Жаңалықтар

Курсанттармен психологиялық тренингтер өткізілді

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 1 курс курсанттарымен өзін шыдамдылыққа үйрету, жан тыныштығына ұмтылуға арналған психологиялық тренингтер өткізілді.

Тренингтің мақсаты – курсанттар тобын топтастыру жолымен жалпы командалық рухты қалыптастыру және күшейту, әрбір курсанттың жалпы міндеттерді шешуде жауапкершілігі мен үлесін дамыту, тренинг нәтижесінен эмоционалдық қанағаттануды алу, өзін топтасқан топтың бір бөлігі ретінде сезіну болып табылады.

«Әр адам өзін дұрыс қабылдап үйренсе, айналасымен де қарым-қатынасы жөнделеді. Ал сол бақыттылықты сезіну үшін бірнеше амал бар. Бұл тренинг соған үйретеді», — дейді батальон психологы лейтенант Жұлдыз Усанова.

Өзіңе шамадан тыс қатал болудан арылу, өткен шақта жіберген қателіктерді көңілге көп алмау, сабырға келу, ауыр ойларды санаңнан босату, өмірге келудегі өз миссияңды түсіну – бұл адамның психологиялық жүгін жеңілдетіп, өзіне деген күрделі ауыртпашылықтан, қатаң талап қоюдан сақтайды. Сол үшін осындай тренингтерді жиі өткізіп тұрамыз, — дейді психолог маман. Сонымен қатар, курсанттар үшін осы бастан бос уақыты мен демалыстарын да дұрыс пайдалана білген дұрыс. Ондай кезде ойдагы бар жаман ойларды өшіріп, асықпай, терең демалып денені тыңдауға үйренген жөн. Өз денсаулығына салғырт қараған жағдайда стресс те, депрессияда басып алады, ал ауру адам көңілді жүре алмайды. Кешірім сұрауды да әдетке айналдырған жөн. Тіпті сырттай болса да, ол сенімділікті ұялатады, энергия орнын толтыратын көрінеді.

Әрбір курсант өзіне және жалпы топ үшін пайдалы нәрсе алды. Тренинг белсенді және достық жағдайда өтті, курсанттар өз пікірлерін білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.