Жаңа сабақтар

Иманалиева Камчат Берикбаевна

Иманалиева Камчат Берикбаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

«Жамбыл ауылындағы №12 орта мектебі»ММК

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Өнер

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы «Өнер-білім бар жұрттар» Ы. Алтынсарин
Оқу мақсаттары 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту…)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Өз ойын көркем-бейнелі сөздермен жеткізеді

Көпшілік оқушылар: Өлеңді пайдаланып, жұмбақ айтыс құрастырады

Кейбір оқушылар: Орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзетеді

Бағалау критерийлері
  • Сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады
  • Өлеңді пайдаланып, жұмбақ айтыс құрастырады
  • Орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзетеді
Тірек сөздер Өнер, білім,айтыс өнері
Құндылықтарды дарыту Топтық,жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру. Өмір бойы білім алу, ашықтық құндылықтарды насихаттау.
Пәнаралық байланыстар Сөйлемнің тыныс белгілері, сөздердің дұрыс жазылуы, сөйлемдегі сөздердің байланысы арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта,үнтаспа
Алдыңғы білімді игеру Өлеңді мәнерлеп оқиды, сұрақтар құрастыра алады, сөздердің дұрыс жазылуын біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

1-7 минут

Топтарға бөлу:
Түстерді таңдау арқылы топтарға бөліну

Ширату тапсырмасы:«Еден-төбе-мұрын» ойыны

Ойынның шарты: Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және “төбе”, “еден”, “мұрын” деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.

Тақырыпқа болжам жасау

Қосымша 1

Слайд №1-4

https://www.google.kz/search?rlz=1C1DVJR_ruKZ800KZ800&tb

Қосымша 2

Сабақтың орт

8-15 минут

16-21 минут

22-30 минут

31-36 минут

Ой қозғау

-Ыбырай Алтынсарин кім?

-Ол туралы не білесің?

1-тапсырма

(Ө) Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін оқушыларға оқуды тапсыру. Барлық оқушы өлеңді оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделеуге жұмыс жүргізіледі. Мысалы, түсініксіз сөздер түсіндіріледі.

Саралау: Қабілеті төмен оқушыларға өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады.

ҚБ «Жұлдызша»

Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату

2-тапсырма

Сұраққа жауап (ЖЖ) «Қағаздағы сұрақтар»

Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді

-Ы.Алтынсарин кімдерге бата берді?

  • -Ата-анаңның жұмысын жеңілдету үшін не ойлап табар едің?
  • Саралау: Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.
  • ҚБ. «Жарайсыңдар!», «Өте жақсы», «Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау

3-тапсырма

(Ө) «Поэзия минуты» әдісі арқылы өлеңді пайдаланып, жұмбақ айтыс ұйымдастыру

Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге

Күн жарымда барғызған.

Ол не?

Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге

Күн жарымда барғызған-

Пойыздар ғой зырлаған

Саралау. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі.

ҚБ «Қол шапалақтау»

4-тапсырма (дәптермен жұмыс)

(Ө; Ж) «Еркін жазу» әдісі «Өнер-жігіт көркі»тақырыбына өз ойларын жазады.Жұмысты жеке жазуға уақыт беріледі. Жұпта талқылайды, бір – бірінің жұмысын талдайды. «Ыстық орындық» әдісі арқылы топ алдында өз жұмысын оқиды.

Саралау. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар сөз тіркестерін жазуы мүмкін. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.

ҚБ «Бір-бірін бағалау»

Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды. Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.

Қосымша 3

Слайд №5

Слайд №6

Сабақтың соңы

37-40 минут

«Кемпірқосақ»

Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі күлгін түстен жоғары орналасқан қызыл түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.

Қосымша 4

Слайд №7

https://www.google.kz/search?q=картинки+радуга+для+детей

стикер

Саралау

1-тапсырмада Тапсырма арқылы саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушылар өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады.

2-тапсырмада

Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

3-тапсырмада

Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі.

4-тапсырмада

Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар сөз тіркестерін жазуы мүмкін. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.

Бағалау

«Жұлдызша» әдісі

«Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,«Керемет!» өздерімен мадақтау арқылы бағалау

«Қол шапалақтау» әдісі

«Бір-бірін бағалау»әдісі

Дескриптор

-сөйлеу барысында көркем сөздерді орынды қолданады;

-берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді;

-сұрақтардың негізінде ой бөліседі;

-өлеңді пайдаланып, жұмбақ айтыс құрастырады

-орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзетеді

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сабақтың тақырыбы: Зат есім Уақыты: Мұғалім:Иманалиева Камчат

Берикбаевна

СЫНЫП: 3 «А» Қатысқан оқушылар саны: 20 оқушы Қатыспаған оқушылар саны: —
Сабақтың негізделген мақсаттары: Зат есім не екенін білу, оның қандай сұрақтарға жауап беретінін түсіну
Күтілетін нәтиже. 1-денгей (білу, түсіну) Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Зат есімге мысал келтіреді, сөйлемнен тауып, астын сызады, көпше түрін біледі
2-денгей (қолдану, талдау) Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Семантикалық картамен жұмыс жасайды, зат есімді басқа сөз таптарынан ажыратады
3-денгей (жинақтау, бағалау) Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Зат есімдер сөйлемнің қандай мүшесі болып тұрғанын анықтайды.
Тілдік мақсат: Сөздердің дұрыс айтылуы.
Ресурстар: Оқулық, ақ қағаз, маркер, бағдаршам, «», стикер, бағалау жапсырмалары, семантикалық карта, кір жуғыш, қыстырғыш, жіп, киім-кешектер, топ аттары .
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, дүниетану, әдебиеттік оқу, еңбекке баулу
Алдыңғы оқу Зат есім
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ барысы және жоспарланған уақыт Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

3 минут

Сәлемдесу

Журнал толтыру, балаларды түгелдеу.

Шаттық шеңберін құру. Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру:

Қол алысып, қане, біз.
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!

Топқа бірігу: таратпалы кеспемен

1-топ: Зат есім

2-топ: Сан есім

3-топ: Сын есім

4-топ: Етістік

Бағалауды түсіндіру «Бағдаршам» әдісі

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ (5 минут)

1-деңгей (білу түсіну):

Өтілген тарауды қайталау

5-жаттығу. 29-бет

Сауытты жазу

Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады.
2-деңгей (қолдану талдау): Зат есімдердің астын сызу Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады
3-деңгей (жинақтау, бағалау): Зат есімдер сөйлемнің қандай мүшесі болып тұр?

Сызықшаның қойылу себебін түсіндір

Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады.
ЖАҢА САБАҚ

15 минут

1-деңгей (білу, түсіну) (білу түсіну):

«Көпір» тапсырма

«Кір жуу» стратегиясы
1. Оқушы, алма, кітап сөздерінің көпше түрін айт.
2. Не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді айт.
3. Кім? деген сұраққа жауап беретін сөздерді айт.
4. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой.
… мөңірейді. … кісінейді.
5. Мақалдың жалғасын тап: … – білім бұлағы.
6. Зат есім деген не?
7. Зат есімнің сұрақтарын ата.
8. Зат есімнің көпше түрінің сұрақтарын ата.

Сергіту сәті 3 минут «Табиғат құбылыстары» Ой сергітеді, шаршағандары басылады
Сабақты бекіту 15 минут

1-деңгей (білу, түсіну)

Семантикалық картамен жұмыс:

Сәйкесін тауып, белгі қою

Сөз таптары Зат есім Сын есім Сан есім Етістік
алма
барды
жеті
қызыл
оқушы
оқыды
қоңыр
он
Жұптық жұмыс. Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады.
2-деңгей (қолдану, талдау) Оқылықпен жұмыс.

Зат есім тобына: 1- жаттығу. Өлеңді жатқа жазу. Зат есімнің жекеше түрінің астын бір сызықпен, көпше түрін екі сызықпен сыз.

Сын есім тобына: 2- жаттығу

Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрағына жауап жаз

Сан есім тобына: 3-жаттығу. Пайдалы қазбаларды және жеміс аттарын теріп жаз.

Етістік тобына: 4-жаттығу. Баланың жауабынан зат есімдерді тап. Ол сөздерге сұрақ қой.

Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады
3-деңгей (шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар) Әр топ өз тобын постер арқылы қорғауды тапсырады. Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалармен қортындылайды. Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

5 минут

1-деңгей (білу, түсіну):

5-жаттығу (32-бет). Сөздерді оқу. Сөздерді топқа бөліп жазу. Тапасырманы орындағанға «3» баға қойылады.
2-деңгей (қолдану, талдау): Осы сөздер тобының қайсысы көзге көрінеді, қайсысы көрінбейді? Тапасырманы орындағанға «4» баға қойылады
3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар) Сөздер қай сөз табына жатады? Оны сен қалай анықтадың? Тапасырманы орындағанға «5» баға қойылады
Бағалау Өзін-өзі бағалау Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс «Көңіл күй» Стикерлерді жабыстырады
Рефлекция
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды.
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды.
Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз.

Иманалиева Камчат Берикбаевна

Білімді ұрпақ – ел ертеңі

Ел ертеңі бүгіннен басталатынын терең түсінген дана халқымыз ежелден «Бала – өмір жалғасы» деп біліп, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.

Егеменді еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасын дамытатын,бүкіл әлемге Қазақстанды паш ететін бүгінгі жас ұрпақ. Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды бойында ұлттық құндылықтар бар, сақталған жеке тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, сан қилы өмірде аяғынан тік тұрып кететініндей түрткі жасауымыз қажет. Сол себептібарша ұстаздардың, ата-ананың, қоғамның міндеті әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру.Қазақ халқының ағартушысы М.Жұмабаев «…Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»,- деген. Бұл үлкен міндетті орындауда ұстаздардың ролі жоғары болу керек. Ол ең алдымен мұғалімнің даярлығына,оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.

Тәрбиеші-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып,арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу-тәрбиешінің басты міндеті. Тәрбиеші жан-жақты жетілген білімді, әдістемелік шығармашылық шеберлік иесі, халықтық дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін әлеуметтік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресе осы кәсіби білік дағдыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады.

Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару үшін сынып жетекші ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып тәрбие жұмысын жүргізген абзал.

Қазіргі таңда мұғалім болу, тәрбиеші болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды. Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Я.А.Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған,күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес». Балалардың санасы мен мінез- құлқының қалыптасуына тәрбиешінің жеке басының, оның моральдық бейнесінің атқаратын рөлі орасан зор. Бұл әсерді өзінің күші жағынан ешнәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл- ерекше құдіретті күш. Орыстың ұлы педагогі Д.К.Ушинский «Тәрбие де барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуге тиіс.Ешқандай жарғы және бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасанды орталығы қаншалықты жетілдірілгенімен тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес. Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес»деп жазды. Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі. Ерік-қайраты күшті, қазіргі заман талабында өмір сүре алатындай мінезге бай жас өспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің өзінің жеке басы сол талаптарға сай болу керек. Тәрбиешінің жеке басында сөз бен істің арасында алшақтық болмау керек.

Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. С.А. Назарбаеваның «Ұстаздан ұлағат»атты кітабында: «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен,баланың сезімін оятып,әсершілдігін дамыту сезімді тәрбиелеу-баланы қоғамдық мәні бар,адамдарға жақсылық әкелетін қылық-қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз-адамзатқа қызмет ету»,-деп жазылған.

Бала тәрбиесі ең алдымен,аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар,тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор. Яғни,мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Ф.М.Достоевскийдің «Өзіңнен өзіңді ізде,өзіңе өзің бағын,өзіңді өзің тани біл»,-дегеніндей,әр мұғалім өзінің бала болғанын,өзінің ата-ана екенін,өзінің оқытушы болып қалыптасып келе жатқанын ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырса,өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Н.А.Добролюбовтің «Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса,оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады, оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады демек барлық тәрбие жұмысы игілікті болады»,-деп айтқанындай,баламен кездескен сәттен бастап,оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін,онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал. Сонда ғана ел білікті, парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады.

Тәрбие кезеңдеріндегі оның өзіне тән заңдылықтарын сәтті жаңашыл тұрғыда шығармашылықпен пайдалану ұрпақ тәрбиесінің жемісті болуының ең үлкен кепілі болмақ.

Қазақстан Республикасының баянды да тәуелсіз мемлекет болу үшін ұлттық құндылықтар тәрбие арқылы халық педагогикасынан нәр алып, адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген,таза ұлтжанды азамат керек. Қазақ мемлекеті үшін бар білімі мен қабілетін сарп ететін, елін, туып-өскен жерін, тілін, халқының тарихын, дінін, мәдениетін біліп,құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу,жалпы жұртшылық,әкімшіліктер мен білім беру мекемелерінің басты міндеті. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» деген сөзін басшылыққа ала отырып, «Менің Отаным-Қазақстан» деп ойлайтын әрбір азамат ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіретін тәрбие жұмысын жүргізуі міндетті.

Ал ұлттық тәрбиеге тікелей ықпал жасайтын білім ордалары, отбасы, қоғам, орта.Сол себепті барша қауымға, соның ішінде ұстаздар қауымына«елім, туып-өскен жерім, мен Қазақстан Республикасының азаматымын» деп жүрегі соғатын ұрпақ тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін оқып-үйрену,оны жүзеге асыру міндеті жүктелген. Қазақстанның болашағы — Ұлтжанды,адами құндылықтарды бойына жиған,қиыншылықтан жол табатын,экономикалық бәсекелестікке қабілетті,ары таза иманжүзді,біреудің қолдауынсыз өз еңбегімен білім алған,елі мен жерін сүйетінін атқарған ісімен дәлелдеген жастарды көргіміз келеді.Оған үлкен көмегін тигізетін тәрбие түрі-Ұлттық тәрбие беру, жас ұрпаққа сана-сезім мен сенімді қалыптастыру.Ол үшін жастарға ұлттық тәрбиені ел-жұрт, қоғамдық орын, ата-ана болып,жан-жақты ойлана отырып берсек,біздің де,мемлекеттің де көркейетіні даусыз.

Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабамыздың мол мұрасымен яғни ұлттық құндылықтарымен сусындату-біздің басты парызымыз. Демек,ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып, тәрбиелеу арқылы сынып жетекші ұлттық тұлғаны қалыптастырмақ.

Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек,мектеп жасы балаларының тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына отбасы мен бірге тәрбиешінің де рөлі ерекше .

Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу дегеніміз-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,дүниетанымын,өнерге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.

Бүгінгі жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде,ұлттық тәрбие,ұлттық рухты сақтап қалу-үлкен міндет.Бұл орайда дайын материалдар, тұжырымдамалар, бағдарламалар өте көп, бірақ нәтиже шамалы. Оның себебі толық қанды,жүрек жарды жұмыс жоқтың қасы. Балабақшадағы екінші ата – ана, тәрбиеші аянбай еңбек ету керек.

Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар екені даусыз. Сондықтан сол мол тәжірибені пайдалану педагогика мен психологияны жете біліп қана қоймай, шығармашылықпен жаңашылдық көзқараспен еңбек етуге тырысып,ең бірінші жаны таза,рухани биік,адамгершілігі мол,халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеу-сынып жетекшінің міндеті. Ғұлама Абайдың өсиеттерін жете түсініп, өз тәжірибесінде тиімді пайдалану.

Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті,өз Отанының азаматы болу керегі екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс.Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі,Солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып,өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да,түсінікті ете алады.Сондықтан әрбір ұстаз өз кезі мен өткеннің талаптары,объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап,оны жинақталған тәжірибе арқылы тәрбиелеп отырып,өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игерте түсуі керек.

Ұлы педагог К.Ушинский « Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген.Ешқандай жарғы да,бағдарлама да оның орнын баса алмайды»-деп текке айтпаған.

Ендеше еліміз тәуелсіздікке қолы жеткен қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі негізгі міндет-ұлтымыздың таным құндылықтарын бойына сіңіріп,салт-дәстүр,әдет-ғұрып мәйегін ұрпақ санасына егу арқылы тәлім-тәрбие беру.

Ұстаз қолында адам тағдыры,болашақ ел тағдыры тұрады. Сол себепті заман талабына сай шығармашылықпен жаңашылдықпен сан қилы тәрбие жұмыстарын жүргізу –тәрбиешінің басты міндеті.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.