Жаңа сабақтар

Пірімжарова Гүлсана Тәупбекқызы

Ақтөбе қаласы № 9 «Бәйшешек» балабақшасының тәрбиешісі Пірімжарова Гүлсана Тәупбекқызы

«Әкем,анам және мен» отбасылық сайыс.

  1. Тәрбиеші:

Шынықсаң шымыр боларсың, Жеңімпаз болу оңай ма?

Сауығып айдай толарсың. Арман болған талайға.

Спортты серік ете біл, Болмасаң да ұқсап бақ.

Жақсы азамат боларсың. Жарысқа түсіп қалайда.

Құрметті ата-аналар,балабақша ұжымы сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын.

Тәуелсіздік күнне орай ата-аналардың қатысуымен ұйымдастырылып отырған «Әкем,анам және мен» атты сайысына қош келдіңіздер!

Ендеше,сайысқа қатысушы отбасыларды ортаға шақырайық.

  1. «Мешіндер» командасы.
  2. «Көжектер» командасы.

Осы отбасыларға сәттілік тілей отырып, әділ қазы алқасы танысайық.

Әділ қазылар мүшесімен таныстыру.

Әділ қазы алқасынан ойынды әділ бағалауын әр сайыстан кейін әр командаға бағасын жеке-жеке көрсетулерін сұралады.

Бүгінгі сайыс Тәуелсіздік күні қарсанында өткізіліп жатқандықтан гиммен бастайық.

*Қазақстанның гимні орындалады.

Сәлемдесу.

  1. «Мешіндер» командасына: Жалынды сәлем!
  2. «Көжектер» командасына:Жалынды сәлем!

Тапсырмалар:

1.Балалар- кедергілер арасымен жүгіріп өтеді,ата-аналар қапшықпен секіріп өтеді.

2.Балалар –тақтай үстімен қолдарын жанға созып өтеді,ата-аналар- тақтай үстімен бастарына құм толтырылған қапшықты қойып қолдыры жанға созып,обручті киіп төменге түсіріп орынға қайтады.

3.Балалар керілген арқанын астынан еңбектеп өтеді,ата-аналар керілген арқанның астынан қолдарына доп ұстап тұрған шелекке допты жинайды.

4.Балалар-қолдарына доп алып тұрған шелекке доп жинайды, ата-аналар секіргішпен секіреді.

5.Арқан тарту. Балалар да ата-аналар да екіге бөлініп арқан тартады.

Құретті ата-аналар,көрермендер бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті.Әділ қазылар шешімен сұраймыз.

Марапаттау,құттықтау кезеңі.

*Құрметті ата-аналар, сіздерге балабақшада ұйымдастырылған ойын-сауыққа белсене қатысқандарыныз үшін алғыс айтамыз.

Жақсы күндерде кездескенше, сау болыңыздар!

Мекен-жайы:Ақтөбе қаласы,№9 «Бәйшешек» балабақшасы

Тәрбиеші: Пірімжарова Гүлсана Тәупбекқызы

Білім беру саласы: Таным,Коммуникация

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту,Сенсорика,

Тақырыбы:Маша бізге қонаққа келді

Мақсаты:Білімділік: Балаларды ересектердің сөзін тыңдай білуге, балалар қысқа тақпақтарды жатқа айтуға,биік-аласа,түстерді ажырата білулерін жалғастыру.Дамытушылық: Есте сақтау және сөздік қорларын дамыту. Тәрбиелік:Достарымен тату ойнауға,бір –бірлерін тыңдауға,көмектесуге тәрбиелеу.

(Көңілді әуенмен залға кіреді)

Педагог: -Балалар бүгін бізге көп қонақтар келіпті алдымен амандасайық.

Балалар:-Саламатсыздар ма!

Педагог:-Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар?

Балалар: 4

Педагог:Қазір жылдың қай мезілі?

Балалар: -Көктем

Педагог: Дұрыс-ақ,ендеше көктем мезгілінің ерекшелігін айтып беріңдерші.

Балалар: Қар ериді,күн жылынады,құстар келді,адамдар жеңіл киінеді,жан-жанаурлар індерінен шығады,ағаштар бүршік жарады,гүлдер шығады.

Балалар мында ағаштар тұр екен қайсысы биік,қайсысы аласа екенің салыстарайық.

Педагог: -Балалар кім көктем мезгілі туралы тақпақ біледі?

Сезім: Көктем болды алақай,

Қуанар барлық балақай,

Көктемде жаңбыр жауады

Бақшаға гүлдер толады.

Көзайым: Күн шуағын шашады,

Жауын да жауып алады,

Көктем келіп жеткенде,

Ағаштар бүршік жарады.

Тосын сый: /Есік қағылады.Маша келеді./

Маша: Саламатсыздар ма балалар!

Балалар: Саламатсызба Маша!

Педагог: Маша сен қайдан келесің?

Маша: Мен жақын жерде ойнап жүріп сендердің дауыстарынды естіп,сендермен ойнағым келіп қонаққа келдім!

Сендер менімен ойнайсыңдар?Сендер не ойнап жатсыңдар?

Балалар:-иа ойнаймыз,кел ойна.

Педагог: Маша кел біздің балалар мында ойын ойнағалы жатыр.Балалар мында әдемі шарлар ілулі тұр екен шарлардың түстерін атап,үлкен-кішілігін салыстарайық.

Д/О: «Шарларды бауынын түсіне сәйкес орналастыр»

Педагог: Маша кел сенде бірге ойна.Шарлардың түстерін ажыратып кету.

Балалар кім түстер туралы тақпақ біледі?

Данияр:Қызыл,сары,көк түсті,

Міне шарлар көп түсті.

Кәне қайсысың таңдайсың,

Түсін біліп алғайсың.

Педагог:-Жарайсыңдар балалар.Маша сенде бәрін мұқият тыңдап,қарап жүр. Балалар бойымызды сергітіп аламыз ба?

Балалар: -Иа

Педагог: Маша сенде бірге жаса сергіп қаласың.

Сергіту сәті:

Еркін ұста денеңді,

Тырсылдапта еденді

Орнымызда тұрып-ақ

Жүгірейік бір уақ.

Бір,екі,үш,бір,екі,үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп,қозғайық

Тым сылбыр да болмайық.
Міне сергіп те қалдық.

Балалар тағы ойын ойнаймыз ба?

Балалар:- Иа

Д/О: «Пирамида құрастырайық»

Педагог:Маша сенде біраз үйреніп қалған боларсын біздің балалардың тағы саған дайындаған ойыны бар.

Д/О: «Киімдерді жамайық»

Маша: Жарайсыңдар балалар өздерін білгір,ақылда екенсіңдер. Мен енді қайтайын сендерге келіп біраз нарсе біліп,ойнап қалдым.Мені Аю іздеп жатқан болар кеште болып келе жатыр мен енді кетейін сендерге тағы ойнауға келемін.

Сау болыңдар балалар!

Балалар: Сау болыңыз Маша!

Педагог:- Бізде біраз Машамен ойнап қуанып қалдық енді өз тобымызға оралайық.Келген қонақтармен қоштасайық.

Сау болыңыздар!

(Көңілді әуенмен залдан шығып кетеді)

Мекен-жайы:Ақтөбе қаласы,№9 «Бәйшешек» балабақшасы

Тәрбиеші: Пірімжарова Гүлсана Тәупбекқызы

Тақырыбы: Санамақтар
Мақсаты: 1 — ден 5 — ке дейін сандар қайталау . Геометриялық пішіндерді ажырата отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілетін дамыту. Сөздік қорларын молайту.
Әдіc – тәсілдері: Сұрақ — жауап, үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Көрнекілігі: суреттер.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбер:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті.
— Үлкенге де “Сіз”,
— Кішіге де “Сіз”,
— Баршаңызды құрметтеп,
— Бас иеміз “ Біз”!
— Сәлеметсіз бе?
— Мен сендерге «бүгінгі күндерін сәтті болсын» деймін.
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Сәлеметсіңдер ме, апайлар!

«Он саусақ» өлеңін хормен айтқызу.

Жалғыз саусақ тіпті де

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды….

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ…

Қала салсақ, жол саусақ.
«Сұрақ — жауап»
1. Бағдаршамның неше көзі бар?
2. Қолғапта неше саусақ бар?
3. Адамда қанша көз бар?
4. Жұлдыздың неше көзі бар?
5. Аспанда неше күн бар?
6. Адамда қанша қол бар?
Сергіту сәті:
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп.
Алақанды соғайық,
Алға қарай бір адым.
Атқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Сандардың арасынан 5 санын бояйды.
Рефлексивті — түзету. Балалар бүгін біз іс — әрекетімізде қандай сандарды қайталадық?
Қандай геометриялық пішіндерді еске түсірдік?
Бізге қонаққа қандай ертегінің кейіпкерлері келді?
Біз мысыққа көмектесіп түгел тапсырманы орындадық па?
Іс — әрекетіміз аяқталды.
Сау болыныздар! 1 — ден 5 — ке дейін.
Төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыш.

Санамақ
Бір, екі, үш,
Бір, екі, үш,
Ал, кәнеки, ұш.
Төрт, бес, алты, жеті,
Төрт, бес, алты, жеті,
Мынау – ауыл шеті.
Сегіз, тоғыз, он,
Сегіз, тоғыз, он,
Ал, кәнеки, қон.
Асықпа да саспа,
Бірден қайта баста.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:. 1 — ден 5 — ке дейін тура және кері санай білу. Геометриялық пішіндерді білу және түстерді ажырату.
Игереді :Түстер туралы ұғымы, түсінігі қалыптасады.
Меңгереді : Сандарды, геометриялық пішінді және түстерін ажыратады. Зейіні, есте сақтау қабілеттері артады, ой өрісі дамиды.

Ақтөбе қаласы №9 «Бәйшешек» балабақшасының тәрбиешісі

Пірімжарова Гүлсана Тәупбекқызы

Тақырыбы: Сәбилік пәк сезіммен,өзіңе ән арнаймын!

Әуен ойналып, жүргізуші залға кіреді.

Жүргізуші: Аяулы да алтын нұрлы анашым!

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.

Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген қуанышы көңілдің.

Ана деген әрбір үйдің жылуы

Ана деген гүлі туған өмірдің,

Құрметті де аяулы аналар, ақ жаулықты әжелер, әріптестер, сүйкімді қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз аналар күнімен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, бейбіт өмір,бастарыңызға амандық тілейміз. Бөбектеріңіздің қызығы мен қуанышына бөленіп жүре беріңіздер. Ендеше, балғын балаларыңыздың өздеріңізге арнап дайындаған ертеңгілігін тамашалаңыздар.

Балалар Талисман тобының орындауындағы «Воздушные шарики» әнінің әуенімен қолдарына гель шарларын ұстап кіреді. Қатармен тұрып би қимылдарын жасайды да жарты шеңберге барып тұрады.

Ән: «Ән айтамыз анаға!»

Жүргізуші: Балалар енді аналарының мерекесіне жырдан шашу жолдағылары келеді.

Тақпақтар:

Айшабиби:

А дегенің ана ғой,

Ана деген дана ғой.

Б дегенің бала ғой,

Жұмсаса анаң бара ғой.

Томирис:

Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым.

Ханшайым:

Әлпештеген анамыз,

Біз бақытты баламыз.

Оқып білім аламыз,

Жұлдыз болып жанамыз.

Өнерлі боп өсеміз,

Өмір сырын шешеміз.

Өсіріп ой-сананы

Қуантамыз ананы.

Мирас:

Ақ қабақты анашым,

Ақ сәулелі мамашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Ерқасым:

Баласының қорғаны,

Бақыты қылу арманы.

Сыйлайықшы ананы,

Болайықшы думаны.

Көркем:

Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Біздің үйдің бәріне.

Амир:

Әжем өрнек тереді,

Сырмақ сырып оюлап.

Басы ауыра береді,

Шай ішпесе қоюлап.

Жүргізуші: Көктем келіп, күн жадырап,

Жер дүние жаңарды.

Кіп-кішкентай бүлдіршіндер

Ертегіге оралды.

Ұлболсын: Ертегіні тыңдауға

Келіп қапты анамыз.

Құлақ салып тыңдасаңыз

«Бауырсақты» бастаймыз

Жүргізуші: Орманға жақын маңда бір үй көрінеді. Бұл үйде бір әже өмір сүріпті. Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, әже үстіне қандай киімдер киюі мүмкін?

Балалар: Ұзын көйлек, кәжекей, орамал…

Жүргізуші: Өте дұрыс, дәл осындай киім киген әже үйінің жанында отырады. Аналар мерекесі де келіп қалды. Әженің жалғыз өзі отырып іші пысты.

Әже: Ой, айналада ешкім жоқ, отыра-отыра ішім де пысты. Мен одан да бауырсақ пісірейін.

Жүргізуші: Әже табақты алды да қамыр илеуге кірісті.Қамыр үлпілдек әрі биік болып көтерілді.

Әже: Қамырымды даярлап

Бауырсақты жасадым.

Пешке қойдым піссін деп

Тәтті иісі шықсын деп.

Шаршадым, дем алайын.

Жүргізуші: Әже шаршап дем алуға отырды. Әженің есіне немерелерінің айтқан әні түсті. Балалар, біз ол әнді білеміз ғой. Қане, бәріміз айтып берейікші.

Ән: «Менің әжем»

Жүргізуші: Міне, бауырсақ та дайын болды.

Әже: Бауырсағым тәп- тәтті

Дәмі тілді үйірер.

Жүргізуші: Әже бауырсақты суытуға терезенің алдына қойды да өзі бақшаға кетті. Осы кезде терезенің алдында тұрған бауырсақ тұра –тұра іші пысты. Орманға серуенге шыққысы келді.

(Үйдің ішінен бала Бауырсақ шығады)

Жүргізуші: Сары Бауырсақ қу екен,

Секіріп кетті терезеден

Бау-бақшаны кесіп өтті.

Секіріп солай жолға жетті.

Секіріп өтті жолдан да

Секіріп өтті ордан да

(Бауырсақтың алдынан қоян кездеседі)

Қоян: Сен кімсің?

Бауырсақ: Мен- сары Бауырсақпын.Сен мені жейсің бе?

Қоян: Маған ішіне сәбіз бен қырыққабат салынған бауырсақтар ұнайды. Ал сенің ішіңде не бар?

Бауырсақ: Менің ішімде ештеңе де жоқ.

Қоян: Жоқ, ендеше мен сені жемеймін.

Бауырсақ: Кел онда екеуміз дос болайық, би билейік.

Қоян: Мен би билеу білмеймін ғой

Жүргізуші: Қоян, Бауырсақ, біздің балалар керемет би билейді, сендерге де үйретеді.

Би: «Буги-вуги»

Қоян: Ой, рахмет, балалар, би билеген керемет екен, бірақ мен қайтайын. Мені анам іздеп қалған болар, сау болыңдар!

(Қоян кетеді, Бауырсақ секіріп келе жатса алдынан қасқыр шығады)

Қасқыр: Сен кімсің?

Бауырсақ: Мен- сары Бауырсақпын.Сен мені жейсің бе?

Қасқыр: Мен кішкентай лақтарды жақсы көремін.Сондықтан сені жемеймін.

Жүргізуші: Бізде лақтар жоқ, бірақ балалар көп. Сен солармен ойын ойнасаң қайтеді? Біздің балалар сондай ақылды, аналарының көмекшілері.

Келіңдер бірге ойнайық

Ойын: «Орамал ілу»

Қасқыр: Шынымен де жақсы екен. Мен де барып өз анама көмектесейін, сау болыңдар!

(Қасқыр кетеді, Бауырсақ секіріп келе жатқанда алдынан аю шығады)

Аю: сен кімсің?

Бауырсақ: Мен- сары Бауырсақпын.Сен мені жейсің бе?

Аю: Жоқ, мен сені жемеймін.Маған тәп-тәтті бал болса,сонан соң ән тыңдағанды жаным жақсы көреді.

Жүргізуші: Ендеше аю, біздің балалар саған ән салып береді.

Ән: «Көктем» (Күн жайнап келеді)

Аю: Ой, балалар, әндерің керемет екен. Маған ұнады, мен тезірек барып достарыма айтайын, сау болыңдар!

(Аю кетеді, Бауырсақ секіріп келе жатқанда алдынан түлкі шығады)

Түлкі: Ой, сен кімсің?

Бауырсақ: Мен- сары Бауырсақпын.Сен мені жейсің бе?

Түлкі: Жо-жо-жоқ, о не дегенің!Мен диета сақтап жүрмін ғой, фигурамды бұзғым келмейді.Күніне тек тауық етінен жасалған бір котлет қана жеймін. Бүгін қыздыр мерекесі ғой, сен маған гүл сыйласаң қайтеді?

Бауырсақ: Гүл дейсің бе, мен ол гүлді қайдан аламын?

Жүргізуші:Бауырсақ, сен алаң болма, біздің балалар саған гүл жинауға көмектеседі.

Ойын: «Гүлді жина»

Түлкі: Ой, рахмет, қандай әдемі гүл. Мен енді осы әдемі гүлді анама сыйлаймын, Рахмет сендерге балалар! Сау болыңдар, тезірек анама жетіп алайын.

Жүргізуші: Бауырсақ, сонымен сені ешкім де жемеді ме?

Бауырсақ: Иә, ешкім жемеді, мен әжемді сағындым.

Жүргізуші: Сен мұңайма, Бауырсақ. Біз қазір сені әжеңе апарамыз.

(Әженің үйіне келеді, есік қағады, үйден әже шығады)

Балалар: Саламатсыз ба, әже!

Әже: Амансыңдар ма, балаларым!

Жүргізуші: Әже, сіз неге көңілсіз отырсыз?

Әже: Мен қайдан көңілді болайын. Бауырсақ пісіріп сутуға қойып едім, ол бауырсақ менен қашып кетті.

Жүргізуші: Мұңаймаңыз әже, міне, сіздің Бауырсағыңызды алып келдік.

Әже: Рахмет, сендерге балалар.

Жүргізуші: Әже, сіздің көңіліңізді көтеру үшін балалар аналарына арнаған әндерін айтып бергілері келіп тұр.

Ән: «Қалсын апам қуанып»

Әже: Рахмет, балаларым, өркендерің өссін. Өздерің өнерлі балалар екенсіңдер.

Жүргізуші: Әжетай, біздің балалар тек әнші ғана емес керемет биші де, өзіңіз көріңіз.

Би: «Жұп биі»

Жүргізуші: Енді жарқыраған көктем мезгіліне арнаған тақпақтары бар. Соны тыңдайық.

Тақпақтар:

Гүлназ:

Баланың да тірегі,

Дананың да тілегі.

Шаршамасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

Сегізінші наурызда,

Құттықтаймыз ананы.

Теңеп оны жұлдызға,

Сый тартамыз бағалы.

Бақыт:

Әлпештеген баласын,

Ана бақыт,ана күн.

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасың.

Есет:

Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз.

Ырысбай:

Іш ауырса,тіс ауырса,

Мамам дәрі береді.

Барлық бала,барлық ана

Оны жақсы көреді.

Мадина:

Ақ анашым аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым сізге бәрін де.

Наргиза:

Қуанышы баланың,

Қуанышы ананың.

Бізді өсірген анатай,

Еңбегің де зор екен,

Құтты болсын,апатай,

Құтты болсын мерекең.

Әже: Ой, балапандарым сол, сендерді көріп, бауырсағымды тауып көңілім бір жадырап қалды ғой. Міне, мен сендерге көп бауырсақ пісіріп қойдым, ала қойыңдар.

Жүргізуші: Рахмет, әжетай, рұқсат болса енді біз балабақшамызға қайтайық. Сау болыңыз!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.