Жаңа сабақтар

Сатаева Тлектес

Жаңаөзен қаласы білім бөлімінің «№ 7 орта мектеп» КММ
Сатаева Тлектес

1 желтоқсан – Президент күніне арналған тәрбие сағаты

Тақырыбы: Елін сүйген Елбасы.

Мақсаты:

  1. Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру
  2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.
  3. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бол білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, слайд, шарлар, Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөздері.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)

ІІ. Негізгі бөлім

Жүргізуші:

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.

Жүргізуші:

Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші, Атамыз.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.

Мұғалім: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.

Н.Ә.Назарбаев кім?

1-оқушы: Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.

2-оқушы: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Жасынан зерек, алғыр азамат өскенде металлург мамандығын алып жұмыс жасаған. Ол халық қалауымен 1991 жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Содан бері 22 жыл өтті.

3-оқушы: Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.

4-оқушы: Нұрсұлтан ата-ақ пейілді, сезімтал жан және біз үшін нағыз үлгі болар тұлға.

Мұғалім: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.

Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы бірі- Сұлтан. Анасының аты-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.

5-оқушы:

Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,

Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.

Жер шары әлемдегі барлық елдер,

Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.

6-оқушы:

Арманын орындадың бабалардың,

Көтердің көкшіл туын даналардың

Қазақтың асқақтатар өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың.

7-оқушы:

Ұл едің қатарынан артық туған,

Еңбекке жастайынан белін буған.

Танытып әрбір елге белін буған,

Жастарға жалын бердің білім қуған.

8-оқушы:

Отан деген-әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім-мақтанышым, тірегім.
Нұрсұлтан атамыздың сөзіне жазылған «Үшқоңыр» әнін тыңдайық.

9-оқушы:

Сәулесі күн шатырлы аспан,

Кең дала төсі толқыған егін.

Көлдері күміс шашқан,

Қазақстан –Республикам менің.

10-оқушы:

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы.

Ардақты атамекенім,

Отаным Қазақстан.

«Жаса, Қазақстан» әні орындалады.

11-оқушы:

Барша қауым бейнеттен арылғанда,

Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.

Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр,

Ел үшін Асанқайғы бабасындай.

12-оқушы:

Біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.

Н.Ә.Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» деген жинағынан оқушылардың жаттаған нақыл сөздері.

13-оқушы:

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.

14-оқушы:

Отанды сүю-өркениеттіліктің бірінші белгісі.

15-оқушы:

Салтанатты жарасқан қаласы бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!

16-оқушы:

Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.

17-оқушы:

Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір.

18-оқушы:

Көп ұлтты ел болуымыз-біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

19-оқушы:

Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.

Әлемде егемен Қазақстан бар.

Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.

Ең бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы барр. Сол күнге берік сенім бар!

Жүргізуші:

Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Жүргізуші:

Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.

Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей,

Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе «Елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Гимнің тұр көгіңде шырқалып.

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.

Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші, Атамыз.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.

1-оқушы: Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.

2-оқушы: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Жасынан зерек, алғыр азамат өскенде металлург мамандығын алып жұмыс жасаған. Ол халық қалауымен 1991 жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Содан бері 22 жыл өтті.

3-оқушы: Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.

4-оқушы: Нұрсұлтан ата-ақ пейілді, сезімтал жан және біз үшін нағыз үлгі болар тұлға.

5-оқушы:

Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,

Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.

Жер шары әлемдегі барлық елдер,

Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.

6-оқушы:

Арманын орындадың бабалардың,

Көтердің көкшіл туын даналардың

Қазақтың асқақтатар өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың.

7-оқушы:

Ұл едің қатарынан артық туған,

Еңбекке жастайынан белін буған.

Танытып әрбір елге белін буған,

Жастарға жалын бердің білім қуған.

8-оқушы:

Отан деген-әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім-мақтанышым, тірегім. Нұрсұлтан атамыздың сөзіне жазылған «Үшқоңыр» әнін тыңдайық.

9-оқушы:

Сәулесі күн шатырлы аспан,

Кең дала төсі толқыған егін.

Көлдері күміс шашқан,

Қазақстан –Республикам менің.

10-оқушы:

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы.

Ардақты атамекенім,

Отаным Қазақстан.

«Жаса, Қазақстан» әні орындалады.

11-оқушы:

Барша қауым бейнеттен арылғанда,

Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.

Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр,

Ел үшін Асанқайғы бабасындай.

12-оқушы:

Біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.

13-оқушы:

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.

14-оқушы:

Отанды сүю-өркениеттіліктің бірінші белгісі.

15-оқушы:

Салтанатты жарасқан қаласы бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!

16-оқушы:

Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.

17-оқушы:

Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір.

18-оқушы:

Көп ұлтты ел болуымыз-біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

19-оқушы:

Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.

Әлемде егемен Қазақстан бар.

Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.

Ең бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы барр. Сол күнге берік сенім бар!

Жүргізуші:

Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Жүргізуші:

Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.

Сіз –басшы, халқың-қосшы бол бергей,

Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе «Елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ата-Анама шексіз ризамын!

Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: — ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;

  • үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;
  • әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу.

Көрнекіліктері: тәрбие сағатының тақырыбы,таратпа қағаз, суреттер.

Барысы:

1. Ұйымдастыру

Ризашылық өлеңін оқу.

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге!

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.

Оқушылар тізбектеліп, бір — бірлеріне тілек білдіріп шығады.

2.Кіріспе сөз.

Мұғалім: Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып жатамыз немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар — олар арқылы біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту — адамдар арасында жақсы қарым қатынас орнатады. Алғыс сөздері — адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден-бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін. Мен де алғыс айтуға асығайын…Айтпақшы, РАХМЕТ!!!

3.Әңгімелесу

Ризашылық дегеніміз не?

Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?

Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

4.1-Наурыз –Алғыс айту күні

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.

Ризашылық — адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.

  • Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? Адамдар арасындағы ынтымақты қарым — қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты.

5.Миға шабуыл:

Ал сіз кімге, не үшін рахмет айтар едіңіз?

Оқушылар тағы кімнің рахметке лайықты екені туралы пікір алмасып талдау жасау. Әрине әрбір адам баласы Алланың жаратқаны үшін ішкі жан-дүниесі мен сүйіспеншілігін, ризашылығын айтып жүреді. Адамның парызың жан-жағына жақсылық сыйлау. Ал бүгінгі тақырып – алғыс айта білу.

Мысалы:

Анаға – өмір сыйлағаны үшін,

Әкеге – қорған болғаны үшін,

Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,

Сөзге – жанды жылытатыны үшін,

Күнге – шуағы мен назары үшін,

Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,

Досқа – құшағы мен иығы үшін,

Әжеге – ыстық алақаны үшін,

Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,

Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,

Отқа – жылулығы үшін… т.б.

6. Баубек Бұлқышевтың «Ана» мәтінін оқу.

7.Эссе жазу:

«Рахмет, Анашым! Маған өмір сыйлағаныңыз үшін, мені шексіз сүйіспеншілікке баулығаныңыз үшін!» хат жазу.

Оқушылар аналарына рахмет және алғыс айта отырып хат жолдау және баланың аты-жөні айтылмай бірнешеуін оқып шығу.

8.Видео ролик. «Жақсылығың қайтар өзіңе»

Оқушы ойлары тыңдалады.

9. Қорытындылау

  • Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

«Алғыс айтам…» Оқушылар кімге алғыс айтатынын жазып тақтаға іледі.

Жүректен жүрекке: Біздің тілек. Ғ. Жұмабаев

Бізге ашық күн керек

Аспан керек мөп-мөлдір

Қуанышқа тұр бөлеп

Бақытты өмір төккен нұр

Тыныш болып жер беті

Түршікпесін денеміз

Азамат боп ер жетіп

Ағаларға ереміз

Баяндама

Математика әлеміне бастауыш сыныптан ден қою

Өзімнің білім жолындағы алғашқы математика ілімінің қыры мен сырын меңгерудегі көзқарасымда, бастауыш буынынан басталатын іргетастың қалануын жүйелі түрде жолға қоюды көздейтінімді және математика пәні мұғалімдерінен талап етілу керек екенін айта кеткім келді.Осы орайда, бастауыш сынып оқушыла-

рының танымдық дамуына сәйкестелген, оқу мотивациясын дамыта отырып, қарапайым математика әлемінде, математикалық білімін кеңейте, тереңдете отырып, оларға жоғарғы талап деңгейінде жұмыс жасау мүмкіндігін беріп, басқа тұлғалар арасында өзінің тұлғалық іс-әрекетінің ең бастысы қызығушылық пен зейінін, есте сақтау қабілетін, сезімін және тілдік дамуын, пәнге деген қызығушы- лығын арттыру керек.

Математика — баланың шығармашылық дамуына логикалық ойлауын, математи- калық тілін,зейінін,математикалық ребустарды құрастыру,оны шеше білу,басқатыр- ғыштар ойластыру, оны таба білу, қорытынды шығару, ойымен бөлісу қабілетін қалыптастырады.

Математика әлемі — бастауыш сынып оқушыларының математиканың көптеген қызықты сұрақтарымен танысуға, мектеп бағдарламасынан тыс аталған ғылымның қыр-сырын тереңінен түсінуге мүмкіндік береді. Логикалық ойлауға қатысты математикалық есептерді шешу арқылы, ой-өрісінің, танымдық іс-әрекетінің дамуына деген баланың қызығушылығын арттырып, тұлғалық дамуын, өз бетімен жұмыс жасауын, ойлауын, шығармашылық тапсырмаларды шешу, сонымен қатар нақты сұрақ төңірегінде өзіндік көзқарасын дәлелдей білу қабілетін жетілдіріп отыратын тапсырмалармен бала санасын сусындатып отыру керек.Оқытудың жаңа жүйесін ұйымдастыруда заманауи жаңа тиімді әдістері мен түрлі тәсілдерін интерактивті жабдықтар арқылы кіріктілген сабақтар, аралас сабақтар жүргізе отырып, түсіндіру әдісі, көрнекілік әдісі, практикалық әдісі, ізденіс әдісі, өзіндік жұмыс жасау әдісін кең көлемде қолдану қажет.Сонымен қатар,оқытуда дәстүрден тыс сабақтар, кіріктілген сабақтар, сынақ сабақтар, ойын сабақтар, тәжірибе сабақтар түрлерін пайдалану керек.Топпен жұмыс, жеке жұмыс, жұптасып жұмыс жасау түрлерін де қолдану талап етіліп отырады.

Оқушылар әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды орындай отырып бақылауға, салыстыруға, қорытындылай білуге, сараптауға үйренеді және өздерін осыған шыңдап жетілдіреді. Математика әлемінде тәрбие мен оқытудың дамыта оқыту технологиялары, ойын технологиясы, компьютерлік технология,сыни тұрғыдан ойлау технологиясы және де зерттеу іс-әрекеттері жүйесі де терең қолданылады.

Қорыта келе, Математика — баланың математикалық ойлау қабілетіне,ой- өрісінің қалыпты дамуына, саналы сөйлеу, математикалық терминдерді дұрыс қолдана білу, танымдық және шығармашылық, тұлғалық қасиетінің дамуына бірден- бір әсер ететін қозғаушы күш деп білемін.

Жаңаөзен қаласы білім бөлімінің «№ 7 орта мектеп» КММ

Математика пәні мұғалімі: Сатаева Тлектес Татибаевна

2019 -2020 оқу жылы.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.