Жаңа сабақтар

Cергіту мен саусақ жаттығулары

ШҚО, Өскемен қаласы КМҚК №2 «Бүлдіршін» балабақша-бөбекжайының тәрбиешісі Султанова Айнур Утембаевна

Тақырыбы: Мектепке дейінгі мекемедегі сергіту мен саусақ жаттығулары.

Қоюланып қара бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп,
Жапырақты жамылып,
Жата қалды көбелек.

Бармақ болып жұмысқа,
Қырға шықты құмырсқа,
Тоңып кетіп аяғы,
Қырға қайтып шығады.
Ой – ой – ой,қ
Әне аю келеді.
Құмырсқаны көреді.
Енді қайтып құтылар,
Илеуіне тығылар.

Апам үшін күнде мен, (әндете)
Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)
Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)
Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап жүру)
Сыпырамын үй үшін, (сыпырғандай)
Жуам ыдыс-табақты. (ыдыс жуғандай)
Жылай қалса бөпемді, (бөпені ұстағандай)
Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтайды)

Қане, қайсы алақан,
Біз – кішкентай. (балапан)
Аралардың нәрі,
Бау-бақшаның сәні. (гүл)
Тік, тік, тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте. (шырша)
Менің тұрақты мекенім,
Сәнді етіп жүремін. (үй)

Санайық жаңаша,
Бір, екі, үш!
Желбіре жалауша,
Достықта біздің күш.

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.

Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы,
Желмен бірге ырғалған.

Тепе-теңдік жолменен,
Арасында мен келем.
Бір, екі, үш, төрт,
Келе жатқан жете алмай,
Мынау бздің мекен-жай.

Математикалық есептер мен тақпақтар және жұмбақтар.

Жан-жаққа кетті зымырап,
Мысықтан қорыққан тышқандар:
Қорапқа кірді біреуі,
Соңынан кетті екеуі.
Тығылды сонда нешеуі?

Екі балапан тұр,
Екі балалапан отыр.
Шатаспай тез ойлансақ,
Тура тауып атасақ,
Тұрғаны бар, отырған –
Барлығы қанша балапан?

Төменде үш қаз ұшады,
Үшеуі бұлтты құшады,
Өзеннен көрдік екеуін.
Айтқын, қаз нешеу екенін?

Аулада жүр балалар:
Самат, Арнат, Сашалар,
Келді және оларға
Сәуле, Шолпан ойнауға.
(Аулада барлығы қанша ұл бала ойнауда?)

Келеді көп құс ұшып;

Кептер, аққу, қос шымшық.
Сауысқан, қарға, торғай да,
Ұшып жүр осы тоғайда.
Қанша құс бар қосып шық.

Бір көжекке бір көжек
Келе қалды қонаққа,
Бес сәбізден бірден жеп,
Тойып алды тамаққа.
Айта қойшы алғырың
Қанша сәбіз барлығы?

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі – қайың астынан.
Біреуі – терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?

Қасқыр қақты қақпаны.
-Ашыңдар тез! – айтқаны.
Сол-ақ екен, лақтар –
Титтей-титтей шұнақтар
Жан-жағына жүгірді,
Жасырынып үлгерді:
Бірі – төсек астына,
Бірі – пештің қасына,
Бірі – сәкі астына,
Бірі – астына кереует,
Бірі – тапқыр керемет
Отыр күбі түбінде.
Қанша лақ бар бұл үйде?

Үйшікте мына бір сәулетті
Тұратын қай мықты әулеті?
Мен – тышқан-шиқылдақ,
Мен – қоян-желаяқ,
Мен – түлкі-керіммін,
Мен – қасқыр-серімін.
Бәріміз тұратын көңілді,
Қажетті сәулетті көр үйді!

.

Мен екімін балалар,
Екі деген баға бар,
Аз болған соң талабы,
Үлгіре алмай қалады.

Жаңғалақтың, жалқаудың,
Алаңғасар аңқаудың,
Алатыны екілік,
Басын шайқап өкініп.

Бірім артық екіден,
Аздығыма өкінем,
Кедерлі аттай тұсалып,
Жүр біреулер, «үш» алып.

Достар мені «төрт» дейді,
Беске бірім жетпейді.
Бірақ үшке ағамын,
Жақсысымын бағаның.

Оқуға дос барғанда,
Риза мені алғанға,
Қуанады мамасы,
Төрт алғанда баласы.

Жараспайды бір сарын,
Өзің тап төрт мысалын,
Ол үшін түрлі аңдарды,
Еске түсір малдарды.

Әр қолда саусақ бес-бестен,
Шықпас тегін ол естен,
Біліп соның шамасын,
Мысал ойлап табасың.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.