Жаңа сабақтар

Аманова Толкын Жексембековна

Алматы қаласы Түрксіб ауданы

№ 76 Жалпы білім беретін мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Аманова Толкын Жексембековна

Жарқыра, жаса, жас маман!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында»», — дегені бәрімізге белгілі. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаздардың еңбегінің жемісі.Абай атамыз айтқандай «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы, мол рухани жан дүниесіне үңіле білу деп адамның өмір бойы білім алып, оны шәкірттеріне жеткізе айтып беру бұл ұстаздық қасиеттің ең жоғары жетістігі болып табылады. Сондай үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар ғұмырын ұстаздық саласына арнау әрбір адамның қолынан келе бермес іс.

Осы негізде мектебімізде жыл сайын ұстаздық мамандығын жаңа бастап жатқан жас мамандардың шеберлігін шыңдау мақсатында «Ұстаз – ұлағатты есім» атты жас мамандар байқауы өткізіліп отырады. Байқау 5 бөлімнен тұрды. Жас мамандар 5 бөлімдеде өз білімділіктерін, шеберліктерін, іздемпаздығын көрсете білді.

Бүгінгі мектеп оқушысы — ертеңгі Қазақстан мемлекетін әлемге танытар «Орта Азия барысы». Ал оның жан- жақты жетілген, құқықтық тәрбиені бойына сіңіртетін, саналы тұлға болып қалыптасуына себепкер болар ұстаздар, яғни жас ұстаздар үшін шеберлігін шыңдар әрбір іс өте маңызды болмақ.

Оқытуда интерактивті әдісті қолданудың тиімділігі

№ 76 ЖББ мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Аманова Толкын Жексембековна

Интерактивті оқытудың нәтижелілігі жеке тұлғаны дамытуға бағытталады. Топтық жұмыс ережелерін қабылдай отырып, нақты мақсат қоюға, қажетті оқу кеңістігінің қалыптасуына, оқушының таным белсенділігінің артуына, жаңаша оқуға дайындықтары жетіліп, өзара әрекеттесу дағдыларының дамуына оқушыға жай ғана ақпарат беріп қоймай, өздігінен жауап іздеп ынтымақтастық ұжым қалыптасады.Соңғы жылдары Еліміздің оқу саласында көптеген өзгерістер орын алды. Мемлекетіміз білім берудің жаңа жүйесін жасап, әлемнің барлық білім беру кеңістігіне енуде. Білім беру саласы жаппай жаңартылған оқу бағдарламасына енді. Педагогтардың теориясы мен оқу үрдісінде көптеген өзгерістер болып отыр. Білім беру саласына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым – қатынас, жаңа оқу жоспарына көшу, білімін толықтай жетілдіру, баланың өздігінен жұмыс жасауы енгізіліп отыр. Оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін тәсілдер «интер — активті» тәсілдер деп аталып отыр.

Интерактивті әдісті қолданудың тиімділігі:

  1. Оқушының ой-өрісін дамытып, қабілеттілігін арттырады.
  2. Нақтылыққа тәрбиелейді.
  3. Оқушы өзін-өзі меңгеруді, ізденуді үйренеді.
  4. Интеллектуалды жеке тұлға қалыптасады.
  5. Жеке тұлғада тапқырлық, белсенділік қалыптасады.

Педагогика ғылымында интерактивті әдістерге жататын «Дидактикалық ойындар» оқушылардың сөздік қорларын байыту мақсатында пайдаланылады.Мен өз тәжірибемде төмендегідей интерактивті әдістерді қолданамын:

  1. Миға шабуыл әдісі.
  2. Әр түрлі ойындар оқушылардың ойлауын, қабілетін дарынын дамытады.
  3. Дебат әдісі оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып, сөйлеу дағдысын қалыптастырады, өз ойын жеткізіп қана қоймай шешімін тауып дәлелдейді.
  4. Электронды оқулық.

Интерактивті әдістердің тиімділігін төмендегідей нәтиже көрсетті:
— ойындар оқушыларды инновациялық іс-әрекетке кіргізеді, өзін-өзі тануына түрткі болады.- жеке тұлғалық қасиеттерін дамытады (дарыны, қабілеті);
— өзін-өзі басқара білуі, өз бетімен алдындағы мақсатқа жетуін ұйымдастырады;
— алғырлық, тапқырлық, шапшаңдық, жинақтық қасиеттерін дамытады;
— білімді тереңдетеді, толықтырады;
— сөздік қорлары баийды, ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіреді.
Оқушылардан шешу үшiн кейбiр нақты дұрыс жауабы жоқ, даулы мәселелердi сұрағанда, осы сұрақ төңірегінде іздену, ойлану оқушының дамуына төмендегідей ықпал етеді:
— өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi;
— шешендiк өнерiн жетiлдiредi;
— танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын);
— сыни ойлау дағдыларын дамытады;
— өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады;
— пiкiрлердiң көптiгiн түсiнеді және т.б. деп жауап береді. — Көру, есту арқылы есте сақтау қабілетін және барлық ақпараттың жадында тез сақталады әрі ұзақ уақытқа.
Жоғарыда аталғандарды «үйрене бiлу, өмірде қолдана алу” деген ұғыммен жинақтауға болады. Яғни, үйрене бiлу – қажеттi дағды, өйткенi ол интеллектуалды тәуелсiздiктiң негiзi болып табылады және барлық дамыған және дамушы елдердегi азаматтар үшiн қажет.
Екінші жағынан, құстың қос қанаты сияқты оқушының да екі сүйеніші бар: бірі – оқи алуы болса, екіншісі – оқығысы келуі. Бірінші тірек баланың дербестігін құраса, екіншісі белсенділікті береді. Оқушыларға дайын жауаптары бар тапсырмалар бергенде, олардың танымдық белсендiлiк деңгейi жоғары болмайды. Ал, өз ойын тиянақтап, оны қорғау кезiнде танымдық белсендiлiк деңгейi әлдеқайда артады.
Өзара әрекеттесу үрдісінің негізгі мәні өзара тәжірибе алмасу болмақ. Өйткені, сыныптағы оқушылардың белгілі бір салада ортақ білімдері бар болғанымен, олардың тек өздері ғана білетін білімдері де бар екені айқын.
Танымдық iскерлiктi қажеттi интеллектуалды дағдылар деңгейiне қарай жіктеуге болады. Тиiмдi оқыту бағдарламасы оқушылардың төмендегi iскерлiктерiн практикада қолдануды көздейдi, олар:
— Фактiлердi есте сақтау (аса көп күштi қажет етпейдi);
— Құбылыстардың мәні мен маңызын түсiну;
— Бiлiмдердерін жаңа жағдайларда қолдану;
— Анализ (бiз бiр нәрсенi құрамдас бөлiктерге бөлу);
— Бағалау (бiр нәрсенiң сапасы туралы пiкiр бөлiсу).
Оқушының сауатты, өз ойын толық, дұрыс жеткізе алатын қоғамға бейім азамат болуы үшін осы аталған iскерлiктердiң барлығының болуы шарт.

Аманова Толкын Жексембековна

Бастауыш сынып мұғалімі

Қыз бала тәрбиесі

«Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле» — дейді дана халқымыз. Қыз баланың алдында қоғамның, елдің ұлттың тыныс тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғанын олардың санасына жастайынан құйып әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті де, білімді қыз бала тәрбиелеуіміз керек.

Қыз бала тәрбиесі өте күрделі. Қыздарымыздың рухын биіктетіп, жанын нәзік, жүрегін мейрімді, ой түйісін ұшқырлыққа жастайынан баулу керек. Қыз баланың өнерлі, еңбексүйгіш болып өсуіне бағыт беріп, өнердің түрлерін үйрету көзделеді.

Қыз бала тәрбиесін бесік тербеткен әрбір ана, білім ордасындағы немесе тәрбие мекемесінде қызмет ететін әрбір қызметкер ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып жүргізгені дұрыс деп ойлаймын.

Осы ұстанымдарды негізге ала отырып, қыз тәрбиелеуде ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, кез-келген мерекелік іс-шараларда, тәрбие сағаттарында жұмыс түрлерін өзгертіп тұрамын. Атап айтсам, кешенді сабақтар, кеңестер, сауалнамалар, байқаулар, өнер сайыстарын өткізіп, эсселер мен шығармалар жазғызып отырамын.

Сонымен қатар сыныбымызда ата-аналар мен бірлесе отырып «Қызым –қызғалдағым!» байқауын өте тартымды өткіздік.Бұл өткізген байқауымыздың мақсаты гүлдей жайнаған жас буын қыздарымыздың отбасынан алған тәрбиесін мектеп өмірінде одан әрі нәзік,кішпейіл,ізетті,үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсететіндей бағытта тәрбиелеу.

«Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойла» деген қанатты сөзді негізге ала отырып, тәрбие жұмыстарын бастауыш сынып қыздары арасында жан-жақты жүргізу барысында қыз тәрбиесінің жақсы жетістіктерін көруге болады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.