Жаңа сабақтар

Хусаинова А.Қ

Бөлім: 6.2В : Заттардың жіктелуі Мектеп: №29 мектеп
Мерзімі: Мұғалімнің аты-жөні: Хусаинова А.Қ
Сынып: 6А Қатысқандар саны:29

Қатыспағандар саны:0

Сабақ тақырыбы Ерітінді ортасы дегеніміз не және оны қалай анықтауға болады.Қышқылдар мен сілтілер. Индикаторлар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) — 6.3.2.2 тірі және өлі табиғаттағы қышқылдық, сілтілік және бейтарап орталарды ажыратады және әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтайды
Сабақ мақсаттары заттардың ортасы табиғи қышқылдық/сілтілік/бейтарап болатынын білу
— әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтау
— табиғи индикаторларды және олардың түстерінің түрлі ортада өзгеруін білу
Бағалау критерийлері: — индикатор ұғымын түсінеді

— ерітіндідегі заттарды ортасы бойынша жіктейді

— әр түрлі орталы ерітінділердегі әмбебап индикаторының түсінің өзгеру диапазонын біледі

— әмбебап индикатордың қышқылдық, сілтілі және бейтарап ортадағы түсін атайды

-табиғи индикатор дайындай алады

Тілдік мақсаттар Оқушылар:

— ерітіндінің ортасы қалай анықталатынын сипаттай алады;

Пәндік лексика және терминология:

— қышқылдық орта

— сілтілілік орта

— бейтарап орта

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

•Әмбебап индикатор …….үшін қажет.

• Егер ерітіндідегі әмбебап индикатордың түсі ….. өзгерсе, онда орта …

Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік ел» құндылықтары

Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар бақылауының негізінде жатқан қағидаттарды түсіндіруде сыни тұрғыдан ойлау қасиетінің көптеген мүмкіндіктері бар.

Пәнаралық байланыстар Табиғи объектілердің ортасын анықтау барысында биология пәнімен байланыс орнатылады
Бастапқы білім 2.1.1.8 Эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кесте түрінде беру

3.3.1.1 Заттарды шығу тектері мен агрегаттық күйлеріне сәйкес жіктеу

3.2.1.3 Фотосинтез үдерісін білу және түсіну

3.3.3.1 Тірі ағзада және өлі табиғатта судың бар болатыны туралы білу

ЖОСПАР
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер Ресурстар
Сабақтың басы

0-6

. Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді

1.Сұрақ-жауап

1-3 слайдтарда әр түрлі заттардың суреттері беріледі. Сұрақтар қоя отырып, қандай орта көрсететінін анықтатыңыз.

Дескрипторлар

Оқушылар

— заттар белгілі ортаға ие екендігін түсінеді

— сілтілік орта жуғыш қабілетке ие екендігін біледі

-кейбір заттардың қышқылдық ортаға ие екендігін біледі

2.Ақыл карта әдісі

Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаты анықталады:

заттардың ортасы табиғи қышқылдық/сілтілік/бейтарап болатынын білу
— табиғи индикаторларды және олардың түстерінің түрлі ортада өзгеруін білу

Слайд №1-5
Сабақтың ортасы

7-12

13-36

Дескрипторлар

Оқушылар

  • Қышқылдық/сілтілік/бейтарап орта бар екенін түсінеді
  • Индикаторлар туралы түсінік қалыптасады
  • Табиғи индикатордың ерекшеліктерін ажыратады

3. Қызықты тәжірибе әдісі

Мұғалім оқушыларға күнделікті өмірде кездесетін заттарды слайдтан көрсете отырып, әр зат өзіне тән орта көсететінін, қышқылдық/сілтілік/бейтарап ортаны индикаторлар көмегімен анықтауға болатынын түсіндіреді. Индикатор– әртүрлі орталарда түсін өзгертетін зат.

Әмбебап индикаторы мен табиғи индикаторлардың ерекшеліктері туралы ақпарат беріледі.

4. Сынып оқушылары 3 топқа бөлініп, жұмысты жеке орындайды.

Тақырыбы: Табиғи индикатор дайындау және табиғи объектілердің ерітінді ортасын анықтау

Дескрипторлар

Оқушылар

-зерттеуді қауіпсіз жүргізу үшін жазбаша және ауызша нұсқауларды қолданады

— табиғи индикаторды жасау әдісін меңгереді

-табиғи индикатор көмегімен қышқылдар мен сілтілерді анықтайды

— жұмысты дұрыс қорытындылайды

Бағалау:Әр оқушының жұмысына мұғалім жазбаша түрде кері байланыс береді

Слайд 6-7

Қосымша №1

Слайд 8

Сабақтың соңы:

37-40

5. Рефлексия «Бес бармақ» Слайд 9
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сабақ барысында дарынды оқушылар қолдау қөрсетеді, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейтіледі. Сонымен қатар, топтағы жұмыс барысында басқа оқушыларға қолдау көрсету барысында ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілеттері дамиды Мұғалім оқушыларды ауызша жауаптары, тапсырмаларды дескрипторға сай орындаулары бойынша кері байланыс береді. Партада дұрыс, ыңғайлы отыруы;

Лабораториялық жұмыс барысында қауіпсіздік шараларының орындалуы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.