Жаңалықтар

ЕУРОПАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Қазақстанның құрама командасы физика пәні бойынша Еуропалық олимпиадаға қатысты. Жарыс қашықтық форматында өтті. Олимпиадаға әлемнің 50-ден астам елінен 250 оқушы қатысты. Турнирге Қазақстанның атынан 5 конкурсант — 2019 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, физика пәнінен олимпиада резервінің мүшелері қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша қазақстандық құраманың қоржынында бір алтын, екі күміс және бір қола медаль бар. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің қатарында – Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім инновация» лицейінің оқушысы Мағауин Расул – алтын медаль; Драганчук Антон (Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған
№8 мектеп-лицейі) – күміс медаль; Қалдыбаев Рауан (Нұр – Сұлтан қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі) – күміс медаль; Қоблан Мирас (Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі) – қола медаль. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Янченко Алексей грамотамен марапатталды.

Айта кетерлігі, Еуропалық физикалық олимпиада (IPhO — International Physics Olympiad) – бұл дарынды оқушыларға арналған физика пәні бойынша халықаралық аймақтық олимпиада. Жарыс екі турда өтеді: теориялық тур үш тапсырмадан (жеңіл, орташа және жоғары деңгейдегі күрделілік) тұрады, эксперименталдық бір немесе екі тапсырмадан тұрады.

Құрама команданың жаттықтырушылары – Сулейман Демирель университеті профессорының ассистенті С. Мақсұтов пен Алматы қ. РФММ физика пәнінің мұғалімі А. Сидоренконың жұмысының арқасында қазақстандық оқушылар физика пәні бойынша Еуропалық олимпиадада елімізді лайықты деңгейде көрсете білді.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.