Жаңа сабақтар

ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМ ЕҢБЕГІ


Шымкент қаласы, Абай ауданы № 26 Жамбыл атындағы
мектеп- гимназиясының география пәні мұғалімі,
11 Б сынып жетекшісі Беделбаева Гульжан Джусупбековна

Ұстаз жас ұрпақты білім нәрімен сусындатады, әрине, бала жанының — бағбаны.
Қазақстан Республикасында «Төтенше жағдай енгізу туралы» жарлығының орындалуына орай білім беру саласында наурыз айының 16-нан бастап сабақтар тоқтатылып, оқушылар көктемгі демалысқа шықты.

№ 26 Жамбыл атындағы мектеп гимназиясының ұстаздары көктемгі демалыс басталғаннан түрлі іс-шаралар ұйымдастырды. Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында «Біз біргеміз, біз үйдеміз, біз жеңеміз» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. «Бақытты отбасы» тақырыбында бейнеролик сайысы өткізілді. Барлық сыныптар аралығы қатысып, жақсы көңіл-күй қалыптастырылды. Алдын-ала хабарланған 6-шы сәуірден қашықтықтан оқыту жүйесіне көшу мақсатында әкімдіктермен бірлесе отырып, кейбір оқушыларға ноутбук, компьютерлерді уақытша пайдалануға қамтамасыз етіп, бүкіл мектеп оқушыларының қашықтықтан оқуға барлық мүмкіндіктер жасалып, 100% дайын болды.

Сабақтарды жүргізу мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай оқу бағдарламасы бойынша, сабақ кестесіне сәйкес жүргізілуде.

Сәуір айының бірінші күндерінен қызу жұмыстар басталды, ата-аналар жиналыстары, сынама сабақтар, сынып сағаттары өткізілді.

Ата-аналар, оқушылар өздерінің қашықтықтан білім алуларына белсенділік танытып жұмыстар жандана түсті. Қашықтықтан оқу жүйесінің тиімді екенін, уақытты ұтымды пайдалану және мұғалімдер берген тапсырманы өз бетінше ізденіп орындап, мерзімінде жүйелі түрде кері байланыс жасау нәтижесінде, мадақтау арқылы оқушылардың бір-бірімен жарысып, қызыға орындап, білімге деген ынталарының артқанын байқадым. Оқушылар BilimLand, Дарын онлайн платформасындағы тақырыпты бекіту үшін орындалатын тест жұмыстары мен тапсырмаларды қызыға орындағандарын аңғардым.

Менің 11 Б сыныбымдағы «Алтын белгіге үміткер» Калменов Салауат: «Пән мұғалімдері берген тапсырмаларын орындап, кері байланыс үстіндемін. BilimLand, Дарын онлайн, тест орталықтарының тест сұрақтарын талдап, ұстаздармен WhapsApp арқылы кері байланыс жасап, ҰБТ-ке дайындық жұмысын жүргізудемін»-дейді жас түлек.

Қашықтықтан оқыту барысында түрлі мерекелік іс-шаралар өткіздім. 1-ші Мамыр Халықтар бірлігі күніне, 7-ші Мамыр Отан қорғаушылар күніне, 9 Мамыр жеңіс күніне арнап оқушыларым бейнероликтер жасап, онлайн түрінде, аудио жазбаларымен айтқан әндерін және билерін басып, фейсбук, инстаграм парақшаларына салып, көпшіліктің алғысына бөленді.

Жаңа форматтағы қашықтықтан оқыту жүйесі еліміздің алдағы уақытта өркениетті мемлекеттер қатарында болуымыз — жас ұрпақты жанымен тәні таза, рухани бай, дені сау етіп, тәрбиеленумен бірге, сандық сауаттылығы артқан өз ойын еркін жеткізе алатын, бәсекеге қабілетті етіп тәрбилеудің нәтижесінде қол жеткіземіз. Жас ұрпақ тәрбиесінде мәңгі нұрдың қызметшісі, тынымсыз лаулаған жалын иесі болуымыздың нәтижесінде, Қазақстанның даму болашағына өз үлесімізді қосамыз.

Мектеп қашанда жақсылықпен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы. Сол орданың бірі, кереметтей ұжымым және мектеп директоры Гүлсара Жұмаділлақызымен осы кезеңді абыроймен еңсере алатынымызға зор сенім білдіремін. Біз біргеміз!!!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.