Жаңа сабақтар

Көктемгі еңбек

Жамбыл облысы Тараз қаласы №4 «Балдырған» бөбекжай-бақшасының

тәрбиешісі Маханбеталиева Нуризат Торгайбаевна

Білім беру саласы: Коммуникация

Оқу қызметі түрі: Біз еңбекқор баламыз

Апта тақырыбы: Көктемгі еңбек

Мақсаты, міндеттері:

Білімділік:. Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар , өсімдіктер мен жануарлардың өзгерістері. Балаларға көктемдегі пайдалы еңбек туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Тыныс алуын, ұсақ қол моторикасын, фонематикалық естуін, есте сақтауын дамыту.

Тәрбиелілік: Еңбексүйгіштікке , табиғатқа қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Технологиялық қамтамасыз ету: дидактикалық ойындар.

Әдіс-тәсілдер: ойындар, жаттығулар, сұрақ-жауап

Оқу қызметі барысы

І.Кіріспе

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

– Балалар, сендердің күлімдеген жүздеріңді көргеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз сәтті өтсін деп тілеп, барлығыңды шаттық шеңберіне шақырамын.

«Мейірімді жүрек»

Шарты: Балалар үлкен шеңбер құрып отырады.

Тәрбиеші жүрекшені ұстап тұрып:

«Балалардың мейірімді жүрегі,

Адамдарға бақыт, шаттық тіледі» – деп, көршісіне жылы сөздер айту қажеттігін түсіндіру.

ІІ Негізгі бөлім.

–Ал, балалалар көктемде ауа райында қандай ерекшеліктер болады?

Қар ериді

Күн мен түн теңеседі.

Ағаштар бүршік жарады.

Жеңіл киім киеміз.

Құстар ұшып келеді.

Көктемгі еңбек басталады.

-Жарайсыңдар, ал көктем туралы кім тақпақ біледі?

Кектем болды алақай,

Қуанып бар балақай.

Қуанып біз қаламыз

Ән мен қарсы аламыз.

«Белгісін тап» ойыны:

Ойында үлестірмелі суреттерден көктемнің негізгі белгілерін тауып, артығын алып тастау керектігін айтады. Мыс,

  1. қар ериді
  2. жылғалардан су ағады
  3. құстар ұшып келеді
  4. жасыл шөптер, гүлдер шығады
  5. күн жылынады
  6. құстар сайрайды
  7. ағаштар бүршік жарады

Дид.ойын:«Көктем» мезгілінің суретін аяқтау.

Дид ойын: «Төртінші артық» Суреттердің ішінен артық суретті табу.

Жарайсыңдар балалар, сендер ойынды да жақсы ойнайды екенсіңдер.

  • Балалар , көктемде құстар ұшып келеді ме? Ендеше сол құстарға көктемгі еңбектің тағы бір түрі құстарға ұя жасап берейік.

Құрастыру: «Құстарға ұя жасау»

Тыныс алу жаттығуы: «Қанатты ұшыру», «Көбелекті гүлге қондыр»

Қорытынды:

Көктемгі еңбектің қандай түрлерімен таныстық?

Құстарға не жасап бердік?

Күтілетін нәтиже:
Білу керек
: көктем мезгілін
Болу керек: көктемгі еңбек жайлы түсінік
Істей білу керек: берілген тапсырманы тиянақты орындау, таратпа материалды ұқыпты пайдалану

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.