Жаңалықтар

2,5 млн астам диплом цифрландырылды

Биыл жоғары оқу орындары мен колледж түлектері электронды форматтағы дипломдар алады, оған қоса білім туралы құжаттар Ұлттық білім беру деректер қорында сақталады. Қазіргі уақытта 2,5 млн астам диплом цифрландырылған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари «Электронды дипломдар» тақырыбында өткен онлайн-конференция барысында мәлімдеді.

«Қажетті нормативтік актілер қабылданды. Биыл барлық диплом электронды форматта беріледі. Ол не үшін қажет? Дипломдардың түпнұсқасын растау үшін жұмыс берушілермен қатар азаматтардың да көп уақыты кететіні жасырын емес. Білім және ғылым министрлігіне дипломдардың түпнұсқасын растау бойынша жыл сайын 500 мыңнан астам сұраныс келіп түседі. Ол жұмыс көп уақытты алады», — деді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Р. Биғари.

1992 жылға дейін беріліп, БҒМ-де тіркелген дипломдар цифрландырылды, олардың түпнұсқалығын онлайн режимде тексеруге болады.

«Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Біріншіден, бұл мемлекеттік үлгідегі жалған дипломдардың айналымын жоюға мүмкіндік береді. Екіншіден, жұмыс берушілерді жұмысқа орналасатын үміткерлердің біліктілігі туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Рүстем Биғари.

Сонымен қатар білім туралы құжат дәстүрлі қағаз түріндегі форматта да қолжетімді болады.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.