Жаңа сабақтар

Аруенова Насихат

Тараз қаласы Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі Аруенова Насихат

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Ө.Жолдасбеков атындағы№50 орта

мектебі

Бөлім Алгебра элементтері

Бөлімше Теңдік, теңсіздік. Теңдеу

Ортақ тақырып: Саяхат
Күні: 13.03.2020ж. Мұғалімнің аты: Аруенова Н.С.
Сынып: 1 Қатысқандар: Қатыспағандар:0
Сабақ тақырыбы Теңдеу
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сәйкес)

1.2.1.3 қосу мен азайту арасындағы байланыстар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады;

1.2.2.1 теңдікті, теңсіздікті, теңдеуді айра білу «+», «-», «=» таңбаларын қолдана білуді зерделеу;

1.2.2.2 таңдап алу әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу

Сабақтың мақсаттары:
  • таңдап алу әдісі бойынша теңдеулерді шешеді;
  • сурет бойынша теңдеу құрастырады және шешеді;
  • теңдіктегі белгісіз санды анықтайды, дәлелдейді:
Бағалау критерийлері
  • Сурет бойынша белгісіз бөліктің мәнін табады:
  • Есепті сурет немесе сызба түрінде модельдейді;
  • Теңдеу құрастырады және шешуін табады;
Тілдік мақсат Тірек сөздер:

Теңдеу

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бүтін, бөлік, белгісіз сан

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Теңдеу

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бүтін мен бөлік (белгісіз бөлік, белгілі бөлік)

-Теңдеуде белгісіз санды қалай белгілейді?

-Теңдеуді шешу деген не?

-Белгісіз бөлікті бүтінге қалай айналдырады?

Құндылықтарды дарыту: Сабақтан алған білімдерін өмірмен байланыстыру, жауапкершілік таныту;

Ынтымақтастық, сын тұрғысынан ойлау және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар: Дүниетану- дүкенге саяхат жасайды;

Жаратылыстану— таразы мен кір тасын пайдаланып белгісіз жемістің салмағын анықтайды, теңдеу құрастырады;

Музыка- Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін музыкамен айту.

АКТ қолданудағы дағдылары: сайтынан «Теңдеу» тақырыбында берілген бейнефильмді көрсету
Бастапқы білім: -Белгісіз санды табады;

-Санды өрнек пен әріпті өрнекті ажыратады.

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы: Психологиялық дайындық

Күннің көзі ашылсын.

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Ал, қанекей бәріміз,

Амандасып алайық!

Қайырлы таң! Доброе утро! Good morning!

«Сыйқырлы бестік» сабаққа қатысты бес ереже

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
  • Уақытты үнемдейміз!
  • Нақты,дәл жауап береміз!
  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Білім алушылар өрнектерді оқу арқылы топқа бірігеді

Білім алушылар қима қағаздарында берілген өрнектерге қарай 3 топқа бірігеді

1 топ Санды өрнек

2 топ Әріпті өрнек

3 топ Теңдік

«Сыйқырлы таяқ» ойыны

Ойынның шарты: Сыйқырлы таяқта қай оқушының аты жазылып тұр,сол оқушы сұраққа жауап береді

-1 сағатта неше минут бар?

-Қосудың компоненттерін ата?

-Қосуға кері амал.

— Азайтудың компоненттерін ата.

— Ұзындықты қалай өлшейміз?

— Массаны немен өлшейді?

-Сыйымдылықтың өлшем бірлігін ата?

-Уақыттың өлшем бірліктерін ата?

Үш тілде амандасу

Сабақтың ережесімен таныстыру

Өрнектерді оқу

Қима қағаздар

Таяқша, сұрақтар жазылған қағаздар

Сабақтың ортасы Бүгінгі сабақта оқушылар бүтін мен оның бөліктері арасындағы заңдылыққа сүйене отырып, белгісіз қосылғышы, азайғыш пен азайтқышы бар теңдеулерді шешуге арналған алғашқы сабақпен танысатынымызды хабарлау.

Сен:Теңдеу туралы білетін боласың

Видеоролик көрсете отырып түсіндіру

Мұғалімнің түсіндірмесі

Белгісізі бар теңдікті теңдеу дейді. Теңдеудегі белгісізді әріппен белгілейді. Теңдеудегі белгісіз сан-кіші латын әріптерімен жазылады.

Табақты таразының бір жағына 2 кг-дық кір тасын және екінші жағына 3 кг асқабақты қоямыз. Екінші жағына 5 кг-дық кір тасын қоясыз. Таразының тең салмақта екеніне баланың назарын баса аударамыз. Нені құра алатынымызды сұраймыз: теңдікті ме, әлде теңсіздікті ме. (теңдік) 2 + х = 5 теңдігін құруын сұраймыз. Белгісіз компоненті бар теңдікті теңдеу деп атайтынымызды айтамыз. Осы теңдікте бөліктің – белгісіз, ал бүтіннің – белгілі екеніне назар аудартыңыз. Белгісіз компоненттің мәнін табу – бұл теңдеуді шешу деген сөз.

1-тапсырма Топтық жұмыс

«Квест» әдісі

Сурет бойынша белгісіз бөліктің мәнін тап.

І топ

3 + х = 9 түріндегі теңдеу жазбасына назар аудару. Теңдеуді математикалық тілде оқыту. Оның белгілі және белгісіз компонентін атау. Белгісіз шама теңдеудің бүтіні ме, әлде бөлігі ме? Теңдіктен дұрыс теңдік алу үшін теңдеудегі х-тің орнына мүмкін болатын қандай санды таңдау керектігін тапқызу. Мысалы, екінші бөлігі — белгісіз. Бірінші бөлігі — 3, бүтіні — 9. Бізге қоршаудағы тақтайлар саны 9 болатындай тақтайдың суретін салуымыз керек. Барлығы 6 тақтайдың суретін салдық. Ендеше х = 6.

ІІ топ

Осылайша, ондықтармен берілген 10 + у = 50 түріндегі екінші теңдеумен жұмыс жасату. Ол суретте ондықтармен буылған санақ таяқшалары түрінде берілген.

https://i0.wp.com/img-fotki.yandex.ru/get/4429/43911121.14a/0_92387_690380aa_L.jpg?w=825+ У = https://i0.wp.com/img-fotki.yandex.ru/get/4429/43911121.14a/0_92387_690380aa_L.jpg?w=825https://i0.wp.com/img-fotki.yandex.ru/get/4429/43911121.14a/0_92387_690380aa_L.jpg?w=825https://i0.wp.com/img-fotki.yandex.ru/get/4429/43911121.14a/0_92387_690380aa_L.jpg?w=825https://i0.wp.com/img-fotki.yandex.ru/get/4429/43911121.14a/0_92387_690380aa_L.jpg?w=825https://i0.wp.com/img-fotki.yandex.ru/get/4429/43911121.14a/0_92387_690380aa_L.jpg?w=825

ІІІ топ

3 топ белгісіз қосылғышты табу керек.

Х + https://i2.wp.com/www.chitalnya.ru/upload3/871/4f6412fbae92f925769aa4b0ec397a71.png?w=825&ssl=1=https://i1.wp.com/aikarakoz.kz/wp-content/uploads/2012/05/5.jpg?w=825

Жауабы:а) х = 6 ә) у = 40 б) Х= 8

Дескриптор

теңдеуді орындағанда академиялық тілді дұрыс айтады, оқиды;

-белгілі және белгісіз компоненттерді атайды, түсіндіреді

Қ.Б. «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс жүргізеді.

2-тапсырма «Дүкенге саяхат» жұптық жұмыс

Сурет бойынша теңдеу құрастыр және оны шеш

Оқушыларға берілген тапсырманы өз еркіменшешкізу. Оларда бөлікті бүтінге дейін толықтырутәсілімен қосуға берілген теңдеуді қалай шешудіойластыру және теңдеу түсінігін бекіту .

Тапсырманы орындау кезінде қиындық кездессе, мына сұрақтарды қою:

— Таразының сол жақ табақшасындағы заттың массасы қандай?

— Оң жақ табақшасындағы заттың массасы қандай?

— Массалары тең бе? Оны қалай білдің?

— Қандай теңдік құрастыруға болады?

— Белгісіз бөлігі бар теңдікті қалай атайды?

— Алынған теңдеуді оқы.

— Сен қалай ойлайсың, ананастың массасы қандай? Теңдіктің белгісіз бөлігі неге тең?

Жауабы:х = 1 кг

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Дескриптор

  • бөлікті бүтінге дейін толықтырады;
  • қойылған сұрақтарға нақты жауап береді;
  • заттардың массаларын салыстырады,теңдеуді оқиды

Қ.Б. «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс жүргізеді.

3-тапсырма Жеке жұмыс (тапсырманы әр оқушы жеке орындайды)

«Математикалық марафон» әдісі

Шығарып көр.

Оқулықтағы иллюстрацияны мұқият қарап шығу.

— Қалай ойлайсыңдар, не істеу қажет? (Дұрыс теңдік шығатындай қосылғыштарды таңдап алу керек)

— Мұндай теңдік қалай аталады? (Теңдеу)

Теңдеуді шешу. Шешкеннен кейін жалпы сыныппен бірге тексеру. Төмендегі сұрақтарға жауап беру:

— Не белгілі? (Екінші қосылғыш)

— Ол бөлік пе немесе бүтін бе? (Бөлік)

— Екінші бөлік неге тең? (Қызыл шаршы, жасыл үшбұрыш, сары жұлдыз және көк жұлдыз)

— Бүтін неге тең? (Үш қызыл шаршыға, жасыл үшбұрышқа, сары жұлдыз бен көк жұлдызға)

— Белгісіз неге тең? (Екі қызыл шаршы)

— Неге?

Жауабы:х = екі қызыл шаршы.

І топ

Дескриптор

дұрыс теңдік шығатындай қосылғыштарды таңдап алады;

-мұндай теңдік қалай аталатынын айтады, дәлелдейді;

-қосудың компоненттерін атайды, белгісіз бөлікті табады

Қ.Б. «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс жүргізеді.

Музыкалық сергіту сәті

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Абай атамыздың «Желсіз түнде жарыық ай» өлеңін айту

https://i1.wp.com/ds04.infourok.ru/uploads/ex/00d2/00007601-14b181b7/640/img20.jpg?w=825&ssl=1

4-тапсырма Жұптық жұмыс

«Орындап көр» әдісі (Көршіңмен ақылдас)

Оқушыларға жұмысты жұпта орындату. Оқушылар кезекпен текшені лақтырады және түскен санды + х = 10 теңдігіндегі бос орынға қояды. Осылайша, 6 теңдеу алуға болады:

1 + х = 10 3 + х = 10 5 + х = 10

2 + х = 10 4 + х = 10 6 + х = 10

Жауабы: 9, 8, 7, 6, 5, 4.

Дескриптор:

• жұптар текшені лақтыра отырып, белгісіз санды табады, теңдеу құрады;

• қосуға берілген жай теңдеуді таңдау тәсілімен шешуді меңгереді.

Қ:Б «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс жүргізеді.

«Ойна да, ойла» Дәптермен жұмыс

Х неге тең? Тапсырмада суреттер мен оныңсанын сәйкестендіру керек болатын теңдеудің графикалық моделі ұсыну. Оқушылар белгісіз х-тіңмәнін таңдау жолымен табуы тиіс. Бүтін мен бөліктіңарасындағы өзара байланысты негізге ала отырып,белгісіздің мәнін анықтайды және қажетті суреттер салады.

Жауабы: 1) 1 түймедақ және 1 қызғалдақ;

2) 1 көңілді бейне, 1 көңілсіз бейне;

3) 2 жұлдыз;

4) 2 шаршы және 1 дөңгелек;

5) 2 үшбұрыш.

Теңдеуді шеш. Х-тің мәні неге тең?

Бұл тапсырмада оқушылар қосылған бөліктің мәнін табу керек. Оқушылар х-тің мәні бұл қосылған заттардың саны екенін түсінуі тиіс. Мысалы, бірінші суретте үш кітап болды, ал бірнеше затты қосқаннан соң алтау болды, яғни х = 3. Оқушылар өздері қосқан заттарды бояйды да, тағы да қосылған заттардың теңдеудің белгісіз бөлігі екеніне көздерін жеткізеді.

Жауабы:а) 3 кітап ә) 5 алма б) 2 гүл в) 2 суықторғай

сайтынан «Теңдеу» тақырыбын-да берілген бейнефильмді көрсету

Оқулық, суреттер

Суреттер, суретке қатысты сұрақтар, тірек сөздер

Таразы, кір тасы, жемістер, көкөністер

Оқулық

Текше, қалам, қағаз

Дәптер, түрлі түсті қаламдар, өшіргіш, қаламсап

Сабақтың соңы «Таңда, дұрысын тап» ойыны

Әріптің орнына сәйкес келетін санды тауып, қорша.

Дескриптор:

-белгісіз қосылғыштың мәні болатын санды анықтайды;

-белгісіз азайғышқа сәйкес санды табады;

-белгісіз азайтқышқа сәйкес санды анықтайды.

Кері байланыс.

Дәптер, түрлі-түсті қаламдар, өшіргіш, қаламсап
Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Әр білім алушының жеке қажеттілігін ескере отырып, саралау тәсілінің «Тапсырма тәсілі» бойынша барлық білім алушыларға тапсырма беріледі. Кейбір білім алушыларға күрделі тапсырма беремін.Саралаудың «Ойна да, ойла» тәсілі бойынша барлық білім алушыларға ресурстар таратылады, ал кейбір білім алушыларға тапсырмаға сәйкес ресурстар ұсынамын. Бағалау критерилерін оқу мақсатына сәйкестендіріп, нақты құрастырамын, білім алушыларды оқу мақсатына жетелейтін тапсырмалар ұсынамын. Сабақ жоспарлағанда қалыптастырушы бағалауды әр тапсырмадан соң тиімді кері байланыс ұсынып отырамын. Әр білім алушының қабілетін, жетістігін бағалаймын, қолдау көрсетемін. Қателіктерін дер кезінде түзетіп отырамын. Білім алушының алға ілгерілеуіне ықпал етемін. Сынып санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау. АКТ (интерактивті тақта) жұмыстарының пайдалану ережесі. Оқушылардың өзара қатынасын үнемі бақылау
Сабақ бойынша рефлексия
Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Осы сабақтың барысынада келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

1.

2.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.