NIS

Қашықтан оқытуды үйренемін

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы 2020 жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы педагогтеріне арналған қазақ және орыс тілдерінде «Қашықтан оқытуды үйренемін» атты бұқаралық ашық онлайн-курсын бастайды.

Курс 18 мыңнан астам мектеп басшысы мен мұғалімнің онлайн сауалнамасы бойынша, сондай-ақ өткен оқу жылының 4-тоқсанындағы 300-ден аса онлайн сабақты бақылаудағы зерттеу нәтижесінде әзірленді. Зерттелетін мектеп саны – 1040. Зерттеу қашықтан оқытуды енгізу кезеңінде орын алған кәсіби проблемалар мен қиындықтарды және педагогтерді әдістемелік қолдаудың келесі жолдарын анықтау мақсатында жүргізілді.

Онлайн-курс бағдарламасы интернет-сервистермен жұмыс істеу дағдыларын үйретуге бағытталған. Басты назар онлайн-сабақтарды жоспарлау мен тарату, виртуалды мұғалімдер кабинетінде жұмыс істеу, қазақстандық білім беру платформаларында оқушылармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істеуді ұйымдастыру дағдыларына аударылатын болады.

Онлайн-курс еліміздің 17 аймағындағы педагогтерді оқыту кезеңдерін қамтамасыз ететін кесте бойынша ұйымдастырылатынын атап өту қажет. Әрбір мұғалім, оның ішінде жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарында оқитын студенттер осы жылдың соңына дейін аталмыш тегін курстан өтудің мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен қатар онлайн оқу барысында күнделікті сұрақтардың модерациясы арқылы тыңдаушы мен тренер-құрастырушының ортасындағы тұрақты кері байланыс, сондай-ақ әрбір модуль мен курс соңында қалдырылатын пікірлерді өңдеу қамтамасыз етілген. Кері байланыс нәтижесінде өңірлерде әр апта сайын тақырыптық вебинарлар өткізіледі.

Бұл курс қатысушылардың білім алуда өз бетімен уақыт және жылдамдықты таңдай алуы үшін бейсинхронды форматта өтеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.