Жаңа сабақтар

КАЙЫРҒАЛИ АЙЖАН ЗИНЕТОЛЛАЕВНА

Сабақ: Мектеп: Атырау каласы.ЖББ .Алтынсарин атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі
Күні: Мұғалімнің аты: КАЙЫРҒАЛИ АЙЖАН ЗИНЕТОЛЛАЕВНА
Сынып: 1 Пәні: жаратылыстану
Ортақ тақырып:

Мен және менің отбасым

Бөлім: Сабақтың тақырыбы:

Қалай дұрыс тамақтану керек?

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

Сабақ мақсаты Барлық оқушы: Дұрыс тамақтану ережесін айту

Көптеген оқушы: Адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау

Кейбір оқушы: Қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

Бағалау критерийлері Адамның өсіп-дамуына қажетті жағдайларды атайды

Қоршаған ортаны зерттеудің маңыздылығын түсіндіреді

Қалай дұрыс тамақтану керектігін біледі;

Тілдік мақсат -адамның өмірінің кезеңдерін сипаттайды

-адамның тіршілігі үшін қажет жағдайларды атай алады

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: саумал, гамбургер, фри, пайдалы тағам, тамақтану пирамидасы, таңғы ас, түскі ас, кешкі ас
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: ауызша, жазбаша
Талқылауға арналған сұрақтар:

Балалар сендер қандай тағам түрлерін сүйіп жейсіңдер? Кім аналарына тағам дайындауда көмектеседі? Не үшін тамақтанамыз? Ал балалар қандай тағам түрлерін көріп тұрсыңдар? Қазақтың ұлттық тағамдары туралы не білесіңдер?Балалардың дені сау болып өсуі үшін қандай тағамдар қажет? Балалардың дені сау болып үшін қандай тағамдар қажет?

Не себепті……деп ойлайсыз?

Не себепті дұрыс тамақтан у керек?

Дұрыс тамақтану қаншалықты біздің ағзамызға пайдалы?

Ишара: қызыл түс – түсінбедім, сары түс – көмек керек, жасыл түс – тамаша
Құндылықтарды дарыту Ынтымақтастық, зерттеу, шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлау, жауапкершілік.
Пәнаралық байланыстар Көркем еңбек (тамақ түрлерінің суретін салу)

Математика (есеп және сан) анықтайды

АКТ I.mektep.kz Тамақтану ережесін көрсету, слайд, бейнежазба
Бастапқы оқу: Оқушылар тамақ түрлерін атай біледі
Жоспар
Жоспарланған уақыт есебі Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз) ресурстар
Басы Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал

Шаттық шеңбері

«Ыстық жүрек» әдісі

Оқушылар бір-біріне жүрекшені ұсына отырып жылы лебіздерін айтады.

«Сиқырлы сандық» ішінен гүл күлтешелерін алуды ұсынамын. Гүл күлтешелерінде жазылған сөздер бойынша топқа бөлінеді

1 топ- «Таңғы ас»

2 топ – «Түскі ас»

3 топ – «Кешкі ас»

«Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу

Суретпен жұмыс

Құпия зат

Суреттерді конвертке салып алдыларына тастаймын.Олардан оның не екенін сұрап,топтарға біріктірулерін сұраймын..

Алма, алмұрт, газдалған сусын, сәбіз, жұмыртқа, кәмпит,картоп, балық, йогурт пен балмұздақ, шоколад батончигі,сағыз .

Біріктіру арқылы қандай топтар шыққанын сұраймын.

Пайдалы және зиянды деген топ шықты.

-Ендеше,бүгін сабағымызда осы тағам түрлерінің зиянды және пайдасы туралы танып білеміз.

Ортасы «Кластер» әдісі Тұжырымды ойларымен бөлісіп, топтық жұмыс қорғайды (постер)

1-тапсырма

Пайдалы тағамдардың тұсына «таңбасын, зиянды тағамдардың тұсына «» таңбасын қой.

Кейбір оқушы: Адамның өсуі үшін тамақтанудың пайдасы туралы әңгімеле.

Дескриптор

Білім алушы

— адам ағзасына пайдалы тағамдарды белгілейді;

— адам ағзасына зиянды тағамдарды анықтайды;

— адам үшін тамақтанудың пайдасын түсіндіреді.

Кері байланыс

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі

2-тапсырма «Дастарқан» Ұ.ж

-Балалар сендер қандай тағам түрлерін сүйіп жейсіңдер? —Кім аналарына тағам дайындауда көмектеседі?

— Не үшін тамақтанамыз?

Әрдайым уақытында дұрыс тамақтану керек. Артық тамақ жеу – денсаулыққа зиян. Адамдар күніне үш рет тамақтанады. Олар «таңғы ас», «түскі ас», «кешкі ас» деп аталады.

-Қане, балалар суреттегі тағам түрлеріне назар аударып қарайықшы.

-Ал балалар қандай тағам түрлерін көріп тұрсыңдар? «Тамақтану ережесі»

— Қазақтың ұлттық тағамдары туралы не білесіңдер?

-Негізгі тағам түрлерін атату.

Дескриптор:

-Тағам түрлерін ажыратады;

-Қалай дұрыс тамақтану керектігін біледі;

-Пайдалы тағамдарды бояйды;

Кері байланыс

Бағалау «От шашу» әдісі

Ширату жаттығулары «Бұзық телефон» ойыны

Оқушыларды дұрыс тыңдауға ынталандыру. Сергиді

3-тапсырма «Аспазшы» ойыны Т.ж

Қалай дұрыс тамақтану қажет?

І топ«Таңғы ас»

«Күніне неше рет тамақтану керек?» Тамақтың мөлшерін жаз

ІІ топ «Түскі ас»

Қай кезде тамақтанған дұрыс? Өз ойларыңды жаз

ІІІ топ «Кешкі ас»

Қай тағамды таңертең, ал қайсысын кешке жеген дұрыс?

Дескриптор:

-Күніне неше рет тамақтану керегін түсінеді;

-Тамақтану уақытын біледі;

-Тамақтану тәртібін біледі;

Кері байланыс

Бағалау «Күлегештер» әдісі

4- тапсырма Шеңбердегі азық – түлік Т.ж

Шеңбер ішіндегі азық – түліктерді ата. Оларды неге көп мөлшерде жеуге болмайды? Неліктен?

І топ «Таңғы ас» — газдалған тәтті сусын

ІІ топ «Түскі ас» — фри

ІІІ топ «Кешкі ас» — жылдам әзірленетін тағамдар

Дескриптор:

-Шеңбердегі тағам түрлерін ажыратады;

-Олардың зиян екенін түсінеді;

-Жылдам әзірленетін тағам түрлерін біледі;

Кері байланыс

Бағалау «Бағдаршам» әдісі

Аңдатпа «Сен білесің бе?» қосымша мәлімет Ұ.ж

Кейбір оқушылар

Саумал дегеніміз не?

Саумал – биенің жаңа сауылған сүті. Оның көптеген пайдалы қасиеттері бар.

Қымыздың пайдалы қасиеттерін ата

Асқазан, ішек жолдарына пайдасы өте зор.

Дескриптор:

-Саумал туралы біледі;

-Қымыздың пайдалы қасиеттері туралы айтады

Ым ишара арқылы бағалау

i.mektep.kz сайтынан «Тамақтану ережесін» көрсету
Соңы 5– тапсырма «Зерттейік» (Ж. ж)

Толтырылмаған тамақтану пирамидасы бар парақшалар таратылады. Өздерінің тамақтану пирамидасын жасайды.

Таратпалы суреттер арқылы

Дескриптор:

-Жиі тұтынатын тағам түрлеріндегі суреттерді жапсырады;

-Пирамида арқылы дұрыс тамақтану ережесін түсінеді;

Кері байланыс

Бағалау «Қошемет көрсету» әдісі

«Аспан әлемі»

Қосымша мәліметтер

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.