Жаңа сабақтар

«Дала құстары»

Тараз қаласы № 2 «Айсұлу» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

Прманова Алтынай Рысалдиевна

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлім: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Дала құстары»
ҰОҚ мақсаты: Дала құстары туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы білу. Балалардың белсенділігін,қызығушылығын, сөздік қорын, ой-өрісін кеңейту. Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүйе білуге үйрену.
Күтілетін нәтиже: Дала құстары туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы білді. Балалардың белсенділігі, қызығушылығы, сөздік қоры, ой-өрісі кеңейді. Құстарды қорғап, қамқоршы болады, табиғатты сүюе біледі.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу,сұрақ-жауап «миға шабуыл», «топтастыру» әдістері, қорытынды.
Жоспарлау
ҰОҚ кезеңдері Жоспарланған іс-шаралар Ресурстар
ҰОҚ басталуы. Тәрбиеші; Балалар бүгінгі көңіл- күйіміз сәтті өту үшін бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Сәлем саған жер – Ана!
Сәлем саған нұрлы күн!
Аман – есен болайық,
Бейбітшілік қалайық.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер жауабын табыңдар.

«Миға шабуыл» әдісі.

Жұмбақ:

Кішкене ғана бойы бар,
Тамақта ғана ойы бар.
Тіршілік құрып жүреді
Шамасы аз жануар.

(Сұңқар)

Бейбіт құсы аталады,
Бар әлемге жар салады.
Танисың ба ол құсты
Аты қалай аталады? (Көгершін)

Балалар сендер бейне таспадан не көрдіңдер?

Құстар(торғай,қарға,көгершін, қарлығаш,сауысқан, сұңқар)

Міне балалар бұлардың бәрі біздің Қазақстанда өмір сүретін құстар.

(бала үнін есту).

Әңгімелеу.

Балалар құстар адамға дос. Құстардың еті тамақ болса, мамық қауырсыны жастық, көрпеше т.б. болады. Құстар орман, жер зиянкештерімен қоректеніп,ауыл шаруашылығына пайдасы өте көп.Құстар табиғатқа сән береді,олардың әуені табиғатқа сән береді,табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйін көтереді. Құстар табиғатымызды зиянкештерден қорғайды,оларды табиғат емшілері деп атайды.Бейне таспамен құстарды көрсету.

Тәрбиеші; Балалар олай болса барлығымыз өздерінің ұнаған құстарыңды алып, топқа бөлінейік.

Бүгін топпен жұмыс жасаймыз.(балалар екі топқа бөлінеді).

«Топтастыру» әдісі

Балаларды құстардың суретін беру арқылы екі топқа бөлу.Әр топтың өз топбасшысы сайланады, топты қорғау тақпақ ,тиым сөз, мақал-мәтел айтылады.

1-топ; «Сұңқар»

Топбасшысы Ырысты;

Таныстыру.

Сұңқар-Қазақстанда кең тараған құстардың бірі. Жұптасып тірлік етеді. Мекиені үш-төрт жұмыртқа табады. Көп сәттерде тасқа ұялайды. Жұмыртқасын бір ай мөлшері басып, балапан шығарады.

2-топ; «Көгершін»

Топбасшысы Бақытжан;

Таныстыру. Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адам жайларына үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа және балауызсымақтары бар құстар.

ҰОҚ негізгі бөлімі 1-топ; «Сұңқар»

2-тапсырма. Тақпақ.

Көгершіндер, көгершіндер,
Мәңгі өсіп-өнерсіңдер.
Алла берген тіршілікті
Елмен бірге көрерсіңдер.

2-топ; «Көгершін»

2-тапсырма.Тақпақ.

Бақытың артқан шағыңда,
Жапалақ салсаң, қу ілер.
Бақытың тайған шағыңда,
Сұңқар салсаң, аз ілер.

1-топ; «Сұңқар»

3-тапсырма

Құс туралы тыйым сөздер

1.Құстың ұясын бұзба,

2.Жұмыртқасын шашпа

3.Балапанын өлтірме.

4.Құсқа тас лақтырма.

2-топ; «Көгершін»

3-тапсырма. Құс туралы мақал-мәтел.

1.Қыран құс шашып жейді,

қара құс басып жейді.

2.Аққуды атпа,Досыңды сатпа.

3. Шыдамсыз лашынды бөктерсе,
Асықпаған сұңқарға жетер.

Тіл ұстарту жаттығуы:

Қа-қа-қа –қарға

То-то-то- тоқылдақ

Са-са-са- сауысқан

Кө-кө-кө көктеке

(екі топқа айтқызу)

Сергіту сәті;

Қарлығаш боп ұшайық.
Торғай болып қонайық.
Сауысқан боп секіріп
Тоқылдақ боп шоқиық
Қане қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып – ұшып алайық
Орнымызға қонайық.

1-топ: «Сұңқар»

4-тапсырма.

Ойын; «Әр құстың ұясын тап?»

Қазақстанда мекендейтін құстардың суретін құрастырып, балалар құрастырған ұясын айтып береді.

2-топ; «Көгершін»

4-тапсырма.

Ойын: «Қай жерде тұрады?»

Балалар дала құсын көк түспен қоршап, үй құстарын қызыл түспен қоршап сызып ажыратып айтады және осы құстарға нүктелеу арқылы жем жасайды.

1-топ; «Сұңқар»

5-тапсырма.- құм (балалар саусақ моторикасы арқылы құстарды салады).

2-топ; «Көгершін»

5-тапсырма.- тұз(балалар саусақ моторикасы арқылы құстарды салады).

ҰОҚ қорытынды бөлімі Жарайсыңдар балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі ұнадыма?

— Қандай құстармен таныстыңдар?
-Қандай тапсырмалар орындадық?
Балаларды жұлдызша арқылы мақтап, мадақтау.

балалардың жауабы тыңдалады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.