Жаңа сабақтар

Аксакалова Бахыт Камысбековна

Аксакалова Бахыт Камысбековна

Түркістан облысы. Отырар ауданы. Ақтөбе ауылы

«Қатира-Ана» балабақшасы МКҚКМ

Тәрбиеші

Ұйымдастырылған оқу кызметінің жоспары

Кіші топтарының тақырыпта ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері : Музыка

Тақырыптары : Менің балабақшам

Мақсаты : Балаларды балабақшамен музыка залымен таныстыра отырып ән,күй тыңдату, талдау , балабақша әнімен таныстыру,музыкамен байланыстыру.

Іс-әрекет кезеңдері Музыка жетекшінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Музыка залының бөлмесімен таныстырып көрсету, Балабақша туралы әннің мағынасын айтап көрсету. Бірінің соңынан бірі жүру,қимылымен кіру қимылмен билеп жеңіл жүгіріп жүреді..
Ұйымдастыру

Іздену

Музыка тыңдау: : «Балабақша бағында »К. Шілдебаев .

Тыңдау «Балабақша»

Ән айту: «Қайда екен қолымыз» Өмірбек Байділдаев «Балабақша» Т. Қоңыратбай Дидактикалық ойын: «Кане тап»«Бала,бала баламыз»Музыка залының жабдықтарымен таныстыру,суреттер, көрнекілігі.

Музыканы тыңдап ,әннің не туралы айтылып жатқанын бейнелеп , көз алдарына елестету.

Балабақшада не істейміз ,ойнаймыз,ән, айтып ,би билейміз

Ойынды түсіне отырып,айтуға тырысады.

Рефлексиялық түзетушілік: Ойын :«Айгөлек»

«Музыкалық ырғақтық қимылдар» Жұптасып билеу

Би қимылдарын ырғаққа сәйкес жасауға ұмтылады Жұптарымен бірге қимылдайды.

Күтілетін нәтиже: Балабақшамен таныстырып ұғынып тәрбиелеу.

Білу керек: Балабакшамен таныстыру .Игереді:Балабақша деген түсініктерді.

Ұйымдастырылған оқу кызметінің жоспары

Кіші топтарының тақырыпта ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері : Музыка

Тақырыптары : Менің достарым

Мақсаты : Балаларды достық туралы ұгымды таныстыра отырып ән,күй тыңдату, талдау , Дос болайық бәріміз әнімен таныстыру,музыкамен байланыстыру.

Іс-әрекет кезеңдері Музыка жетекшінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Түрлі сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдауға,бірдей қарқында ән салуға уйрету. Бірінің соңынан бірі жүру,қимылымен кіру қимылмен билеп жеңіл жүгіріп жүреді..әуенмен бірге би қозғалыстарының карапайым элементтерін орындауға уйрету.
Ұйымдастырушылық -ізденістік Музыка тыңдау: : «Не деу керек »

К. Шілдебаев . Тыңдау

Ән айту: «Бала бала ,балақан»

Дидактикалық ойын:

«Сылдырмақпен»

« Кайда екен қолымыз»

Музыканы тыңдап ,әннің не туралы айтылып жатқанын бейнелеп , көз алдарына елестету.

Достық қарым қатынасты тусіндіру ән, айтып ,би билейміз

Ойынды түсіне отырып,айтуға тырысады.

Рефлексиялық түзетушілік: Ойын :«Досыңмен жұптас»

«Музыкалық ырғақтық қимылдар»Жұптасып билеу

Би қимылдарын ырғаққа сәйкес жасауға ұмтылады .Жұптарымен бірге қимылдайды.

Күтілетін нәтиже: достық туралы таныстырып ұғынып тәрбиелеу.

Білу керек: достық туралы таныстыру .

Игереді: Достық деген түсініктерді игеру .

Меңгереді: Жұптасып билеуді меңгеру.

Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекектінің технологиялық картасы.

Күні: 09.04. 2020

Тәрбиеші: Аксакалова Б.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Кіші сала: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Кесе

Мақсаты: Заттың көлемін өрнектеуге машықтандыру. Кесені белгілі ретпен мүсіндеуге үйрету шар жасап алу, бас бармақтың көмегімен ортасын шұңқырлау, барлық саусақтың көмегімен жан-жақтарын тегістей отырып, жиектерін тарту.

Билингвальдық компонент: кесе-пиялушка

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
І кезең- мотвациялық- қозғаушы -Жұмбақ жасыру.

-Кесе-шыны, пиала

Оларсыз тамақ шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейміз?

(Ыдыс-аяқ)

-Есіктен Балақай жылап кіреді.

Балалар жұмбақты мұқият тыңдап, жауабын шешеді.

(Ыдыс-аяқ)

Балалар танданып қарайды.

ІІ кезең-ұйымдастырушылық-

ізденушілік

-Ой, Балақай саған не болды, неге жылап тұрсың?

-Мен таңғы асымды ішкелі отырып, кесемді сындырып, алдым.

-Болды, жылама.Балақай , біз саған кесе жасап береміз.

-Балалар, онда бүгін бізБалақай кесе жасап берейік.

-Маған көк түсті, әдемі өрнегі бар кесе жасап беріңдер

-Балалар, ондай кесені біз қайдан табамыз, мүмкін бізге тақта көмектесетін шығар.

-Ой, балалар, қараңдар қандай әдемі кеселер, осының ішінен ең әдемісін таңдап алып, сол кесені мүсіндейік.

-тәрбиеші жұмысты бастамас бұрын ермексазды қолдану ережелерімен таныстырады:

-Ермексазды үстелге емес, арнайы тақтайшаларға қою керек.

-Жұмыстан кейін қолды ыстық сумен сабындап жуған дұрыс.

-Тақтайша мен таяқшаныжұмыстан кейін міндетті түрде тазалаған немесе жуған жөн.

-Кесе жасау үшін ермексаздың ортасынан бөлеміз. Енді оны алақанымызға салып домалақтаймыз. Енді саусақтың ұшымен шетін кеңейтеміз және екі саусақпен шымшу арқылы түбін шығарамыз. Ал балалар, кесені мүсіндеп болсақ, біз шаршаған шығармыз. Қанеки, орнымыздан тұрып, бір сергіп алайық.

-Сергіту сәті (видео)

Шаршағанымыз басылды ма?

-Ал, енді дайын болған кесемізді өрнекпен безендіріп, әсемдейік.

-Ермексазды алып алақанымызға салып, шығыршақтап өрнек жасап орнатамыз.

-Міне, әдемі кесеміз дайын болды.

-Балақай, мынау саған арнап, жасаған кесеміз, енді мұні біз саған сыйлаймыз.

-Рахмет, балалар, кеселерін өте әдемі екен, оюлары тамаша,енді мен бұл кесемен шай ішіп отырып, сендерді еске аламын. Ал енді сендермен қоштаспас бұрын, мен сендермен бір қызықты ойын ойнатқым келеді.

-Ойын: «Шапалақ ұру»

-Жарайсыңдар, балалар, енді менің кететін уақытым болды. Мен қайтайын. Сау болыңдар!

Балақай сен жылама!-деп, балалар айтады

Болды, жылама.Балақай , біз саған кесе жасап береміз.

Балалар, ондай кесені біз қайдан табамыз, мүмкін бізге тақта көмектесетін шығар.

Ермексазды үстелге емес, арнайы тақтайшаларға қою керек.

-Жұмыстан кейін қолды ыстық сумен сабындап жуған дұрыс.

-Тақтайша мен таяқшаныжұмыстан кейін міндетті түрде тазалаған немесе жуған жөн.

-Кесе жасау үшін ермексаздың ортасынан бөлеміз. Енді оны алақанымызға салып домалақтаймыз. Енді саусақтың ұшымен шетін кеңейтеміз және екі саусақпен шымшу арқылы түбін саусақпен шымшу арқылы түбін шығарамыз. Ал балалар, кесені мүсіндеп болсақ, біз шаршаған шығармыз. Қанеки, орнымыздан тұрып, бір сергіп алайық.

-Сергіту сәті (видео)

Иа, басылды

Ермексазды алып алақанымызға салып, шығыршақтап өрнек жасап орнатамыз.

Балалар, балақайға кесені сыйға береді.

Ойын: «Шапалақ ұру»

Сау болыңдар!

ІІІ кезең- рефлексивті- түзеуші -Балалар, бүгінгі мүсіндеу оқу іс әрекетінде, біз не жасадық?

-Бізге қонаққа кім келді?

-Бүгінгі оқу іс әрекетінде не ұнады?

-Жарайсыңдар, балалар!

-Кесе мүсіндедік

-Бізге қонаққа Балақай келді

-Балақай келді, ойын ойнадық, балақайға кесе мүсіндедік

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Кесенің күнделікті қажет бұйым екенін, түрлерін біледі

Түсінеді:Кесені мүсіндеуді, көмек беруге

Қолданады: Өрнектің түрін ермексаздан жасауды

Білім саласы: Қатынас.

Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Тәуелсіздік — ел тірегі»

Мақсаты:

а) Білімділік: Балалардың тілдік қорларын байыту, ҚР Тәуелсіздік мерекесі жайлы түсінік беру;

ә) Тәрбиелік: «Тәуелсіздік» ұғымы, ҚР қоғам қайраткерлері жөнінде әңгімелеу, балалардың патриоттық сезімдерін ояту, ұжымдылыққа тәрбиелеу;

б) Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: ҚР рәміздері, ҚР картасы, желтоқсан құрбандарының суреттері, жалаушалар т.б.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Билингвальді компонент: Тәуелсіздік-независимость, Отан-Родина.

Қызмет түрі Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивация-

лық- қозғау

шылық

Ұйымдасты-

рушы-ізденіс

тік

Рефлексия-

лық-түзетуші

-Сәлеметсіздер ме?

Құрметті қонақтар, бүгін біз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, «Тәуелсіздік-ел тірегі» атты тематикалық оқу қызметімізді өткізгелі отырмыз. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

Шаттық шеңбер:

«Біз қандаймыз, қандаймыз?»

Қазақстан Республикасының әнұраны.

Тәуелсіздік күні дедік бұл күнді,

Атын атап ақын оны жыр қылды.

Сол күнменен қатар туған сәбилер,

Кішілерге аға болып үлгерді.

1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан мемлекеті Тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы еліміздің тәуелсіздігін аңсап келген. Мінекей бүгінде сол тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр.

Осыдан 25 жыл бұрын жер бетінде Қазақстан мемлекеті құрылып, көк байрағы желбіреді. Қазақстан мемлекеті 25 жыл ішінде талай биіктерден көрініп, өркендеп, көркейіп келеді.

-Балалар мұндағы суретте желтоқсан құрбандары. Осы аға-апаларымыздың арқасында егемен ел болып,көк туымыздың байрағы желбіреді. Ляззат, Ербол, Қайрат аға-апаларымыз біздің мәңгі жүрегімізде сақталады.

Тәуелсіздікке арналған тақпақтар:

-Жарайсыңдар балалар!

-ҚР президенті кім?

-Бас қаламыз қалай аталады?

-Балалар ҚР мемлекеттік рәміздерін атап беріңдерші?

Дұрыс айтасыңдар!

-Әнұранды қай кезде орындаймыз?

ҚР мемлекеттік рәміздерінің бірі ол Қазақстан туы.

-Мемлекеттік туымыздың түсі қандай?

-Туымызда не бейнеленген?

-Жарайсыңдар балалар!

Ән: «Қазақстан жалауы»

-ҚР мемлекеттік Елтаңбасында не бейнеленген?

Дұрыс айтасыңдар!

Ән: «Елтаңбасы елімнің»

Жарайсыңдар балалар! Мемлекеттік рәміздер туралы өте жақсы айттыңдар. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің парызымыз!

Тақпақтар:

Би: «Сарбаздар»

Тақпақтар:

-Жарайсыңдар балалар!

-Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Тәуелсіздігімізге қанша жыл толды?

Дұрыс айтасыңдар балалар! Бүгін сендер оқу қызметке өте жақсы қатыстыңдар. Сұрақтарға да жауап бердіңдер.

Елімізде тыныштық пен бейбітшілік болсын деген мақсатпен колымыздағы көгершіндерді Қазақстан жеріне қондырайық!(Тәрбиеші балаларға көгершіндер таратады)

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз тыныш болсын! Сау болыңыздар!

-Сәлеметсіз бе?

Шаттық шеңберге тұрады.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Жабырқауды білмейміз.

-балалар ҚР әнұраның шырқайды.

-балалар мұқият тыңдайды.

Еңлік:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі,

Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Нұрлыбек:

Тәуелсіздік елдеміз,

Қуанамыз күнде біз,

Ата-бабам қалдырған,

Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз!

Назерке:

Көк туымды қолыма,

Бүгін берік ұстадым.

Түсті бақыт жолыма,

Менің Қазақстаным!

Сержан:

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқаң Қазақстан!

Елім менің тірегім,

Құшағында гүл атам.

Мерей:

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл-қаланы.

Ардақты атамекенім,

Отаным-Қазақстаным!

Нурилла:

16 желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн,

Мерекеге ел тосқан,

Шырқатып ән салған күн.

-Н.Ә.Назарбаев.

-Астана қаласы

-Әнұран, Ту, Елтаңба

Нұрлыбек :

-Әнұран салтанатты кештерде, жиындарда, орындалады. Әнұранды барлық бала жатқа білеміз. Әнұран шырқағанда тыныш тұрып, оң қолымызды жүрек тұсына қойып шырқаймыз.

С. Кәусар:

Әнұраным, жан ұраным

Айтар әнім, айтар сөзім,

Туған жерім сағынарым,

Жүрсем егер дүние кезіп.

-көгілдір

-күн, қыран құсы, ою-өрнек

Айсана:

Біздің туымыз көгілдір түсті, тік төртбұрышты. Қақ ортасында сәулесін шашқан алтын күн бар, ол байлықтың белгісі.

Күннің астында Қыран құс бар. Ол Қазақстан қырандай биікке самғасын дегенді білдіреді.

Тудың жиегінде қазақтың ою-өрнегі бейнеленген.

Шерхан:

Аспан түстес көгілдір,

Тік бұрышты матаның,

Ортасында төгіп тұр.

Күн жаяды шапағын.

-шаңырақ, уықтар, тұлпар, бес жұлдыз бар

Айым:

— Елтаңбада шаңырақ бейнеленген. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тараған. Бұлар біздің елімізде тұратын халықтардың бірлігі. Ал қанатты тұлпарлар –ер қанаты. Жоғарыдағы жұлдызша бақытты өмірді білдіреді.

Диас:

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Балнұр:

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің, Қазақстан!

Мәңгі соғып тұратын ,

Жүрегімсің, Қазақстан!

Гүлсезім:

Отанның қасиетті тілін сүйем,

Отанның құдіретті үнің сүйем,

Отан, Отан бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!

Ерсұлтан:

Толтырған гүлге даланы, Жайнатып ауыл-қаланы,

Ардақты атамекенім,

Отаным-Қазақстаным!

Айсана:

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған,

Билігің өз қолында,

Еркіндегім -Елтаңбам.

Амина:

Көк туымды қолыма,

Бүгін берік ұстадым.

Түсті бақыт жолыма,

Менің Қазақстаным!

Аянат:

Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн,

Мерекеге ел тосқан,

Шырқатып ән салған күн.

Айым:

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік таңдары,

Бақ береді баршаға.

Алина:

Аралаймын алаңды,

Тәуелсіздік күнімен,

Батыр Қайрат ағамның,

Суретіне үңілем.

И. Алуа:

Мерекеге шығады,

Бүкіл халық біліп қой,

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік -ұлық той.

Олжас:

Астында оның қалқыған,

Қыран құстың бейнесі,

Азат елдің шалқыған,

Көңілді деп білерсің

О. Көркем:

16 желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн,

Мерекеге ел тосқан,

Шырқатып ән салған күн.

-Қазақстан

-Тәуелсіз мемлекет

-25 жыл толды

-балалар көгершіндерді Қазақстан картасына жапсырады.

-өлең шумақтарын қайталап, қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қазақстан Республикасының рәміздерін;

Болу керек: Балалардың халқына, ұлтына деген сүйіспеншілігі;

Үйрену керек: Туған елін, жерін сүюді, құрметпен қарауды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.