Жаңа сабақтар

Косалиева Гулмира Кусибековна

Косалиева Гулмира Кусибековна

Жамбыл обл.Шу ауд.Төлеби ауылы.«Өнер мектебі» «Қолданбалы сәндік өнер» үйірме жетекшісі

Сабақтың тақырыбы: Қағаздан қалампыр гүлін жасау

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қалампыр гүлінің қағаздан жасалу жолын

таныстыра отырып, гүл туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың жұмысты орындағандағы еріктілігін

дамыту .
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке,

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету.
Сабақтық көрнекілігі: үлгі, гүл суреті, семантикалық картасы
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, математика, тарих.

САБАҚТЫҢ ӨТКІЗІЛУ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды алдырту.
  • Сабаққа оқушылардың назарын аударту.
  • Топқа түрлі -түсті қағаз арқылы І-ІІ топқа бөліну

Шаттық шеңбері

Қуан, шаттан!

Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

7
6
5
4
3
2
1
8

Сиқырлы сандарды таңдау арқылы

Т Ү Й М Е Д А Қ

  1. Түймедағы қандай гүлдер тұқымдасына жатады?
  2. Қазақстаның қай өңірлерінде өседі?

  3. Түймедағы гүлінің қанша түрі бар және қалай аталады?

4.Түймедағы гүлінің емдік қасиетін ата?

  1. Түймедақ туралы ел аузындағы аңызды баяндап бер.
  • Түймедағы гүлінің жасалу жолын көрсет

  • 7.Түймедақ гүлі қай айларда гүлдеп, қай айда жемісін береді?

    1. Жұмбақ . Аппақ өңі тартымды,

    Қасиетті гүлқашанғы

    Халық одан әртүрлі
    Дәрі-дәрмек жасайды. Шешуі: (Түймедақ)

    ІІІ. Оқушы білімін тексеру.

    Сөзжұмбақты шешу

    Жұмбақтарды шешу арқылы

    1. Ағайынды бәрі, шықса- көк, түссе-сары. Жауабы: (жапырақтар)
    1. Жіп-жіңішке денесі, ортасында денесі. Жауабы: (қарындаш)
    1. Бөлінгенді табыстырып,

    Біріктірсе қабыстырып,

    Жымдастырған жігітте

    Байқамасын түгін де Жауабы: (желім)

    1. Екі басты айдаһар

    Бәрін қырып жояды

    Екі аяқпен жер тіреп

    Қағазды жеп қояды Жауабы: (Қайшы)

    1. Біліммен мол сый-асы,

    Балғындардың ұясы. Жауабы: (Мектеп)

    1. Үстінде есігі

    Өзі орындық, әрі үстел

    Оқушылар бесігі Жауабы: (Парта)

    1. Жұқа тақтай бөлшегі

    Ұзындықтың өлшемі. Жауабы :(Сызғыш)

    1. Жазу жазып жалықпаған,

    Жаза, жаза жалықпаған. Жауабы: (Бор)

    қ
    а
    л
    а
    м
    п
    ы
    р

    -Сонымен балалар, қандай сөз шықты?

    -Қалампыр

    ІІІ.Жаңа сабақтың мақсаты

    Олай болса, бүгінгі сабағымызда қалампыр гүлінің аңызы мен таныса отырып, қағаздан жасалу жолдарын үйренеміз.

    https://i0.wp.com/www.massaget.kz/userdata/users/user_51387/1351765513.jpg?w=825ІV. Жаңа сабақты түсіндіру

    Қалампыр (Dianthus) — қалампырлықтар тұқымдастарына жататын біржылдық және көпжылдық өсімдіктерінің бір туысы. Қалампырдың Азияда, Африкада, Еуропада шөп және бұта болып есетін 300-дей түрі бар. Солардан бұрынғы КСРО жерінде өсетіндері — 80. Қалампыр топтанып өседі. Гүлінен эфир майы алынады. Қалампырдың бірнеше түрі декорация ретінде теплицаларда, құмыраларда өсіріледі. Кейде шала бұта түрінде де кездеседі. Қазақстанның далалық аймақтарында, су алабындағы шалғындарда, тасты төбе баурайында, шалғынды тау бөктерінде өсетін 29 түрі бар. Бұлардың биіктігі 15 – 50 см-дей, жапырағы таспа немесе қандауыр тәрізді болады. Қалампыр туысының өзіне тән ерекшелігі – бірігіп кеткен тостағанша жапырақшаларының түбі қабыршақтанып келіп, гүл жапыраққа жабысып тұрады. Көбінесе қызыл, қызғылт, ақ, ала түсті, хош иісті, дара гүлдері сабағы мен бұтағының басында жетіледі. Гүл жапырақшаларының шеті тілімденген не ара тісті ирек. Көбелектермен тозаңданады. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Қытай, түрік, бақша, гренадин, Шабо қалампырлары Қазақстанның гүл өсіретін шаруашылықтарында әсемдік үшін өсіріледі. Ала қалампыр мен қытай қалампыры халықтық медицинада және парфюмерияда пайдаланылады. Емдік мақсатта өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлдеп тұрған кезінде жинайды.

    Жанымызды жадыратып, қуаныш сыйлаудан шаршамайтын тіршілік иелері — гүлдер туралы әңгіме кімнің болсын көңіл-күйіне жақсы әсер етеді. Бүгінге дейін сіздермен олар туралы аз әңгіме қозғаған жоқпыз. Ендеше, қалыптасқан дәстүрміздің қаймағын бұзбастан гүлдер туралы баяндауды жалғастырамыз. Кезек қалампырға жетіпті…

    Қалампырдың тарихы

    Есте жоқ ерте заманда Диана атты құдай сәтсіз өткен аңшылық сапарынан көңіл-күйі түсіп, мазасызданып келе жатады. Кенет орман жиегінде сыбызғы тартып көңілді отырған бақташы қызға көзі түсіп кетеді. Ай десе аузы, күн десе көзі бар бойжеткенге зығырданы қайнаған Диана: «Сенің сыбызғыңның кесірінен маған олжа болуға тиіс қыр құстарының барлығы үркіп кетті, сондықтан сені жазалаймын!» деп айыптай бастайды. Ештеңеден хабары жоқ бақташы қыз кінәсі жоқтығын айтып ақталады, аяуын сұрап жалынып-жалбарынады. Алайда, көзін шел басқан Диана одан сайын ашуланады да қыздың екі көзін ойып алады.

    Арада біраз уақыт өткен соң, ол өз-өзіне келеді де, өкініштің улы запыраны өзегін өртей бастайды. Бәрі де кеш еді… Сонда ол өз айыбын аздап болсын жуу үшін және бақташының есімін тарихта қалдырмақ болып, екі көзді жерге лақтырып жібереді. Сол сәтте көздердің орнына екі қалампыр гүлі өсіп шығады…

    Осы оқиғадан орын алғаннан бері қалампыр — бейкүнәліліктің нышаны болып келеді екен.

    Қалампырдың мәртебесі

    Ежелгі Қытайда қалампырды хош иісі үшін қатты құрметтеген. Хан сарайына кіріп, ханмен кездескісі келген қарапайым халық қалампыр күлтесін шайнауы тиіс. Өйткені, күзетшілер олардың аузынан қалампыр иісінің шығып тұруын қадағалаған екен.

    Францияда қалампырдың мәртебесі раушан гүлімен бірдей саналған және француздық сәнқой ханымдар қалампыр күлтелерімен көйлектерін, қалпақтарын сәндейтін болыпты.

    Ағылшындықтар қалампырды У. Шекспирдің шығармалары арқылы танып, жақсы көріп кеткен екен.

    Ал Испанияда қызыл қалампыр теріс күштер мен сәтсіздіктерден сақтайтын бойтұмар ретінде бағаланады. Жас қыздар әскерге аттанып жатқан сүйіктілеріне қалампыр гүлін береді. Себебі олар қалампыр бәле-жаладан сақтайды деп сенеді. Кейбір елдер қалампырды махаббаты нышаны санап, тек қана ғашық жандар сыйлайтын гүл ретінде танып, қадірлеп жатады.

    Қалампырды гректер «Құдіретті гүл» дейді.

    Хош иісті қалампыр

    Ерекше әсем гүлдейді.

    Начало формы

    Шығыс халықтарында әр гүлдің белгілі өз мағынасы бар екен. Мысалы:

    Ромашка (түймедақ) — романтика, жастық шақ.
    Қалампыр — құмарлық.

    Қалампыр гүлі — Еуропа елінен тараған. Олардың бір, екі, үш жылдық түрлері болады. Гүлдері ақ, қызғылт, күлгін. Қалампыр гүлі — ерлік пен өрлікті уағыздайтын гүл. Сондықтан оны көбіне ер азаматтарға сыйлап жатады.

    Қалампыр.
    Жайлауда жел тербесе,
    Иісіңе дала аңқыр.
    Бақшадан да мен неше,
    Көрдім сені Қалампыр.
    Ежелден халық бұл гүлді,
    Жалқауларға қимайды.
    Қорғайтын елді, үлгілі,
    Батырларға сыйлайды.
    Қызыл, сары гүл көрдім,
    Ағы да бар не түрлі,
    Қалампыр гүл гүлдердің
    Ардагері секілді.

    Француздар, испандықтар қалампыр гүлі мен бақытгүлін бақытсыздық белгісі деп санаса, ал бұл гүлдерді күншығыс елінің халықтары және италияндықтар, гректер, ағылшындар бақытгүлі деп қадірлеп, қастерлеген. Германияда қызыл раушан махаббат белгісі болып саналса, Латын Америкасында гүл қан түстес болғандықтан өлім гүлі деп санап, ақ раушанды қадірлеп, қастерлейді екен. Жақсылыққа гүл сыйлағанда гүл тақ санды болу керек, ал қабір басына апарған гүл жұп санды болуы қажет деп санайды халық

    Қалампыр. Ғалымдардың айтуынша, қалампырдың құрамында адам ағзасына аса пайдалы микроэлементтер бар екен. Қалампыр туралы алғашқы деректер Қытай, Үндістан, Египет қолжазбаларында кездеседі. Қолжазбадағы мәліметтер қалампырдың алғашында дәмдеуіш емес,дәрі-дәрмек ретінде қолданғандығын көрсетеді. Ет пісірер алдында қалампырдың бір-екі түйірін салып жіберсеңіз, етіңіз жұмсақ әрі дәмді болып піседі.

    8
    7
    6
    5
    4
    1
    2
    3

    VІ. Жаңа сабақты түсіндіргенін сұрау.

    Қ А Л А М П Ы Р

    1. Қалампыр қандай гүлдер тұқымдасына жатады?
  • Қазақстаның қай өңірлерінде өседі?

  • Қалампыр гүлінің қанша түрі бар ?

  • 4.Қалампыр гүлінің емдік қасиетін ата?

    5.Қалампыр туралы ел аузындағы аңызды баяндап бер.

    1. Қалампыр гүлінің жасалу жолын көрсет
  • .Қалампыр гүлі қай айларда гүлдеп, қай айда жемісін береді?

    1. Шығыс халықтарында қалампыр гүлінің мағынасын қалай атайды?

    Сарамандық жұмыс.

    Қауіпсіздік ережесін пысықтау

    1. Оқушылар еңбек сабағында қауіпсіздік ережелерін естен шығармау;
    2. Пайдалы материалды үнемдеп ұстау.
    3. Сәнді бұйымдарды жасай білу.
    4. Әр істеген ісінде уақытты тиімді пайдалана білу.
    5. Жұмыс орнын жинақы, таза ұстау.
    6. Есіңде болсын!
    7. Жасаған бұйымын әсем, әдемі болсын.
    8. Өз жұмысың таза, ұқыпты болсын.
    9. Ұшты нәрсенің, ұшын жоғары қаратып ұстама! Инені жастықшаға түйре. Қайшыны сабымен бер.
    10. Қолыңды сабындап жу.

    11.Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

    12.Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.

    13.Қайшыны, желімді ашық тастама.

    Нұсқау картасы бойынша қағаздан қалампыр гүлін жасау

    Сергіту сәті.

    Балалар, бір сәт біз де гүл болып жайқалып тербелейікші.
    Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер
    Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
    Өсе берші нұрланып,
    Өсе берші жайқалып.

    VІІ. Бекіту.

    Бағдаршам арқылы бағалау

    Бағалау

    VІІІ. Үйге тапсырма:

    Қалампыр гүлін жасап келу

    Эссе

    «Көше тарихы»

    «Ең далам – анам, мен — балаң деп ақын атамыз жырлағандай, менің ең далам, тұғырым — Қазақ елі».Туған өлкемнің тұнып тұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құйады. Тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен бұталы орманы, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендері, дән теңізіне шалынған жазық даласы, төрт түлікмалға төсін ашқан құтты жайлау қырлары, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлері, зәулім ғимаратты үлкен, көрікті қалалары бойыңа еріксіз күш, қайрат, еліме деген махббат сезіміне бөлейді. Қасиетті, туған жер! Бойымдағы бар жақсы қасиеттерімүшін мен саған қарыздармын, қажырлық пен қайсарлықты, құзды шыңды тауың мен асау желің үйретсе, жомарттық пен ақ пейіндікті мына жатқан жеміс талы сай-самаңнан үйрендім. Шыдамдылық пен байсалдықты шетсіз де шексіз далаңнан үйрендім.
    Менің көшем Өтеген батыр көшесі. Өтеғұлұлы Өтеген (1699- 1773) – XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Шыққан тегі – Ұлы жүз Дулат тайпасының Жаныс руынан. Өтегеннің ата-бабалары да есімдері елге танылған батырлар болған. Бабасы Сырымбет қазақ ханы Салқам Жәңгірдің Самарқан әмірі Жалаңтөспен бірігіп, жоңғардың 50 мың әскерін талқандайтын әйгілі шайқасына қатысқан батыр болған. Өз әкесі Өтеғұл да талай қанды жорықты бастан кешкен батыр адам болған. Шешесі Нұрбала атақты Қордай батырдың немересі екен. Осындай тектілерден жаралған Өтеген де 15 жасында-ақ есімі елге танылып, батыр атанады. Батыр әуелі Іле өзенінің бойына (қазіргі Қапшағай су қоймасының табаны) жерленген. Кейін оның сүйегін ұрпақтары Қордай ауданына апарып, қайта жерлеген. Жерленген жері Өтеген ауылы деп аталады.
    1999 жылы Өтеген батырдың 300 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Соған орай қабірінің басына кесене тұрғызылып, Жамбыл облысы Қордай ауданының орталығында ескерткіш орнатылды. Батыр туралы екі телефильм түсіріліп, екі кітап жарық көрді. Алматы қаласының бір көшесіне, Іле ауданының орталығы Энергетический кентіне Өтеген батыр есімі берілді.Мен осындай батырдың көшесінде тұратыныма өте қуаныштымын. Осындай, ата-бабаларымыздың атындағы көшелер ел есінде мәңгі сақталып өскен ұрпаққа өнеге болсын.

    Конец формы


    Зайтуна Есмаганбетова

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.