Карантин кезінде әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының басқармасында әскери қызметшілердің балаларына арналған балалар шығармашылық байқауы ұйымдастырылды.
Қашықтықтағы және оқшаулаудағы жағдай да жаңа шығармашылық идеяларға шабыт беруі мүмкін. Олардың бірі әскери қызметшілердің балалары арасында «Қолөнер» балалар шығармашылығының дистанциялық конкурсын өткізу болды.
Байқауға 40-тан астам бала қатысты. Жұмыстар топтар мен жас санаттары бойынша бөлінді. Ең кіші топ — 3-6 жастағы балалар, орта топ – 7-9 жас, үлкен топ – 10-13 жас аралығы.
Сайыс ұйымдастырушыларының айтуынша, ең үздік жұмыстарды таңдау қиынға соққан, өйткені балалар өз қолдарымен көптеген қызықты бұйымдар жасады. Атап айтқанда сәукеле, қуыршақтар, әдемі суреттер салды.
3-6 жас аралығында бірінші орынды Айзере Әкімбек, Арнай Ноянұлы, екінші орынды – Екатерина Орехова, Әлен Досалин, үшінші орынды – Рахымжан Заңғар, Мағжан Жұмабай иеленді.
Орта топта бірінші орынға Әсия Досалина, Диляра Смағұлова, Зарина Имомназарова, Амира Амангелді, екінші орынға Зере Қанат, Вероника Коршикова, үшінші орынға Айдын Русланұлы мен Ізтлек Нұрдәулет ие болды.
Жоғары топта бірінші орынға – Валерия мен Виктория Гурины, Әлнұр Болатбек, Аяна Бұршақбаева, Ақбар Амангелді, екінші орынға – Бексұлтан Бақытбек және Бақберген Бақытбек, үшінші орынға – Муслим Қуаныш, Айбек Русланұлы табан тіреді.
«Балалар-бұл бізде бар ең құнды нәрсе, сондықтан оларға қамқорлық жасау және олардың өмірін мүмкіндігінше жақсы ету қажет. Балалардың күлкісі мен балалардың бақытты көзі – әлемдегі ең үлкен байлық», — деді байқауды ұйымдастырушылардың бірі подполковник Ақбота Қапсаттарова.
Жүлделі орындарға ие болған балалар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесін ұйымдастырып құттықтау, бұл Қарулы Күштердегі дәстүрлерінің бірі.