Жаңа сабақтар

Абжанова Айдана Еркиновна

БҚО.Казталов ауд.Әжібай ауылы. «Ақтілек» бөбекжайының тәрбиешісі:

Абжанова Айдана Еркиновна

Тақырыбы:«Балғын балалар –біздің болашағымыз»

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар ұстаздар, қымбатты бүлдіршіндер мен сәбилер!

Көптеген жылдан бері 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді.

1-маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз. more]

Баршамызды бала тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата-ананың арманы мен тілегін
Бала емес пе?, бал бұлақтан жалғайтын –дей келе «Балғын балалар –біздің болашағымыз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз. Ия, бүгін балалық шақтың ең тамаша мейрамы. Бүгін жадыраған жаздың ең алғашқы ғажайып қақпасы ашылар керемет шақ.

Ән:»Жау -жау жаңбыр» (Қ.Інжу,Айгерім,Аяулым)

І-Бөлім

Тақпақтар:

Бала, бала баламыз, Айгерім

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамыз да қаламыз.

Біз бақытты баламыз Айхан

Ақылдымыз данамыз.

Ертеңгі күн елімнің,

Батырлары боламыз.

Бізбен бірге бар әлем, Аяулым

Қуанады балаша.

Қуанышқа бөленген,

Өмір қандай тамаша.

Гүлмен келсін келер күн, Айлана

Бала бағы бар елдің.

Балалардың күлкісі,

Көркі сәні әлемі.

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар. Сүйікті балалар, бүгін сендердің тойларың жер бетіндегі балалардың бәрінің мерекесі. Жан -жағымызға құлақ түрейікші. Әдемі әуен естілетін сияқты. Балалар кім екен,кім деп ойлайсыңдар?

Сайқымазақ: СәлеметсіңдермеДостарым! Менің таңғажайып әлеміме қош келдіңіздер! Бүгінгі мерекеде сіздер қызықты ойындар мен қызықты би үйреніп көңілдеріңді көтеріп қайтасындар! Солай емеспе достар.

Біздің арамызда қыздар көппе әлде ұлдар көппе екен, а? Кане байқап көрейікші!
Барлығы қимылмен қайталайды:
Жүгіреді, жүгіреді
Түлкілер, түлкілер
Естілді, естіледі
Күлкілер, күлкілер
Кане бірге, кане бірге
Ұлдар ай!
Қыздар ай!

Сайқымазақ: Жарайсындар, ұлда, қыздар да көп екен?

Сайқымазақ: :Қане, балалар онда сендермен бірге көңіл көтеріп ойын ойнайық.

Ойын: «Тәттіні тасымалдау»

Ойынның шарты:Қолымызды артымызға қойып, үстел үстіндегі тәтті кәмпиттерді ауызбен тасымалдау.

Ойын:

Жүргізуші:Рахмет, саған біздің сайқымазақ досымыз. Балалардың көңілін көтеріп тастадың. Ары қарай мерекелік шарамызды бізбен бірге көңілді өткізіп тамашала!
Ендеше балалар мерекеге арналған тақпақтарымызды жалғастырайық

Бейбітшілік әніміз Өнерліміз бәріміз Інжу.Қ

Қазақстан даласында Жарасады сәніміз

Балабақша аясында Жадырайды жанымыз.

Жігіт болам, күні ертең Әділет

Балдырғаның, гүл еркең

Бақытты бол, өсе бер,

Құтты болсын мерекең

Бізбен бірге бар әлем, Аяулым

Қуанады балаша.

Қуанышқа бөленген,

Өмір қандай тамаша.

Балалар бақшасында бүгін той! А.Інжу

Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай — ау, алақай
Той тойлайық, балақай
Қызарғанша алақан
Кел, соғайық балақай.

Жүргізуші: Олай болса кішкентай бишілерімізді қарсы алайық!

Би: »Гүлдер»биі

ІІ-бөлім.

Жүргізуші:Балалар мерекемізді ары қалай жалғастырамыз,«Сиқырлы бояулар»әлемі ғажайып сиқырға толы.Барлығымыз орнымыздан тұрып көңілді билесек қана «Сиқырлы бояулар»әлемі пайда болады екен.Ендеше қанеки би билейік.

(Билеп жатқанда кенеттен сиқыршының музыкасы ойналады,балалар барлығы аң-таң болып қалады)

Жүргізуші: Міне балалар біз«Сиқырлы бояулар» әлеміне ендік.Балалар осы сиқырлы бояулар әлеміне жер-анаға, көк аспанға, жарық күнге, бояулар аралының қонақтарына амандасайық.

Сәлеметсің бе, Жер — ана!

Сәлеметсің бе, Көк аспан!

Сәлеметсің бе, Жарық күн!

Мальвина:Қош келдіңдер балалар!Мен «Сиқырлы бояулар» әлемінің сиқыршы бикеші Мальвинамын.Балалар менде бүгінгі сендердің мерекелеріңмен құттықтаймын.

Жүргізуші:Біздің балалар өте өнерлі әнде айтады ,биде билейді,суретте салады.

Мальвина: Балалар өнерлі болса мен тексеріп көрейін.Сендер түстерді ажыратуды білесіңдер ме? Менің қолымда боялмаған суреттер бар, сол суреттерді түсін табуларың керек.

Суреттер көрсетеді балалар жауап береді.

Ойын:»Түстерін ажырат»

Шарты:Екі топқа бөлініп,бос тұрған себетке белгіленген түске сәйкес доптарды апарып салу қажет.Қай топ бірінші болады сол жеңіске жетеді.

Жүргізуші:Мальвина бикеш құрметіңізге көп рахмет!Сендердің әлемдерің біздерге керемет ұнап жатыр.Осымен біздің мерекелік шарамызда өз мәресіне жетіп қалыпты.

Қарсы болмасаң сенде біздің әлемімізге саяхатта,балалардың «Асфальтқа салған суреттерін тамашала,біз мерекені өте көңілді өткіземіз.

Мальвина:Иә жарайдыбалалар сендердің келгендерің қандай жақсы болды көңілім көтеріліп қалды.

Бақшаға біз гүл ексек ,

Балдырғаным, сен үшін,

Бақытыңды жыр етсек,

Балдырғаным, сен үшін

Бақытты бол, өсе бер,

Құтты болсын мерекең! –деп, «Балғын балалар –біздің болашағымыз» атты мерекелік ертеңгіліміді аяқталды. Қош сау болыңыздар келесі кездескенше!

Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет.

ІІІ-бөлім

«Асфальтқа сурет салу

Марапаттау

БҚО.Казталов ауд.Әжібай ауылы. «Ақтілек» бөбекжайының тәрбиешісі:

Абжанова Айдана Еркиновна

Тақырыбы: «Рәміздерім мақтанышым» Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру.Туды,Елтаңбаны және Гимнді бір-бірінен ажырата білуге үйрету.Балаларға рәміздерді құрметтеуге,қастерлеуге рәміздерді бәрінен биік ұстауға,рәміздердің әр элементтерін,бөлшектерін атауларын жатқа білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:слайд, ведио, ұлттық киімдер мен жалаушалар, көгершін.

Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Тәрбиеші: Қайырлы күн балалар.4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру .тақырыбындағы әңгіме сағатын бастаймыз.

4-маусымҚазақстан Республикасының рәміздер күніне байланысты слайд көрсету Бірінші суреттегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы. Балалар тудың түсі көк.Көк түс болудың себебі адам бойына адалдық пен тазалық пен үміт сияқты қасиеттеріне сәйкестенуі тегін емес,көк түс әрқашан бейбітшіліктің,тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі.Яғни аспанымыз ашық болсын дегеннің белгісі екен.Тудың қақ ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз және оң жағында оюдың суреті бар.Күннің болуы әрқашан күндей нұрымыз жарқын болсын деген ниетпен,дала бүркіті Қазақстандықтар ұғымында дархандық пен қырағылық,биіктік пен бейнеленген.Тудың оң жағында оюдың бейнеленуі біздің қазақ екенімізді білдіретін қазақтың ою-өрнегі бейнеленген.Ал түстерінің сары болуының себебі сары түс молшылықтың байлықтың белгісі. Келесі суреттен біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының ортасында елтаңбаныі негізі ретінде шаңырақ бейнеленген.Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.Шаңырақ еліміздің біртұтастығын,мемлекеттік бастауы,отбасы ошағын бейнелейді.Екі жағындағы қанатты тұлпар мәңгілік өмір,болашаққа үміт артқан сендер сияқты балалардың арманы,самғау биігі. Шекесіндегі бес жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағына жол көрсетер жұлдызы.Елтаңбаның астында «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіретін айырықша екен Біздің рәміздеріміздің бірі Қазақстан Республикасының Менлекеттік Гимні.Балалар ҚРМ Гимнінің сөзін Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз және Жұмекен атамыз жазған.Әні жазған Шәмші атамыз.Балалар Мемлекеттік Гимнді қалай болса солай орындауға болмайды,оны барлығымыз орнымыздан тұрып,оң қолымызды жүрек кеудемізге қойып бойымызды тік ұстап орындау керек.

Дидактикалық ойын: «Өз туынды тап» Шарты: (Әуен ойналады) балаларға әр түрлі мемлекеттің тулары беріледі. Өз мемлекетіміздің туын тауып беру керек. Ойын осылай жалғаса береді.

Тәрбиеші: Осымен 4Маусым-Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арналған әңгіме сағатымызды аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!

Тақырыбы«Құмның қасиеті»І. Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбер:

Табиғат ол анамыз,

Табиғатқа баламыз

Құшағында ойнаймыз

Шаттық әнге саламыз.

ІІ. Негізі бөлімі:

Балалар табиғат дегеніміз не?

Табиғат екіге бөлінеді. Жанды жансыз табиғатқа.

Қалай ойлайсыңдар тірі табиғатқа не жатады?

-Дұрыс адамдар,құстар,жануарлар.өсімдіктер,ағаштар. Яғни,көбиетін,қоректенетін,өсетін жандар жанды табиғатқа жатады.Ал жансыз табиғатқа не жатады?

Жұмбақ жасыру:

Жер бетінде жатады

Онымен ойнайсың

Әр түрлі мүсін жасайсың.

Балалар бүгін сендермен ғалымдар боламыз.Ал ғалымдар деген кім?

Дұрыс,бүгін сендермен құмның қассиетін зерттеуге барамыз.

Қазақстан еліміз шөлді далал бар екен.

Ол жерде шөлге төзімді жануарлар ғана мекендейді.мысалы: түйе. кесіртке,құрт т.б

Ал өсімдіктерден сексеул деген шөп өседі.

Балалар қарандаршы құмдар төбешіктер болвп жатыр.

Құммен жұмыс жасамай тұрып қауіпсіз ережесін еске түсірейік.

Тәжрибе№1

Ыдыстағы құмды тутікше арқылы үрлейміз.желдің әсерімен жылжып төбешіктерге айналады ия.

Енді ылғалды құмды байқайық,құмды үрлеп көрейік үрленбейді.

2тәжрибе

Жақын көрсететін шынымен қарап құмның пішіндерін анықтайық.

Енді ылғалды құмды байқайық олар бір-біріне жабысып пішіндер көрінбейді.құмның түсі қандай? Сары, ақшыл ,ал ылғалды құм қаратүсті.

Сергету сәті:

Күн болып жанайық

Мөлдір судай ағайық

Гүл болып жайнайық

Терең-терең домалап

Жүргіріп-жүгіріп алайық.

-Балалар магнитке не жабысады? Темір

-Енді құмға магнит салып байқап көрейік Әсер етеді өйткені құмда темір құрамы бар екен.Енді стакандағы суға «воронка» қасықпен құм салайық,не байқадық тесіктен өтіп кетті су сияқты ия. Яғни құм сусымалы және ол суға батып кетті ,ол ауыр екенін байқадық

-Ал құмды не үшін пайдалануға болады?

БҚО.Казталов ауд.Әжібай ауылы. «Ақтілек» бөбекжайының тәрбиешісі:

Абжанова Айдана Еркиновна

«Қош бол, балабақшам!»

атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі

Мақсаты:

1.Балалардың бір жылдық алған білімдерін тиянақтау, мектепке деген көзқарасын қалыптастыру.

2.Балалардың тілін, шығармашылық қабілетін дамыту.

3.Үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.

Зал безендірілген. Музыка әуенімен тәрбиеші шығады.

Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Қымбатты балабақша қызметкерлері,бүлдіршіндер ! Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Олардың әр бірі балабақшадан білім деген іргетасын қалап, мектепте үлгілі оқушы болатынына сеніміз мол.

Өсті ақыл, ойларың,
Өсті, міне, бойларың.
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың!

Тәрбиеші: Бүгінгі кешіміздің түлектерін таныстырып өтсек.

Биязы мінезімен
Түрлі рөлді сомдайды.
Күлімдеген Каусарды
Барлық досы қолдайды.

Спортты жаны сүйеді
Салаутты өмір сүреді.
Бар қоғамдық жұмыстың,
Ортасында жүреді.
Айхан топтың жүрегі.

Қандай да болсын игі іс,
Онсыз сірә бітпейді.
Гүл жайнаған Інжуді
Жауқазын гүлге теңейміз.

Сабырлы, жайсаң мінезі
Адалдықты сүйеді.
Бәрі де бәрі сыйлайды
Топтас құрбы Аружанды.

Бойында үлкен намыс бар,
Әрқашан алға ұмтылған.
Сегіз қырлы, бір сырлы
Намысшыл жігіт Сенімбек.

Білімді қыз инабат,
Болар бізге қолқанат.
Жақсылықты арқалап,
Талантты қыз Қарақат

Азамат деген бала бар,
Бойында түрлі сала бар.
Көпшілікті қуантып,
Үлкен үмітпен қаратар.

Инабатты сұлу қыз.
Әдемі де түзу қыз.
Інжу топтың аруы,
Еркелетіп жүреміз

-Армысыздар, құрметті бүлдіршіндер әріптестер! Бүгін бізде үлкен мереке! Балабақша табалдырығын тәй-тәй басып кішкене ғана сәби болып келген балаларымыз міне, бүгін сүйікті ұяларымен қоштасқалы отыр. Бүгінгі бүлдіршіндеріміздің «Қош бол, балабақшам! » атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді ,

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды .

Бізден ұшып, қанат қағып есейіп,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар ,

Жүректерде арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар . –дей келе мектепке бастар жол алдында балабақша меңгерушісі Арайлым Серіккалиқызына сөз кезегін береміз.

Ән: «Балабақша»

1-бала. М.Кәусар: Балалар, естеріңде ме, ең алғаш балабақшаға келген күндерің? Біз ата-анамыздан қалмай жылаушы едік қой. Енді міне, сол бақшамызбен қимай қоштасқалы тұрмыз.

2-бала – Айхан Енді қолға қалам, қарындаш ұстап , сурет салуды да үйрендік.

3-бала: Б.Аружан: Біз дұрыс сөйлеуді де білмейтін едік, енді міне ән айтып, тақпақ жаттайтын болдық.

4-бала: -: Қ.Інжу біз сүрінбей жүре алмайтын едік, енді міне , мың бұрала би билейтін болдық.

5-бала-А.Інжу: Менің есімде , өзіміз киініп, жуына алмайтынбыз. Ал,қазір өзіміз киініп, жуынып, төсегімізді де жинайтын болдық.

1-тәрбиеші: Ендеше, осындай жағдайға жеткізген апайларымызға тақпақтарымызды арнаймыз .

-Сенімбек-

Орын берген бақшадан,

Меңгеруші жақсы адам.

Біз айтамыз мың алғыс,

Арайлым Серіккалиқызына!

-М.Кәусар—-

Қуансақ бірге қуанған,

Күлімсіреп қараған.

Әдіскері бақшаның

Ақтоты Сағындыққызын сағынам.

Қ.Інжу

Денсаулыққа болаттай,

Ауруларды жолатпай.

Күнде әбігер болатын,

Дәрігер Ақтоты апайға мың алғыс!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.