Жаңа сабақтар

«Кірпінің жанұясы»

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы

«Айгүл» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

Тулегенова Айгул Аркабаевна

Тақырыбы: «Кірпінің жанұясы» Тараулары: Мүсіндеу.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Тараулары: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Кірпінің жанұясы»

Мақсаты:

1.Білімділік: Балаларға кірпі туралы мағлұмат беру.Ермексаз бен сіріңке шиін пайдаланып,кірпі пішінін жасауды меңгерту.Ермексазды алақан арасына салып домалақтай алу тәсілін үйретуді жалғастыру.

2.Дамытушылық: Балалардың тілдерін дамыту,саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру.Ой-өрісін, дүниетанымын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялауға,жануарларды қорғауға, бастаған ісін аяғына дейін ұқыпты жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап, ойын,ой қозғау.

Сөздік жұмыс: Тікенекті

Билингвальды компонент: Отбасы-семья, кірпі-ежик

Көрнекіліктер: Кірпілер,күз мезгілінің суреттері, үлгі мүсін, кірпі суреті, дидактикалықматериалдар,ермексаз,тақтайша.

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Пәнаралық байланыс: Сурет салу,Қарапайым математика,Қоршаған орта.

Қолданылатын технология: Ойын

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеттері Балалардың

әрекеті

Танымды

Оятушылық

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Өткенді қайталау

Шаттық шеңберге тұрғызу.

Арайланып таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз!

-Балалар әрқашан аспанымы ашық, еліміз тыныш болсын деп тілейік!

Балалармен табиғатқа саяхатқа шығу.

-Балалар жылдың қай мезгілі?

-Ауа райы қандай?

-Табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Балалар,қарандаршы!

Балалар қимылмен көрсетеді

Сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастыру-

Іздестіру

III.Жаңа сабақ

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

Ұйымдастыру-

Іздестіру

I V .Сөздік жұмыс:

V .Сергіту сәті:

VI.Дидактикалық ойын:

VІІ.Бекіту

-Бұл не?

-Кірпі жалғыз емес сияқты, ол отбасымен жүр екен.Мынау-әкесі,мынау-анасы,мынау-баласы.

-Балалар кім маған кірпілерді санап береді?

-Ал енді орыс тілінде санайық.

-Кім ағылшын тілінде санайды?

-Балалар кірпілерді тобымызға алып қайтайық.

Балаларға иллюстрациялық суреттерді көрсете отырып,кірпі туралы мағлұмат беру.

Кірпі – жабайы,ол орманда өмір сүреді.

Қыс бойы жерге түскен қлың жапырақтардың астында ұйықтап жатады.

Кірпінің денесі тікенекті болады,төрт аяғы,екі көзі мен құлағы бар.Жауын көрсе,аяқ-қолын жинап,домалана қалады.

Кірпі денесінің сипатына талдау жасалынады.

Балалар кірпі мүсіндеп үйренейік?!

-Кірпіні мүсіндеу үшін ермексаздың қандай түсін аламыз?

Мүсіндеу тәсілін көрсету:

-Бұрыннан білетін домалақтау тәсілімен жасаймыз. Ермексазды домалақтап,домалақ бөлшекті сопақша пішінге келтіреміз.Созу арқылы тұмсығын шығарамыз.кішкентай дөңгелектер жасап,тұмсығының үстіне көзінің орнына жапсырамыз.

Тікенекті сөзін бірнеше рет қайталату.

Отбасы-семья, кірпі-ежик

-Саусағым, қайда болдың?

-Балалармен не істедің?

-Бір баламен жүгірдім

-Бір баламен биледім

-Бір баламен қыдырдым

-Бір баламенойнадым

-Бір баламен секірдім

-Достарымды жинаймын

Мүсіндеуді бастаймын!

Тікенектерін сіріңке шиінің бөліктерінен жасаймыз.Тікенектер ермексазға қадалады.

Қауіпсіздік ережесін түсіндіруді ұмытпау.

-Балалар,кірпінің енді анасы мен әкесін мүсіндейік.

Балаларды екі топқа бөліп,бір топ анасын,екінші топ әкесн мүсіндейді.

Д/О: «Кім жылдам?»

Балаларды екі топқа бөлу.Тақтада ілінген кірпі суретіне тікенектер суретін салу.

Бір мақұлық бар екен төрт аяқты

Доп-домалақ,арқасы мың тікенді

Ашуланса аяғын көрсетпейді

Көресің көз салсаң бір ғажайыпты.

Мұқият тыңдайды

Сұр немесе қара түсті ермексазды аламыз.

Балалар кірпіні мүсіндейді

Сөздерді қайталап айтады

Өлең жолдарына сай қимылдар жасайды.

Кірпіні мүсіндеуді аяқтайды

Балалар кірпінің анасы мен әкесін мүсіндейді.

Ойынға қызыға қатысады

Кірпі

Рефлексифті

түзету

VII.Қорытынды:

VIII.Мақтап,

мадақтау:

IX.Үйге тапсырма:

Рефлексивті – түзетушілік

-Балалар кірпі қайда өмір сүреді?

-Қыста қайда болады?

-Жауынан қалай қорғанады?

-Арқасында не болады?

-Қандай ермексазды пайдаландық?

-Тікенегін неден жасадыңдар?

-Қандай тәсілді пайдаландыңдар?

Неше кірпі мүсіндедік?

Ұйымдастырылған оқу қызметіне белсенді қатысқан балаларды атап айту,барлығына алғыс білдіру.

Балаларға кірпінің суретін салып келуді тапсыру.

Сұрақтарға жауап береді.

Үйге тапсырма алады.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Балалар кірпінің тіршілігі туралы біледі.

Болу керек: Балалар қауіпсіздік ережесін түсінеді.

Істей білу керек: Балалар домалақтау, созі тәсілдерімен кірпіні мүсіндей алады. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізе алады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.