Жаңа сабақтар

Иргалиева Гульвира Ербуловна

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Айнабұлақ ауылы

Айнабұлақ жалпы білім беретін негізгі мектебі

Бастауыш сынып және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Иргалиева Гульвира Ербуловна

Тексерілді: оқу ісінің орынбасары

Күні:

Сынып: 1

Мектеп: ЖББ Родник негізгі мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Иргалиева Гульвира Ербуловна

Қатысқандар саны: 10

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы: «Менің мектебім» тақырыбы бойынша нәтиже сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды).

1.1.6.1 сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану)

Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар білуге тиісті:

Сөйлемдерді оқи алу. Сөйлемдерді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңынан тиісті тыныс белгісін қою.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

Мәтін мазмұнын түсініп, мазмұны бойынша сұрақ қоя білу. Берілген сөздердің мағынасын ажыратып, қолдану.

Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Көркемсөз тіркестерін орынды қолданып, ойын жүйелі жеткізе алу.

Қызықты және сипаттамалық сөз орамдарын орынды қолданып жазу.

Жетістік критерийлері Оқыған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру.
Құндылықтарды дарыту Шығармашылыққа баулу, ынтымақтастық, жауапкершіліктерін дамыту.
Пәнаралық байланыс Өзін-өзі тану, көркем еңбек сабақтары
АКТ қолдану дағдылары
Тілдік құзыреттілік Мұғалім – учитель — teacher

Кітап – книга – book

Білім – знание — knowlede

Алдынғы білімдер Сұрақтарға толық жауап беруге дағдылану.

Сөздердің қарама-қарсы мағынасы ажырата білу.

Жоспар
Сабақтың жоспарланған кезеңдері мен уақыты Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Дереккөздер
Сабақтың басы

5 минут

3 минут

2 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

(МК; Ұ) Шаттық шеңбері «Достарым»

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Үй тапсырмасын тексеру

(Ө;Қ ) Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөз жазып келу тапсырылды. Оқушылар тапсырмаларын оқиды.

Шаттық шеңбері

Оқушылардың шығармашы-лық жұмыс-тары

Сабақтың ортасы

30 минут

2 минут

5 минут

7 минут

3 минут

2 минут

1 минут

5 минут

5 минут

Айтылым.

(МК; Ө) Жаңа сабақты ашу

Балалар, мына суреттен не көріп тұрсыңдар ?

— Ия, бұл- мұғалім .

— Мұғалім деген кім?

Мұғалім – оқытушы, білім мен тәрбие беретін адам, ақылшы, үйретуші, жетекші т.с.с. жауаптар тыңдалады.

Тыңдалым. Оқылым.

(МК;Ө;Қ ) Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Өлеңді рөлмен оқы.

Алдымен мұғалім мәнерлеп оқып береді.Содан кейін рөлмен оқиды.

— Сендерге өлең ұнады ма?

— Неліктен?

— Әсіресе саған не ұнады?

Оқушылар өз ойын білдіріп дәлелдеулер жасайды.

(Ж) Жазылым

«Әңгімеге негізделген жазу»

Мақсаты: әңгіме желісі бойынша хат жаздыру;әңгіме туралы өз ойларын ортаға салу және пікір алмасу.

Сипаттамасы: сыныпты жұпқа бөлу. Әр жұп хатшысын сайлап алады. Жұп мүшелері не жазатындарын талқылап өлең мазмұны бойынша мұғалімге алғыс хат жазады

Оқылым.

(МК;Ө;Қ ) Оқулықпен жұмыс.

2-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қой.

Мақалды мәнерлеп оқып, негізгі ойды анықтайды. Көркемсөз тіркестерін қолданып мазмұнын жеткізуге жетелеу.

Кітап – білім бұлағы,

Білім – өмір шырағы.

(МК;Ұ) Сөздік жұмысы

Сөздерді таныстыру, қайталау, жазу жұмыстары жүргізіледі.

Мұғалім – учитель — teacher

Кітап – книга – book

Білім – знание — knowlede

Ой сергек !

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Оқылым.

(МК;Ө;Қ ) Оқулықпен жұмыс.

3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қой.

Мәтінді оқып болғаннан кейін, сұрақтар қойып талдау жасайды.

— Қанат не істегенді жақсы көреді?

— Оның альбомындағы суреттер қалай боялған ?

— Қанат ненің суретін салды ?

-Суреттің астына не деп жазды ?

— Қанат неліктен «Әрқашан күн сөнбесін!» деп жазды ?

(Ө) Жазылым.

Дәптермен жұмыс

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғары және төменгі сызығын сақтап, көркем жазу білігін қалыптастыру.

Сууреттер

Қағаз, қалам.

Үш тілді сөздік, сөздік карточкалары, суреттер.

Видеоролик

Қорытынды бөлім

10 минут

5 минут

2 минут

3 минут

(Т ) Ойын «Сұрақтар жаңбыры»

Мақсаты:оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамыту .

Сипаттамасы: оқушылар топтарға өз екімен, қалауымен бөлінеді. Әр топ мүшесі қарсы отырған топтың мүшесіне сұрақ қояды, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай жалғаса береді.

(МК) Үйге тапсырма

«Менің мектебім» тақырыбына сурет салу. Сурет бойынша шағын мәтін құрастыру.

Мысалы: Мынау менің мектебім. Мектебім биік, әдемі. Оның айналасында ағаштар, гүлдер өсіп тұр т.б.

Ойынға қажетті

заттар

Кері байланыс

(Ұ) «Менің сөзім»

Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін бағалау.

Сипаттамасы: сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3-сынып

Күні:

Тақырыбы:

Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы.

Мектеп: Айнабұлақ ЖББНМ

Мұғалімі: Иргалиева Г.Е.

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: 3.2.2.4 өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.

Сабақтың

мақсаты:

Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысын біледі.
Бағалау критерийі
  • Жануарлардың қоректенетінін, өсімдіктерден энергия алатынын біледі;
  • Өсімдіктер мен жануарлардың ортақ ұқсастықтарын ажыратады;
  • Өсімдіктер мен жануарлардың байланысын көрсететін үдерістерді жазады.
Тілдік мақсат Пәндік терминология мен тірек сөздер: Өзара байланыс
Жануарлардың өсімдіктер сияқты қоректенетінін, өсімдіктерден энергия алатынын айта алады.
Құндылықтар Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары Таныстырылыммен жұмыс
Алдыңғы меңгерілген білім Өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктері.
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Сабақта жоспарланғаніс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

1 минут

1 минут

3 минут

Әр оқушыға сабақ басталмас бұрын кері байланысқа қызыл және жасыл түсті алмалар таратылады.

Шаттық шеңбері.

Топқа бөлу. Оқушыларды жануарлардың суреттері арқылы шағын топтарға біріктіру.

Артығын тап. «Төртінші артық» ойыны арқылы кіріспе тапсырманы орындау. Әр қатарда берілген сөздердің қайсысы артық екендігін табу. «Артық» сөздердің арасында қандай байланыс бар екендігін анықтау.

Шаттық шеңбері

Слайд №1,2,3

Жануарлардың суреттері

Слайд №4,5

«Төртінші артық»

ойынына арналған суреттер

Сабақтың ортасы

3 минут

3 минут

5 минут

4 минут

7 минут

4 минут

7 минут

Тірі ағзалар арасындағы байланыс. Оқулықта берілген суреттің ұқсастығы мен байланысын табу.

Сұрақтарды талқылау.

— Өсімдіктер мен жануарлар не істейді?(Қоректенеді.)

— Бірінші суретте қандай үдеріс бейнеленген? (Фотосинтез үдерісі.)

— Өсімдік нені сіңіреді?(Күн энергиясын.)

— Одан әрі не болады? (Өсімдік бойында оттек пен қоректік заттар түзіледі.)

— Қоректену арқылы жануарлар не алады? (Күш-қуат алады.) Осылайша оқушылар жануарлар да өсімдіктер сияқты қоректенетінін, өсімдіктерден энергия алатынын біледі.

Өмір үшін маңызды. Суреттерден қандай өмірлік маңызы бар үдеріс жайлы білуге болатынын анықтау.

Талқыланатын сұрақтар:

  • Суреттегі өсімдіктен не байқадың?
  • Тасбақадан ше?
  • Мұны қандай белгілер арқылы анықтадың?
  • Осы үдерісті құрлықта да оңай бақылауға бола ма?
  • Егер тірі ағзалар тыныс алуды тоқтатса, не болады?

Фотосурет көмегімен жауап бер.Суреттегі жануарлардың өсімдіктерге қандай көмегі тиетінін анықтау. Сұрақтарға жауап беру.

  • Бірінші суреттегі жорғаторғай не істеп тұр? (Тұмсығымен емен жаңғағын ұстап тұр).
  • Ол бір жерден екінші жерге емен жаңғағын тасығанда үнемі тұмсығымен ұстап тұра ала ма?
  • Тиін күз бойы қысқа арнап жинаған жаңғақтарының орнын таба ала ма?
  • Келесі суреттегі иттің түгінен не байқалады? (Ит жүгіріп өткен тоғайдағы өсімдіктердің тұқымдары түгіне жабысып қалған.)
  • Олар жерге түсіп қалуы мүмкін бе? (Иә.)
  • Шашылған, жерге түскен, ұмыт қалған тұқымдарға не болады? (Олардан жаңа өсімдіктер өсіп шығуы мүмкін.)
  • Жануарлар өсімдікке қандай пайда тигізеді? (Өсімдік тұқымдарының таралуына көмектеседі.) Тіпті құмырсқалар да дәндерді илеуіне тасып, олардың таралуына жәрдем етеді.

Сөздік жұмысы

Өзара байланыс-связь-connection

Мұғалімнің түсіндіруі.

Өсімдіктер фотосинтез үдерісі кезінде Күн сәулесінің энергиясын қоректік зат энергиясына айналдырады. Жануарлар өсімдіктермен қоректенген кезде сол қоректік заттарды бойына сіңіреді. Өсімдіктер фотосинтез үдерісінде көмірқышқыл газды оттекке айналдырады.

Өсімдік тұқымын таратуда жануарлардың маңызы зор. Жорғаторғай мен тиін қысқа құрғақ жеміс жинайды. Бір жерден екінші жерге жасырып жүріп, оларды жоғалтады, орнын ұмытып қалады. Бұл жемістерден жаңа өсімдік өсіп шығады.

Түйежапырақ, итошаған сияқты өсімдіктердің тұқымдары жануарлардың жүніне жабысып, басқа жерге түсіп қалады. Жолжелкен сияқты шөптесін өсімдік тұқымдары сүтқоректі жануарлардың тұяқтарына жабысу арқылы таралады.

Зертте.Бұл тапсырманы орындау үшін жануарларға кейбір мүшелері пайдалы өсімдіктер туралы мәліметтер жазылып дайындалған үлестірме парақшаларды тарату керек. Плакаттың бір бөлігінің жоғарғы жағына «Өсімдік», екінші жағына «Жануарларға пайдасы» деп жазылады. Жеке бір топқа үлестірме парақшаларды екіге бөліп, әрқайсысына жарты мәтіннен беріледі.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

• Әрбір оқушы ақпаратпен дұрыстап танысуы тиіс. Қажет болған жағдайда энциклопедиядан қосымша мәліметтерді оқу.

• Плакаттың бір бөлігіне өсімдік сипаттамасы жазылған кестені жапсыру. Керісінше, екінші бөлігіне өсімдіктің бөліктерін және олардың жануарларға пайдасын жазу. Мысалы, жусан – жапырақ – қорек.

• Алынған ақпаратпен топ ішінде алмасу.

• Талдау жасау.

Мұғалім-оқушы диалогі. Сен білесің бе?

Бөріжөкенің суретін көрсетіп, оның улы өсімдік екенін айту. Оны жануарлар жемейтінін, тек құстар ғана оның жидегімен қоректенетінін айту. Оның улы өсімдік екенін, денсаулыққа зиян екенін ескерту.

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

20-жұмыс парағы. «Өсімдіктер мен жануар-

лардың өзара байланысы», 22-б.

Өзара байланыс. Зерттеу нәтижелері бойынша оқушылар кесте толтырды (Ықтимал жауаптары:

Су қарақұмығы. Өсімдік мүшесі: тұқымы; Қандай жануарлар: үйрек, қаз; Не үшін қажет: қоректенеді.

Інжугүл. Өсімдік бөлігі: жемістері; Қандай жануар: бұғылар және т.б.; Не үшін қажет: асқазанды емдейді.

Батпақ аққанаты. Өсімдік бөлігі: сабағы, собығы. Қандай жануарлар: бұлан, ондатр, құндыз және т.б. Не үшін қажет: асқазанды емдейді.

Утамыр (цикута). Өсімдік бөлігі: сабақтары; Қандай жануарлар: құндыз; Не үшін қажет: асқазанды емдейді).

21-жұмыс парағы. «Байланысын анықта», 23-б.

Өсімдіктер мен жануарлар. Оқушылар өсімдіктер мен жануарлардың байланысын көрсететін үдерістерді жазады. Кейбірі қажетті сөздерді де қолдана алады. Сөздерді суреттермен сәйкестендіріп, одан әрі оларды бояйды (Жауаптары:

Қоректену. (2) Бұта; (6) Бұлан.

Емделу. (3) Қой (жусанмен емделеді).

Тыныс алу. (1) Құндыз; (5) Балдыр.

Таралу. (4) Ит).

Бағалау.

Бағалау критерийі Дескрипторлар
Өсімдіктер мен жануарлардың байланысын біледі
  • Жануарлардың өсімдіктер сияқты қоректенетінін түсінеді;
  • Жануарлардың өсімдіктерден энергия алатынын біледі;
  • Өсімдіктер мен жануарлардың ортақ ұқсастықтарын ажыратады;
  • Өсімдіктер мен жануарлардың байланысын сипаттайды.
Оқулықпен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

Слайд №6

Слайд №7

А3 пішіміндегі қағаз бен үлестірме парақшалар жиынтығы

https://www.youtube.com/watch?v=fY0N407XXj0&list=PLyv3wPdSdAyAnTf__b3HqZSNEQ7O4GRNX

Дәптермен жұмыс

«Алма ағашы» кері байланысы.

Сабақ басында екі түсті «алма» беріледі. Сабақ соңында алма ағашына ілу керек.

Жасыл түсті алма — «Сабақ өте қызықты, бәрі түсінікті болды, көңіл-күйім көтеріңкі.»

Қызыл түсті алма – «Бүгінгі сабақты меңгере алмадым, көңіл-күйім жоқ.»

Алма ағашы тақтасы

Слайд №8

Сабақтың соңы

2 минут

Қосымша ақпарат
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? Бағалау — оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы
Ынтасы жоғары оқушыларға өсімдіктер мен жануарлардың байланысы туралы брошюра жасауды тапсыру.

Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Сабақ барысында

-мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау.

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Тексерілді: оқу ісінің орынбасары

Математика. Сабақтың тақырыбы: Күні:

48 : 2; 480:2; 480:20 түріндегі бөлу тәсілдері.

Әлемдегі ең биік ғимараттар.

Мұғалімнің аты-жөні: Иргалиева Гульвира Ербуловна

Сынып: 3 Қатысқан оқушылар саны: 27 Қатыспаған оқушылар саны: 0
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты 3.1.2.12. екі таңбалы, нөлмен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту/бөлу тәсілін қолдану.
Барлық оқушылар:

48 : 2; 480:2; 480:20 түріндегі бөлу тәсілдері.

Бірқатар оқушылар:

48 : 2; 480:2; 480:20 түріндегі есептеу тәсілдерін қалай орындау.

Кейбір оқушылар:

100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

Бағалау критерийлері * Мысалдарды тиімді тәсілмен есептеуді үйренеді.

* Фигураның периметрін әртүрлі тәсілмен есептеп табады.

Оқушылар:

48 : 2; 480:2; 480:20 түріндегі есептеу тәсілдерін қалай орындау керектігін түсіндіру. Пәндік лексика және терминология: есептеу тәсілдері, амалдар қасиеті.

48 : 2; 480:2; 480:20 түріндегі есептеу тәсілдерін қалай орындайтынын түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

Есептеу тәсілдері,амалдар қасиеті.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау

Есептеуді қалай орындауға болады?

Қандай тәсілдер қолданылады ?

Жазу

Өрнектерді жазу.

Құндылықтарды дарыту Мысалдарды ауызша есептей отырып, нәтижесін дұрыс табуға үйренеді.
Тірек білім, білік дағдылар Көбейту мен бөлу кестелері 10 мен 100-ге, толық ондықтарға көбейту мен бөлу, көбейту қасиеттерінің сәйкестілігі.
Пәнаралық байланыс Әдебиет, дүниетану.
Алдынғы білім Қосындыны санға көбейту.
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут.

Қызығушылықты ояту

Ұран айту. Психологиялық дайындық.

— Көңіл күйлеріңіз қалай ?

— Керемет! (Қолдарын көтереді).

— Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?

-Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)

— Ынтаңыз ше?

— Ғажап! ( Қолдарын көтереді.)

— Ендеше сабағымызды бастайық!

— О-о ! ( Бас бармағын көтереді.)

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық. Авторлары: Ә.Б. Ақпаева, Л.А. Лебедева, Мыңжасарова Алматыкітап баспасы. 2018 жылы. Әдістемелік нұсқаулық.
Сабақтың ортасы

10 минут

Мақсаты: екі таңбалы санды, нөлмен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту/бөлу тәсілін қолдану.

— Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болғалы тұр. Пойызбен саяхатқа шыққалы тұрмыз. Ол үшін әр аялдамаға тоқтау арқылы әлемдегі ең биік ғимараттардың биіктігін білетін боламыз.

— Ғимарат – сәулет өнерінің белгілі бір үлгі-тәсілімен салынған құрылыс, үй. Оған түрлі үлгідегі үйлер, қонақ үйлер, мекеме үйлері, сауда үйлері т.б. жатады. Сәулетшілер ғимараттарды неғұрлым ерекше, әдемі, биік етіп салуды ойлайды.

№ 1-ші тапсырманы орындап, осы сабақта сіз әлемнің биік ғимараттары туралы мағлұмат аласыз.

«Поезд Марш тренаж» әуенімен қозғалады.

Бейнефильм «Әлемдегі 10 биік ғимарат»
5 минут

5 минут

5 минут

5 минут

1- аялдама. Әлемдік сауда орталығы.Бұл ғимарат АҚШ-тың Нью-Йорк қ. орналасқан. Құрылысы 2014 жылы салынып біткен. Биіктігі 541 метр. Ғимарат 94 қабаттан тұрады.

BiIimiand.kz

«Поезд Марш тренаж» әуенімен қозғалады.

Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. Әлемдегі ең биік ғимараттардың атауын және биіктігін біліп ал (метрмен).

400*2+7*4=800

300*2+8*4=632

200*2+301=701

1000-500+41=541

Бағалау «Қызыл алма» беру.

2 аялдама

Шанхай ғимараты. Бұл ғимарат Қытайдың Шанхай қ. орналасқан Биіктігі 632 метр, 128 қабаттан тұрады . Құрылысы 2015 жылы аяқталған.

«Поезд Марш тренаж» әуенімен қозғалады.

Электронды оқулықпен жұмыс.

Ауызша түсіндіре отырып есепте.

І топ. 46 : 2 ІІ топ 36 : 3 ІІІ топ 86 : 2

880 : 4 630 : 3 770 : 7

880 : 40 630 : 30 770 : 70

Смайликтер арқылы бағалау

3-аялдама. Корольдік сағат мұнарасы. Бұл ғимарат Сауд Арабиясының Мекке қ. орналасқан. Биіктігі 701 метр, 120 қабаттан тұрады. Ғимарат 2012 жылы салынып біткен.

«Поезд Марш тренаж» әуенімен қозғалады.

Оқулықпен жұмыс.

№ 5 ә

  1. Оқу
  2. Талдау
  3. Шартын жазу

Шешуі: 990:3=330 (1 кг бояудың бағасы)

330*2=660 (2кг. Бояудың құны)

«Бағдаршам» арқылы бағалау.

5-аялдама. Бурдж Халифа. Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қ. орналасқан. Биіктігі 829 метр. 163 қабаттан тұрады.Құрылысы 2010 жылы аяқталған.

«Поезд Марш тренаж» әуенімен қозғалады.

Дөңгелек ішінде берілген сандарды екі қосылғыштың қосындысы түрінде жаз. Бірақ қосылғыштардың әрқайсысы көрсетілген санға бөліну керек.

24 65 420

(? + ?) : 2 (? + ?) : 5 (? + ?) : 20

№ 9 тапсырма.

І топ ІІ топ ІІІ топ

А) 50 * 2 30 * 4 10 * 8

Бағалау

Үлестірілген билеттерді санап, жолдама беру, мөр басу.

Үйге тапсырма. Оқулық № 6, 84 бет.

Слайд 1

Бүкіл әлемдік сауда орталығы.

BiIimiand.kz

Слайд 2

Шанхай ғимараты

Слайд 3

Корольдік сағат мұнарасы

Б С Қ

? 3 кг. 990

т/г

330 2 кг. ?т/г

Слайд 4

Бурдж Халифа.

Сабақтың соңы

5 минут

Бағалау «Жетістік баспалдағы»

Рефлексия. Оқушыларға «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланыс өткізіледі. Кері байланыста оқушылар сабақтан алған әсерлерін айтады.

— Саған сабақ ұнады ма ?

— Сабақтың қай жері ұнады ?

— Сен осы сабақтан не үйрендің ?

— Сау болыңыз! Сабақ аяқталды.

Бүгінгі сабаққа барлығыңыз белсенді қатыстыңдар. Рахмет !

Қысқа мерзімді жоспар

Тексерілді:

Пән: Әдебиет

Сынып: 8

Күні: 16.04.2019 жыл

Тақырыбы: Ж. Сахиев «Айдағы жасырынбақ»

Мұғалімі: Иргалиева Гульвира Ербуловна

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: 8.1.1.1 – әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, пролог , эпилогтарды анықтау ;

8.3.4.1. – шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.

Сабақтың

мақсаты:

Әңгіменің мазмұнымен танысып, жанрлық ерекшеліктері мен сюжеттік желісіне талдау жасайды.
Бағалау критерийі — Әңгіменің сюжеттік желісі арқылы ерекшелігін біледі;

— Әдеби талдау жасай алады;

— Жырдың мазмұнына өз көзқарасын білдіре алады.

Тілдік мақсат Пәндік терминология мен тірек сөздер: фантастика, жанр.
Құндылықтар 1. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу.

2. Топ мүшесі ретінде жүктелген жауапкершілікті сезіну.

Пәнаралық байланыс Жаратылыстану, қазақ тілі.
АКТ қолдану дағдылары Бейнефильм «Айға қону».
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

3 минут

«Екі ассоциация» әдісі. Оқушылар берілген екі сөзді байланыстырып, сөйлем құрастырады.

Аспан / мұхит

Табиғат / ғарыш

Ауа / ай

Өткен сабаққа шолу «Сұрақты ұстап ал» әдісі

Ось дегеніміз не ?

— Елімізде күндіз болғанда кай елде түн болады?

— Тәулік дегеніміз не?

— Бір тәулікте неше сағат бар?

— Жылдың ең ұзақ күні.

— Жылдың ең ұзақ түні.

— Глобус деген не?

— Жер күнге қарай бұрылғанда не болады?

Шығармашылық тапсырмамен таныстырады

Оқушылар медуза және теңіз жұлдызы туралы мәліметтермен таныстырады.

Сабақтың ортасы

10минут

2 минут

10 минут

5 минут

5 минут

Сабақтың соңы

5 минут

Топпен жұмыс

Ұстап алған сұрақтар жазылған қағаздың түсіне қарай 3 топқа бөлінеді.

Жаңа сабақ

Балалар,бүгін біз Жүніс Сахиев және оның «Айдағы жасырынбақ» әңгімесімен танысамыз.

Оқулықпен жұмыс

Оқушылар Ж. Сахиев туралы оқиды. Инфографика құру.

Сөздік жұмысы

Фантастика – фантастика – fantasy фантазей

Жанр – жанр — genre жонрэ

Мәтінмен жұмыс

1.Пролог. Кіріспе бөлімі оқылады.

Ай (лат.Luna) – Жердің табиғи серігі, өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі. Ол Жерді эллипстік орбита бойымен (1,02 км/сек жылдамдықпен) айналады. Жер мен Ай арасындағы орташа қашықтық 384.500 км.

Ай туралы қызықты деректер.

1.Айда болған адамдардың жалпы саны – 12.

2. Ай бетіне 1969 жылы қонған алғашқы астронавттар: Нил Армстронг және Баз Олдрин.

3. Айға адамның аяғы тимегеніне 41 жыл өтті.

4. Айға ұшақпен жету үшін 20 күн қажет, ал автокөлікпен 6 ай керек. Қазіргі заманғы ғарыш кемелері оған 3 күнде жетеді.

2. Негізгі бөлім.

Ж. Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесін оқу, талдау.

3. Эпилог

Айдағы табиғат құбылыстыры туралы Мергеннің әкесінің әңгімесінен

қандай ой түйдіңдер?

Бейнефильм көрсету «Алғашқы рет Айға қону».

Ойын «Неге? Неге?Неге?»

Неге Мерген мен Сартайдың жасырынбақ ойнау туралы жауаптарына сыныптастары күлді?

Неге Айдағы термометр 200 градусты көрсетті?

— Неге Айда балалардың ізі түсіп өзгеріссіз сақталды ?

— Мерген мен Сартай ойын кезінде неге үрейленді ?

«Сен білесің бе?»

Жер туралы 5 мәлімет беріледі.

1.Жер газ бен тозаңнан тұрады. Бұл шар суып қатты қабыршақ пайда болған.

  1. Жер ғарыштан жасыл және коңыр дақтары бар ашық көгілдір түсті шар болып көрінеді.
  2. Жер ішінде ядро бар. Ол өте ыстық, өте қатты.

4. Жердің магниттік планетаның ішіндегі қозғалыспен өндірілген оның электр тоқтарынан пайда болады.

  1. Жерді алғаш Эратостен деген грек математигі ашты.

Жеке жұмыс. Дәптермен жұмыс.

Бағалау.

Бағалау критерийі Дескрипторлар
Әңгіме мазмұнын түсінеді. — Әңгіме мазмұнын түсінеді;

— Мәтінге байланысты сұрақтарға жауап береді;

— Мәтіндегі ғылыми-техникалық сөздердің мәнін ашады..

Шығаманы талдайды.
  • Әңгіме мазмұнын талдай алады.

Үйге тапсырма.

«Қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың міндеті» деген тақырыпта мақала жазу.

Кері байланыс. «Күн. Ай. Жұлдыз» ойыны.

Оқушылар бір суретке стикер жабыстырады.

Күн – толық түсіндім.

Ай – жартылай түсіндім.

Жұлдыз – түсінбедім.

Зерттеу жұмысына қажетті заттар (глобус, ағаш пен жануарлардың макеттері,ермексаз,қағаз, қолжарық т.б.).

Сөздік карточкалары

Сөздік дәптерлері.

Оқулық

30-31 бет.

Плакат, түрлі-түсті макерлер, бояулар.

Жұмыс дәптерлері 22-23 бет.

Бағалау

парақтары.

Суреттер

Қосымша ақпарат
Саралау –оқушыла\

рғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау — оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы
Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. Сабақ барысында

-мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау.

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.