Жаңа сабақтар

Утебалиева Арайлым Самиголлаевна

Атырау облысы,Құрманғазы ауданы,Құрманғазы селосы,М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі КММ,Утебалиева Арайлым Самиголлаевна

Тарих-география пән мұғалімі

ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ – ОНЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІНДЕ

Утебалиева Арайлым Самиғоллақызы, география пәнінің мұғалімі

М.Әуезов атындағы орта мектебі

Тәуелсіз мемлекеттің ертеңі – ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен білігіне, іскерлігіне байланысты. Өскелең ұрпақты биік мақсаттарға жетелеу, өз бойында бүкіл адамзаттық құндылықтарды жинақтаған, өз өміріне өзі басшылық жасап, өзін-өзі дамытатын тұлғаны тәрбиелеу- бүгінгі білім беру ұйымдарының алдына қойылатын негізгі міндеттердің бірі. Осы міндетті іске асыру тетігі ұстаздарға байланысты. Іскер жаңаға жаны құмар, үздіксіз ізденіс үстіндегі мұғалім ғана оқушыға сапалы білім бере алады. Сондықтан білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жеке тұлға, өз пәнін жетік меңгерген, кез-келген педагогикалық жағдайды өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатындай мұғалім болу керек.

Мұғалімнің әрбір сөзі мен соған сай қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы, психолоиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен орын алады. Бала психологиясын сезіне білу- мұғалімнің педагогикалық біліктілігін көрсетеді. Баланың жасына, жеке басының ерекшеліктеріне қарай қарым қатынас жасай білу дегеніміз- оның жүрек сезіміне жол табу, тәрбиесіне ықпал жасайтын жұмыстың түрлері мен әдістерін табу.

Осы бағытта кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен талдай қарасақ, мынадай бағыттарды атап өтуге болады:

  • Сабаққа педагогикалық — психологиялық талдау жасау;
  • Дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;
  • Сабақты ұйымдастырудың педагогикалық – технологиялық негіздері;
  • Мұғалім жұмысының шығармашылық мақсаты;

Қазіргі кезде оқу мен тәрбиені бөліп жарып қарастыруға болмайды. Негізгі мақсат болып табылатын оқу процесін ұйымдастыру түрлі жолдармен, өзіндік формалармен жүзеге асады. Мұғалім үшін оқу тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі көзі сабақ болып табылады. Мұғалім өзінің алға қойған мақсат міндеттерін, яғни білім берушілік, тәрбиелік, дамытушылық бағыттарды осы сабақта жүзеге асыра алады. Сабақта мұғалім оқушылармен ұжымдық, топтық, жеке дара жұмыстар жүргізе отырып, білімді, дүниетанымы кең, тәрбиелі азамат болып өсіп шығуына мүмкіндік жасайды. Мұғалім өзінің көзқарасы мен сабақты меңгеру деңгейін сабаққа толық педагогикалық талдау жасай отырып анықтайды.

Сабақты талдаудағы негізгі мақсат- жетістіктер мен кемшіліктерді анықтау, жетістіктерін одан әрі жетілдіріп, кемшіліктерді жою жөнінде ой тұжырым жасау.

Оқыту жүйесін дамытудың мәні мен міндеттері: Дамыта оқыту жүйесінде біріншіден, мұғалім оқу бағдарламасын қамти отырып, бағдарлама бойынша көптеген сұрақтарды оқушыларға меңгертетін болса, екінші тенденция- сол оқу материалын бере отырып, оқушыны мәліметті өздігінше жинауға итермелейді, ақыл ой әрекетіне бағыттап, теорияны практикамен байланыстырады.

Дамыта оқыту жүйесінің негізі- мұғалімнің оқушылардың есте сақтауына әсер ете отырып, оның ойлау қабілетіне тікелей әсер ететіндей жағдай жасау керек. Ойлау арқылы оқушылар өздері шығармашылыққа ұмтылады, материалды дайын күйінде қабылдамай, оны жеке зерттеу немесе топтық зерттеулер жүргізе отырып, көзімен көріп өз сұрағына жауап таба алады. Сабақта мұғалім оқушылардың тек интелектуалдық дамуына назар аудармай тұлғалық қасиеттерінің де ұшталуына басшылық жасауы керек.

Дамыта оқытудың негізгі мақсаты- оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, өздігінен оқуға үйрету.

Сабақты ұйымдастырудың педагогикалық психологиялық негіздері: Біз оқытып отырған тұлға қоршаған әлеуметтік ортамен тікелей байланысы бар белсенді әрекетшіл адам. Тұлғаның психологиялық дамуын сыртқы орта жағдайлары мен факторларынан бөліп алып қарауға болмайды. Яғни тәрбиеленуші ұрпақтың дамып қалыптасуына тек ішкі –сыртқы жағдайлар ғана емес( мұғалім шеберлігі, іскерлігі, оқу бағдарламасының құрылымы, оқулықтар, оқу құралдары, оқу әдістері, техникалық құралдармен жабдықталуы т.б.) ішкі жағдайлар (ақыл-ой даму деңгейі, оқуға қарым – қатынасы, жеке ерекшелігі) тікелей әсер етеді.

Мұғалімнің басты мақсаты- кәсіби біліктілікті арттыру. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру жаңа буын оқулықтарын оқыту үрдісін енгізу тәрізді келелі мәселелер ұстаздарға шеберлік пен іскерлікті, кәсіби дайындығының сапасын өсіру және дамыту міндеттерін қойып отыр.

Әр ұстаз күш- жігерін, білім сапасын көтеруге, әр тұлғаның қабілетіне байланысты дамытуға жұмсайды. Тәрбиелеп жатқан шәкірттердің жүрегіне жол тауып , олардың біліміне деген құштарлығын арттырып, ғылыми деңгейде тәрбиелеу, мұғалімнің кәсіби біліктілігін көрсетеді. Басты тұлға оқушы. Мұғалім жетелеуші, бағыттаушы, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақ орнамайынша алға қойған мақсаттың орындалуы мүмкін емес. Мұғалім үнемі өзін кәсіби өсіріп отыруы қажет. Кәсіби санатын көтеруге білім жетілдіру курстары, аудандық, мектепішілік әдістемелік шараларға қатысу болып саналады.

Мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты. Мұғалім жұмысының нәтижелі болуы,оның сабақты шығармашылықпен дайындауына байланысты.Жақсы жоспарланған,тыңғылықты дайындалған , жан-жақты ойластырылған сабақ мұғалімнің сол сабақты өткізу алдындағы көңіл- күйінің де дұрыстығына байланысты өтеді.Ұстаз үшін сабақтың мақсатымен тікелей байланыс, оны жақсы көңіл – күймен қабылдап,өзін сабаққа дайындау,сабақ алдында өзі жеке отырып, болатын сабақты көз алдына елестетсе, ол өзіне белгілі бағыт алып, сабақты қиналмай өтер еді. Кез – келген тәжірбиелі мұғалім немесе шебер басшы бүкіл сабақта не болатынын алдын ала біле алмайды. Мұндай жағдайларда мұғалім өзінің негізгі мақсатын жоғалтып алмай, сабақтың құрылымдық компоненттері арасындағы логиканы қатаң сақтауға тырысуы керек. Тек нақты мақсат пен материалды жетік меңгеру мұғалімге күтпеген жағдайда сабақты сабақ етіп, сыныпты сынып ретінде ұстап, жоспарын жүзеге асыруға, жұмыс формаларын бұзбауға көмектеседі.

Ұлағат иесінің өз саласы бойынша пәндік білімі жетік болса, педагогика мен психологияны толық меңгерсе, әр уақытта өз әрекетін дұрыс ұйымдастырып отырса, онда біртіндеп өзінің педагогикалық шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай түседі. Мұғалімнің шығармашылығына оның өз кәсібінің шекарасынан шыға алу, сол арқылы өз тәжірбиесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.

Жаңашыл педагог үшін оның алған мамандығы- өзін-өзі іске асыру мүмкіндігі, қанағаттану мен жұртшылықтың тану көзі болмақ. Заман талабына сай білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжірбиелерін жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту, қоғамдық ортада өз ойын еркін айта алатын, мәдени-рухани құндылықтарға жан дүниесі бай, саналы, тәрбиелі азамат қалыптастыру- әр ұстаздың басты міндеті.

Қазіргі уақытта білім беру саласына үлкен міндет артып отырған кезде, мектеп оқушыларына білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделене түсуде. Біздің елімізде білім берудің өзіндік ұлттық үрдісі қалыптасуда. Бұл үрдіс білім сатысын өзгертумен қатар жүреді.

Оқытушылардың сапасын арттыру ісімен айналысатын біліктілікті арттыру мекемелерінің негізгі мақсаттары- олардың кәсіби біліктілік шыңына шығуына жағдай жасау. Ізденімпаз, өзіне талаптар қоя білетін, сын көзбен қарай алатын, кәсіби деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген, жаңалықты жатсынбайтын мұғалімнің шығар тауының биік болу мүмкіндігі мол.

Қорыта айтқанда жаңа ғасыр педагогы ой өрісі кең, жан дүниесі бай, ұлттық мемлекетшілдігі жоғары, кез-келген жағдайдан шығудың жолын таба алатын, теориялық білімін тәжірбиеде жүзеге асыратын жауапкершілігі зор, қоғамда белгілі рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуға тиіс.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Сыныптан тыс жұмыстар , 2012ж № 3
  1. .Қазақстан мұғалімі, 2012ж № 5
  1. Атырау ұстазы 2008ж № 8

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.