📚Бірінші тоқсан шалғайда орналасқан шағын жинақты ауылды мектептерді қоспағанда, еліміздің барлық мектептерінде 1-11 сыныптарда қашықтан оқыту форматында басталады. 📍Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші бойынша, ахуал жақсарған жағдайда, қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі. 📍Алдағы уақытта халықтың ауыру деңгейі тұрақты төмендеуіне байланысты, мектептерді ақырындап аралас оқыту және штаттық форматта оқытуға көшіру жүргізілетін болады. ⠀ 🎓Жоғары оқу орындары мен колледждерде оқыту қашықтан оқыту режимінде ұйымдастырылатын болады. Дәстүрлі формат 📍жеке кесте бойынша зертханалық жұмыстар, өндірістік оқыту және кәсіби практика үшін болады; 📍шалғайда орналасқан колледждерде аз контингентімен санитарлық режимді нығайта отырып өткізіледі. @edu_news_qz