Жаңа сабақтар

Бектыбаева Толгынай Жангельдыевна

Бектыбаева Толгынай Жангельдыевна

Көкшетау қаласы № 7 «Айша» балабақшасы

Тәрбиеші

Тақырыбы: «Қар құпиясы»

Мақсаты:

  1. Білімділік: Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту.
  2. Дамытушылық: Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Балаларды тазалыққа, ұйымшылдыққа, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
    Әдіс — тәсіл: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ — жауап, ойын.
    Сөздік жұмыс: Ақ ұлпа қар, Аққала.
    Керекті құралдар: Қыс мезгілінің суреті, мұз, қар, слайд.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Дөңгеленіп тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық,

Ақ қар қолға алайық

Барлығымыз ойнайық

Әсем күлкі сыйлайық.

Балалар шеңбер бойына тұрып қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Сұрақ-жауап арқылы әңгіме жүргізу:

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер шешуін табыңдар.

Шанамен зырлап жүретін
Шаңғы коньки тебетін
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

(Қар)

Ол не?

— Қазір қай жыл мезгілі?

— Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?

— Қыс мезгілінің неше айы бар? Қандай айлар?

— Қыста не жауады?

— Қармен қандай ойындар ойнайсыңдар?

(Слайдпен жұмыс)

— Қардан не жасаймыз? (Суретпен жұмыс)

Жарайсыңдар балалар.

Ал, балалар, сендерді бүгін менімен бірге «қысқы» орманға саяхатқа шақырамын. Қысқы орманға саяхатқа шыққыларың келе ме? Ендеше орман тұрғындарына қонаққа барайық.
Ендеше 1, 2, 3, дегенде бәріміз поезға айналайық.
Міне, біз «қысқы» орманға да келіп қалыппыз. Айналамыздан не көріп тұрмыз? Балалар, міне қараңыздар, тоңып отырған қоян. Қар жамылған ағаштар, аңдар, аппақ қарлар.

Қыста айнала ақ көрпеге оранып, тап-таза күйге енеді. Балалар, көрдіңіздер ме орманды қалың қар басып, қоянның үйін қар басып тастапты, ол өз үйіне кіре алмай отыр, қардан тазалап береміз бе?
Міне бізде күрек бар, қане, балалар, еңбектенейік.
Жарайсыңдар балалар, енді қоян үйіне еркін кіретін болды. Балалар тонып қалған боларсыңдар,
қане, бәріміз топқа оралайық.

(пойызбен қайта оралу)

Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

Шаршаған боларсыңдар, енді барлығымыз сергіп алайықшы.

Сергіту сәті:
Ішік, пима, қолғап бар

Арада жоқ тоңғақтар

Баста қалың малақай,

Біз тоңбаймыз алақай.

Балалар енді біз аппақ қарға зерттеу жасап көрейік.

— Балалар қарды жеуге болады ма?

— Қар қайдан жауады?

— Қар қандай пішінге ұқсайды?

— Қардың иісі, дәмі бар ма?

Балалар қарды жылы жерге кіргізгенде ол ериді, суға айналады. Ал суды суық далаға шығарған кезде ол мұзға айналады.

Ойын: «Аққала»

Шарты: Балалардың барлығы кезекпен аққаланың дене бөліктерін құрастырады.

Қыс мезгілі.

Қар

— Қазір қыс мезгілі.

— Суық, боран соғады.

— Үш айы бар.

Желтоқсан, қаңтар, ақпан

— Қар жауады,

— Шанамен ойнаймыз

— аққала жасаймыз.

— Ия.

Балалар қуанады. Таңырқай қарайды.

Ия.

Қар тазалай бастайды.

Ия

Сергіту сәтіне сай қимылдар жасайды.

Жоқ.

Аспаннан.

Дөңгелекке, жұлдызшаға.

Ойынға белсене қатысады.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Қорытынды:

— Қазір қай жыл мезгілі?

— Қыста не жауады?

— Қардың түсі қандай?

Біз сендермен не жасадық?

Сендерге бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?

Белсенді қатысқан балаларды мақтап, мадақтау. Осымен біздің бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыс мезгілі, қар құпиясы туралы.

Игереді: қыс мезгілі туралы, қардың қасиетін.

Меңгереді: табиғаттаға еңбекті, табиғатты сүюді.

ЭССЕ

Арт терапиясының маңызы.

Бала балабақшаның жүрегі. Балалардың жан дүниесі, қабылдауы әр түрлі. Оның барлығы балалардың жеке даму психологиясын айқындап, көрсетеді. Баланың шығармашылық қабілетін, даму деңгейін, құштарлығын, белсенділігін анықтаудың жолдары өте көп. Қазіргі таңда кеңінен тараған психитерапияның бір саласы ол – «Арт терапиясы».

Арт терапия – термині «өнермен емдеу» деген мағынаны білдіреді. Оны ең алғаш қолданысқа енгізген Адриан Хилл болды. Бұл терапия баланың тек шығармашылық қабілетін дамыту ғана емес, сонымен қатар баланың бойындағы барлық ресурстарының мүмкіндігін ашуға жағдай жасау. Арт терапия – баланың жан дүниісіне шығармашылық жұмыстар арқылы әсер етуді білдіреді.

Арт терапияның көптеген бағыттары бар. Олар: музыкатерапия, сурет терапиясы, битерапия, кинотерапия, драмтерапия, библиотерапия, куклотерапия. Бұл бағыттар жеке дара әдістеме ретінде де және көмекші әдістеме ретінде де қолдана береді.

Арт терапияны көбінесе бала эмоционалды күйзеліске түскенде, басқа балалармен немесе бөгде адамдармен қарым-қатынаста қиналатындарға, өз өзіне сенімсіз, ұялшақ балаларға қолданған жөн. Бұл терапия баланың өзінің шығармалары (сурет, мүсін, картина, ән) арқылы жүзеге асады.

Бала өзінің ішкі сезімін сөзбен ғана емес, сонымен қолға қылқалам немесе карандаш алып сурет салу арқылы білдіре алады.. Бала сурет салу арқылы өзінің ішкі жан дүниісін, көңіл-күйін білдіреді. Егер де бала бір нәрсеге ашулы, масасыз, көңіл-күйі жоқ болып сурет сала бастаса, оның бойында тек жағымсыз эмоциялар басым болып, бала үрейлене бастайды. Түстерді таңдауы да көп нәрсені білдіреді. Мысалы: қызыл түс – ашулы, қара,– көңіл күйінің жоқтығы, сұр – мазасыздығын білдіреді. Кейбір жеке түстер баланың жеке ішкі сезім күйін, мысалы: сары мен қызыл көтеріңкі көңіл күйді, жасыл – тыныштықты, сабырлықты білдіреді. Сурет салу кезінде баланың көңіл-күйін көтеруге, қуаныш сезімдерін оятуға болады. Арт терапия арқылы баланың бойындағы қабілетті ашып, шағдауға болады. Ал шығармашылық қабілеттер баланың қиял байлығымен, ой өрісімен, айналаға деген көзқарасымен өзінін ішкі жан дүниесін көрсетуін сипаттайды. Демек бала шығармашылығын дамытуда арт терапиялық әдістемелерді қолдану маңызды.

Тәрбиеші:Бектыбаева Толгынай Жангельдыевна

Тақырыбы: Өрт – қауіпті заттар!

Білім беру саласы: Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға өрт туралы түсінік беру. Өрт тілсіз жау,өрттен сақтану жолдарын үйрету. Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру, өз өмірлері үшін жауапты екенін ұғындыру.

Дамытушылық: Кенеттен пайда болатын жағдайларда керекті телефон нөмерлерін жатқа айтқызу, тақпақ, сурет арқылы ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларға жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, әдепті және байыпты сөйлеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа үлкеннің айтқанын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбер, әңгімелеу, түсіндіру, сурет бойынша әңгіме қортындылау.

Көрнекілігі: АКТ

Қостілділік: Өрт-пожар, сіріңке-спичка

Сөздік жұмыс: Разетка, газ плитасы.

Оқу қызметінің кезеңдері: Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң достым,
Қайырлы күн болсын.
Ісіміздің әр кезі,
Сәттілікке толсын!

Бірге қайталап, сәттілік тілейді.
Ұйымдастырушы ізденістік Балалар бүгін бізде ерекше оқу қызметі.

Тосын сәт: Топқа қолында сіріңке мен оттығы бар Қоян келеді.

Қоян: Қалайсындар балалар, сендер не істеп отырсыңдар көңіл- күйлерін жоқ, жүр кеттік ойнаймыз, менде мынадай оттық пен сіріңке бар.Жүріндер ойнайық.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе Қоян қош келдің,сіріңкемен ойнауға болмайды, өрт қауіпсіздігін білу әр баланың міндеті!, сен бізбен болып оттықпен ойнаған қандай қауіпті екенін түсін.

Балалар, от деген сөз өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От — өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылық қасиетіміз жоғалады. Оттың сол сияқты зияны да бар. Өрт біздің жауымыз.

Балалар өрт тілсіз жау. Біз үлкендердің көмегінсіз үйдегі газдың,сіріңкенің,разетканың қасына жақындауға болмайтынын білуіміз керек.
Балалар біз әрқашан өрттен сақтануымыз керек. Егер де байқаусызда өрт шықса не істеу керек? Тақтаға назар аударту. (видеоролик көрсетіледі)

Сөздік жұмыс, қостілділік.

Ойын: «Қауіпті және қауіпсіз заттар»

Сандықтың ішінде бірнеше заттар бар. Енді мұқият қара, осы заттардың ішінде қайсысын сендерге ұстауға немесе пайдалануға болмайды? сол заттарды табу.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Сендер от туралы жақсы біледі екенсіңдер, енді орнымыздан тұрып шамалы сергіп алайық.

Сергіту сәті: Өрт пен түтін айнала

Қарап тұрма жай ғана

Тез хабар бер 101-ге

Уақытты сен байлама

Тәрбиеші:Өрттен сақтану туралы бекітіп,балалардың мақал — мәтелдерін тыңдайық

Қоян: Жарайсыңдар балалар! Мен оттықтың, шырпының ондай қауіп тұдырады деп ойламаппын, енді оттықпен, шырпымен ойнамаймын. Рахмет сендерге келгенім қандай жақсы болды, сендерден көп зат үйрендім, білдім. Енді мен кетейін, сау болыңдар!

Балалар қоянға таңдана қарайды.

Сәлеметсіңбе!

Өрт шыққан кезде не істеу керектігі туралы түсінік алады.

Сөздік жұмыс:

Разетка, Сіріңке, оттық,

газ плитасы,

өртену,алау.

Қостілділік: От — пламя, сіріңке-спичка

Балалар ойынға белсенді қатысады.

Айбар

От жақпа күйерсің

Ор қазба түсерсің

Муслима

Сумен ойнама батасың

Отпен ойнама күйерсің

Кәусар

Сақ жүрсең сау жүрерсің.

Рефлекциялық түзетушілік Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Естеріңде болсын: «Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт – тілсіз жау» Суреттерін тамашалап, өрт туралы әңгімеледі.

Күтілетін нәтиже

Біледі: Өрт болғанда өзін қалай ұстауды білді.

Игереді: Өрт пен ойнамауды, өрт шығаратын заттарды үлкендердің рұқсатынсыз ұстамауды игерді.Өрттің алдын алып не істеу керектігін игерді.

Меңгереді: Сұраққа-жауап беруді, ойынды қызыға ойнауды, әдіс-тәсілдерді қызығушылықпен орындауды меңгерді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.