Жаңа сабақтар

Исаева Айгуль Турехановна

ТОАӘД Б «Тілдік мектеп — интернаты» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Исаева Айгуль Турехановна

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі

Пән:Қазақ тілі

Сынып:4 б

Мектеп: « Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп –интернаты»
Күні: Мұғалімніңаты-жөні: Исаева А
Сабақтыңтақырыбы: Зат есімнің септелуі Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Оқумақсаты 4.4.2.3-затесімдісептеу,тәуелденгенсөздердіңсептелуінбілу.
Сабақмақсаттары Барлық оқушылар: Зат есім септіктерінің атын атайды.

Көптеген оқушылар: Зат есім септіктерінің сұрағын,жалғауларын ажырата алады.

Кейбір оқушылар: Сөздерді септеп жаза алады.

Тәуелденген сөздерді септей алады.

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білу. Түсіну. Қолдану.
Бағалау критерийлері Зат есім септіктерінің атын, сұрақтарын ажыратады.

Септіктердің жалғауларын дұрыс жалғайды.

Зат есімді септейді.

Тәуелденген зат есімді септейді.

Тілдікмақсаттар Пәндік терминология мен тірек сөздер

Зат есімнің септелуі. Септік атаулары. Сұрақтары.Септік жалғаулары.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

— —Зат есімнің септелуі деген дегенді қалай түсінесің?

— Септіктерді атай аласың ба?

Құндылықтардыдарыту Ұжымдықжұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру, бір-бірінің пікірін құрметтеу,
Пәнаралықбайланыстар ӘдебиеттікоқуҚыс. Ж.Аймауытов. Жаратылыстану. Жауын–шашынға не жатады?
АКТқолданудағдысы Интерактивті тақта
Алдыңғы білім Зат есім. Зат есімнің сұрақтары. Зат есімнің жалғаулары.

Зат есімнің тәуелденуі.

Сабақбарысы
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері Сабақтажоспарланғаніс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Зейінді шоғырландыру.

Қайырлы таң,достым !

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі күн біз үшін

Сәттілікке толсын!

Ойыншықты қағып ал,жауабын тез тауып ал!» ойыны

1.Зат есім дегеніміз не,сұрақтары?

2.Зат есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

3.Негізгі зат есім дегеніміз не?

4.Туынды зат есімдегеніміз не?

5.Жалпы есімдегеніміз не? Мысалы:

6.Жалқы есімдегеніміз не? Мысалы:

ҚБОтшашуарқылыбағалау.

Затесімтуралыбілімімізді ары қарайжалғастырамыз.

Оқумақсатыментаныстыру.

Күтілетіннәтиженіанықтау.

Доп.
Сабақтың ортасы 4.4.2.3- зат есімді септеу,тәуелденген сөздердің септелуін білу.

1-тапсырма. Суреттер сөйлейді.

Жұмыс түрі –ұжымдық.

Сұрақ -жауап әдісі .

1.Суретті сөзге айналдыр.

2.Қар сөзіне назар аудар.

3.Әр сөйлемдегі қар сөзіне сұрақ қойыңыз.

4.Жалғауларына назар аударыңыз…

5.Қосымшаның жалғану себебін түсіндір.

жауды. Ағам ауладағы жинады. Балалар

аққала жасады. Қыста ойнау ғажап!

Дескриптор.

  1. Суретті сөзге айналдырып оқиды.
  2. Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қояды.
  3. Сөздердің жалғауларын табады.
  4. Қай септікте тұрғанын ажыратады.
  5. Қар сөзін септейді.

ҚБ . Ауызша бағалау. Жарайсың! Керемет! Талпын!

Жаңа материалды түсіндіру.

Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары деп атайды. Қазақ тілінде жеті септік бар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.

Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі дейді.. Септік жалғауы – көптік жалғауы сияқты сөзбен сөздің арасын байланыстырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіреді. Септік жалғауы дегендегі септік деген термин сеп ( жәрдем,көмек, дәнекер ) деген ұғымды білдіреді.

Оқулықпен жұмыс

29-жаттығу. Зат есімді септеу.Адам,табиғат сөздерін септеп жазу.

Дескриптор :

Берілген сөздерді септеп жазады.

ҚБ. Смайликтер арқылы бағалау.

2- тапсырма.

Жұмыс түрі –жеке жұмыс.

Үлестірмелі қима.

1.Сөзді тәуелдеп,септе.

Дескриптор.

  1. Зат есім болатын сөзді тәуелдейді.
  2. Тәуелденген зат есімді септейді.

ҚБ. Бас бармақ арқылы бағалау.

Суретті сөйлем

Кесте

оқулық

Үлестірмелі қима

Сабақтың соңы Кері байланыс. « Өз миыңды сал».

Бүгін мен ………түсіндім.

Маған …….қызықты болды,

Қалай үйрендім?

Маған …… қайталау керек.

Бағалау парағы

Бағалау критерийлері Дескриптор +
Зат есім септіктерінің атын, сұрақтарын ажыратады.

Септіктердің жалғауларын дұрыс жалғайды.

Зат есімді септейді.

Тәуелденген зат есімді септейді.

Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қояды. Қай септікте тұрғанын ажыратады.

Сөздердің жалғауларын табады.

Қар сөзін септейді.

Тәуелденген сөздерді септейді.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлапотырсыз? Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз? Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасы

ныңсақталуы

Менің сабағымда саралауды оқу мақсатын сабақ мақсатына айналдырудан бастадым.

Тапсырма беру барысында оқушыға қолдау көрсетіп ,жеке қабілеттерін ескеремін

Қолдану тәсілі мысалы:

2- тапсырма күрделенді.

Бағалауды

тапсырмалардың дескрипторлары арқылы,

ҚБ . Отшашу арқылы.

Ауызша бағалау.

Бас бармақ арқылы бағалау.

Бағалау парағы арқылы көре аламын .

Сыныптың тазалығы,партада дұрыс отыруын қадағалау.

Жалпы қауіпсіздікті сабақ барысында қадағалаймын

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.