Жаңа сабақтар

«Құстар біздің досымыз»

Тараз қаласы № 10 «Наурыз» бөбекжай-бақшасының

тәрбиешісі Утегенова Асимкуль

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлім: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
ҰОҚ мақсаты: Жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы білу. Балалардың белсенділігін,қызығушылығын, сөздік қорын, ой-өрісін кеңейту. Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюе білуге үйрену.
Күтілетін нәтиже: Жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы білді. Балалардың белсенділігі, қызығушылығы, сөздік қоры, ой-өрісі кеңейді. Құстарды қорғап, қамқоршы болады, табиғатты сүюе біледі.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап «миға шабуыл», «топтастыру» әдістері, қорытынды.
Жоспарлау
ҰОҚ кезеңдері Жоспарланған іс-шаралар Ресурстар
ҰОҚ басталуы. Тәрбиеші; Балалар бүгінгі көңіл- күйіміз сәтті өту үшін бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Психологиялық сәт.

Шеңбер болып тұрайық ,

Алақанды ашайық.

Таза ауаны жұтайық,

Жүрекке жылу сыйлайық.

Жиналған жылу шуақты,

Қонақтарға шашайық.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер жауабын табыңдар.

«Миға шабуыл» әдісі.

Жұмбақ:

Салатын ұяны.

Өткір көзі шегір,

Бүргенін құртар тұяғы.

(Бүркіт)

Бұдыр-бұдыр балшықты,

Жинады да талшықты.

Ұқсатып қамытқа,

Үй салды жабаққа.

(Қарлығаш)

Балалар сендер бейне таспадан не көрдіңдер?

Құстар(торғай,қарға,қараторғай, қарлығаш,сауысқан, бүркіт)

Міне балалар бұлардың бәрі біздің Қазақстанда өмір сүретін құстар.

(бала үнін есту).

Әңгімелеу.

Балалар құстар адамға дос. Құстардың еті тамақ болса, мамық қауырсыны жастық, көрпеше т.б. болады. Құстар орман, жер зиянкештерімен қоректеніп,ауыл шаруашылығына пайдасы өте көп.Құстар табиғатқа сән береді,олардың әуені табиғатқа сән береді,табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйін көтереді. Құстар табиғатымызды зиянкештерден қорғайды,оларды табиғат емшілері деп атайды.Бейне таспамен құстарды көрсету.

Тәрбиеші; Балалар олай болса барлығымыз өздерінің ұнаған құстарыңды алып, топқа бөлінейік.

Бүгін топпен жұмыс жасаймыз.(балалар екі топқа бөлінеді).

«Топтастыру» әдісі

Балаларды құстардың суретін беру арқылы екі топқа бөлу.Әр топтың өз топбасшысы сайланады, топты қорғау тақпақ ,тиым сөз, мақал-мәтел айтылады.

1-топ; «Қарлығаш»

Топбасшысы Ырысты;

Таныстыру.

Қарлығаш өте жақсы ұшады,тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді.Қарлығаш ұясын саз балшықтан соғады.Ұясын үй ішіне,жартасқа, ағаш басына т.б. жерлерге соғады.

2-топ; «Бүркіт»Топбасшысы Бақытжан;

Таныстыру Бүркіт біздің планетамыздағы ең ірі қыран.

Бүркіт елсіз ашық кеңістіктерде, таулы жерлерде,далалы, шөлейтіжерлерде, орманды жерлерде мекендейді.Бүркіт-мықты және аңшы құс.

ҰОҚ негізгі бөлімі 1-топ; «Қарлығаш»

2-тапсырма. Тақпақ.

Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй соғады.

2-топ; «Бүркіт»

2-тапсырма.Тақпақ.

Қанатынан қаңтардың қары бүркіп, Қашатұғын көргенде бәрі деүркіп. Қырағы көз бүгінде қарауытып,

Қалғып отыр қияда қара бүркіт.

1-топ; «Қарлығаш»

3-тапсырма

Құс туралы тыйым сөздер

1.Құстың ұясын бұзба,

2.Жұмыртқасын шашпа

3.Балапанын өлтірме.

4.Құсқа тас лақтырма.

2-топ; «Бүркіт»

3-тапсырма. Құс туралы мақал-мәтел.

1.Қыран құс шашып жейді,

қара құс басып жейді.

2.Аққуды атпа,Досыңды сатпа.

3.Құс патшасы-бүркіт,

Аң патшасы-арыстан.

Тіл ұстарту жаттығуы:

Қа-қа-қа –қарға

То-то-то- тоқылдақ

Са-са-са- сауысқан

Кө-кө-кө көктеке

(екі топқа айтқызу)

Сергіту сәті;

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық.

Құсқа ұя жасайық,

Алдына жем шашайық.

Қарға құсап жорғалап,

Жемге тойып алайық.

Орнымыздан тұрайық,

Қане, қанат қағайық.

1-топ: «Қарлығаш»

4-тапсырма.

Ойын; «Әр құстың ұясын тап?»

Қазақстанда мекендейтін құстардың суретін құрастырып, балалар құрастырған ұясын айтып береді.

2-топ; «Бүркіт»

4-тапсырма.

Ойын: «Қай жерде тұрады?»

Балалар дала құсын көк түспен қоршап, үй құстарын қызыл түспен қоршап сызып ажыратып айтады және осы құстарға нүктелеу арқылы жем жасайды.

1-топ; «Қарлығаш»

5-тапсырма.- құм (балалар саусақ моторикасы арқылы құстарды салады).

2-топ; «Бүркіт»

5-тапсырма.- тұз(балалар саусақ моторикасы арқылы құстарды салады).

ҰОҚ қорытынды бөлімі Жарайсыңдар балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі ұнадыма?

— Қандай құстармен таныстыңдар?
-Қандай тапсырмалар орындадық?
Балаларды смайлк арқылы мақтап, мадақтау.

балалардың жауабы тыңдалады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.