Жаңа сабақтар

Рахметова Айтолқын Альбертқызы

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылы

«Ақбөбек» МДҰ Тәрбиеші

Рахметова Айтолқын Альбертқызы

Тақырыбы: Өө дыбысы және әрпі

Уақыты:

Мақсаты: Ө дыбысы мен әрпімен таныстыру. Бір сызықтың бойына ө әрпін жазуын, сөз және сөйлем құрастыруын қадағалау. Ауызша сөйлеу тілдерін дамыту.

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық.

Қара достым, жан-жаққа.

Дайынсың ба сабаққа?

Орнында ма қараңдар,

Кітап, дәптер, қаламдар.

Шаттық шеңбері:

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз,

Қонақтарды көргенде,

Сәлеметсіздер ме! – деп

Сәлемдесіп аламыз.

Т:-Балалар тыңдаңдаршы, бір жылаған дауыс естіліп тұр. Қәне, іздеп корейікші.

Т:-Балалар мынау бауырсақ қой. Балалар бауырсақ ертегісін білесіңдер ме кім айтып береді?

Т:-Енді біздің бауырсағымыз өзінің кінәсін, біліп атасы мен әжесінен қашып кеткендігі дұрыс еместігін түсініп үйіне қайтқысы келеді екен. Бірақ оны түлкі, аю, қасқыр, қоян ұстап алып тапсырма берген, «осыны орындасаң жібереміз»- деген екен көмектесеміз бе?

Б:-ия

Т:-Қәне енді түлкінің тапсырмасын орындап көрейік:

Тапсырма: Есепке де кіремін,

Әріп те болып жүремін. (3 саны, З әрпі)

Т:-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

Б:-Зз

Т:-Зз дыбысы қандай дыбыс?

Б:-дауыссыз, көк текшемен белгілейміз.

Т:-Мына адасқан буындарды қосайық.

Ойын: «Адасқан буындар»

Т:-Балалар Зз дыбысы кездесетін қандай сөздерді білеміз

Т:-Аюдың тапсырмасы:

Жұмбақ: Торын құрып қояды,

Шыбындарды жояды.(өрмекші)

Сарғайып отсыз піседі,

Үзіліп жерге түседі(Өрік)

Сандықтан Өөдыбысын алып көрсету. Балалар, бүгін біз Өө дыбысы және әрпімен танысамыз. Қәне, бәріміз бірге айтайықшы.

Б:-ө-ө-ө

Т:-ө-ө-ө дегенде не естіліп тұр?

Б:-дыбыс.

Т:-Ернімізді дөңгелек етіп алдыға созамыз, тіліміз ашық, тілімізді төмен түсіріп артқа созамыз.

Б:-ө-ө-ө

Т:-осы Өө дыбысы қалай айтылып тұр?

Б:-созылып.

Т:-Олай болса бұл қандай дыбыс?

Б:-Дауысты дыбыс.

Т:-Өө дыбысы бізде дауысты дыбыстар қатарына жатады, оны біз қызыл текшемен белгілейміз.

Т:-Қасқырдың тапсырмасы:

Т:-МЫна сөздерге дыбыстық талдау жасайық.

Т:-Балалар енді осы Өө дыбысы сөздердің ортасында, басында кездеседі. Қане осы дыбыс кездесетін сөздерді айтып көрейікші.

Т:-Міне балалар қараңдар мынау Өө әрпінің баспа түрі.(Жазылуын түсіндіру) Мен не салдым?

Б:-әріп.

Т:-Балалар, Өө әрпі қандай әріпке ұқсайды?

Б:-Оо әрпіне

Т:-Қандай айырмашылығы бар?

Балалар жауабы.

Т:-Қоянның тапсырмасы:

Дәптермен жұмыс.

Т:-Балалар, тақтадағы буындарды оқып көрейік.

Кө, кө, кө, кө-рік, кө-лік;

Өр, өр, өр, ө-рік, кө-мек;

Өс, өс, өс, ө-мір, кө-мір;

Көз, сөз, бөз, төз.

Т:-Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық,

Әдемі етіп жазайық.

Т:-Өө әрпін пунктирь арқылы жазу, тақтаға жазу.

Т:-Балалар бауырсақтың атасы мен әжесіне де жетіп қалдық. Міне, оларда бізге алғыстарын айтып жатыр.

Т:-Әжесінің алғысы:

Сергіту сәті: «Жан-жаққа қарады»

Т:-атасының алғысы:

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

Өө дыбысы кездесетін сөздер ойлату.

Сабақты қорытындылау:

Т:-Қандай әріп, дыбыспен таныстық?

Б:-Өө әрпі және дыбысымен.

Т:-Кімге көмек бердік?

Б:-бауырсаққа

Т:-Кімдердің тапсырмаларын орындадық?

Балалар жауабы.

Т:-Үйге тапсырма Өө әрпін дәптерімізге жазамыз.

Қызықты математика еліне саяхат.

Білім саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет түрі: қарапайым математика, құрастыру.

Мақсаты:Қызықты математика еліне саяхатқа апару. Пішіндер, сандар, санамақтар, логикалық ойындар, балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Оқытудың әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, дидактикалық ойындар.

Сабақтың көрнекілігі: пішіндер, суреттер, сандарт аңбасы, слайд – шоу.

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті,

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнекей бәріміз,

«Сәлем» дейік үлкенге.

-Сәлеметсіздерме!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Әдептен озбай үлкендермен амандасу рәсімін жасағандарың. Ол адамгершіліктің бір белгісі.

-Балалар қазір қай мезгіл?

-Қыс мезгілі

-Ал енді, балалар, бір аптада неше күн бар?

-Жеті күн

-Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Жұмбақ жасыру.

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлады,қар омбығып,

Бет домбығып, балдырғандар ойнады.

Кейде ұлып, кейде ысқырып

Ұйтқып боран соғады

Айтыңдаршы бүлдіршіндер,

Бұл қай кезде болады?

-Қыс мезгілінде.

Қызықты математика еліне саяхат.

Балалардың назарын әртүрлі математикалық суреттерге аударту.

Балалар суретке мұқият қарайды.

Сиқырлы пішіндер елі.

Балалар пішіндерге қарап, оларды таниды, әртүрлі пішіндерді пайдаланып, кез – келген заттарды жасап шығаруға болатынын біледі.

Үшбұрышты қолданып,

Төртбұрышты қолданып,

Үй жасаймыз көріңіз

Жаңа қоныс, жаңа үйге

Қуаныш пен кіріңіз.

Балалар пішіндерді пайдаланып үй құрастырады.

Д/о «дәл осындайды тап»

Балалар тәрбиешінің көрсеткен пішіндерін, көтеріп көрсетеді.

«кім жылдам құрастырады» ойын

Балалар әртүрлі пішіндерден түрлі заттар құрастырады.

«Артық, кем, тең» ойыны

Балалар көкөніс, балмұздақтарды санайды, салыстырады.

«Кім немесе не жылдам» ойын

Балаларсуреткеқарап, барлықсұрақтарғажауапбереді.

«Қаншақалды?»ойын

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Тәрбиеші: оқу іс – әрекетін қортындылап, тапқырлығы мен ойынға, оқу іс –әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мақтап, мадақтайды.

Тақырыбы: Г г дыбысы және әрпі

Мақсаты: Дыбыстар туралы балалардың білімдерін кеңейту. Сөздік қорларын молайту.

Г г дыбысы қай буында кездесетінін білдіру. Ойын ойнату барысында игерген білімдерін бекіту. Сөзге дыбыстық талдау жасату. Мақсатты ойын арқылы білімдерін тиянақтау.

І. Ұйымдастыру кезеңі

(Тәрбиеші балалармен бірге шеңбер құрып, бір-бірімен амандасады.)

-Балалар сабағымызды бастамас бұрын амандасып алайық.

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға.

Ертемен, ақ пейілмен,

«Сәлеметсіз бе?» деймін мен.

-Жарайсыңдар балалар. Енді мына допты алып «Балабақша бізді неге үйретеді?» деген сұраққа жауап беру арқылы қасымыздағы көршімізге допты береміз.

-Татулыққа;

-Санауға;

-Бірлікке;

-Әріптерді тануға;

-Оқуға;

-Ән айтуға;

-Би билеуге.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.

-Балалар өткен сабақта біз қандай әріп, дыбыспен таныстық?

-Ү ү

-Дұрыс айтасыңдар. Ү ү дыбысы қандай дыбыс?

-Дауысты

-Жарайсыңдар. Ү ү дыбысына байланысты сөздер айтайықшы?

-түлкі, үтік, жүрек, түйме, күлше.

-Балалар мына жерді қараңдаршы сөздеріміз дұрыс орналасқан ба?

-Жоқ

-Буындарымыз адасып кетіпті кім орнына қойып береді екен?

Түл кі

Жү рек

Ү тік

Түй ме

Күл ше

ІІІ.Жаңа сабақ.

-Балалар тақтаға назар аударайықшы. Бізде сөз жұмбақ тұр. Қәне, суреттер арқылы сөзжұмбағымызды шешіп көрейік?

-Бәрекелді. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер мұқият тыңдап шешуін табыңдар.

Қыр басында әрқилы,

Сары теңіз толқиды (егін)

Түскенде салқын күз,

Жинадық алтын тіс (Жүгері)

-Дұрыс айтасыңдар. Егін, жүгері сөзін буынға бөліп көрейік. Екінші буында қандай дыбыс естіліп тұр?

-Г г

-Жарайсыңдар, көрдіңдер ме Г дыбысы сөздің басында, ортасында да кездеседі екен. Гг дыбысына байланысты сөздер айтайықшы.

-Тамаша.Енді мына суретке назар аударайық Гг дыбысына байланысты заттарды тауып қоршап қояйық ?

-Бәрекелді

-Қәне барлығымыз Гг дыбысын айтып көрейікші.

-Ал, балалар Гг әріп қандай әріпке ұқсайды?

-Ғ ғ

-Дұрыс айтасыңдар. Жүгері, егін, гитара, кереге сөздерін буынға бөліп, содан соң дыбыстық талдау жасайық.

-Өте тамаша. Балалар Г г әрпі былай таңбаланады. Барлығымыз оң қолымызды алдыға созып ауада жазайық.

-Енді мында назар аударайық. Бізде мына жерде сөйлем құрау керек. Қане кім құрайды?

-Өте тамаша.

ІV. Дәптермен жұмыс

-Кітабымыздағы буындарды оқиық.

-Тамаша балалар. Г әрпін бастырып жазайық.

V. Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп, өніп толмыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды соамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Жаттығулар жасаймыз.

-Бойымызды сергітіп алдық па?

-Иә!

VI. «Үйшік» ойыны

-Балалар алдарыңда үйшік тұр және буындар, сөздер жатыр. Г г дыбысы бар буынды, сөзді осы үйшікке оқып саламыз.

-Бәркелді балалар жарайсыңдар.

VII. «Тауып бояу» ойыны.

-Балалар алдарыңда әріптер жатыр көрдіңдер ме?

-Иә

-Біз бүгін қандай әріппен таныстық?

-Гг

-Гг әрпін тауып бояу керек.

-Бәрекелді жарасыңдар.

VIII. «Жүректен-жүрекке»

-Балалар енді орнымыздан тұрып қолдарыңды жүрек тұсына қойып менімен бірге қайталаңдар.

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ащық болсын кең аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.

VIII. Қорытынды.

-Балалар бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

-Г г

-Балалар қараңдаршы Г г әрпі бізден жасырынып тұр. Тауып алайықшы.

-Жарайсыңдар балалар. Г г дыбысы қандай дыбыс?

-Дауыссыз.

-Дұрыс. Қараңдаршы мында ребус берілген шешуін табайықшы.

-Гүлнұр, Гүлсім, Айгүл, қаламгер

-Бәрекелді балалар бүгін сендер барлығыңда сабаққа жақсы қатыстыңдар.

Үйге дәптерге Гг әрпін жазып келу. Осымен сабағымыз аяқталды. Үзіліске шығуға рұқсат.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 23.11.2016

Тобы: «Алақай»

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Биік-аласа. Ұзын-қысқа»

Мақсаты: Таныс заттарды биіктігіне қарай салыстыруды қалыптастыру, (Биік, аласа), суреттегі және кеңістіктегі заттарды ажырата және атай білуге үйрету. Көлемі мен ұзындығына жағынан бір-біріне қарама-қарсы екі затты салыстыру (Ұзын және қысқа), сезім қозғалыс түйсіктері арқылы балалардың зейінін дамытуды жалғастыру.

Қолданылған көрнекіліктер:Орманнан аю келеді, ұзындығы әр түрлі ленточкалар, жуандығы әр түрлі жолақтар, А3 форматта.

Үлестірмелі: әр балаға ақ форматтағы биік және аласа салынған үйлері бар тапсырмалар, ұзындығы әр түрлі түсті (қызыл және сары) ленточкалар.

Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру, көрсету, тапсырмалар орындау, қимылды, дидактикалық ойын.

Үштілдік компанент: Биік-. Аласа-. Ұзын-. Қысқа-

Оқу қызметінің кезендері Тәрбиешінің әрекеті Баланың әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы Шаттық шеңбер.

Алақанды ашайық

Күннің жылуын салайық

Таза ауаны салайық

Жүрек жылуын салайық

Ашық көңіл күйді салайық

Осы жиған тілектерді

Бір-бірімізге қонақтарға үрлеп сыйлайық.

Алақанды ашайық

Күннің жылуын салайық

Таза ауаны салайық

Жүрек жылуын салайық

Ашық көңіл күйді салайық

Осы жиған тілектерді

Бір-бірімізге қонақтарға үрлеп сыйлайық.

Іздену-ұйымдастырушы -Балалар қай жыл мезгілі?

-Күз мезгілінің басқа мезгілдерге қарағанда ерекшелігі қандай балалар?

-Қандай құбылыстары бар?

-Күз мезгілінде қараңғы қалай түседі балалар?

-Ерте ме? Кеш пе?

-Күн нестеп бара жатыр балалар?

-Жарайсыңдар балалар!

1.Балалар ендеше экранға назар аударайықшы, экранда нелер көрсетіліп тұр?

-Үйлер дұрас айтасыңдар

-Балалар біздер қайда тұрамыз?

-Ауылда ма, әлде қалада ма?

-Қала мен ауылдың үйлері қандай болады қарайықшы?

-Дұрыс айтасыңдар балалар сендер қандай ақылдысыңдар.

Қайталайықшы балалар

-Биік, аласа.

-Балалар қарайықшы экранған биік үйдің қасында қандай терек орналасқан?

-Ал, аласа үйдің қасында қандай терек орналасқан?

-Жарайсыңдар балалар өте дұрыс айтасыңдар.

3.Қане балалар экранға назар аударайық бізге нелер берілген суретте.

-Түлкі және қоян

Дұрыс айтасыңдар

Қане түлкімен қоянның құлғын салыстырайықшы Түлкінің құлағы ұзын ба? Әлде қоянның құлағы ұзын ба?

Жарайсыңдар балалар.

Ал, енді құйрықтарын салыстырйық.

-Қайсысының құйрығы қысқа түлкінікіме, әлде қояндікі ме?

-Жарайсыңдар балалар!

Қане, бәріміз қайталайықшы.

Ұзын, қысқа

Өте дұрыс балалар.

4.Ғажайып сәт.

Аю:

-Сәлеметсіңдер ме балалар?

-Қалдарың қалай?

-Мен бүгін қонаққа барғым келіп тұр.

-Ол үшін менң әдемі галстук тағайындегенмін, мен қай галстукті тағарымды білмей тұрмын.

-Ұзын және қысқа ленталарым бар, қайсысын тағамын айтыңдаршы?

-Маған көмектесіңдерші өтінемін, әйтпесе қонақтан қалып қоятын жайым бар.

Тәрбиеші:

-Балалар көмектесеміз бе аюға?

-Олай болса қараңдаршы балалар бізге аю көптеген ленталар әкеліпті қане бәріміз бөліп алйық. Екі-екіден алйық.

— балалар түстері қандай ленталардың?

— Ал ұзындығын салыстырайықшы?

(Ұзын және қысқа).

-Қалай тексеруга болады?

-Келіп кім беттестіріп көреді.

— Қалай дұрыс беттестіру керек?

Қай түсті ленточка ұзын?

Ал қай түсті қысқа болды?

-Сендер өз алдарыныздағы ленточкаларды беттестіріп көріңіз.

Кім айтады?

Дұрыс.

-Ал сары ленточка туралы не айтуға болады?

Дұрыс.

-Ал балалар енді аюға қандай лентадан галстук тағып қонаққа жібереміз

Қызыл лентадан.

Дұрыс айтасыңдар балалар!

Өйткені сары лента галстук жасауға келмейді ол өте қысқа.

Қызыл лента ұзын, галстук жасауға ыңғайлы.Қане бәріміз галстугін сәндеп тағып берейік.

Аю:

-Рахмет көп балалар сендерге, маған үлкен көмек жасадыңдар менде ендігі жерде біліп жүремін (ұзын және қысқа).

Балалар мен сендерге тағыда керемет ойын алып келдім менің бірақ, сендермен ойнайтын уақытым жоқ оны апйларыңмен ойнаңдар жарайма балалар.

Мен асығып барамын.

Сендар маған ренжімеңдер

Тәрбиеші:

-Балалар ендеше бәріміз шаршасақ Аюмен бірге денемізді сергітіп алайықшы.

Сергіту сәті.

-Аю, аю, аю

Ұйқыдан тұршы

Беті қолыңды жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Балалар бізге аю беріп кеткен тапсырманы аяғына дейін орындайық жарайма.

Балалар бізге аюдың тапсырмасы мынадай:

Экранға назар аударайық

Бізге биік және аласа үй және биік және аласа қуыршақ берілген осы қуыршақтарды жай карандаштарымызбен сызу арқылы үйлеріне орналастырамыз.

Қалай орналастырамыз қане Ерхан айта қойшы.

-Жарайсыңдар балалар қане тапсырманы орындауға кірісейік.

-Күз мезгілі?

-Жапырақтар сарғайады, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа қайтады.

-Қараңғы ерте түседі.

-Күн қысқарып жатыр.

Назар аударып қарайды.

-Әр түрлі үйлер тұр.

-Ауылда.

-Қаланың үйлері биік,ауылдағы үйлер аласа болады

-биік, аласа.

-Аласа терек.

-Биік терек орналасқан.

Назар аударады

-Түлкі, қоян

-Қоянның құлағы ұзын, түлкінің құлағы қысқа.

Қоянның құйрығы қысқа, ал түлкінің құйрығы ұзын.

Ұзын, қысқа

-сәлеметсіз бе?

-Жақсымыз

-Ия көмектесеміз

-Ия

-Ұзын және қысқа ленталар

Қоян – заяц — hare.

-Олар әр түрлі, түстеріде әр түрлі екен. Біреу қызыл, ал біреу сары.

Біреуі ұзын, біреу қысқа.

Бір ленточканы екінші ленточкамен беттестіреміз.

Бір бала шығып екі ленточканын сол шетін алып біріктіріп, бір ленточканы екінші ленточкаға беттестіреді.

Қызыл ленточка ұзын, ал сары ленточка қысқа.

Үлестірмелі ленточкалар беттестіріп салыстырады.

-Қызыл лентадан галстук жасап аюды қонаққа жибереміз.

-Сары лента қысқа. Қызыл лентадан галстук жасап аюды қонаққа жібереді.

-Рахмет саған аю сау болып тұр, достарыңа біздерден сәлем айт.

Жарайды.

-Аю, аю, аю

Ұйқыдан тұршы

Беті қолыңды жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Қимыл қозғалыспен ұйқыдан тұрып, бетін жуып, айнаға қарап, шашын тарап көрсетеді.

-Жарайды

Тапсырманы мұқият тыңдайды, орындауға кіріседі.

Бала. Биік қуыршақты биік үйге орналастырамын.

Аласа қуыршақты аласа үйге орналастырамын.

Балалар бүгінгі оқу қызметімізде біздер нені білдік?

-Қандай үйлерді білдік?

-Қандай теректерді білдік?

-Бізден кім көмек сұрай келген?

-Аюға біздер қандай ленталардан галстук жасап бердік?

Қане бәріміз бірге қайталайықшы.

Биік, аласа, ұзын, қысқа.

-Жарайсыңдар балалар, біздің балалар керемет.

Біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды келген қонақтарға рахметімізді айтып барылқ қонақтармен Қара жорға биін билеп жіберейік, бізбен бірге аюда билейді.

-Биік, алас

-Биік, аласа теректерді

-Орманнан аю келді

Қызыл түсті ұзын лентадан

Галстук жасап бердік.

Биік, аласа, ұзын, қысқа

Рахмет!

Сау болыңыздар.

Күтілетін нәтиже

Баланың білуі:Биік, аласа, ұзын, қысқа деген ұғымдарды .

Баланың меңгеруі: қысқа мен ұзын, ені бойынша екі затты бір-бірімен беттестіру, тұттастыру әдістерін.

Баланың жасай алуы: Екі топ затты, ұзындығы бойынша бір-бірімен беттестіру, тұттастыру арқылы салыстыруды.

Тәрбиеші: Рахметова А.А.

Өткізілген күні: Тәрбиеші:

Топ: «Балапан» ортаңғы топ

Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Алтын балық»

Мақсаты: Балаларға балық туралы жан-жақты түсінік беру,тіршілік ортасымен таныстыру,алақан арасына салып домалақтау, жаншу, жалпақтау, есу тәсілдерін жалғастыру, мүсіндеуде саусақ қимыл-қозғалыстарының ептілігін қалыптастыру, бірнеше бөліктен тұратын заттарды бір-біріне біріктіруді, саусақ ептілігімен пішінді бұзбай, таза, ұқыпты орындауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Балықтардың суреттері, ермексаз ,тақтайша, кескіш, сүрткіш, үлгі мүсін, балық мүсіндеудің схемасы.
Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Іс-әрекет кезеңі
Мотивациялы ынталандыру кезеңі
Ұйымдастырушылық ізденуші

-Келген қонақтармен амандасу

Тәрбиешінің іс-әрекеті
Жұмбақ шешу
Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ,
Сусыз оның күні жоқ
Жүріп кетсе соңында,
Қалып жатқан ізі жоқ.Бұл не?

Балалар жауабы: -балық

  • Балалар,дұрыс шештіңдер.Бүгінгі мүсіндеу сабағымыз ерекше болмақ.Өйткені біз жай балық емес,ертегідегі біздің тілегімізді орындай алатын алтын балықты мүсіндейміз.Ол үшін біз балықтар туралы жан-жақты мәлімет алайық.
  • Балықтар қайда тіршілік етеді?

Б.ж:-суда

-Балықтың өзіне тән дыбысы, үні бар ма?

Б.ж:-жоқ ол дыбыс шығара алмайды.
Балықтар — негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануар.Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі екен. Сендер дұрыс айтып отырсыңдар олар дыбыс шығара алмайды.
-Енді балалар біз «Балықшы мен балық» ертегісін мұқият тыңдайық.
«Балықшы мен балық» ертегісінен үзіндіні әңгімелеу.(слайд)
— Тәрбиеші:
Ертеде өте кедей балықшы бала болыпты.Ол ұстаған балығын тамақ қылып өзінің еңбегімен күнелткен екен. Бірақ соңғы уақыттарда оның құрған торына ешқандай балық түспей бала әбден қиналған екен. Бір күні баланың құрған торына анау – мынау емес алтын балық түсіпті. Бала қатты қуанып балықты қуырып жемекші болғанда, Алтын балық: «Ей, балақай егер мені босатсаң мен саған сыйлық жасап тұратын боламын»- деп сөйлеп қоя беріпті. Қарны аш бала балықты босатқысы келмепті. Сонда балық: «Ол жай ғана сыйлық емес. Сыйлықтар сені бар бақытыңа жеткізетін болады. Ол үшін сен тапсырмалар орындап отыруың қажет» – дейді. Бала әрі ойланып, бері ойланып балықтың қойған шартына көніпті.Таңертең ұйқысынан тұрған бала есіктің алдында құлыптаулы сандықты көреді. Сандық ашылу үшін мынандай тапсырма орындау керек екен. Балалар біз балықшыға көмек береміз бе?

Б.ж: -иә.

«Тауып ал» ойыны. Көп суреттер ішінен балық суретін тауып алу керек.

Сандық ашылады ішінен Алтын балықтың суреті шығады.

-Балалар қараңдаршы мына суретте ешқандай түс жоқ екен!?

Енді алтын балықтың келесі тапсырмасын орындап көрейік.

Бұл тапсырмада Алтын балықты мүсіндеу керек екенбіз ол үшін бізге не керек?

Б.ж:-ермексаз

-Дұрыс айтасыңдар. Енді алдымыздағы ермексазға қарайық қандай түстер көріп тұрмыз?

Б.ж:-Сары, жасыл

-Бәркелді, дұрыс айтасыңдар.

Схема бойынша балықты қалай мүсіндеу керектігін түсіндіру.
— Балалар, бүгін біз мүсіндеу сабағында ертегідегі балықты мүсіндеп,өз тілек- терімізді айтайық. Сендердің балықтарың ертегідегі тілек орындайтын балық болады.

Қалай мүсіндеу керек екенін түсіндіру.

-Балалар Алтын балықты мүсіндеп көрейік.

Өз бетінше жұмыс жасау, тәрбиеші балаларға көмектесіп отырады.

1.Балықтың денесін жасау үшін ермексазды алақанға салып, айналдыра отырып домалақ пішінге келтіру.
2.Домалатылған пішінді екі алақанның арасына салып, жаншу арқылы жалпақтау.
3.Қанатын есу.
4.Құйрығын есу, жалпақтау арқылы жасайды
5.Заттарды бір-біріне біріктіру.(денесіне қанаттарын,құйрығын өз қалаулары бойынша әсемдеу.Заттарды бір-біріне біріктіруде, саусақ ептілігімен пішінді бұзбай таза,ұқыпты орындауға қадағалау.)

Қорытындылау:

-Бүгін біз не істедік?

-Кімге көмектестік?

-Қандай ертегі тыңдадыңдар?

-Балықшы сендердің көмектескендеріңе рақмет айтып, сыйлығының жартысын сендерге бөліп беріп жіберіпті.

Осымен мүсіндеу оқу қызметі аяқталды Сау болыңдар!

Бағалау. Мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:
Балықтарды, олардың түрлерін, тіршілік ортасын, ермексазбен жұмыс істеуді.
Болу керек: Таза, ұқыпты орындау туралы түсінігі, пәнге деген қызығушылығы.
Істей алу керек: Түсініп, ермексазбен балықты мүсіндеуді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.