Жаңа сабақтар

«Шежірелі Шыңғыстау»

Жұмыс атауы: «Шежірелі Шыңғыстау»

Әдісі: Жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде құрылған сабақ жоспары

Жұмыстың авторы: Қадыров Арнұр Асқарұлы

Лауазымы: География пәні мұғалімі

Жұмыс орны: ШҚО, Абай ауданы, «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақмерзімдіжоспардыңтарауы:

Өлкетану

Мектеп: «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ
Күні: Мұғалімніңаты-жөні: А.А Қадыров
Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтыңтақырыбы: «Шежірелі Шыңғыстау»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) Туған өлкенің географиялық-тарихи орны, табиғи-тарихи ескерткіштердің маңызын түсіндіру
Сабақтыңмақсаты
  • Туған өлкенің тарихи-географиялық орны жіктейді,
  • Табиғи ескерткіштердің маңыздылығын түсіндіреді,
Бағалау критерийі

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

  • Туған өлкенің тарихи-географиялық орны топтастырады;
  • Табиғи ескерткіштердің маңызын сипаттап, қорытынды жасайды;
Тілдікмақсаттар Оқулықтың мәтінімен таныса отырып оқушылар өлкенің географиялық орынын, тарихи-табиғи жерлерін сипаттайды. Тарихи-географиялық орынын жіктеп, ерекшеліктерін ауызша түсіндіреді.

Бейнематериалды және бір-бірінің пікірлерін тыңдайды, ой бөліседі.

Тақырыпқа тән терминология:

  • Топонимика (жер-су атаулары);
  • көне атаулар;
  • ескерткіштер ұғымы
Құндылықтарға баулу Жаһандық азаматтық:
Құндылықтарды дарыту топтық, жұптық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар бір — біріне құрмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Пәнаралықбайланыс Тарих пәні

«Ескерткіштер», «Жер-су ұғымдары» тақырыптары.

География пәні

«Географиялық координаталар», «Масштаб» тақырыптары.

Алдыңғы білім
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

2минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрау. Өткен сабақты қайталау ретінде «Cерпілген сауал» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

(ҚБ): Дұрыс жауаптар арқылы дербес бағалау.

Сабақтың ортасы

30 минут

5 минут

10 минут

10 минут

10 минут

ІІ. Психологиялық ахуал орнату арқылы сабақтың тақырыбына шығу:

Оқушылар «Адасқан әріптер» әдісі арқылы кабинеттің қабырғаларына алдын ала ілінген суреттерді аралап, қалаған суретін алады. Әр оқушы қолдарындағы суреттері бойынша «Ұлы Абай еліне саяхат», «Шежірелі Шыңғыстау №1», «Шежірелі Шыңғыстау №2» топтарына бөлінеді.

ІІ.Тақырыпқа шығу.

К.Мұғалім жаңа сабақты бастау үшін оқушыларға топқа бөлінген суреттерін түсіндірулерін сұрайды.

Жұппен өз ойларын бөліседі, топтағы оқушылармен біріктіреді, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қою арқылы, оқу мақсаттарын анықтауға жетелейді.

(ҚБ): Мұғалімнің қолдауы, бағыттауы мен ынталандыруы.

ІІІ. Оқушылардың іс-әрекеті.

Топтық жұмыс: «Топтық таныстырылым»

Оқулық мәтінімен танысу үшін мұғалім топтық тапсырма береді. Топтың мүшелері берілген тақырыппен танысып, топта өз жауаптарымен бөлісіп, басқа топтарда түсіндіру үшін дайындалады. «Топтық таныстырылым» жасау үшін флипчардта тақырыпты кластерлейді (топтастыру).

І-топ: «Ұлы Абай еліне саяхат»

А) Топонимика дегеніміз не?

В) «Семей-Абай жол» бойындағы тарихи-табиғи ескерткіштерді сипаттап маршрут жасау.

Кескін картаға маршрут картасын жасаңыз негізгі табиғи-тарихи ескерткіштерін белгілеңіз. (картаға толтыру ережелерін сақтаңыз)

ІІ-топ: «Шежірелі Шыңғыстау №1»

А) Тау дегеніміз не?

В) «Қарауыл-Аягөз» бағытын анықтап маршрут бағытын сипаттап, картасын жасау.

каратға негізгі табиғи-тарихи аймақтарды белгілеңіз. (Картаны толтыру ережелерін сақтаңыз)

ІІІ-топ: «Шежірелі Шыңғыстау №2»

А) Тау сілемдері дегеніміз не?

В) «Қарауыл-Қоңыр Әулие» бағытын анықтап сипаттап, маршрут картасын жасау

Картаға негізгі табиғи-тарихи аймақтарын белгілеңіз. (Картаны толтыру ережелерін сақтаңыз)

Берілген уақыт ішінде топтар өз тақырыптарын сынып алдында баяндап, кері байланыс алады.

(ҚБ) Топтар өзара «Бағалау сэндвичі» арқылы бағаланады.

Мұғалімнің ынталандыруы мен қорытындылауы.

Жеке жұмыс. «Топтастыру» әдісі

1-тапсырма: Төменде берілген Абай ауданындағы табиғи, тарихи, қызмет көрсету саласын, ескерткіштерді ажыратып топтастырыңыз.

Абай ауданы
Табиғи ескерткіштер Тарихи ескерткіштер
  1. «90 үңгір»,
  2. «Еңілік-Кебек»,
  3. «Қойтас»,
  4. «Қалдан сайы»,
  5. «Боржық»
  6. «Бөрлі»,
  7. «Хан»,
  8. «Соколов Сарыбай темір кен орны»,
  9. «Ешен әулие»,
  10. «Қоңыр Әулие»,
  11. «Жидебай»,
  12. «Базаралы кесенесі»
Бағалау критерийі Дескриптор
-Тарихи-табиғи ескерткіштерді топтастырады — карта сызып орналасқан жердің анықтайды;

— Маршруттық сызбасын анықтайды;

-қызмет салаларын анықтайды.

1

1

1

(ҚБ) Өзара дәптер алмасу арқылы дұрыс жауаптармен өзара жұптық бағалау.

2тапсырма. Жұптық жұмыс. «Белгісін тап»

Берілген логотип (сурет) бойынша біреуіне (таңдауыңызша) жоспар бойынша сипаттама беріңіз.

Жоспар:

  1. Ескерткіш (табиғи нысан) атауы;
  2. Географиялық орыны (өлкенің);
  3. Тарихы ;
  4. Орналасқан жері.
Бағалау критерийі Дескрипторлары
Табиғи (тарихи) ескерткіштер түріне қарай сипаттап, қорытынды жасайды — ескерткіш атауын біледі;

— орналасқан жерін (географиялық орыны) анықтайды;

— картадан нысанды көрсетеді;

1

1

1

(ҚБ) Дайын жауаптар арқылы өзара жұптық бағалау.

Мұғалім оқушылардың біліміне қолдау жасап, бағыт береді.

Топтарға бөлуге арналған А4 парақтарындағы тақырыптық суреттер.

«Абай ауданының геогафиялық-тарихи(табиғи) орындары»

Әрбір топқа арналған флипчардт, маркерлер және бағалау үшін қант қағаздары.

Атлас және кескін карталар

ҚБ тапсырмалары берілген парақшалар

Логотиптер (суреттер) бойынша анықтау үшін оқушылар ғаламтор желісін пайдаланады.

Сабақтың соңы

3минут

Білімді бекіту үшін «Географиялық диктант» жүргізіледі. Оқушылар жұпта бірін бірі бағалайды.

Қорытындылау. «Домино» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім оқушыларға қосымша сұрақтар қою арқылы жаңа білімді оқушылардың қаншалықты меңгергендігіне назар аударады.

Оқу мақсаттарына қайта оралу ұсынылады.

Кері байланыс: «Блоб ағашы» парағы беріледі. «Сіз өзіңізді қай жерден көресіз?»

«Блоб ағашына» оқушылар өзінің бүгінгісабақтағы жетістік деңгейін белгілейді.

«Блоб ағашы» парақшасы.
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Сабақ барысында оқушылар білу және түсіну дағдыларын қалыптастыру мақсатында дүниежүзілік шаруашылық салаларын жіктеп, ерекшеліктеріне қарай топтастырады, сұрақтарға жауап беріп, көрсетілген видеоролик бойынша өз ойларымен бөлісе алады. Қолдану деңгейі дағдыларын қалыптастыруда Қазақстанның кәсіпорындары мен мекемелерінің қызмет түрлеріне қарай шаруашылық салаларын анықтайды.Сондай-ақ, кәспорындарға жоспар бойынша сипаттама беріп, қорытындылайды. Қалыптастырушы бағалау-сабақтың барлық бөлімдерінде көрініс табады.

Кіріспе бөлімде дайын жауаптар арқылы дербес бағалау, мұғалімнің қолдауы мен ынталандыруы жүзеге асады.

Сабақтың негізгі бөлімінде «Бағалау сэндвичі» арқылы топ ішінде өзара бағалау, дайын жауаптар арқылы жұптық өзара және дербес бағалау, мұғалімнің мадақтауы және бағалау критерийлері арқылы бағалау жүзеге асырылады.

Сабақтың қорытынды бөлімінде өзара жұптық бағалау және дербес бағалау кері байланыс арқылы жүзеге асады. Бағалау критерийлері тапсырмалар бойынша қолжетімді және нақты қадаммен түсінікті жазылған.

Оқушылардың дұрыс отыруын қадағалау,(тақтадан қашықтығы, топтарда отыруы), АКТ-ны қолдануда интерактивті тақтаны 15 минуттан артық қолданбау .
Сабақбойынша рефлексия

Сабақмақсаттарынемесеоқумақсаттарышынайы, қолжетімдіболдыма?

Барлықоқушылароқумақсатынақолжеткіздіме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.