Жаңа сабақтар

Талаптыға нұр жауар

САБАҚ: 3 Мектеп: «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сейтимова С.А.
Сынып: 7 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Талаптыға нұр жауар
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 7.2.3.1- мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау 7.1.1.1 — шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
Сабақтың мақсаттары Сөйлесім барысында тілдік тапсырмалар негізінде тақырып жайлы толық ақпарат беру
Бағалау критерийлері Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде ғылыми жоба туралы ақпарат береді,

жаңа сөздерді сөйлем ішінде қолдана алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында жазбаша, ауызша жұмыстардыорындайды, кесте, ішінде берілген ақпаратты түсінеді, қолдана алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында мәтін құрайды, мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата біледі, полилог құрады.

Тілдік мақсаттар Пән лексикасы және терминология:

нәфрәтлі, ғибрәтлі т.б.
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері;

Менің ойымша;

Менің пікірімше;

Қорыта келгенде;

Құндылықтар Абай шығармаларының құндылығын ұғындыру. Талап, еңбек, терең ой, қанағатшылдық, рақымшылық құндылықтарын насихаттау.
Осыған дейін меңгерілген білім Әлемдегі ірі кітапханалар.
Жоспар
Жоспарлана-тын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөз-дер
Сабақтың басы

5 минут

1.Оқушылармен амандасу.

2.«Бес бармақ» әдісі бойынша 5 топқа бөлу.

Бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.

3.Сабақтың мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

10 минут

20 минут

(5+10+5)

5 минут

5 минут

2 минут

20+15 минут

8 минут

1. «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларды сөйлету. Осы суреттерде не бейнеленген? Бұл суреттерге қарап қандай ой келді?

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында тақырыпқа қатысты слайдтарды көрсетеді. Суреттерде

не бейнеленгендігін сипаттап берулерін қадағалайды

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады.

Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

2. Мәтіналды жұмыс.

А) Тыңдалым. Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2, 3-тапсырманыорындатады.

3. Мәтінмен жұмыс. А)Тыңдалым.

Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 4-тапсыр-

маны орындатады.

Ә) Жазылым. Оқулықтағы 5, 8-тапсырманыорындатады.

Б) Айтылым. Оқулықтағы 6, 9, 11-тапсырманы орындатады. Жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастырады.

В) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.

4. Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға А4

парағы мен түрлі түсті қарындаштар менфломастерлер таратады. «Жас ғалым» ойынын» ұйымдастырады.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А)Жазылым.

Оқулықтағы 12-тапсырманы орындатады

Бағалау критерийі:

Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Оқушы
Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу. 1-2 берілген сұрақтарды түсінеді; 2
сұрақтарға дұрыс жауап берді; 2
тірек сөздерді қолданды; 2
3-5 шағын диалогке түсе алды; 2
ортақ ой, шешім шығара алды; 2
Барлығы 10

1.Сергіту сәті «Көзге арналған жаттығу»https://www.youtube.com/watch?v=J9Gc_-7KM2s 2.Шығармашылық тапсырма: Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу керек; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану қажет.

Шығармашылық жұмыс, жеке жұмыс.Оқушыларға өлең құрастыру тапсырмасы беріледі.

Оқушыларға төмендегідей тақырыптар ұсынылады.
Білім
Өнер
Еңбек
Осы тақырыптардың біреуін таңдап алып өлең құрастырамыз. (10 минут) уақыт беріледі.Оқушылар өлеңдерін оқиды.

.Топпен ән айту.БалдәуренСөзі: Ш.Сариев, Әні:Е. Слетдинов

1.Балдәурен көктем, асығып жеткен,

Шағала күндер.

Базарлы маусым, шырқалған даусым,

Тамсанып әсем.

Балауса балғын, көк майса шалғын,

Барады күндер.

Тербеліп билеп, жайқалып билеп,

Ән салып әсем.

Қайырмасы:

Балдәурен, бақытты ән дәурен,

Келеді қанатын самғаумен.

Көңілдің ұшырып, аққуын,

Балауса, бал бұлақ, бал дәурен.

2.Жаныма жылы, жүрекке ыстық,

Көңілге сұлу.

Тоя ма көзің, балдәурен кезің,

Бақыт-ау, бақыт?

Даламдай дархан, тауымдай биік,

Өмірге сұлу.

Ø «Бас бармақ» тобына: Еріншек пен еңбекқордың арасында диалог құрастыру.

Ø «Балаң үйрек» тобына: Өсекшінің монологын құрастыру.

Ø «Ортан терек» тобына: «Талапты баланың басынан өткен оқиға» әңгіме құрастыру.

Ø «Шылдыр шүмек» тобына: Өтірікшінің атынан өтірік өлең құрастыру.

Ø «Кішкентай бөбек» тобына: Қанағатшыл әке мен мақтаншақ бала туралы ертегі құрастыру.

Бағалау критерийі:

Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Оқушы
Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану. 2 орфографиялық нормаға сай дұрыс жазады; 4
тыныс белгілерді орынды қолданады; 4
стилі берілген жанрға сәйкес; 2
Барлығы 10

5. Кері байланыс «Бес саусак» әдісі

Ø Жағымды ахуал

Ø Жағымсыз ахуал

Ø Сыни пікір

Ø Жағымды ахуал

6. Үйге тапсырма: Берілген үзіндіні мүмкіндігінше жаттап келу.

«

https://www.youtube.com/watch?v=J9Gc_-7KM2s
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.