Жаңа сабақтар

Жумбеков Абай Танирбергенович

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы № 166 жалпы орта мектебі

География пәнінің мұғалімі Жумбеков Абай Танирбергенович

9 сынып География ҚМЖ

Ұзaқ мерзімді жоспaрдың тaрaуы:

Мұғaлімнің aты-жөні:

Сынып: 9 Қатысқандар: Қaтыспaғaндaр:

Сабақтың тақырыбы География ғылымының қазіргі заманғы өзекті зерттеу проблемалары
Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме) 9.1.1.3 географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктерін анықтайды
Сабақтың мақсаты Барлығы саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттайды.

Көпшілігі ұлы географиялық ашылулар мәтінін пайдаланып, кескін картаға саяхатшылардың жүрген жолдарын түсіріп түсіндіре алады.

Кейбіреуі саяхатшылар мен зерттеушілердің жүрген жолдарын жоққа шығару немесе дәлелдеу арқылы еңбектеріне баға береді.

Бағалау критерийі География ғылымының дамуына саяхатшылар мен зерттеушілердің қосқан үлестерін анықтап талдай алады.

Географиялық саяхатшылар мен зерттеушілердің жүрген жерлерін картадан анықтай алады.

Ғалымдардың ғылыми-зерттеулеріне баға бере алады.

Тілдік мақсаттар
  • География ғылымының дамуына үлес қосқан саяхатшылар мен зерттеушілер туралы түсіндіре алады.
  • Зерттеушілер, саяхатшылар, географиялық қоғам, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясы, Географияинституты, сел – терминдермен жұмыс жасай алады.
  • Ұлы географиялық ашылулар кезеңінің зерттеген саяхатшылар туралы бейне материалы көрсетеді.
  • Ұлы географиялық ашылулардағы саяхатшылар мен зерттеушілердің жүрген жерлерін дұрыс не бұрыс екендігін дәлелдей аласың ба?
Құндылықтарды дарыту «Мәңгілік ел» құндылықтарын іске асыру .Топтық және жұптық жұмыстарды орындауда бір-біріне құрмет көрсету .

Оқушылар бір – бірінің ойын тыңдайды, өзара сыйластықты қалыптастырады. Жұпта, топта, топпен жұмыс істей білу. Оқушылар белсене қозғала отырып, сымбаттылықтарын сақтауға жаттығу жасайды. Бір-бірінің іс-қимылдарын түсіне білу.

Пəнаралық байланыс Тарих, метеорология.
Алдыңғы білім География ғылымынын дамуына үлес қосқан басқа да зерттеушілерді айта алады.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Дереккөздер, ресурстар
Сабақтың басы

2 минут

2 минут

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі:— Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал туғызу. Оқушылар бір бірене мадақтау сөздерін айтады. (жұпта)

Сандықтағы қиынды қағаздар арқылы 3 топқа бөлінеді.

— Саяхатшылар;

Зерттеушілер;

— Ғалымдар.

Үй тапсырмасы: Сызба нұсқа арқылы география ғылымының салаларын және оларға мысал келтіріп түсіндіреді:

Дескриптор:

— География ғылымы нені зерттейтінің анықтайды;

— География ғылымының салаларына мысал келтіре алады

— География ғылымының маңыздылығын айта алады.

Оқушыларға дұрыс жауап үшін смайлик арқылы бағалау

өте жақсы жақсы қаңағаттанарлық

Сандық, киынды қағаздар.
Сабақтың ортасы

3 минут

«Кезбе тілші» әдісі (коммуникативтік дағдыларды дамыту)

10 минут

Миға шабуыл әдісі

7 минут

«Кір жаятын жіп» әдісі

4 минут

3 минут

Жаңа тақырыпты ашу үшін оқушыларға тақтадан сурет көрсетіледі

Оқушыларға топқа талқылауға арналған тақырып бойынша бейнебаян көрсетіледі. Топқа берілген тақырып бойынша дайындалып ерікті оқушыны басқа топқа сұхбаттасуға жібереді сағат тілі бойынша. Соңында жиналған мәліметтермен өз тобының мүшелерімен бөліседі.

Топта жұмыс (Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі):

Сәйкестендіру

Саяхатшылар: Ежелгі зерттеушілер туралы ақпаратты тыңдайды.Тапсырма: Ежелгі зерттеушілердің сынарын тауып сәйкестендіру

1.Мысырлықтар А) бірінші рет
«география» ұғымын енгізген
2. Эратосфен В) жылдың
ұзақтығын анықтап күн күнтізбесін жасады.
3.XV-XVII ғасырлардың ортасында С)географиялық өзгерістерді ғылыми тілде түсіндіріп, алғаш рет масштабты
қолданып карта жасаған.
4.Фалес және Анаксимандр D) Махмұд Қашғари «Дүниежүзінің дөңгелек картасы»
атты еңбегінде түркі халықтарының қалаларына
және жер бедеріне сипаттама берген.
5.Ежелгі грек ғалымы Геродок Е)Ұлы географиялық ашылулар басталды.

Бағалау Дескриптор:

  • Ежелгі зерттеушілер туралы түсінік қалыптастыра алады.
  • Зерттеушілердің зерттеген аймақтарын анықтайды.
  • Саяхатшылар мен зерттеушілердің ғылымға қосқан үлестерін талқылайды;
  • Зерттеушілердің сынарын таба алады.

Зерттеушілер: Орыс ғалымдарының зерттеулері туралы тыңдайды. Тапсырма: Берілген сурет бойынша орыс зерттеушілердің зерттеген аймақтарын жазады

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.