Жаңа сабақтар

Азаматова Роза Аблешовна

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы «Теңге бөбекжай — бақшасы» МАД тобының Тәрбиешісі: Азаматова Роза Аблешовна «7-мамыр Отан қорғаушылар күні және 9-мамыр жеңіс күні»

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке,оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға паттриоттық тәрбие беру.

Дамытушылық: Балаларды Ұлы Отан соғысымен,Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып,ой ,өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге,оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар және бүгінгі ертенгілігіміздің қонақтары сіздерді 7-мамыр Отан қорғаушылар күні және 9-мамыр Ұлы жеңіс күні мерекесімен шын жүрегімізбен құттықтаймыз. Ата- әжелеріміздің ерлігімен келген бұл жеңіс мерекесі ұрпағымыздың есінде мәңгі сақталады. Бүгінгі №8 «Аққу» тобында өткізіліп отырған «7-мамыр Отан қорғаушылар күні және 9-мамыр жеңіс күнгі» ертенгілігімізге хош келдіңіздер.Енді №8 «Аққу»тобының бүлдіршіндерін қол соғып, қошеметтеп ортаға шақырамыз.

(Әуен ойналып, балалар залға кіреді)

Балалар Жеңіс күні бізге оңайлықпен келген жоқ.Ұлы отан соғысы жылдарында қазақтың батыр ұл-қыздары қан майданға аттанып, елін жерін жаудан азат ету үшін ерлікпен шайқасты.Жеңіс туының желбіреуіне қазақтың батыр ұл-қыздары өз үлестерін қосты.Ат ауыздығымен су ішікен, ер етігімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз,Шығыс жұлдыздары:Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.Елін, жерін жаудан азат еткен қазақ батырларының бірі,аты аңызға айналған, атақты қолбасшы камандир-Бауыржан Момышұлы.Осы батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.Елі мен жері үшін қан майданға аттанып, біздерге осындай тыныш,бибіт,бақытты күн үшін соғыста қаза болған батырларымыздың рухына бас иіп, бір минут үнсіз еске алайық.

Рахмет, енді келесі кезекті осы батыр апаларымызға арналған балалардың тақпақтарына кезек берейік.

Абылай: Мирамгүл:

Қайтпаған дауылдан, Сонау жылы жер- көкті,

Кек алған жауынан. Соғыс бұлты торлаған.

Халқымның қастерлі, Сонда Мәншүк әпкеміз

Жайсаңы –Бауыржан. Жаудан елді қорғаған.

Қазақтың қаны үшін, Үстінде сұр шенелі,

Жүрегі ауырған. Дулығасы болатын.

Елінің намысын, Мәншүк әпке күні түні,

Қорғаған –Бауыржан! Жауға оқты боратқан.

Ибрахим: Аққу:

Жер мен көктің арасын, Ажал боп төнген жауына,

Шарпығанда қалың өрт. Дауылды көктің қыраны.

Әлия орыс қаласын, Оралды ала тауына,

Азат етіп болды мерт. Ерліктің өжет бір әні.

Ол жеңісті көрген жоқ, Таңғалтқан батырлығымен,

Келді киін азат күн. Тарлан боз талғат ағамыз.

Бірақ мәнгі өлген жоқ,

Батыр қызы қазақтың.

Жүргізуші:

Отанымыздың байтақ жерін қорғады,

Ақ сүт берген анасын қорғады.

Пәк жүзді баласын қорғады,

Самал ескен даласын қорғады.

Ия, сұрапыл соғыс ешкімді аямады.Ана жарынан айырылды,бала әкесінен айырылды. Бірақ әкесін күте берді,күте берді…

Ән: «Соғыстан қайтқан салдаттар»

Жүргізуші:

Балалар,биыл ұлы жеңіске 71 жыл толды.Жеңістен киін халқымыз тыныш, бибіт өмір сүруде.Балалар енді жеңіс күніне арналған тақпақтарымызды айтайық.

Руслан: Нұрас:

Ұлы күшке сенген күн, Әлем бізді ұққан күн,

Фашистерді женген күн. Жауды ішіне тыққан күн.

Қырмызы гүл,қызыл гүл, Батыр атам алдынан,

Құшақтарға енген күн. Әжем күліп шыққан күн.

Әмина: Дилназ:

Тыныштық жаса тыныштық, Алақай- ау әйгілі,

Осы сөз бізге тым ыстық Тоғызыншы май бүгін.

Көркейе берсін еліміз, Алғаш күні шаттықтың,

Көркейе берсін ырыс-құт. Сонғы күні қайғының.

Жүргізуші:

Жарайсыңдар балалар енді кезекті биге береміз. Би: «Солдаттар»

Жүргізуші:

Жарайсыңдар балалар, енді осы ерлік туралы кім мақал-мәтелдер біледі?

Жайнасын: Айда:

Батыр туса-ел ырысы, Жауға жаныңды берсеңде,

Жаңбыр жауса-жер ырысы. Сырыңды берме.

Айсауле: Аңсар:

Отан-тарих, Отан –тіл, Отан осы достарым,

Жасаған елің, өз халқың. Көңілге оны түйе біл.

Жүргізуші:

Жарайсыңдар балалар еліміз тыныш, күніміз шуақты болсын.Енді барлығымыз орнымыздан тұрып, «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін орындайық.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Жүргізуші:

Отаным еркелеймін енді кімге?

Өзіңмен нені болса көрем бірге.

Қалайша қабырғама батпас менің,

Басыңа қатер бұлты төнген кезде,-дей отырып, келесі кезекті балалардың тақпақтарына берейік.

Ернар: Заман:

Естідім- ауЖеңіс күнін, Бақытты болсын балалар,

Дүрілдейді көкпен жер. Соғысты сүймес адамдар.

Күрескердің арманы мен ұраны, Өркендей берсін қалалар,

Қуаныш пен мерекенің бұл әні. Гүлдене берсін далалар.

Райынбек: Дилназ:

Баламын мен бүгінде, Жеңіс келді далама,

Кіп-кішкентай баламын. Жеңіс келді қалама.

Ертең менде өскенде, Жеңіс келді әке боп,

Ел қорғауға барамын. Елдегі көп балаға.

Елін, жерін сүйетін, Жеңіс келді ән болып,

Ертеңі үшін күйетін. Келді ауылға сән болып.

Рухы биік ұланбыз, Жеңіс келді алақай,

Болашаққа сенетін. Тоя житін нан болып.

Жүргізуші:

Жарайсыңдар балалар. Ешқашанда соғыс болмасын,әлемде тек бибітшілік болсын.Еліміз тыныш болсын-деп осымен бүгінгі ертенгілігімізді ақтаймыз.

Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет

«Мерекелі берекелі наурыз!»

Мақсаты: Балаларға наурыз туралы түсінік беру.Наурыз мерекесін бүгінде,Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері тойлайтындығын айтып түсіндіру.Халқымыздың салт,әдет –ғұрпын құрметтеуге, өнерлі азамат болуға, бірлікке,достыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қайырлы таң мерекеге жиналған ұжымдастар, және ата-аналар! Бүгінгі ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын.Бүгінгі біздің «Мерекелі берекелі наурыз!» атты ертенгілігімізге хош келдіңіздер.

Армысыздар, халайық!

Бармысыздар, халайық!

Бәріміз міне бас қосып,

Мйрамды қарсы алайық.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын,

Ұлыс береке берсін,

Бәле –жәле жерге енсін,

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектері көк болсын!

Қайғы уайымы жоқ болсын,

Қуаныштары көп болсын-деп ортаға №8 «Аққу» тобының бүлдіршіндерін қол соғып қошеметпен ортаға шақырамыз.

(Әуенмен залға балалар кіреді)

Балалар қараңдаршы бүгін бізде ереше күн,өйткені бүгін бізде наурыз мерекесі ата-баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн.

Наурыз мирамы бұл көктеммен еңбектің мереесі, күн мен түн теңесетін күн. Наурыз сөзі нау-жаңа рыз-күн деген сөзден шыққан. Бұл қазақша күн тізбеде,Жаңа- жыл мирамы.Жыл басы Наурызда айтылған ақ тілектің бәрі толық орындалады, деп ата-бабамыз айтып кеткен. Сол секілді баршаңызға жаңа бақыт, жаңа шаттық,жаңа өмір тілеимін.

Ежелгі шығыс елінің

Аңсаған арман, ойы бар

Тарқайтын шері жерінің

Дәстүрлі наурыз тойы бар-деп кезекті наурыз туралы тақпақтарға береиік.

Аида: Нұрасыл:

Күн мен түн теңескен, Кең даланың ежелгі,

Бақытты күн бұл наурыз! Қазақ дитін халқымыз.

Ренішті қойыңдар, Өзге ұлттай біздің де,

Құтты болсын бұл Наурыз. Бар дәстүрмен салтымыз.

Заман: Райынбек:

Жасай берсін жаңа күн! Жайнатамын бар гүлді,

Туа берсін жаңа нұр! Сайратамын бұлбұлды.

Дүр сілкініп дала бір, Мирам етіп бұл күнді,

Құтты болсын, Наурыз той. Жарқыраған жас нұрлы.

Құтты болсын жаңа жыл! Жаса, наурыз дәстүрі.

Ернар: Гауһар:

Салт –дәстүрмен жараса, Наурыз келді алақай,

Қайта құрып жаңаша. Кел билеиі балақай.

Наурызды біз қарсы алып, Бізде қарап тұрмайық,

Той тойлаймыз тамаша. Тойға шашу шашайық.

Жүргізуші:

Ұлы тойда ал енді,

Әнмен шашу шашайық.

Әдемі де кәделі,

Наурыз жырға басайық –деп «Наурыз» әнін қабыл алыңыздар.Ән:«Наурыз»

Жүргізуші:

Әнімде саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш силап елімде,

Күлімде Наурыз күлімде-деп кезеті тағыда тақпақтарға береміз.

Жанерке: Дилназ:

Жарқырап тұр күніміз. Жермен күн теңелді,

Жайқалсын жас гүліміз, Жер шуаққа бөленді,

Бақта бұлбұл сайрасын. Соны ойлап ел енді

Мереи төсін көкте күн, Наурыз тойы салтымен

Мерекесін көктемнің, Көгерсін деп халқымыз,

Бүкіл әлем тойласын Көшеге тал егеді.

Аққу: Жайнасын:

Құтты болсын айтамыз . Жыл келді деп жар салайық.

Халқымның Наурыз тойына, Би билеиік ән салайық,

Шықтық біздер жырлауға, Біз ұлыстың ұлы күні,

Қазағымның салт дәстүрін. Думандатып қарсы алайық.

Омар: Рамазан:

Ата бабам тойлаған Хош келдіңіз Наурызым ардақты,

Наурызым армысың Халқым саған бар үмітін арнапты.

Қызыққа еш тоймаған Жылда осылай келе бергін жасарып

Дархан дала қарлы шың. Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Жүргізуші:

Наурыз келді алақай,

Кел билеиік балақай,

Бізде қарап тұрмайық.

Тойға шашу шашайық-деп кезекті қамшы биіне береміз. «Би қамшы»

Жүргізуші:

Мерекемізді тағыда балаларымыздың тақпақтарымен жалғастырайық.

Нұрғиса: Абылай:

Арайы бар даланың Ұлыс күні кәрі жас,

Амансыңба, жаңа күн. Құшақтасып көріскен.

Сәлем халқым тірегім, Жаңа ағытқан қозыдай,

Сендермен бір жүрегім, Жамырасқан өрістен

Орындалсын ойларың. Наурыз тойы құтты болсын.

Құтты болсын тойларың.

Айсауле: Нұрас:

Қыс өтіп, қар кетіп, Арайындай көрінген таңғы үміттің,

Құлпырып көктем жетіп. Басын қостың сан бір халық сан бір ұлттың

Шаруаның кенелген, Жарқырай бер жер көкте жаса наурыз,

Мирамы ежелден. Ұлы достық мирамы мәңгіліктің.

Құтты болсын бұл наурыз.

Жүргізуші:

Наурыз тойға жайылған,

Әр үйде киелі дастархан .

Әнге қосып бәріміз

Дастарқан әнін шырқайық-деп кезекті .Дастарқан әніне береміз

Ән «Дастархан.»

Жүргізуші:

Оу, халайық, халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді,

Бірге қарсы алайық-деп ортаға айтыскер ақындарымызды шақырамыз.

Аңсар; мен Әмина:

Жүргізуші:

Ата баба тойлаған

Наурызым, армысың,

Қызыққа еш тоймаған,

Дархан дала қарлы шың,- деп қыздарымыздың «Қамажай» биін тамашалайық. Би «Қамажай.»

Жүргізуші: Ей балалар, балалар!

Енді маған караңдар!

Наурыз тойын тойлайық,

Қызық ойын ойнайық,-дей отырып, балаларды «Арқан тарту»

Ойынына шақырамыз. Ұлттық ойын «Арқан тарту»

Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлініп тұрады,арқанның дәл ортасы қызылмен белгіленген,ортада мәре сызығы сызылған.Арқанды тартқан кезде қай топ мәреден асып кетсе, сол топ жеңіледі.

Жүргізуші: Күттіріп келген жыл басы.

Бізбен бірге тойлашы,

Дастарханына елімнің

Береке ырыс силашы,-деп ендігі кезекті тағы да Наурыз туралы

тақпақтарға берейік.

Әмина: Ибрахим:

Келді Наурыз бұлақ күш тасқынымен, Ырыс күні қазан толса,

Құлпырып қайта өзгеріп жастығымен. Сол жылы ақ мол болар.

Жер иіп,тамыр толып,бүршік жарып, Ұлы кісіден бата алсаң,

Табиғат ықыласына тас жібіген. Сонда олжалы, жол болар.

Аңсар: Наурыз құтты болсын,

Наурыз тойға жиналған, халқым менің, Дендерің сау мықты болсын

Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім. Наурыз тойы келе берсін,

Бүгінгі той ертенгі ардақты ісің, Барлық халық .

Ғажап болсын таппайтын тепе теңің. Бақытқа кенелсін.

Жұбаныш: Нұрбол:

Армысыздар аңсаған дана халқым, Наурыз бабамның сөзі,

Сәлем беру ежелгі ата салтым. Наурыз атамның сөзі.

Ұлыстың ұлы үні наурыз бенен, Ғасырдан ғасырға жеткен,

Сіздерді құтықтаймын шын жүректен. Наурыз тойы құтты болсын.

Жүргізуші: Тағыда Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ақ мол болсын,

Елімізде бірлік, береке, тыныштық болсын!

Әр отбасына келген Жаңа-жыл құт- береке әкелсін!

Ұл-қыздарымыз аман болсын.Осымен Наурыз мерекесіне арналған « Мерекелі берекелі наурыз» атты ертенгілігіміз аяқталды,көріп тамашалағандарыңызға көп- көп раққмет.

04.07.2019 жыл.

№12«Гүлдер» МАД тобында ұйымдастырылған оқу тәрбие жоспары

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Нұр – Сұлтан бас қалам »

Мақсаты:Балаларға елорда Нұр – Сұлтан жайлы білімдерін кеңейту.Кең байтақ жеріміздің ерекшеліктері және тек өздеріне ғана тән қазынасын балаларға жеткізу.Ойларімен тілдерін дамытып,дүние танымдарын кеңейту,ана тілін,тарихын сүюге баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар:Нұр – Сұлтан Бәйтерек суреттерін көрсету.т.б

Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.

Іс – әрекет

кезеңдері

Тәрбиешініңіс-әрекеті Балалардың

іс-әрекеті

Кіріспе бөлім Тәрбиеші: Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң қонақтар.
Сіздерді салтанатты мереке Нұр – Сұлтан күнімен құттықтаймыз!
Жылу шеңбері: Ал енді балалар бір — бірімізге алақанымыз арқылы жылу шеңберін күн секілді жылы жүзбен күлімдеп жылы лебіз білдірейік:
Деніміз сау болсын,
Күніміз күлімдесін,
Еліміз аман болсын,
Ата — анамыз қасымызда болсын,
Бәріміз дос болайық,
Бәріміз бақытты болайық,
Аспанымыз ашық болсын.

Балалар жылу шеңберіне тұрады.

Бір – біріне деген жылы лебіздерін білдірді.

Негізгі бөлім Ән: Әнұран.
Қане балалар орнымызға отырайық.
Біз бүгін сендермен отанымыз туралы әңгімелесеміз: Балалар «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер.

Дұрыс балалар, отан дегеніміз біздің еліміз туған үйлеріміз, өзіміз туып өскен жеріміз.
Біз қай мемлекетте тұрамыз?

Қазақстан Республикасының президенті кім?

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әр түрлі халықтармен ұлт өкілдері тұрады. Соның ішінде қандай ұлт өкілдерін білесің?
-Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

-Ту, Елтаңба, Әнұранды бір сөзбен қалай айтамыз?

Балалар ту, елтаңба, әнұран туралы білгендерін айтады:

Ел ордасы қай қала? Біздің еліміздің бас қаласы Нұр – Сұлтан туралы мағлұмат айту. Түсіндіру.
Нұр – Сұлтан туралы тақпақтар

білемізба балалар.

Балалар, енді отан туралы мақал — мәтелдер білемізба.

Ойын:«Рәміздерді құрастыру»:

Шарты: Берілген қиынды суреттерден рәміздерді құрастырады.

-Туған жерім, Атамекенім, отбасым, халқым.

-Қазақста

Республикасы.

-Қасым Жомарт Тоқаев
Қазақ тілі.

-Орыс, өзбек, түрік, қытай.

-Ту. Елтаңба. Әнұран.
-Рәміздер.

Дияс: Ту.
Дидар: Елтаңба.
Алтынай: Әнұран.
-Нұр – Сұлтан

Ерасыл

Ел бөбегі бүлдіршін, жас баламыз.
Астанамыз, астана бас қаламыз.
Дидар:

Нұр – Сұлтан арман қала,
Бағы ба жанған қала

Тұрады ол жап — жас болып,
Мен үлкен болған да да.
Сымбат:

Шырқап көкке асқан – ән,

Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қалам – Нұр – Сұлтан .

Аяулым: Отанымның төрінде,

Сарыарқаның өрінде.

Ту ұстаған Нұр – Сұлтан,
Әсем қалам — бас қалам.
Нуржан:

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Отан үшін отқа түс — күймейсің.

Отан — оттан да ыстық.
Отанды сүю отбасынан басталады.
Балалар қиылған суреттерді рәміздерді құрастырып шығады.
Аяулым:

Сарарқаның төсінде
Гүл жайнаған, Нұр – Сұлтан.
Ақпейілдей арнайы
Ақ тілегім, жас бала.
Нұржау:

Елордасы елімнің,
Қазағымның жүрегі.

Нұр — Сұлтанның бірінде,
Күллі әлем біледі.

Қорытын- ды бөлім — Қазақстанның астанасы, қай қала?
— Қазақстан Республикасының президенті кім?

— Біз қай елде тұрамыз?

Балаларды мадақтау.
— Сау болыңыздар.

— Нұр — Сұлтан.

— Қасым Жомарт Тоқаев

— Қазақстан Республикасында.

«Тексерілді»

Басшысының орынбасары__________С.Э. Бопылова

«___» _______2019ж

Ұсыныс:
Ескерту:

Мақсаты:Балалар мен ата — аналарға спорттық ойындарды орындата отырып,спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының нығайуы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: доптар,кеглилер, шығыршық, уақ доп,үлкен қолғап, құрсаулар,аттар, конфеттер, себеттер, қаптар.

Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боларсың,

Сауығып айдай толарсың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боларсың.

Жеңіппаз болу оңай ма,

Арман болған талайға.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

Құрметті әріптестер, ата-аналар және балалар бүгінг «Толағай» отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер! Көңілді жарысымызға ересектер және естияр тобымыздың бүлдіршіндері мен ата-аналар қатысады.

Жарысқа қатысушыларды шақырамыз

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға –

  1. Сүлейменовтар отбасын шақырамыз
  2. Қуатбаевтар отбасын шақырамыз,
  3. Құрманотар отбасын шақырамыз.

(әр отбасы орнына келіп тұрып,тобын таныстырады)

Жүргізуші: «ТОЛАҒАЙ» отбасылық сайысы – еліміздегі отбасылардың отсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын – сауықты бағдарламардың бірі. Олай болса сайысымызды бастайық.

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер.

Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық.

  1. Бөбекжай – бақша әдіскері:С.Ә.Бопылова
  2. Балабақша психолігі:А.Б.Кенесбаева
  3. МАД топ тәрбиешісі:Қ.Садуақасова

І Кезең: «Желаяақтар»

Ойын шарты:

Бірінші ойыншы бастапқы ырыннан кедергілер арасымен межені жүгіріп айналып келіп, екінші ойыншыға қол беру. Келесі ойын осы бағытта жалғасын табады.Бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді.

ІІ Кезең: Шығыршықтан өту.

Ойын шарты:

Бастапқы орыннан бірінші ойыншы шығыршықты ұстайды қалған ойыншылар шығыршықтан өтеді.Келесі ойыншы ұстайды, арғарай ойын жалғасын табады. Межені айналып, қай топ келсе сол топ жеңіске жетеді.

ІІІ Кезең: «Теңге ілу»

Ойын шарты:

Әр топ өз добымен секіріп, өздеріне берілген түстегі шарларды бір – бірден үш рет келіп межедегі шелекке салу керек.

ІV Кезең: «Секірмек»

Ойын шарты:

Бірінші ойыншы допты аяқ ортасына қысып секіріп келу. Екінші ойыншы құрсаумен секіреді, ал үшінші ойыншы атпен шауып келеді.

V Кезең: «Кедергілерден өту»

Ойын шаррты:

Ойыншы бастапқы орыннан жүгіріп шығып доға баспадан өрмелеп – түсіп, гимнастикалық стол үстімен жүгіріп түсіп, кері қарай жүгіріп келіп келесі ойыншыға қол береді. Осылайша екінші ойыншы ойынды жалғастырады.

VI Кезең: «Кенгру»

Ойын шарты:

Қаппен секіру.

Жүргізуші:

Сайысымыздың қорытындысын шығаруға кезекті әділқазы алқасына сөз кезегін береміз.

Құрметті бүгінгі сайысымыздың қонақтары! Сіздерге сайысымызға келгендеріңе көп-көп рахмет!

Тіл мерекесіне орай өткізілген тақырыптық оқу қызметі

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»

Дайындаған: №12 «Гүлдер»

МАД тобының тәрбиешісі:

Азаматова.Р.А.

2018/2019 оқу жылы

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды туған ана тіліміздің қасиетін, қадірін біліп, баланы бір – бірімен өз ана тілінде ой бөлісуге үйрету.

Дамытушылық: балалардың танымдық қабілетін дамытып, Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімге баулу.

Тәрбиелік: балаларды ана тіліміздің қасиетін, қадірін біліп, құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ана тілім еркіндігім, теңдігім.

Көрнекілігі: слайд

Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотива-циялық — қозғаушы -Балалар,бүгін ерекше күн екен, біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Олай болса, балалар, қонақтармен амандасып алайық.

— Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату – тәтті доспыз. Қане, бір – бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.

— Ия, балалар, осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық.

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы.

Алдымызда кезіккен,

Көп қонақты көреміз

Алдыменен ізетпен

Иіліп сәлем береміз.

-Сәлеметсіз бе, қонақтар!

— Күніміз жарық болсын.

-Аспанымыз ашық болсын.

-Деніміз сау болсын.

-Еліміз тыныш болсын.

-Досымыз көп болсын.

-Балабақшамыз жайнап тұрсын.

-Нанымыз көп болсын.

Ұйымдас-тырушылық -ізденушілік -Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?

-Бір аптада неше күн бар?

-балалар біз сабағымызды бастамас бұрын өткен оқу қызметін есімізге түсірік кетейік кім маған өткен оқу қызметін айтып береді?

-Балалар мен сендерге өлең жолдарын оқып берейін, сендер мені мұқият тыңдап, не туралы екенін айтып беріңдер.

Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,
Қасиетті тіліміздің бәрін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар,
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.

-Дұрыс балалар, олай болса бүгінгі Сөйлеуді дамыту оқу қызметінде біз тіл туралы айтамыз және бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз » деп аталады.

-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?

-ҚР Елбасы кім?

-ҚР-ның мемлекеттік тілі қай тіл?

Тәрбиеші:

Қәне, балалар, оқу қызметімізде мемлекетіміздің әнұранын айтайық.

-Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?

-Жарайсыңдар балалар, сендер шаршап қалған боларсыңдар. Ендеше орнымыздан тұрып, сергіп алайық.

Сергіту сәті:

-Балалар енді біз ана тіл туралы нақыл сөдзер айтайық.

Казір жылдың күз мезгілі

Күз мезгілінде үш ай бар Қыркүйік, қазан, қараша.

Бір аптада жеті күн бар.

Өткен оқу қызметінде біз білім күні әнгімелескет болатын быз.

Балалар өлең ана тілі туралы екенідігін айтады, жаңа тақырыппен танысады.

-Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Астана қаласы

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Қазақ тілі

Балалар әнұранды орындайды.

Нұрай:

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

Арай:

Ана тілім бал тілім,

Өзің барда шалқыдым.

Өз тілімде ән шырқап,

Термелетіп балқыдым

Жақсылық:

Ақыл – ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

Назерке:

Тілім барда мақтанам.

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған.

Айару:

Өсірген ой білімді

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сәздің

Мәнін терең білуді.

Нұрсәуле:

Ана тілді білмесем,

Шат – шадыман күлмес ем.

Жер бетінде сайраңдап,

Қазақ болып жүрмес ем.

Әділжан:

Ана тілің біліп қой.

Еркіндігің – теңдігің.

Ана тілің біліп қой

Мақтанышың, елдігің.

Орнымыздан тұрайық,

Керегені құрайық

Бір шаңырақ астында

Тату – тәтті тұрамыз.

Мағжан:

Өнер алды қызыл тіл.

Аяулым:

Тіл қылыштан да өткір.

Ринат:

Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.

Гүлжайна:

Басқа пәле тілден.

Рефлексті – коррекция-лаушы -Балалар бүгін бізде қандай оқу қызметі болды?

-Сендерге оқу қызметі ұнады ма?

-Қандай тақырып бойынша әңгімеледік?

-Балалар, бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп айтқандай сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін. Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды. Келген қонақтармен қоштасайық.

Балалар сұрақтарға дұрыс жауап беруғе тырысады.

Балалар өздерін мадақтағанға куанады.

Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.

Күтілетін нәтиже:

Білу тиіс: Мемлекеттің тілдің мәртебесін биік ұстау жөнінде.

Өзінің ана тіліне сүйіспеншілігін арттыра білу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.