Жаңа сабақтар

Саукманова Жанар Слямжанқызы

«Аягөз қалалық №5 бөбекжай — балабақша» КМҚК

Бекітемін

Аягөз қалалық № 5 бөбекжай —

балабақша меңгерушісі

Ж.А. Сеитжапарова

«Алтық балық» мектепалды даярлық топ

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: « Қоршаған орта мен таныстыру»

Тақырыбы: «Табиғаттағы маусымдық құбылыстары»

Тәрбиеші: Саукманова Жанар Слямжанқызы

2019-2020 оқу жылы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің іс — әрекеті

Күні: 03.03.2020 ж

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: « Қоршаған орта мен таныстыру»

Тақырыбы: «Табиғаттағы маусымдық құбылыстары»

Мақсаты:

Білімділігі: Жылдың төрт мезгіліндегі құбылысты салыстыру және ажырата айта білу

Дамытушылық: Қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, сөйлеу қабілеттеін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сөз жұмбақ, слайд ,

Сөздік жұмыс: Жаз күз қыс көктем

Көрнекіліктер: тақырыпқа сай сурет үлгісі, слайд,

Билингвальды компонент: жаз- лето, күз – осень , қыс – зима,

көктем – весна.

Қолданылатын технология: Мнемо техника

Пән аралық байланыс: Қатынас, әлеумет.

Сабақ түрлері: Аралас

Танымды оятушылық:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер:

Табиғат біздің анамыз

Табиғатқа баламыз

Иіліп сәлем береміз

Біз әдепті баламыз

ІІ. Өткенді қайталау

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі

-Көктем мезгіліндегі табиғаттағы өзгерістерді атаңдаршы:

-Көктем айларын атаңдар?

-Өте жақсы

Ұйымдастыру — іздестіру

ІІІ. Жаңа тақырып:

1.Кіріспе бөлім

Сөз жұмбақ:

  1. Күнің көзі шуақты .

Балалар жүр шомылып,

Көбелектер қуып ойнайтын .

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)

  1. Жапырақтар сарғаяды.

Күн бұлттанады,

Жаңбыр жиі жауады.

Құстар жылы жаққа ұшады,

Айтыңдаршы балалар

Бұл қай кезде болады? (Күз)

  1. Шана зырғып келетін,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)

  1. Қар – мұз еріп,

Су көбейіп .

Бүршік шашып.

Жапырақ ашып ,

Бәйшешектер басады .

Айтыңдарышы балалар ,

Бұл қай кезде болады? (Көктем)

Көктем туралы әңгі ме құрастыру

-Рахмет балалар :

-Балаларды экранға назар аударту.

-Суретпен қыс бойынша әңгімелесу

-Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілінің жайсыз жағы қандай?

-Жер лайсаң болады, қар ериді.

-Жақсы жағы қандай?

-Ағаштар бүршік атады, күн жылынады, құсттар жылы жаққа ұшып келеді.

-Жаз – мезгілінің жайсыз жағы қандай?

-Күн ыстық болады.

-Жақсы жағы қандай ?

-Суға түсеміз, жемістер – көкеністерді жейміз.

-Күз – мезгілінің жайсыз жағы қандай?

-Жаңбыр жауады, суық болады

-Жақсы жағы қандай?

Жеміс пен көкөністер де пісіп, қаңбаға астық толады.

-Балалар біз бағанадан бері жыл мезгілдерін атадық, олардың жақсы – жаманын айыра білдік.

-Қыс мезгілінің жайсыз жағы қандай?

-Аяз, боран, суық.

-Ал жақсы жағы қандай?

-Таза ауа, қар көп болады, шана тебеміз, ойнаймыз.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар.

Алдымнан жел елді,

Кіп — кішкентай ағаштар.

Биік болып өседі.

Көктем мәтін туралы әңгімелесу

Үйге тапсырма:

Көктем туралы тақпақ жаттау

Қорытынды:

-Балалар, бүгін қызықты не білдік?

-Жыл мезгілдерінің өзгерістері қандай болады екен?

-Жыл мезгілдерінің өзгерістері қандай болады?

-Жыл мезгілінің суық неге жылуын және пайдалы мен зиянын

білдік пе?

Мақтау – мадақтау

Балаларды белсенділіктеріне байланысты смайликпен даралап

мақтау – мадақтау

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Жыл мезгілдеріндегі табиғат құбылыстарын

Болу керек: Жыл мезгіліндегі табиғаттағы өзгерістер туралы түсінігі

болу керек.

Істей білу керек: Жыл мезгілдеріндегі жақсы — жаман жақтарын

ажырата айта білу.

Бала тәрбиелеудің он ережесі.

1.Балаңды сүй! Яғни оның қасында барына қуан, ол өзі қандай болса, солай қабылда, оны қорлама, оны жәбірлеме, оны өзіне деген сенімділігінен айырма, оны нақақтан жазалама, оны өзіңнің сеніміңнен мақұрым етпе, сені жақсы көруіне жағдай тудыр.

2.Балаңды қорға! Яғни оны жаны мен тәніне қауіпті нәрселерден сақта, тіпті-егер қажет болса-жеке мүдделерінді құрбан етіп, басынды қатерге байлай отырып қорға.

3.Балаңа жақсы үлгі бол! Оның бойына дәстүрлі құндылықтарға деген құрмет сезімін дарыт, өзің де сол құндылықтарға сәйкес өмір сүр, балаға жауапкершілік сезіммен қара. Балаға үй іші тату, қарттарын құрметтеп, жақсы көретін, барлық туған-туысқандармен және досжарандармен етене жақын әрі шынайы байланыста болатын отбасы, ошақ қасы керек. Бала адалдық, кішіпейілділік, жарастық ұялаған отбасында өмір сүруге тиіс. Ата-ананың ерлі-зайыптылық адалдықты бұзуы, көре алмаушылық, арсыздық жолмен баю, балаға принципсіз байланыстар арқылы қандай да болсын пайда келтіру және т.б.-осының бәрі елдің ертеңгі азаматының моральдық бейнесіне мейлінше ұнамсыз әсер ететін «үлгі» құрайды.

4.Балаңмен ойна! Яғни балаңа қажет уақыт ажырат, оған қалай сөйлеп, қалай ойнау ұнаса, солай сөйлеп, солай ойна, оның ойындарына шындап ден қой, оның ұғым-түсініктер әлеміне бейімдел.

5.Балаңмен бірге еңбектен! Балаң жұмысқа қатысқысы келгенде, оны демеп жібер (үйде, бақта, бақшада). Балаң өсіңкірегенде шаруашылыққа қажетті барлық жұмыстарға қатыстырып үйрет. Қолы бос кездері мен каникул уақытында ол мектеп ұйымдастырған іс-қызмет түрлеріне қатысуға тиіс.

6.Баланың оңай болмаса да, өз бетімен өмірлік тәжірибе алуына жол қой! Бала өз басынан өткерген тәжірибені ғана мойындайды. Сенің жеке тәжірибелігің балаң үшін көп жағдайда құнсыз болып шығады. Оған өзінің жеке тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік бер, тіпті бұл белгілі бір тәуекелмен байланысты болған күнде де солай істе. Шамадан тыс қорғаштаған, қауіптің қай-қайсысынан да «қамсыздандырылған» бала көп жағдайда әлеуметтік мүгедекке айналады.

7.Балаға адамдық бостандықтың мүмкіндіктері мен шектерін көрсет! Ата-анасы баланың алдымен әрқайсысының дарындары мен ерекшеліктеріне сәйкес адамның жеке басының дамуы мен тұлғалануының тамаша мүмкіндіктерін ашуға тиіс. Сонымен бірге оған кез-келген адам отбасында …,ұжымда…және жалпы қоғамда өзінің іс-әрекеттерінің белгілі бір шектерін мойындауы және сақтауы тиіс екенін көрсету қажет (заңды ұстану және өмір салты ережелерін сақтау).

8.Баланы тіл алғыш етіп үйрет! Ата-анасы баланың мінез-құлқын қадағалап отыруға және оның іс-қылықтарын оның өзіне де, басқаларға да нұқсан келтірмейтіндей етіп бағыттап отыруға міндетті. Баланы белгіленген ережелерді сақтағаны үшін қолпаштап отырған жөн! Алайда қажет болған жағдайда жаза арқылы ережелерді құрметтетіп отыру керек.

9.Баладан пісіп–жетілу сатысына және өзіндік тәжірибесіне сәйкес шама-шарқы жететін пікірлер мен бағаларды ғана күт! Бала осынау соншама күрделі дүниеде бағдар жасап үйренгенше, оған ұзақ уақыт қажет. Оған қолыңнан келгенше көмектес, және де жинақтаған тәжірибесі мен өзінің пісіп-жетілу сатысына сәйкес өзіндік пікірін немесе қорытындысын айта алатын кезде ғана баладан оларды талап ет.

10.Балаға еске түсіруге болатын құндылыққа ие әсерлерді басынан кешіруге мүмкіндік бер! Бала да, үлкендер сияқты, әсерлермен «қоректенеді», олар балаға басқа адамдардың өмір-тіршілігімен және айналадағы дүниемен танысуға мүмкіндік береді

Педагогтың жетекшілігімен жүргізілетін 4КА МОДЕЛЬ «Әткеншек» ойын күннің екінші жартысы «ойындар дербес әрекет» бөлімінде өткіздім.

Бұл ойынды алу мақсатым балалардың сөздік қорларын молайту. Әр балаға өзінің даралығын көрсетуге мүмкіндік беру. Сыни тұрғысынан ойлау және ой -өрісін дамыту.Ойын шағын топпен жүргізіледі және ойын тиімді өту үшін қажетті ресурстар дайындадым.

Ойын құралы:белгілері бар карточкалар, матадан жасалған шеңбер. Шеңбердің іші он екі бөлікке бөлінген, ал ортасында бір шеңбер. Бұл шеңберге балалар өздері таңдаған объекті орналастырады. Менің жетекшілігімен бір, екі, үш- жүгір! дегенде балалар шеңберді айналып жүгіреді. Бір, екі, үш –тұрып қал! дегенде әр бала өзінің алдындағы белгісі бар карточкаларға тоқтап қалып, белгілері бар карточкаға сәйкес сұрақ қойып және оған сипаттама береді. Ойын барысында балалардың диалогты сөйлеу қабілеті жетілді, сөздік қоры көбейіп, көңіл күйлері көтерілді.

Осы ойынды талдай отырып, оның тиімді жақтарын байқадым: ойынды бірнеше рет түрлердіруге, өзгертуге болады. Мысалы, балаларға сиқыршы кейіпіне еніп, екі қарама -қарсы объект мысық кішкентай, ал тышқан үлкен деп өздерінің қиялдары бойынша сипаттауды ұсыну. Және де өтпелі тақырыптарды өту кезінде модификациялауға болады. Осындай жүйелі қолданылған ойын арқылы балалардың коммуникативтік дағдылары жақсы қалыптасады.

Педагог жетекшілігімен жүргізілетін

«Табиғат құбылыстары»ойынды, коммуникация саласы бойынша, сөйлеуді дамытудан ұйымдастырылған оқу қызметінде ойнаттым. Алдымен балаларға суретті карточкалардан жасалған табиғат құбылыстарының суреттерін көрсету арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргіздім. Ары қарай бала үнін тыңдау мақсатында балалар табиғат құбылыстарының суреттерін өз қалауларымен таңдап алды, осы жерде бала үні орын тапты. Балалар өздері таңдап алған суреттеріне қарап табиғат құбылыстарын, қимылмен, дыбыстар шығару арқылы көрсетті. Ойын барысында бала үнін тыңдай отырып, шағын екі топқа бөліп алдым. Ресурстардан үлестірмелі карточкалар ұсындым. Сұрақтар қою арқылылы балаларға бағыт-бағдар бердім. Балалар топпен жұмыс жасай отырып, бір-бірін үйретті, өз бетінше үйренді. Қарқын, жылдамдық, ресурстарды саралау, тиімді оқу мен оқыту стратегияларын қолдандым. Ойын барысында балаларды мақтап, мадақтап, қызығушылықтарын арттырып отырдым. Жанама бақылау арқылы шатасып, қателесіп отырған балаға ресурстарды саралау стратегиясы арқылы, ашық сұрақтар қою арқылы кері байланыс жасап оң нәтиже алдым. 4К моделінің ішіндегі — коммуникативтілік, сыни ойлау, қомандада жұмыс жасауды дамыттым. Бұл ойында тиімді тұстары 4К моделін дамыту мен бала үнін ескеру болып табылады.

«Аягөз қалалық №5 бөбекжай — балабақша» КМҚК

Бекітемін

Аягөз қалалық № 5 бөбекжай —

балабақша меңгерушісі

Ж.А. Сеитжапарова

Педагогтың жетекшілігімен жүргізілетін

4 К моделі

Тәрбиеші: Саукманова Ж.С.

2019-2020 оқу жылы

«Таным» Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер»

Смарт максаты: Геометриялық пішіндерді; шеңбер, шаршы және үшбұрыш, тіктөртбұрышты таниды және ажыратады

Әдіс-тәсілдер: Пішіндермен топтасу,өнім арқылы саралау,бағалау

Балалар пішіндер арқылы топқа бөлінеді.

Үш топ пішіндер арқылы топтасып отырады.

Үш топқа 4ка модель пайдаланып тапсырмалар орындалады

Пішіндерді ұқсас заттармен сәйкестендіру

Түстеріне қарай ажырату

Қиық бөлшектерден пішіндерді құрастыру.

Бағалау.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша балалардың жас ерекшелігін ескеріп, оқу мақсатын жасау.

Осы жоспарға сүйене отырып, балалардың өмірін ұйымдастыруы мен тәрбиелеу циклограммасын жоспарлау. Педагог пен тәрбиеленушілердің бірлескен әркеті ұйымдастырылған оқу қызметіне SMART мақсат қойдым. Оқу қызметтерімнің мақсаты нақты, өлшенген, қолжетімді, нәтижеге бағытталған, уақытпен шектелуі болса тәрбиеленушілердің жақсы білім алуына кепілі болатынын түсіндім. Оқыту мен тәрбиелеу жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін бағдарламаның түйінді идеялары «Бала үні», «4К моделі», «Ойын», «Бақылау», «Тұтас бала» бейнесін енгіздім.

«Бала үні» маған балалардың қалауларын түсінуге және олардың қабілеттерін тани білуге мүмкіндік береді. Оқу үрдісін нәтижелі ұйымдастыруда 4К моделінің маңызы зор, себебі 4К моделі балаларды командада жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлануға үйретеді, коммуникативтік дағдыларын және креативтілік іс-әрекеттің дербестігін қалыптастырады. Бұл моделдің ұтымдылығы балалардың білім деңгейіне қарай топқа бөлуге, жұппен жұмыс жасауға және де әрбір баланың жеке қажеттіліктеріне сәйкес саралап оқытуға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.