйге тапсырма. Оқушылар отбасындағы адамдардың жастарын жазып, сол сандардың арифметикалық ортасын, медианасын және өзгеру құлашын табыңдар.

Стикерлер
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау

1.Сұрақтар қою арқылы «Жылдам сұрақ» әдісімен сырттай саралап тұрамын. Топтық жұмыстарда сараланған тапсырмалар арқылы қабілеті жоғары оқушыларға күрделенген тапсырмалар беру

2.Барлық оқушыларға құбылыстарға мысал келтіру, оларды анықтау себептерін білу тапсырмалары беріледі. Сынып оқушыларының басым бөлігіне құбылыстарға сызба құрастыру ұсынылса, қабілеті жоғары оқушыларға қорытынды жасау.

1.Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара

«Галерияға саяхат» бойынша жетістіктерін айқындау.

3. Кері байланыс (ауызша)

4. Дискриптор арқылы бағалау

Сергіту жаттығуы

қимылмен көрсету:

қатып қалу;

-қайнау;

-бөлшектердің қозғалысы;

-өзгеріс жасау;

-жаңа заттың түзілуі.

Қауіпсіздік техникасы ережелері

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма

Бөлім

Тақырып

6.4.А Статистика. Комбинаторика

Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлашы

Оқу мақсаты 6.4.4.1. бірнеше санның арифметикалық ортасын, санды деректердің құлашы, медианасы, модасын анықтамасын білу;
Бағалау критерийлері Бірнеше сандардың арифметикалық ортасын, құлашын, модасын, медианасын анықтамасын қолданып таба алады.
Тапсырма
1. Берілген сандар қатарының арифметикалық ортасын, медианасын, модасын және өзгеру ауқымын табыңдар:

20; 15; 20; 25; 18; 20; 18; 30; 27; 36.

Бағалау критерийi Дескриптор
Бірнеше сандардың арифметикалық ортасын, құлашын, модасын, медианасын анықтамасын қолданып таба алады. — сандардың арифметикалық ортасын табады;

— сандардың өзгеріс ауқымын есептейді;

— сандардың медианасын есептейді;

— сандардың модасын есептейді;

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.