Жаңа сабақтар

Хангереева Айман Зиннулиевна

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға
арналған арнаулы мектеп-интернатының
тәрбиешісі Хангереева Айман Зиннулиевна

Құрбан айт мейрамы

Мақсаты: Құрбан айт мерекесінің қасиеті туралы түсіндіру. Оқушыларды сабырлы, әдепті, ұқыпты болуға тәрбиелеу. Оқушылардың бойында қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнектілер: Нақыл сөздер, суреттер, діни кітаптар.

  1. Құрбан шалу-мұсылмандықтың маңызы.
  2. Құрбан шалу көрші ақысын еске түсіріп, татулыққа бастайды.
  3. Құрбан шалу шаңырақты берекеге бөлейді.
  4. Құрбан шалудың қоғамдық пайдасы мол.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушаларды екі топқа бөлу.

II.Құрбан айт туралы не білеміз?

Айт – арабшадан тілімізге аударғанда «мейрам» деген мағынаны білдіреді. Айт намаздарының уәжіптігі құран мен сүндетке сүйенеді. Біріншісі – Рамазан айты, екіншісі – құрбан айт.

Құрбан араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғатта терминдік мағынасы «шарттармен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Құрбан айт – мұсылманның ұлық мерекесі.

Құрбан айтта құрбандыққа мал шалу – Ханафи мәзхабында ( шамасы жеткендерге ғана) уәжіп.

Төмендегідей төрт шартқа ие жандарға құрбан шалу уәжіп:

  • Мұсылман болуы;
  • Ақылды және балиғат жасына толуы;
  • Құрбан айт уақытында жолаушы болмауы;
  • Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы.

Нисап мөлшері – 85 грамм алтын, яки соның құнына тең келетін ақша. Мұндай байлық мөлшері қолында жоқ адамдарға құрбандық шалу міндет болмағанымен, жағдайы келсе құрбандық шалуына рұқсат.

Ибрахим (а.с) пайғамбар өзінен кейін халықты тура жолға бастайтын ізгі ұрпақ сұрап, көп жыл бойы Алла тағалаға жалбарынғанды. Бұл тілегі қарттық шағында болмасы бар ма?! Күндердің күнінде Ибрахим пайғамбар түсінде баласын құрбандыққа шалғалы жатқанын көрді. Белгінің Жаратушыдан келгеніне көз жеткізген Ибрахим пайғамбар бұо белгіні орындауға бекемденеді. Ұлы Жаратушы әмірі қайткенде де сөзсіз орындалуы тиіс. Ақыр соңында тәукелге бел буды. «Балам түсімде Алланың әмірімен сені құрбандыққа шалуға ниеттеніп, бауыздайтын деп жатыр екем. Бұған не дерсің?» дейді. Баласы әкесінің ойын түсінді: «Әкетай, еш тартынба! Хақ Тағалының бұйрығын не болса да орында.Тәукел ет!» деді қасқая. Әке мен бала бұйрықтың басқадан емес, Ұлы Жаратушыдан келгенін жете ұғына білді. Сол үшінде қыңқ деместен, « кессең мойным міне» деп пышаққа түсті. Әттен, қанша қайралса да пышақ өтпей қылды. Соңында да сүрінбей өтті-ау.

Алланың өзі аян білдірді: «Әй, Ибрахим! Сен көрген түсіңе адалдық таныттың. Міндетінді орыңдадың. Исмайылдың орнына құрбандық ретінде шаларысың деп қошқар түсірдім.Біз жақсы құлдарды осылай марапаттаймыз!» Иә, Алла тағала сынағана болмаса, Исмайылды құрбандыққа шалуды қаламады. Ол тек Ибрахим пайғамбардың өзіне адалдығына, әмірін қалтықсыз орындауына тәнті болуды қалады. Нағыз тәуекел ете білудің үлгісін паш етті. Ибрахим пайғамбардың кезінде құрабн шалу қажылықтың бір шартты ретінде сүннетке айналып, соңғы елші хазірет Мұхаммедке де (с.а.с) жетті. Осы кезден бастап құрбан шалу қажылықтың бір рәсімі ғана емес, бүкіл мұсылман жұртшылығына ортақ құлышылықтың түріне айналды. Құрбан шалу Алла елшісі (с.а.с) Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін, хижраның екінші жылы қажылықтан тыс мұсылмандарға да міндеттелді. Осы күндері айт намазын оқу және құрбан шалу уәжіп ретінде бекітілді.

Топпен жұмыс.

Ойланайық, пікірлесейік.

А) Ұлдарға сұрақ:

1-Топ

  1. Құрбан шалудың пайдалары?
  2. Құрбандыққа шалынатын мал қанша адамға жетеді?

2-Топ

  1. Құрбандыққа шалынатын малдарға қойылатын талаптар?
  2. Құрбандықтың уақыты?

III. Мақал — мәтелдер сайысы.

  1. Адамгершілік, мейрімділік, ұқыптылық, тазалық туралы.
  2. Еңбек туралы.

IV.Қорытынды.

Егемен ел атанған көпұлтты мемлекетіміз өткен жылдар ішінде дүниежүзінің қалың жұртшылығына жан-жақты жаңарған, экономикасы серпінді дамыған, өсіп-өркендеу мүмкіндігі мол, діні мен тіліне қарамастан барша адамзат баланы бауырына басқан еңселі ретінде таңылды. Тұғыры берік тәуелсіздігімздің басты жетістіктерінің бірі аталып өтілетін бұл мейрамның барша мұсылмандар үшін мән-маңызы аса зор, өнегесі өзгеше. Ауқатты, тұрмысы жақсы адамдар Ұлы жаратушы Иеміз-Алла разылығы үшін құрбандық шалып, кедей әрі мұқтаж адамдарға, міксін қамқорлық көрсетеді. Олай болса, Құрбан айт мерекесі де адамдардың бір-біріне ізгі ниеттер тілеп, бір-бірінің көңіл-күйін көтеріп, ренжітіп алған кездері болса кешірім жасататын күн.

Қасиетті Құрбан айт жүрегімізді қуаныш ұялатып, біздің рухани тазалығымызды қамтамасыз етсін.Жүрегімізді қуанышқа бөлеп, барлық ақ ниетті істерімізді қолдасын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.