Жаңа сабақтар

Капанова Аай

«Аяулы менің анашым»

Орындаған Капанова А.Н

«Балапан» тобы

Әуенмен балалардың қолдарында шарлар бар залға кіріп жартылый шеңбер құрып тұрады.

Жүргізуші: Армысыздар аяулы аналар!
Армысыздар мейірімді әжелер!

Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Аяулы аналар,ардақты әжелер, сүйкімді қыздар барша қонақтар сіздерді көктемнің бірінші мерекесі 8-наурыз мересімен құттықтаймыз!

Ертеңгілігімізді бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Зәмзәгүл Қазбекқызына береміз.
Құрметтейік балалар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі ана деген асыл жан ғой
Ойлауменен істелік әр қадамды.-деп

Бүлдіршіндердің аналарына арналған тақпақтарын қабыл алыныздар.

Тақпақтар:

Бахриден. Әжем менің әліді

Ұқсамайды кәрәге

Шай қайнатып береді

Қажет болса бәріне

Айзере. Ана біздің гүліміз

Ана біздің күніміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Мұқан.Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білімбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

Құлыншағым күнім дейтін

Жандос.Әлемдегі ақылды адам

Бәрінен де жақын маған

Ол жанамда жүргенінде мен

Батырларша батылданам

Аделия.Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі маған айтып береді

Сара.Мен гүлдерді жұлмаймын

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзді тыңдаймын

Анашымды сыйлаймын

Мансұр. Ана әнмен тербетеді

Күйге бөлеп жаныңды

Көңіліңді сергітеді

Балбыратып тәніңді

Асия. Кетті қысқы ызғар

Еріп жатыр мұздар

Мерекеңіз бүгін

Қызғалдақтай қыздар

«Балапан» тобының тақпақтары.

Жүргізуші: Анамыздың мейірлі

Жүзіне біз қараймыз

Анамыздың пейілін

Жомарт жанға балаймыз.

Бүлдіршіндердің аналарына арнаған әніндерін қабыл алыныздар,

Ән: «Ай дидарлы анашым» «Ақ мамам»

Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз. Сүйікті аналар балалар сіздерге арнап би билейді.

Би: «флешмоб»

Жүргізуші:

  • Сегізінші Наурыз! Табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарымызды, әжелерімізді, сүйкімді қыздарымызды даңққа бөлеп тұрғандай! Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген жерінде әлі де қар жатады. Бірақ, көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мереке тек көктем мерекесіне сай секілді. Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа , жылылық пен әсемділік сыйлайды.

Ойын: «Аналарымыз өз балаларын тауып алу»

Бүгін наурыздің 8 — і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.

Ендеше «Балапан»тобының балалары мен гүл жинау ойынын ойнаймйз

«Гүл жинау» Аналарына сыйлап ,тілектерін айтады.

Жүргізуші:

  • Құрметті Аналар!Бұл жай ғана сыйлық емес балалардың шын жүрекпен арнап жасалған сыйлықтары ! Сіздерге осы мерекеде зор денсаулық,таусылмас мейірім тілейміз.

«Анашым -Күнім»атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз!

Технологиялық карта

Күні:

Тобы: «__________»

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: Сенсорика

Тақырыбы: Ғажайып орманға саяхат

Мақсаты: Ойын арқылы геометриялық пішіндерді және оның түстерін ажыратуды үйрету. Баланың ұсақ саусақ моторикасын дамыту.

Іс -әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Сәлемдесу:

Балалардың көңіл- күйлерін сұрау. Педагог балаларды дөңгелете тұрғызып,бүгін ғажайып орманға саяхатқа баратынын айтады.Саяхатқа баруға дайынбыз ба айтыңдаршы?

Балалар тәрбиешімен сәлемдеседі.

Балалар дөңгелене тұрады, орман туралы әңгімелей бастайды. Саяхатқа барғылары келетіні туралы айтады

Іздену ұйым-дастырушы Балалар біз орманға саяхатқа бару үшін мен сіздерге жұмбақ жасырамын.

«Жұмбақ»

Бұл тұлпар су ішпейді,

Жем жемейді.

Жүк емес оған жүз адамда,

Киіп ап көп дөңгелек дөңгелейді. Бұл не балалар?

Осы пойызбен саяхатқа бару үшін мен сіздерге жолаушы билетін беремін. Тәрбиеші түрлі-түсті геометриялық фигуралардың суреті бейнеленген билеттер таратады балаларға. Кімде қандай түс және пішін ?

1.Мінекей балалар біз орманға да келіп жеттік.

Бұл не балалар? Біз қайда келдік? Бұл гүлдер алаңқайы екенін түсіндіру ,көрсету.Бұл гүлдердің түсі қандай? Қандай түсті гүл көп екен?Гүл үстінен түрлі-түсті көбелек ұшыру. Оны балаларға үрлету.

2.Тәрбиеші балаларға шуылдаған судың дыбысын қосады және суретін береді.

Балалар бұл не? Алдымыздағы су сарқырап, ағып жатыр. Бул судан біз секіріп өтуіміз керек. Аяғымызды су қылмай секіре аламыз ба?

Судан өтіп біз қайда келдік? Балалар қараңдаршы,айтыңдаршы?

3Ауу,ауу деген дыбыс шығады.Бұл кімнің дауысы екен? Бұл кім? Тәрбиеші қуыршақ Айгерімді көрсетеді.Ол орманда адасып қалыпты, өзі ренжулі екен. Ал сендер білесіңдерме неге ол ренжулі?Өйткені ол құлап себеттегі жемістерін шашып алыпты. Сендер оған көмектесесіңдерме? Жемістерін жинап береміз бе? Балалар қуыршақ Айгерімге көмектеседі.

Тірбиеші балаларды мақтайды:жарайсыңдар, тамаша,қуыршақ сендерге рахмет айтуда.Бірақ Айгерімнің көңіл-күйі әлі де жоқ,ренжіп тұр.

4Неге? Қалай ойлайсыңдар балалар?Өйткені ол құлап қалған кезде тек жемістерін ғана емес, моншағын да үзіп алыпты. Үзіп алған моншақтарын біз жинап береміз бе? Көмектесеміз бе?

Балалар мұқият тыңдап, жұмбақтың жауабын береді.

Жауап; Пойыз

Балалар жолаушы билеттерін алады. Фигуралардың пішіні мен түстеріне қарай ажыратады. Бір – біріден вагонға отырады. Балалар орманға келгеннен кейін сұрақтарға жауап береді.

Балалар жауабы:

Бұл гүлдер алаңқайы. Қызыл, сары,жасыл.

Көбелектердің түсін айтады,үрлейді.

Балалар жауабы:

Балалар тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Су

Ия секіріп өтеміз

Балалар жауабы:

Орманға.

Қайталап айтады:Қуыршақ Айгерім.

Жоқ білмейміз.

Ия көмектесеміз. Жинап береміз.

Түстеріне қарай жемістерді себетке жинайды.

Балалар жауабы.

Ия көмектесеміз. Өткізіп береміз.

Рефлексивті түзетушілік Өзін – өзі бағалау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

-Біз бүгін немен айналыстық? Не істедік?

-Сендер бүгін қайда бардыңдар? Орманда біз не көрдік?

-Қуыршақ Айгерім неіктен ренжулі болды? Педагог балаларды мақтайды.

Орманға барғанын айтады.

Гүлдер алаңқайын,суды көргенін ,қуыршақ Айгерімді көргенін айтады.

Біледі: Пішіндерді және олардың түстерін ажыратып, оларды қолдануды, түстерді бір-бірімен салыстырып, оларды сол белгілеріне қарай топтастыруды.

Игереді: Пішіндерді және оның түстерін салыстыруды.

Меңгерді: Геометриялық фигуралардың көлемі жағынан әртүрлі болатынын.

Капанова А.Н

Ашык сабак

Тақырыбы:

«Ғажайып қыс қызығы»

Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктері жайылы түсінік беру. Қысқы орманға саяхат жасау арқылы табиғатты бақылап, болып жатқан өзгерістерді байқауға, ерекшеліктерін ажыратып айта білу дағдыларын қалыптастыру. Сурет бойынша әңгімелету арқылы балалардың сөздік қорын молайту. Логикалық сұрақтарға жауап беруін, ойын арқылы балалардың ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту. Қысқы орманды, ағаштар, ұлпа қарлар, аңдар бейнесін жапсырту арқылы шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, саусақ моторикасын дамыту. Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын

Көрнекіліктер: Қысқы орман көрінісі, Құс, Жануарлар ерекшеліктерінің суреттері.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Сәлемдесу.

Аппақ аппақ қар аппақ,

Айналаның бәрі аппақ .

Қырау қырау жол аппақ,

Қар жамылған тал аппақ.

Балалар мына тақпақты не үшін айттық ?

Бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы «Ғажайып қыс» деп аталады.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар; қыс

Есік қағылып хат келеді

Бізге мұз қалашығындағы тұрғындар хат жазып жіберіпті

Бізді Қар ханшайымы ақ ұлпа қарымен қатырып тастады балалар келіп бізді құтқарындаршы деп жазыпты.

Апай: Балалар құтқаруға барамыз ба?

Балалар: ия

Балалар қатарға тұрып бір айланып отырады ( музыка орманға барамыз)

Боран музыкасы

Тосын сәт: Орманнан қар ханшайымы шығады.

Қар ханшайымы:

Балалар сендерді кім шақырды менің тыныштығымды бұзып?

Менің мұз қалашығымда неғып жүрсіндер?

Тәрбиеші : Қар ханшайымы сәлеметсіз бе?

Сіздің сонау мұз қалашыңыңыздан біздің бала бақшамызға

мұз қалашық тұрғындарынан хат келді. Олар бизге Қар ханшайымы ақырын-

ақырын қатырып тастады деп хат жіберген соң балаларымыз сол адамдарға

көмектесуге келді .

Қар ханшайымы : ия балалар мен сендердің достарыңды қатырып тастадым олар менің тапсырмаларымды орындай алмады.

Ал сендерде менің тапсырмамды орындай алмасаңдар сендерді де қатырып тастаймын.

Балалар сендер менің тапсырмамды орындауға дайынсыңдар ма?

Балалар: ия

Тәрбиеші: Қар ханшайымы біз достарымызды құтқару үшін барлық тапсырманы орындаймыз солай ғой балалар?

Ал ендеше достарыңды тірілткілерің келсе мені мұқият тыңдап тапсырма орындаңдар.

Қазір кай мезгіл?

Қыста күн жылы ма? Суық болады ма? Қар жауады ма?

Қыста немен ойнайсыңдар? Қардың түсі қандай ?

Қар ханшайымы: Жарайсыңдар балалар менің жүрегім жібіп келеді

маған өнерлеріңді көрсетіңдер.

Балалар кезекпен қайталайды

1 бала: Қандай суық қыс деген

2 бала: Қалтырайды құс деген

3 бала: Құлақшынды кимесең

4 бала:Құлағыңды тістеген

5бала:Қар жауады далада

Қар жауады қалада

6 бала: Сырғанаймыз біз енді

7 бала: Отырып ап шанаға

Уақытты мол бөлеміз

8 бала: Қыс қызығын көреміз

Сары аязға шыңдалып

Шымыр болар денеміз .

Тәрбиеші: Әппақ әппақ жапалақтап ,

Қар жауыптұр тұр далада.

Әппақ дала барлық бала ,

Қуанып жүр далада. Жарайсыңдар балалар,

Қар ханшайымы: Балалар қыста қандай еңбек жасайсыңдар? Қыстағы еңбек туралы айтып беріңдер?

Балалар жауабы: Қар күрейміз, қар тазалаймыз

Қар ханшайымы: Балалар, ойын ойнағыларың келе ме?

Балалар: Иә.

Қимылды –қозғалыс ойыны:

Мақсаты: балаларға көңіл күй сыйлау, қимыл-қозғалысын дамыту.

Балаларға қар күрету,тазалау

Тәрбиеші : балалар Қар ханшайымы құстарды да қатырып тастапты

Құстарға көмектесу үшін Қар ханшайымның айтқан тапсырмасын орындайық.

Маған мына құстардың дауысын салып беріңдер және жем- тамақтарын дайындаңдар.( Қарға ,торғай ,көгершін)

Балалар : құстардың дауысын салып, жемсауытқа салатын жемдерін дайындауға кіріседі.( картон қағаздың бетіне ермексаз жағып дәнді дақылдар жабыстырады )

Жарайсыңдар балалар

(Аудио дыбыс. Құстардың дауысы) құстар тіріледі

Ал балалар сендер менің сарайымдағы құстарды да тірілттіңдер жарайсыңдар балалар,менің жүрегім жібіді сендердің тірліктеріңе қарап.

Тәрбиеші:

Балалар тонып қалдық-ау деймін бір сергіту жаттығуын жасайықшы

Тоңса біздің қолымыз

Қолғап киіп аламыз

Сарт,сарт,сарт

Шапалақты соғамыз

Тоңса біздің аяғымыз

Етік киіп аламыз

Топ,топ ,топ

Топылдатып билейміз,

Тоңса біздің денеміз

Тонды киіп аламыз

Зу,зу,зу

Шанаменен зырлаймыз

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар бір серігіп алдық

Балалар енді аңдарды тірілтейік

Қар ханшайымы аңдардың аттарын атап дауысын салыңдар деп тапсырма береді

Жарайсыңдар балалар ( аудио аңдар дауысы)

Қасқыр, қоян, тиын. Түл

Қар ханшайымы: жаңағы жинаған қардан ақ қала жасаңдар деп балаларға тапсырма береді

Балалар ақ қала құрастырады ( музыка Әли менАяның ақ қала әні қосылады)

Бірнеше бала.

Қар ханшайымы балаларға рахмет айтады

Сендер менің жүрегімді жібіттіңдер сендер ақылды баласыңдар мен сендер мен дос болам

Мен енді қайтайын

Тәрбиеші: балалар Қар ханшайымен қоштасып бірге шаттық шеңбер айтайық

Балалар қар ханшайымен бірге тақбақ айтады

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық

Деп Қар ханшайымы шығып кетеді

Қорытынды: Балалардан бүгінгі ашық оқу қызыметіне кім қонаққа келді ?

Нені құтқардыңдар :

-Балалар, бүгінгі оқу қызметіне барлықтарыңызда жақсы қатыстыңыздар. Сіздерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

Тәуелсіздік күні сценарий

Дайындаған: «Балапан тобының тәрбиешісі Капанова А.Н
Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік!»
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсетулер арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Балалар отырады ,Әнұранды орындайды.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған « Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік!»атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз. Бүгінгі мерекемізге арналған балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Бөбек тобының тақпақтары.

Рәміздерім – елдігімнің белгісі,
Білу керек бала –дағы ең кіші.
Рәміздерім- ӘНҰРАН, КӨК ТУ, ЕЛТАҢБА,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.деп

Келесі кезекте «Тәуелсіздік күніне» арналған бейнежазбамызды бүлдіршіндер назарына ұсынамыз.
Жүргізуші:Балалар сендерге бейе жазба ұнады ма? Сендерге бірнеше сұрақ қойып өтейін. Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: Астана.
Жүргізуші: Астана қандай қала?
Балалар: Астана-бас қала, әдемі, үлкен қала.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.Бүгінгі ертеңгілікке қандай тақпақ дайындадыңдар?

Бахриден : Отан- жерім, Отан- суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан- ұран, Отан- туым,
Отан мәңгі гүлденеді!
Мұқан : Қуат алған өзінен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.
Муслима: Шырқап көкке аспан – ән,
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қалам- АСТАНА !

Айзере: Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқым жетсін мұратқа,
Ей, бас қала- АСТАНА!
Жүргізуші: Біз бүгін тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеудеміз. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Балалар, мемлекеттік туымыздың түсі қандай екен?
Балалар: Туымыздың түсі – көк.

Онда қандай сурет бейнеленген?

Балалар:Қыран құстың,күннің,оюдың.
Жүргізуші: Иә, өте жақсы.
–Ал, енді балалар, Рәміздерге байланысты тақпақтарымызды айтайық (балалардың тақпақтары тыңдалады).
Мансұр: Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада- аспан әлемі.

Аделия: Анаң- күнің, жүрегің,
Әкең – өмір тірегің.
Сен- бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!

Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.

Ендігі кезектке қыздардың орындауында ;

Би: «Қамажай».

Жүргізуші:

Желтоқсанның ызғары-ай
Кірпікке қатқан мұздар-ай
«Елім-ай» деп егілген,
Қаһарман ұлдар, қыздар-ай деп кезекті «Балапан » тобының бүлдіршіндеріне береміз.

Ән « Қазақ елі»

Жүргізуші:

Маған қымбат ұлы елімнің .
Шешек атқан әр гүлі.
Аялайды бәрімізді,

Азаттықтың таң нұры

Тәуелсіздік – ел болу
Ынтымақпен өрге озу.
Еркін және өзге елмен,
Терезесі тең болу деп «Балапан» тобының орындауында
Ән: «АТАМЕКЕН»

Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа — ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар «Шағын-орталықтың» дайындаған «Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.