Жаңа сабақтар

Кулмаганбетова Роза Умешовна

Жамбыл облысы,Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебі.

Лауазымы:бастауыш сынып мұғалімі

Кулмаганбетова Роза Умешовна

Ұстаз ұлағатты — әлеумет әлеуеті

Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Менің жүрегіме жақын ,әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Әркімнің жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі -Ұстаз.Алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан бастап,барша шәкіртімен 11 жыл бойы бірге келетін бұл қасиетті жандарды мен ерекше жақсы көрдім. Соған ұқсап баққым келетін.

Содан бері сезінгенім «Ұстаз» қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған сөз. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі менің көңілімнің төрінен осылай орын алған еді. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ,өз уақытын аямай,өзгенің бақытын аялай білген , адамды өмір сүре білуге тәрбиелеген қасиеті мол жан.. Ол өз бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
Адам болып туу аз,адам болып қалу керектігін үйретеді . Бүгінгі таңда ұрпағымыздың азамат болып қалыптасуы барысында біз олардың жаһанданудың теріс ықпалдарына қарсы тұруын ескеруіміз қажет екенін білеміз.Жас жеткіншек бойында ұлттық құндылықтарымызды дарыта отырып,ұлтына деген сүйіспеншілік,жанашырлық,өз Отанына деген мақтаныш сезімдері арқылы өз ұлтын терең сүюге ,құрметтеуге мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап үйрете бастауымыз қажет. Осылайша оқыту мен тәрбиені ықпалдастыру арқылы әлемдік деңгейдегі дарынды да тәрбиелі тұлға шығару менің бүгіндегі басты ұстанымым.

Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер — тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Себебі, шәкірт өнер, білім, әдеп тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап, ұстазының көзі тірісінде өзін, өлгеннен кейін аруағын сыйлап, ардақтап өтеді.
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу- жүректің батырлығы

Ұстаз болу- мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның асылдығы.

Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет. Себебі, мұғалім қай сабақта болмасын оқушыны еркіндікке баулиды. Сондықтан да ұстаздың міндеті- талап пен еңбекті оқушыдан талап ете отырып, білімнің теңізінен маржан тергізу. Егеменді елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы- мектеп болса, мектептің басты тұлғасы, жүрегі- мұғалім. Мектеп балалардың екінші үйі болса, ал ұстаз екінші ата-анасы десек те артықтық етпес. «Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсақ қана ашылады.
Шын ұстаз — ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағыңа жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім — тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулу, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес. Ал олармен сырласу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, табиғат аясына саяхатқа шығу, көңілді кезеңдерін бірге бөлісу, бұл бір сәтке өзіңді бала сезінетін ерекше бір қызық шақтар. Балаларға ұрысып, жекіп, кейімей ақ, олармен сырласа отырып жан дүниесін ұғынуға болады. «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсең де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтуға болмайды. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырыпотыру керек.Мұғалімнің қолында әр кез сол кілт тұру керек»- деп М.Шахаанов айтқандай әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу- мұғалімнің ең басты міндеті.Бүгінгі күн әр ұстаздан үздіксіз ізденімпаздық пен шығармашылықты, құзыреттілікке жету жолындағы инновациялық технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді.Еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы біілім және жақсы тәрбие алған шәкірттерінде. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға” – дегендей осы жолды таңдағанымыздан кейін талмай, тынбай еңбек ету- біздің мақсатымыз және парызымыз.

Ұстаз бала алдында өзінің жүріс тұрысымен, киім киісімен, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен яғни барлық жағынан үлгі болуы қажет. Қазіргі жас жеткіншектер мұғалім болудан қашады, яғни үлкен жауапкершіліктен, қиындықтан қашады. Ал қиындықсыз іс болмайды. Сонымен қатар қазіргі заманда жүрегінің қалауынсыз жоғарғы оқу орнын бітіріп кеп, мектепте жұмыс жасап жатқан жас мамандар да баршылық. Олардан қандай маман шықпақ және балаларға қандай білім бермек? Мамандығын жетік білмеген емес, жетік білуге ұмтылмаған, талпынбаған мұғалім нағыз бейшара деуге болады. Әрине, барлық ұстаздарды айтпаймын, ұстаз болуды армандап, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен қиындықтан қашпай, ауылға барып ұстаздық жолын ауылдан бастаған жас мамандар да баршылық, оларға еңбектерің жансын, бейнеттеріңнің зейнетін көріңіздер, ешқашан уақытпен санаспай еңбек етіңіздер, түбінде сіздерден жақсы маман шығады. Себебі сіздердің алдарыңызда өміріміздің аса бағалы иелері, болашағымыз, еліміздің ертеңі, жас өркендеріміз отыр дегім келеді. Жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұлдарымызды, инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, қазақы болмысымызбен тәрбиелеуге атсалысу керек деп ойлаймын..

Пән: Математика

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

3С бөлімі — Жазбаша көбейту және бөлу

Күні:

Сынып: 3Әсынып

Мектеп:Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кулмаганбетова Р.У.

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.10 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: есептерді шығару әдісін түсіндіреді.

Көптеген оқушылар: Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу мүмкіндігі, көбейту және бөлу тапсырмаларында есептеуді орындайды.

Кейбір оқушылар: оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды.

Бағалау критерийлері Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу мүмкіндігі, көбейту және бөлу тапсырмаларында есептеуді орындайды.
Тілдік мақсаттар Пәндік лексика және терминология

Қамтиды:

• бөлу, бөлінгіш, бөлгіш, бөлінді, толымсыз бөлінгіш;

• көбейту, көбейткіш, туынды;

• түсіндіру, есептеу, анықтау;

• алғашқы, одан кейін, келесі, алдыңғы, соңғы;

• бастау … онда … соңында …

Талқылауға арналған сұрақтар:

· Бұл есептеу қандай түрге қатысты?

· Сіздің дұрыстығыңызға қалай сенім арта аламыз?

· Алдыңғы әрекетті қалай табуға болады?

Неліктен екенін айта аласыз ба…?

· …біздің бұл әрекетті ең алдымен орындауымыз керек пе?

· … жауап (…) мәнінен жоғары болу керек пе?

· …. көбейтуді орындау алгоритмін қатал ұстану керек пе?

Қалай екенін айта аласыз ба…?

· бөліндіде цифрдың санын табасыз ба?

· көбейтуді орындаудың дұрыстығын қалай білемін?

Жазбаша тапсырма:

  • «Бағанды» көбейтуді орындау алгоритмін құрастыру және жазу
  • «Бұрышпен» бөлуді орындау алгоритмін құрастыру және жазу
  • Алынған нәтижені толымсыз бөлінгіштен алып тастаймын.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Музыка, қазақ тілі.
АКТ қолдану дағдылары Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Ресурстар Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б
Бастапқы білім Кестедегі және ауызша кестеде жоқ көбейту және бөлу әрекеттерін орындау. Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу мүмкіндігі, көбейту және бөлу тапсырмаларында есептеуді орындайды.
Сабақтың барысы
Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Психолгиялық ахуал

Оқушылар тұрып,бір-біріне қарап айтады. Сәттілік тілейді.

-кел,жаныма тұр сыныптас,

Өз алақаныңды маған аш.

Міне,менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос!

Оқушылар қарсы тұрып,басбармақтан бастап кезек-кезек саусақтарының ұштарын бір-біріне тигізеді.

1-барлық

2-істе

3-саған

4-сәттілік

5-тілеймін.

6-алақандарын қосады. РАХМЕТ!

Ал балалар бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?

3 топқа бөлінеді. Топты қорғау

    1. Ынтымақ тобы

Ынтымақты ұжымның шаруасы сай,

шаруасы сай, ұжымның білімі бай.

2.Жалын тобы

Көк бөрідей жүректі қайраттымыз,

Жігерлі де білімді айбаттымыз.

3.Шамшырақ тобы

Қыран құстай қалықтаймыз,

Шамшырақтай жарқыраймыз.

Білімді өзектендіру.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сабақтың ортасы Өздік жұмыс

№1 тапсырманы орындайды, Сандарды ондықтарының кему реті бойынша орналастырып,Қасым хан шығарған заңның қалай аталатынын оқы.

Қасым ханның қасқа жолы.

264 119 95 48

№2 тапсырманы орындайды.Есептеуді баған түрінде орындау.

31х2 21х4 13х3 22х4

13х2 14х2 32х2 33х3

№3 Амалдарды орындау тәртібін анықтау.Баған түрінде есептеу.

1000-(425-403)х4 (399-366)х3+298

520+21х4+136 32х3+44х2

№4 Есепті теңдеудің көмегімен шығару

жұппен орындалады. Есепті теңдеу құру арқылы шығару дағдыларын қолданады. Мынадай теңдеулер құрады: 325 + х = 900, 118 + х = 265

№6 тапсырма тапсырманы орындау барысында оқушылар бір бағытта кестенің сандық мәліметін қолданып, есеп құрастырады. Кестедегі жетпей тұрған мәліметтерді толықтырамыз: шамалардың өзара байланысы бойынша: сызбалық үшбұрыштың көмегімен түсіндіре отырып, «баға», «сан», «құн» туралы айту.

Бағасы Саны Құны
24теңге 2дана ? теңге
33теңге 3дана ? теңге
13теңге 3дана ? теңге

Өздік жұмыс.

Оқушылар оқулықтағы №8 тапсырманы орындайды, баған түрінде жазып,өрнектің мәнін табады.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Белсенді оқу тапсырмалары.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтың соңы Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

«СМС» кері байланыс.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтан алған әсерлерін хабарлама арқылы ұстазға оқып береді, немесе қалдырады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.