Жаңа сабақтар

«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ә.Молдағұлова атындағы ШЖНОМ
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Амантаева Лаура Нурашбековна

Ә.Молдағұлова атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебінде 2019-2020 оқу жылының 3.02.2020-12.02.2020жж аралығында 1-9 сынып оқушыларының қатысуымен Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өткізілді.

Онкүндіктің мақсаты: Оқушылардың бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Өзін-өзі танупәні авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту.
1-9 сыныптар арасында онкүндіктің ашылуына орай сап түзеу өткізілді.
Мектеп директоры М.Ауғанбаев онкүндіктің ашылуын салтанатты түрде ашты.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Л.Н.Амантаева іс-шараның тақырыбы мен өтетін уақытын, жауапты кісілерді өткізетін сыныптарды жете түсіндіріп өтті.
1.«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің салтанатты
ашылу рәсімі.
2 Рухани –адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның еңбек жолына арналған «Мейірім төккен ана» мектеп кітапханасы көрмесіне саяхат
3.«Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу сайысы
4«Руханилықтың мөлдір бұлағы» тақырыбындағы ана,мейірім,бейбітшілік және достық туралы балалар шығармашылық жұмыстар, суреттер,ашықхаттар,қабырға газеттер,қолдан жасалған бұйымдар көрмесі.Эссе конкурстары.
5«Сүйіспеншілікпен өмір сүру»-атты тақырыбында дөңгелек үстел.
6Спорттық ойындар(мектепаралық)
7. «Балаға жүрек жылуы» С.А.Назарбаеваға арналған тақырыптық сағаттар мен сынып сағаттарын өткізу.
8. «Ән көңілдің ажары» ән фестивалі, сахналық қойылым
9. «Қайырымдылық –жер бетінде» флешмоб өткізу
10«Мейірімді жүректер ынтымақтастығы»атты демеушілер тарапынан аз қамтылған отбасы және мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар жасау
11«Сүйіспеншілік-өмір негізі»атты жалпы Республикалық ашық сабақ
12«Мейірімге толы әлем»мерекелік концерт.Онкүндік қорытындысы.Марапаттаулар
Рухани –адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның еңбек жолына арналған «Мейірім төккен ана» мектеп кітапханасы көрмесі ұйымдастырылды.
«Руханилықтың мөлдір бұлағы» тақырыбындағы ана, мейірім, бейбітшілік және достық туралы балалар шығармашылық жұмыстар, суреттер, ашық хаттар, қабырға газеттер, қолдан жасалған бұйымдар көрмесі. Эссе конкурстары ұйымдастырылды.
«Сүйіспеншілікпен өмір сүру»-атты тақырыбында дөңгелек үстел болды.
«Балаға жүрек жылуы» С.А.Назарбаеваға арналған тақырыптық сағаттар мен сынып сағаттарын өткізілді.

«Ән көңілдің ажары» ән фестивалі, сахналық қойылым 1-9сынып арасында ұйымдастырылды
«Қайырымдылық –жер бетінде» флешмоб 1-9сынып арасында ұйымдастырылды
«Мейірімді жүректер ынтымақтастығы»атты демеушілер тарапынан аз қамтылған отбасы және мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар жасалды
«Сүйіспеншілік-өмір негізі»атты жалпы Республикалық ашық сабақтар өтілді
«Мейірімге толы әлем»мерекелік концерт болып,онкүндік қорытындысы. Жасалды.Соңында Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы » атты онкүндікке белсене қатысқан оқушылар мен сыныпиар марапатталды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.