Жаңа сабақтар

Сырымова Зульфия

«Тексерілді»

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің

жедел басқару құқығындағы

№11 «Баллдырған бөбекжай-бақша»

МКҚК – ның әдіскері

_________ С. Э. Бопылова

Білім күніне орай ұйымдастырылған тақырыптық ашық оқу қызметі

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «1-қыркүйек – білім күні»

№11«Қызғалдақ» М.А.Д топ

Тәрбиешісі: Сырымова З.Қ.

Тақырыбы: «1-қыркүйек – білім күні»

Мақсаты: балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық:балалардың ойлау қабілетін дамыту, тақпақтар мен мақал – мәтелдер айтқыза отырып, тілдерін дамыту, сөз байлықтарын молайту.

Тәрбиелік: балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Білімге деген сүйіспеншілігін арттырып, білімді болуға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.

Керекті құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер. Тақырыпқа сай слайд.

Алдын ала жұмыс: Отан туралы, білім туралы тақпақтар жаттау.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеттері
Мотивация-лық — қозғаушы Тәрбиеші балаларды топқа бір қатармен кіргізіп, шеңбер құрады.

-Балалар айналаға қараңызшы, тобымыз бүгін ерекше безендірілген, айнала шарға, гүлге толы, — деп топқа назарларын аударып, көңіл-күйлерін көтереді.

-Балалар қараңдаршы, бізге көптеген қонақтар келген екен, қане шаттық шеңберін құрып, келген қонақтармен амандасайықшы.

-Жарайсыңдар балалар, енді орындарымызға отырайық,.

Балалар бір қатармен топқа кіріп, шеңбер құрады, топтың әсем безендірілгеннін көріп, қуанады.

-Сәлеметсіздер ме, апайлар.

Балалар шаттық шеңберін құрды:

Амансын ба, көк аспан!

Амансын ба, жер – аАна!

Амансын ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам.

Балалар орындарына отырады.

Тәрбиеші:

-Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балалбақшаларда, мектептер-де басқа да білім беру мекемелерде сабақ-тар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде алғашқы қоңырау соғылады. (Тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).

Осы алғашқы қоңыраудан бастап күнделік-ті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер. Ендеше бүгін Білім күні мерекесін сиқырлы пойызда атап өтеміз бе? Әр аялдамада пойыз тоқтап сендер түрлі тапсырмаларды орындайсың-дар. Тапсырманы дұрыс орындасаңдар пойыз әрі қарай жүреді. Ал, дайынсыңдар ма? Олай болса балалар, көзімізді жұмып, поезға мінгенімізді елестетейік. Барлығыңыз поезға міндіңдер ме? Ендеше кеттік! Бірінші аялдама «Отан» деп аталады.

-Біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз?

(балалардың жауабын тыңдау)

-Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.

-Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?

-Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?

-Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?

-Өте жақсы балалар. Айтыңдаршы, біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз?

-Балалар, айтыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?

-Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Ал, балалар, енді Отан туралы, рәміздер туралы кім тақпақтар, мақал — мәтелдер біледі?

-Келесі аялдама «Жұмбақтар» деп аталады. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табасыңдар.
Оқу — білім аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесі де бірнешеу,
Тиегі бар ашпалы. (Сөмке)

Бөлінгенді табыстырып,
Біріктірсе қабыстырып.
Жымдастырған жігін де,
Байқамасың түгін де. (Желім)

Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш)

Білімнен мол сый — асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)

Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (Ұстаз)

Ұшымен қазық
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып. (Дәптер)

Келесі станция «Ойын» деп аталады. -Балабақшада мектептегі сияқты сабақтар бар. Балалар көп нәрсені үйренеді: санауды, ән салуды, достасуды. Қазір біз “Ал мектепте…” деген ойын ойнаймыз. Мен балабақшада балалардың не істейтінін айтамын, ал сендер мектепте не істейтіні туралы жауап бересіңдер.
Балалар хормен жауап береді:
-Балабақшада — тәрбиеші, ал мектепте кім?
-Балабақшада сендерді балалар дейді, ал мектепте?
-Балабақшада — үстел, ал мектепте?
-Балабақшада – топтар, ал мектепте?
-Балабақшада — оқу іс — әрекеті, ал мектепте?
— Балабақшада сендер ойнайсыңдар, ал мектепте не істейді?

Келесі станция «Ертегілер» деп аталады. Балалар, мұнда ертегі желісін ретімен орналастыру керек. Мынау қандай ертегі?

-Дұрыс, «Бауырсақ» ертегісі. Осы ертегіні кім айтып, ретімен қойып береді?

-Жарайсыңдар! Балалар біздің саяхатымыз өте көңілді болған сияқты. Сендер әр аялдаманың тапсырмаларын дұрыс орындай білдіңдер. Біз енді балабақшаға қайтайық. Көзімізді жұмып, поезға мінгенімізді елестетейікші. Поезға барлығымыз міндік пе, олай болса уөзімізді ашайық, балабақшаға қарай жол тартамыз. Міне, балабақшаға да келіп жеттік.

Балалар 1 қыркүйек – білім күні, ерекше мереке екенін білді.

Балалар 1 қыркүйекте мектептерде алғашқы қоңырау соғылатынын біледі, көреді.

Балалар сиқырлы поезға мініп, аяхатқа шығатындарын біледі, қуанады. Тапсырмаларды орындауға келіседі. Көздерін жұмып, поезға мінгендерін елестетеді.

Балалар:

-Әнұран, елтаңба, ту.

-Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.

-Біз Жаңаөзен қаласында туып, өмір сүріп жатырмыз.

-«Балдырған» балабақшасы.

Айболат:

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай үстінде Қазақ үй.

Қалықтаған жас сұнқар.

Шарықтаған таза күй.

Бұл танбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Нұрай:

Отан туы желбіреп,

Көз тартады құбыла.

Біз қараймыз елжіреп,

Туған жердің туына.

Қарақат:

Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым,

Мәңгі – бақи шырқалады,

Республика әнұраны.

Зере:

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Ернар:

Отан оттан да ыстық.

Азамат:

Отан отбасынан басталады.

Балалар жұмбақтарды шешеді.

Балалар ойын ойнайды, сұраққа жауап береді.

— Мұғалім

— оқушылар

— сынып

— парта

— сабақ

— оқиды.

Балалар ертегіні ретімен орналастырады.

Балалар көздерін жұмып, поезға мінгендерін елестетіп, топқа келеді.

-Балалар бүгін біз поезбен қайда барлық?

-Жолда қандай аялдамаларға тоқтадық?

-Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.

Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған сабағымыз осымен аяқталды, келген қонақтармен қоштасайық.

-Саяхатқа бардық.

-Отан аялдамасына, Жұмбақтар аялдамасына, ойын аялдамасына және ертегі аялдамаларына тоқтадық.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Білім күні мерекесі туралы түсінік алуы.

Меңгерді: Отан туралы, рәміздер туралы тақпақтар айта білуі.

«Тексерілді»

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің

жедел басқару құқығындағы

«№11 Балдырған балабақшасы»

МКҚК – ның балабақша әдіскері

_________С.Э.Бопылова

Ашық оқу іс – әрекеті

Білім беру саласы:Таным

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Қоршаған ортамен

танысу

Тақырыбы:«Жол ережесін білейік, аман – есен жүрейік»

№11 «Балдәурен» Қызғалдақ тобының
тәрбиешісі: Сырымова Зульфия

2017/2018 оқу жылы

Білім беру саласы:Таным

Ұйымдастырылған оқу іс –әрекет: Қоршаған орта

Тақырыбы: Жол ережесін білейік,аман – есен жүрейік.

Мақсаты:Балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жол белгілерімен айыра білу дағдысын қалыптастыру. Балаларға жол белгілерін олардың топтарын ажырата білуге үйрету.Жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып,көше ережесіне байланысты ұғымдармен терминдерді білу адам үшін қажеттілігін түсіндіру.

Дамытушылық:Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Балалардың ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері:Көрсету, түсіндіру,сұрақ – жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.

Көрнекіліктер: Жол макеті, слайд шоу, көше ережесін сақтауға арналған әр түрлі суреттер, қатырма қатырма қағаздан бағдаршам макеті.

Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс – әрекеті. Балалардың іс – әрекеті.
Мотивация-лық

қозғаушы

Шаттық шеңбері.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

Сабағымыз басталсын сәлемменен

Сәлематсізба, апайлар!

Балалар шаттық шеңберін құрады:

-Сәлеметсізбе,-деп келген қонақтармен амандасты.

Іздену ұйымдас-тырушы -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар,аттарын кім атайды?

-Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Көктем мезгілінде барлық тіршілік иесі ұйқысынан оянады екен. Балалар бүгін бізде Қоршаған ортамен танысу оқу іс – әрекеті, біз өткен оқу іс –әрекетінде не туралы өттік, есімізге түсірейікші.Дұрыс айтасыңдар , біз өткен оқу іс –әрекетінде Қазақстан байлықтары мен жетістіктері туралы өткен болатынбыз.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер мұқият тыңдап шешуін табыңдар.

Қызыл көзін ашканда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашканда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергің жасқанба.

Ол не екен балалар?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар ол бағдаршам екен, олай болса біздің бүгінгі жана тақырыбымыз: «Жол белгісін білейік, аман –есен жүрейік»-деп аталады.Балалар біз көлік көп жүретін жолдан өтерде сақ болуымыз керек.Біз көлік көп жүретін жолдан өтерде міндетті түрде жол белгілерін білуіміз керек.Біз бүгінгі оқу іс – әрекетімізде осы белгілермен танысасамыз. Көлік көп жүретін жолдың бойында көліктерге, адамдарға арнап қойылған белгілер бар. Сол белгілерге көлік жүргізуші де, жаяу жүргінші де міндетті түрде бағынуы керек. Ол мынандай белгілер,(бағдаршам,ескерту белгісі, тыйым салу белгісі, жаяу жүргіншіге арналған жолақша жол,т.б). Жол көліктерінің қозғалысын реттейтін, біздің көшеден өтуімізге көмектесетін үш көзді бағдаршам бар.Бағдаршам өмірімізді сақтандыратын көмекшіміз.

Балалар мына суретке назар аударайықшы. Мына суретте бағдаршамның суреті бейнеленген.Бағдаршам-ның үш көзі болады, олар қызыл, жасыл, сары түсті көздер.Қызыл көзі жанғанда көліктерге жол беруіміз керек, ал сары көзі жанғанда жолдан өтуге дайындалуымыз керек, жасыл көзі жанғанда көліктер тоқтап, жолдан өте беруге болады.Міне көрдіңдерме балалар, бағдаршамның адамға қандай пайдасы бар екенін.

-Сонымен қатар балалар жолдың кез – келген жерлерімен өтуге болмайды, ол өте қауіпті.Жолды кесіп өту үшін, жаяу жүргіншілер өткелінің белгілері бар жерден өту керек.Міне мына суретте «жаяу жүргіншілер» өткелінің белгісі салынған, мұқият назар аударайықшы. Жаяу жүргіншілер өтетін жерде ақ, қара жолақты жерлермен өтуіміз керек екен. Жолда өту үшін алдымен сол жаққа қарау керек, жолдың ортасына келгенде оң жағымызға қарап, жолда көлік болмаса өте беруге болады.

-Балалар мынау тыйым салу белгісі. Тыйым салу белгісіні қызыл шеңбер ішінде үшбұрыш белгісі тұрады екен.

-Балалар сендер шаршаған боларсыңдар,қане орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасап, сергіп алайық.

Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем бас алға

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға

Жасыл көзін ашқанда

Өте бергін жасқанба

-Өте жақсы балалар, сергіп алсаңдар

орнымызға отырайық.

-Балалар біз жол ережелері туралы алдын – ала жаттаған тақпақтарымызды айтайықшы. Қане кім айтады?

-Өте жақсы балалар. Балалар сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма? Олай болса ойын ойнайық. Ойын «Бағдаршам» деп аталады.

Ойынның мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, ептілікке, логикалық ойлауға, түстерді ажырата білуге тәрбиелеу.

Ойынның шарты:түрлі – түсті қатырма қағаздардан бағдаршамның түстерін тауып, олардан дөңгелектер қиып, бағдаршам құрастыру.

-Қазір жылдың көктем мезгілі.

-Көктем мезгілінде үш ай бар, наурыз, сәуір, мамыр айлары.

-Көктемде күн жылынады,ағаштар бүршік атады,құстар жылы жақтан ұшып келеді, жерге шөптер шыға бастайды

Балалар өткен тақырыпты естеріне түсіреді.

-Бағдаршам.

-Балалар назарын слайдтағы бағдаршамның суретіне аударды.Бағдаршамның үш көзі болатынын білді.

Балалар жолды кесіп өтерде, жаяу жүргіншілер өткелінен өту керек екенін білді

-Балалар жолда бағдаршам болмаса,алдымен сол жаққа, содан кейін оң жаққа қарап өту керектігін білді.

Балалар сергіту жаттығуын жасады.

Балалар тақпақтарын айтады:

Бейбарыс:

Қызыл, сары, жасыл,

Бір көзінде үш от.

Қызыл жанса тоқта,

Жасыл жанса тез өт.

Айназ:

Табамын деп төтені.

Қиып өтпе көшені.

Түсін мұны қатем деп,

Түсін мұны қатер деп.

Жұлдызай:

Дәп ортаға жеткенше

Сол жағыңа қарап ал,

Жол ортадан өткенде

Оң жағыңа қарап ал,

Машиналар жоқ па екен?

Әйгерім:

Қауіппенен ойнама,

Өтемін дап ойлама,

Шыққаныңда көшеге.

Еріп әке — -шешеңе,

Көңілді қой сызыққа.

О.Нұрай:

Үлкен – кіші қала бар

Ой жүгіртіп қарап ал.

Көше заңы тым қатал

Сақ болыңдар балалар!

Нұртас:

Машинаға қабысып,

Сырғанама жабысып,

Бір жеріңді жаралап,

Майып болып қаласың

Кімге кінә тағасың?

Ата менен анаңды

Сергелдеңге саласың

Ерғали:

Тоқта досым саумысың?

Топтан асқан дәумісің

Көше сырын білмесең.

Кердең қағып жүрме сен

Көшенің біл тәртібін

Балалар ойын ойнайды.

Рефлексті – коррекция-лаушы Тәрбиеші балаларға

-Балалар бүгін бізде қандай оқу іс-әрекет болды?

-Біз немен таныстық?

— Бағдаршамның неше көзі бар?

Балалар сендер әрдайым жол тәртібін сақтап жүріңдер, бағдаршамға бағыныңдар, өйткені жол ережесін білсек аман – сау боламыз.

-Жарайсыңдар балалар сендер бүгінгі оқу іс – әрекетке жақсы қатыстыңдар.Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз.Орнымыздан тұрып қонақтармен қоштасайық.

-Коршаған ортамен танысу оқу іс – әрекеті.

-Бағдаршаммен, жол ережелерімен таныстық.

-Бағдаршамның үш көзі бар, қызыл, жасыл, сары.

-Балалар қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: бағдаршамның адам өмірі үшін маңызды екенін

Игереді: бағдаршам түстерінің мағынасын;

Меңгереді: бағдаршамның үш көзінің нені білдіретінін

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.