Жаңа сабақтар

МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ ЖҰЛДЫЗ

Алматы обл. Талдықорған қаласы АҚСУ АУДАНЫ ЖАНСҮГІРОВ АУЫЛЫ

« АЙ — ЖҰЛДЫЗ» БАЛАБАҚАШАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН « АЙГӨЛЕК» ТОБЫНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ ЖҰЛДЫЗ

МАҚАЛА «МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ БАЛАБАҚША МЕН АТА – АНАЛАРДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ»

.Егер жүректе шындық патшалық етсе, мінез тамаша болады. Егер мінезде әсемдік, үйде үйлесімдік болса, қоғамда тәртіп болады. Қоғамда тәртіп болса, әлемде бейбітшілік орнайды.

Бала тәрбиесі өзінше бір ғылым сияқты. Ал ғылым ерінбегендікі, төзімдінікі.Ендеше бала да соныкі.

Ғұлама ғалым, ағартушы Ахмет Байтурсынов: «Басқадан кем болмас үшін бізбілімді, бай һәм күшті болуымыз керек, күшті болуға бірлік керек. Осыкеректердің жолында жұмыс істеу керек» дейді.

Ұрпақ тәрбиесі ата – ана мен қоғамның басты парызы дейтін болсақ, әр азаматтыңсалауатты тірлігі мен өмірден өз орнын табуына балабақшаның қосар үлесі аземес. Әрине бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделгенәдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып,жан – жақты педагогиқалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие балатабиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы кетпестей із қалдырады. Өйткені жасұрпақтың жан – жақты қалыптасу негізі мектепке дейінгі тәрбиеден бастау алады.Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы.

«Мен баланың күлкісінен оянамын, тіршіліктен нәр аламын» — деген екен баланысүйіп өткен ата – бабамыз.

«Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздың еткен жалықпас,

Үйретуден бағала» — деп данышпан Абай ақын айтақандай, ұстаз – қиындығы да,қызығы да мол өнер өлкесінің кош бастаушысы десек те лайықты. Сондықтан, өміргекелген жас ұрпақты тәрбиелеу ата – аналар мен балабақша ұстаздарының қасиеттіборышы. Дені сау, рухы таза, ана тілін толық меңгерген үрпақ өсіру қазіргікездегі ең негізгі манызды мәселе.

Ата – ананың беделі, тәртібі, қарым – қатынасы баланың балабақшадағы қарым –қатынасына, тәртібіне, көніл – күйіне әсер етеді. Ерте жастан – ақ балаларөзінің ата – аналарына еліктей бастайды, өзінің іс — әрекетін соларға қарапжалғастырады. Осы кезең балаларды еңбекке баулуға қолайлы кезең. Балаға тән бірнәрсе естігендері мен көргендерін есте сақтағыш, тез қабылдағыш, сенгіш,еліктегіш, білуге құмартқыш келеді.

Мысалы: бала 1,5 – 2 жасынан бастап, жуынып – тарануға еліктеп, ұмтылады. 2 – 3жасынан бастап, алдына мақсат қоя бастайды: «Мен өзім» деп еңбек әрекеттеріндеересекке тәуелсіз болуға, қолынан келсе де, келмесе де орындауға тырысады.Бірте – бірте бала еңбек әрекетінен тәжірибе жинай отырып, 4-5 жасында өзәрекетін жоспарлап, нәтижесін көруге тырысады. Егер ата – анасы баласын өзікиіндірсе, шешіндірсе, ойыншықтарын жинай алса, тәрбиенің тиімділігі төменболады. Жақсы перзент ата – ана қолындағы аманат. Баланы тәтті тағам, жақсыкиімге үйір қылмаған жөн. Ол бастан баланың жан дүниесін рухани пәктіккетәрбиелеген абзал. Егер бала қателессе, 1-2 рет көрмегенсіп, білмегенсіп қоясалған дұрыс. Оған жауап беретін дәлелі болмады да мүмкін. Оқтын – оқтын жаманіске үйір болып әдеттенсе, кемшілігін айтып ұялтып, түсіндіру қажет. Әкесіөзінің баласына сабыр, шыдамды, айбаттылығын өнеге еткені абзал. Отбасында ата– ананың ықыласына бөлініп, тәрбие көрген бала балабақшада да, мектепте де өзісіне жауап бере алады. Үйде өз ойын еркін айта алатын бала қай жерде де жасқаншақболмайды.

В. Сухомлинскийдің айтқанындай, «балалардың бетімен қаңғып кетуі және қылмысістеуі, үйелмен мен мектептің тәрбиесінің педагогикалық мәдениетінің өтетөмендегінде». Ата – аналар мен біз — тәрбиешілер осыны естерімізденшығармаумыз керек, өз алдарына балабақша мен үйлермен жеке – жеке баланың нәзікдүниесін дұрыс түсініп, адам болуының күрделі мәселесін шеше алмайды.

Сондықтан бала тағдыры бәріміздің – ата–аналардың, балабақшаның, мектептің жәнеқоғамның басты негізгі міндеті. Адамға мінездемені тек жұмыстағы ісіне қарапбереміз, меніңше, оның әкелік немесе аналық міндетін қалай атқарып жүргенн деескерген жөн болар еді.

«Балаларды тәрбиелей отырып, ата-аналар еліміздің болашақ тарихын, демек, дүниенің де тарихын тәрбиелейді» деген А.С. Макаренконың сөзі есіме түсіп отыр.

Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңестігіне толық енудің алғашқы даму стратегиясын жасау болып табылады. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген бала тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор. Балабақша — бүлдіршіндерді болашақта ата дәстүрін сақтайтын инабатты да, ибалы үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы.

Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам – оның ата – анасы.Ал, ең әдемі де жарық үй – оның туылған үйі. Жас баланың дамуында ата-ананың орыны ерекше, сондықтан ата-ана өз отбасында қолайсыз жағдайларды баланың көзінше тудырмауға тырысуы қажет. Отбасындағы ұрыс-керіс баланың жүйкесін тоздырады. Кейбір ата-аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді. Ал мұндай көріністер баланың бойына кері қасиет пайда болуына тікелей жағдай тууына себеп болады. Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі, қыры мен сырын дүние жұмбақтарын танытып, тағылым талғамға, әдептілікке баулуға тиіс. Себебі, ата-ананың күнделікті өмір тіршілігіндегі еңбегі, адамның бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы – балаға үлгі. Баланың алдында барынша сабырлы әрі ұстамды болуға тырысу керек, ата-ана өзі үлгі бола отырып, баласын сабырлылыққа тәрбиелейді. Әрбір ата-ана өз баласы үшін-басты тұлға. Сондықтанда да кез-келген бала алдымен үлгіні ата-анасынан алады. Бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата-ана баласымен пікірлесуде бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорламай, мейірімді, табиғи, жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбие де табысқа жетеді, өйткені, жақсы сөз жан семіртеді.Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымы ата-аналармен бірлесіп, баланы өсіріп тәрбиелеудегі басты мақсат қоғамдық өмірге «түзу кірпіш қалау» екенін ескере отырып, ал осы мақсатты жүзеге асыру үшін, алдындағы қандай болмасын қиындықтарын жеңу, соған сәби кезінен төмендегі мынадай көзқарастарды негізгі ұстаныным ретінде қабылдау. Көзқарастар мыналар:Баланы сәби ол әлі ештеңе білмейді, ұқпайды деп жай көзбен қарамау керек, өйткені ол да өсіп келе жатқан тұлға.Баланы әр уақытта шындыққа үйрету. Еш уақытта алдамай, шындықты ашып айтып сол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай туғызу.Баланың өз ісін уақытымен күнде қадағалау, бақылау.Баланың әр бір ісін қадағалап, оған деген көзқарастан нәтиже шығаруға көмектесу.Қандай жағдай болса да, ұрпағын жауын мен жел өтінен, жаман әдеттен қорғап, өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ана уызбен бірге ұлттық дәстүр қайнарына қондырып өсіру әке мен ананың ұлы борышы. Дені сау, рухы таза, ана тілін толық меңгерген ұрпақ өсіру қазіргі кездегі ең негізгі мәселе. Бала тәрбиесінде отбасы басты орын алады. Баланың ана тілін толық меңгеруі . ұлттық-сана сезімін тәрбиелеу, денсаулығын түзету, бала тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін білу жөніндегі дағдыларын қалыптастыру мектепке дейінгі мекемелерге берілген. Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы – балабақша. Балабақшада халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейміз. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының бес саласының әр бөлімдеріндерінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде салт-дәстүрдің барлық түрлерін баланың бойына сіңірудеміз. Мысалы: тұсау кесу, бесікке салу, тілашар т.б.Бүгінгі күнде жас ұрпақтың сана сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастырамыз. құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге тиіспіз.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1) Мағжан Жұмабаев «Педагогика»

2) Журнал «Бастауыш мектеп» 2002ж

3) Журнал «Дефектология» 2003ж

4) Журнал «Тәрбиеші және бала» 2001ж

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.