Жаңа сабақтар

Әйтеке бидің шешендігі

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылы,

Қ.Шаңғытбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің

Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі

Қожалепесова Айдана Мұратбекқызы

Тақырыбы: «Құтты болсын, Жаңа жыл!»

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым — қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Жүргізуші: Амансын ба халайық?
Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейік
Көңілімізді көтерейік
Құрметті ата-аналар, әріптестер ортаңғы топтың балаларының Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тойлайық!

Би: Балалар билеп кіреді.

(бидің соңында жартылай шеңбер жасап тұрады)

Жүргізуші: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күткен, сағынған!
– Балалар, біздің шыршамыздың шамдары жағылмаған ғой. Ендеше,
Кел, балалар, келіңдер!
Тамашаны көріңдер.
Бірге үріп шыршаның
Шамдарын жағып көріңдер!
– Қане, бәріміз бірге үріп шыршаның шамдарын жағайық!
Бір, екі, үш!(үш шапалақ)
Шырша жарқырай түс!(қолдарымен фонарик жасайды)
(Бірнеше рет қайталайды, шыршаның шамлары жанады)
(Ду қол шапалақ!!!!)
Жүргізуші: Балалар қарандаршы шыршаның шамдары жарқырай түсті, қандай әдемі»
Кәне шыршамызға арнап ән айтайық.
Ән: «Келді, міне шыршамыз!»
Жүргізуші:
Балалар, өтіп бара жатқан жыл қандай жыл болды?
(доңыз сипаттайды)
Балалар құлақ түріп тыңдандаршы, бір дүрсіл естілетің сияқты!
Доңыз: .. Мен доңызбын, доңызбен
Бәріне мен таныспын, таныспын.
Айналама сыйлымын, сыйлымын,
Сезімсізбен алыстым,алыстым.
Күшіме мен сенемін, сенемін,
Бәрін де де женемін, женемін.
Жыл басы болуға, шіреніп мен келемін.
(Доңыз таққа отырады)
Доңыз: Сіздер білесіндер, өткен жыл, біздің жылымыз болды, Доңыз жылы. Бұл мереке маған арналған, өйткені бұл менің жылым. Бәрі менің қалауым бойынша болады.
Түлкі: Ой, сәламатсыз ба қадырменді, әмірі күшті, Барсыжан. Кәне балалар амандасайық жыл басымен
Балалар: Сәламатсыз ба!
Түлкі: Не қалайсыз? Бүкіл тілектерінізді орындайық.
Доңыз: ( таяғымен жерді бір ұрып)
Көңілімді көтергім келіп тұр. Мерекенің сәнің келтіріп бір би билеңдер!
Түлкі: Кәне тұрындар , тұрындар Барыстың көңілін көтерейік.
Жүргізуші: Жаңа жылды қарсы алып,
Шыршамызды айналып
Би билейік, ән салып.
Баршамызға жар салып.
Би: «Гном»
Түлкі: Доңызжан, қалай, көңілініз көтерілді ме?
Доңыз: Жоқ, әлі көңілім толмай тұр
Түлкі: Балалар мүмкін жаңа жылға арнап, барыс патшаға арнап тақпақтар айтып берерміз.
Тақпақтар:

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын Жаңа жыл

Ата-әже, ата-әже

Құтты болсын Жаңа жыл

Расул

Қараңдар мынау шыршаға

Неткен әсем көрікті

Жаңа жылдық думанға

Аяз ата келіпті

Амир

Жаңа жылым мол болсын

Ьбасқан қадам оң болсын

Төрле, төрле Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

Айару

Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып,

Аяз ата келіп тұр

Ақ көрпеге оранып,

Нұрсезим

Келді міне Жаңа жыл

Қарсы алайық бәріміз

Күліп ойнап, би билеп

Ән салайық бәріміз

Дана

Тамаша сый алып,

Келді Аяз атамыз

Шаттанып, қуанып,

Шырқап ән айтамыз

Нұрдаулет

Түлкі: Қалайсыз, ұлы мәртебелім Доңызхан, ұнадыма балалардың тақпағы?
Доңыз: Жаман емес, бірақта бір ән шырқаса… мүмкін сонда қөңілім толар.
Түлкі: Кәне, отырмайық, Барыс жыл басы ғой оған арнап ән шырқайық.
(балалар шеңберге тұрады)
Ән: «Тамаша, тамаша»
Түлкі: Патшаның патшасы қалай көңілініз көтерілді ме?
Доңыз: Білмеймін бұл мерекеге не жетпейтін, бірақта көңілім әлі де толмай тұр.
Жүргізуші: Ой, Барыс сізге ештене ұнамады ғой. Олай болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырсақ қайтеді?
Түлкі: Ұлы мәртебелім қалай қарайсыз, мүмкін аяз ата мен Ақшақар сіздің көңілінізді көтерер?
Доңыз: Келсе, келсін,
Маған сыйлық әкелсін
Түлкі: Кәне дауысымызды қатты шығарып, Аяз атаны шақырайық
Балалар: Аяз ата ауууууу! Ақшақар аууууу!
(Бірнеше рет қайталайды) (Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар кіреді)
Аяз ата: Балаларым, балғыным,
Өмір гүлім, шаоғыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің ден – саулығың.
Амансың ба, ұлдармын,
Аппақ ару қыздарым?
Мен сендерге әкелген,
Құтты болсын жылдарың!!!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Аяз ата, Ақшақар.
Ақшақар: Өздерің де аман-есенсіңдер ме, менің балғын достарым. Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би билеңдер, таңдайларыңды тақылдап тақпақ айтып беріңдер. Аяз атаның дорбасында бәріңе жететін сыйлық бар. Менің сіңілілерім де осында екен кәнекей маған жақындап шыр айнала билеңдер.
БИ: «Ақшақар»

Жүргізуші: Кел, балалар, тақпақты
Тақылдатып айтайық,
Аяз ата таң қалсын.
Сыйлық алып қайтайық

Тақпақтар:

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын Жаңа жыл

Ата-әже, ата-әже

Құтты болсын Жаңа жыл

Расул

Қараңдар мынау шыршаға

Неткен әсем көрікті

Жаңа жылдық думанға

Аяз ата келіпті

Амир

Жаңа жылым мол болсын

басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

Айару

Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып,

Аяз ата келіп тұр

Ақ көрпеге оранып,

Нұрсезим

Келді міне Жаңа жыл

Қарсы алайық бәріміз

Күліп ойнап, би билеп

Ән салайық бәріміз

Дана

Тамаша сый алып,

Келді Аяз атамыз

Шаттанып, қуанып,

Шырқап ән айтамыз

Нұрдаулет

Ал, балалар билейік

Ойнайық та, күлейік

Аяз ата қуаенсын

Тақпақ айтып берейік!

Ерасыл

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап,

Жаңа жылда келеді

Бізге карай жылыстап.

Аделина

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз

Жарқын, жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр.

Арсен

Аппақ, аппақ жапалақ

Қар жауады тынбастын

Қалың орман қар жамылған

Маужырайды түнгі аспан

Ақниет

Ақ қырауға малынған

Сақалы да, мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына

Динара

Тауда туып, тау өсіп,

Шырша келлді ортаға

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Айтолқын

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз ата

Құдайберген

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз!

Бекзат

Аппақ тоңға оранып

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып
Бақдаулет

Әкелсін жыл ырыс –құт

Әлемде болсын тыныштық
Ән салайық жаңаша

Жаңа жылым тамаша

Рената

Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын

Шырша келді ортаға

Фариза

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Алихан

Жаңа жылда балалар,

Тек қуаныш көріңдер

Ауырмаңдар ешқашан

Мықты болып өсіңдер

Нұрым

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Сабина

Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында билеп барлық бала жүр

Ғаламат

Аяз ата: Өнерлі балалар, өнерлі қыздар көп екен. Рахмет сендерге. Мен сендерге биылғы Жаңа жылды ала келдім.
Жүргізуші: Аяз ата, Доңыз, жыл басы мен боламын деп тұр тақты ешкімге бермеймін дейді. Ал доңызға ешкім қарсы шығалмайды оны өзіңіз білесіз. Енді қайттық?
Аяз ата:Әй, Доңыз, сен өзіңді бәрінненде әлдімін деп ойлама. Сенің жылын аяқталды, ендігі жыл Тышқандікі Орынынды тышқанға бересін.
Доңыз (күліп): – Туу, бір жасап қалдым ау! Қандай көңілді балалар едіңдер!
Мен сендермен жай қалжаңдадым ғой, ал енді кінәмді ақтау үшін мен сендермен бір ойын ойнаймын.
Ойын: «Жолбарысбен аңдар»
Доңыз: Иә, балалар, мен сендермен бір жыл бойы бірге болдым. Тышқанға, мен балаларды тапсырдым. Қош, балалар, енді мен 12 жылдан кейін, сендер есейіп, ер жеткенде бір-ақ келемін. Қош, балалар
Би: «Аппақ аппақ қояндар»
Түлкі:
Мммммм…Мен қояндарды да жақсы көремін (деп қояндарға жақындап языком облизывается қарның сипап)
Аяз ата: Әй, қу Түлкі бұл мереке ғой, ал жаңа жылда ешкімді ренжітуге болмайды.
Түлкі: Аяз ата жоқ, мен қояндарды ренжетпеймін,
Бүгін біз көңілдіміз
Қоян жылын қарсы алып
Мерекеге келгендерге
Құттықтаймыз ән салып
Ән: «Шыршаға бардық»
Жүргізуші:
Аяз ата балалар сені күтіп, олар ән де, ойында әзірледі.
Ойын: «Үсіремін»
Аяз ата: Күлдірдіңдер мені, ал маған кететін кез келді (қолын бұлғалап, бұрылып шығуға дайындалады)
Ақшақар: Ата сен әзілдеп тұрсын ба?
Сыйлықтарды ұмыттың,
Әлде сен балалардысүймейсің
Тәтті егер бермесең?
Аяз ата: Ой, ақбас ау ақбас
Кәне мен сендерге көрсетемін сиқыррды
Бір, екі, үш. Сыйлық мұнда түс.
Тышқан шанамен сүйреп залға сыйлықтарды кіргізеді
(Аяз атамен Ақшақар сыйлықтарды үлестіреді)
Аяз ата: Өнерлі екен ұлдарың,
Өнерлі ару қыздарың,
Жарқын, жарқын жүздерің,
Жайнап өссін, гүлдерің.
Күнбағыстай жайқалып,
Биіктердер өздерің.
Ақ көрпемді жамылып,
Мұздан алқа тағынып,
Әр жыл сайын сендерге,
Келіп тұрамын сағынып.
Мен енді өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға барайын. Онда да өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болындар, балалар!
Балалар: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар балалар! «Кұтты болсын Жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталып қалды.Осындай керемет мерекеге атсалысқандарыңызға рахмет айтамыз. Жаңа жылымыз құтты болсын! Отбастарыңызға тек бақыт қуаныш нұры жаусын.

Тақырыбы: «Берекелі алтын күз»

Мақсаты:Балаларды күз мерекесіне тән белгілерді тауып, табиғатты қорғауға, жемістер мен көкөністер-ді ажырата білуге, оның сұлулығын тамашалауға тәрбиелеу. Берекелі күз туралы мағлұмат беріп, тақпақтары мен ән билер арқылы мерекелік көңіл күй сыйлау.

Жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, және балалар! Табиғаттың әсем мезгілі «Берекелі Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Ендеше «Берекелі алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз. Мектепалды тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар! (Балалар «Листопад» биіне билеп залға кіреді, қолдарында жапырақтар)

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.

Ән: « Күзгі вальс» қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады.Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөкністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.

Ойын «Кім жылдам?»

Жүргізуші: Жарайсындар бір тынығып алдық .Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол күз.

Жүргізуші: Ендеше Алтын күзді ортаға шақырайық.

Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.

(Көңілді әуен ойналады, жел соққаны естіледі.)

Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз: Береке бақ дарыған,

жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам.

Армысыздар,құрметті қонақтар,кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар: Жоқ.

Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!

Жүргізуші: Жоғары шығыныз, Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі. Сіз балалардың өнерін тамашалаңыз.

Тақпақтар:

Ғаламат: Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал, терек

Жапырағын жұлғызып

Динара: Қарашы күз келді, күз келді.

Жапырақ жауыпты іздерді

Құс біткен керуен тізеді.

Қара бұлт қабағын түйеді.

Амир: Сап-сары маңай

Сап-сары тоғай

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып

Бекзат: Қуандырып біздерді

Кел жемісті алтын күз

Өлкемізге келді күз

Кемелденсін халқымыз

Айтолқын: берекесін сыйлауға

Өлкемізге келді күз

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Бақдәулет: Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді

Аспанда жай шатырлап

Тамшы жерге секірді.

Нұрым: Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Дана: Ақтарады мырза күз

Уылжыған жемісті

Күзге бізде ризамыз

Аянбаған ел үшін

Ерасыл: Күн суытып

Жапырақтар түседі

Астық-жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды.

Расул: Көбейді құт береке

Астық толы қамбамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз

Фариза: Ән салыңдар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық

Алихан: Сары теңге жапырақ

Бояған ба көл бетін

Тоңазыпты топырақ

Ызғарлы екен жел де тым

Құдайберген: Алтын сары, қызыл, көк

Алуан-алуын жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Айару: Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін

Нұрдаулет: Күзім-ау, күзім-ау

Мінезің бұзық ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау

Жүргізуші: Күзде жаңбыр жауады

Ойнатпайды біздерді

Би «Жаңбыр» қыздар

Жүргізуші: Ел егінін орады,

Қырманға дән толады.

Біздің дала — бай дала

Алтын астық айнала

Дәнді дақылдар тақпағы:

Бидай-Ғаламат:

Нан-атасы- бидаймын

Нанды елге сыйлаймын

Піскенімде мын қырда

Қауызыма сыймаймын.

Күріш-Сабина:

Күнге ғашық күрішпін

Күллі жұртқа ырыспын

Аңқам кеуіп тұрған соң

Ала жаздай су іштім

Арпа-Расул

Қызыл мұртты арпамын

Ырыс құтты артамын

Машинаға мініп ап

Малды ауылға тартамын

Жүргізуші:: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі

Шықса жасыл

Түссе –сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Жүргізуші: Енді Алтын күз өзіңе арналған «Жапырақтар» биін қабыл ал.

Би » Жапырақтар»

Ойын:

Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар

Жемістер:

Лимон-Нұрсезім:

Дәмі қышқыл ептеген

Ауруға ем көптеген

Иісін айт аңқыған

Лимонға жеміс жетпеген

Өрік-Арсен:

Мен өрікпін,ірімін

Алма, алмұртқа інімін,

Тәттілердің бірімін

Дастарханның гүлімін,

Сусыныңды қандырар

Салқын, саумал шырынмын

Алма-Динара

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай татар бал дәмім

Мына тәтті бал дәмді

Дастарханға арнадым

Шие-Ақниет;

Мен шиемін, шиемін

Күннің көзін сүйемін

Қышқыл шырын менде бар

Басты төмен иемін

Алмұрт-Дана:

Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың

Жақсы өсіре алмайды

Қараса егер салғырт кім

Жүзім-Рената

Жүзім пісті бір-бірлеп

Үзіп мәзбіз біз енді

Қоңырауы күмбірлеп

Қыркүйекте күз келді

Көкөністер:

Құдайберген:

Болса да ащы

Дәмді етер асты

Өседі ол жерге

Тығып алып басты

Айтолқын: Піскен кезде қызанақ

Көз тартар қызыл түсімен

Бар ма адамдар сүйсінбей

Томат шырынын ішпеген

Бекзат: көктеп-көктеп өрмелеп

Өсемін мен бүр жарып

Атым-қияр теріп ал

Жиі-жиі суарып

Фариза: кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де

Нұрым: бақшамызда өседі

Керек тағам деседі

Бар қызыл, көк сарысы,

Ащы, тұщы бәрісі

Айару: картоп біздің атымыз

Жер астында жатырмыз

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз

-Балалар, бағанадан бері ойнадық ,биледік енді бір әсем әннің реті келіп тұрған сияқты

«Алтын күз» әні .

Ойын: «Сиқырлы орамал»

Қане, шеңбер құрайық,
Билеп-билеп алайық.
Шыр етіп айналып,
Теріс қарап отырайық.

Балалар теріс қарап тұрғанда күз ханшайымы ортаға орамал жабылған себетті қояды. Ал балалар енді бұрылып қарайық.

Күз: Орамалды ашайық,

Астында не, қарайық?

Бұл не?

Себет қой!

Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады.

Екінші рет ойналғанда, себеттің ішінде алмалар болады. Бұл күздің сыйы, байлығы деп алмаларды балаларға үлестіреді. Балалар алғыстарын айтады.

Жүргізуші: Күз ханшайымы сізге біздің балалардың өнері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Ия өте өнерлі балалар екен.
Берекелі бақ — дәулет
Арта түссін тойланып,
Сау болыңдар, балалар
Келгенше жыл айланып.

Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді.

Балалар: Қош бол Күз ханшайымы!

Жүргізуші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс — жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне балалар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақыт — береке тілеймін!

Тақырыбы: «Қош бол, даярлығым!»

Сабақтың мақсаты:

1.Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету.

2.Оқушылардың сөздік қорын, тілін, ойын дамыту, ой-өрісін кеңейту, өнерді сүйюге тәрбиелеу.

3.Оқушыларды бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойларына
Ортақ боп бүгінгі өскен ойларына.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Даярлықпен қоштасу тойымызға.
Армысыздар құрметті оқушылар,ата-аналар, ұстаздар және қонақтар!

  • Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Қош бол, даярлығым!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
    Өтті қызық көп күндер,
    Алты жасқа жеттіңдер.
    Барасыңдар біріншіге
    Бір белестен өттіңдер.
    Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.

Тәрбиеші: Айналайын, балалар,

Сендерде ой-сана бар

Өздеріңнен шығады

Өнерлілер, даналар

Өсті міне, ойларың,

Өсті міне, бойларың

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың, дей келе ендігі кезекті түлектерге береміз.

Тақпақтар айтылады.

Ән: «Ата-ананы тыңдаймыз!»

Мұғалім: Құрметіне кәне, достар,

Шаттық жыр шалқысын.

Аққу қаздар, сұлу қыздар.

Би билесін, балқысын, – дей отырып, қыздарымызды ортаға биге шақырамыз.

Ойын: Сауат ашудан тапсырмалар.

  1. «Сөздерді тап». Ортаға 3 бала шығады. Олар «Б», «Т», «Ш» дыбыстарынан басталатын суреттерді қорапшаға жинастырады.
  2. «Буындарды ажырат». Бір, екі және үш буынды сөздерді ажыратып жинастыру керек.

Тәрбиеші: Өмірге мынау талпындым,

Әуенмен танды қарсы алдым.

Әлемді әуен тербетіп,

Бұлбұлмен бірге ән салдым – дей келіп, кезекті «Ұстаз-ана» әніне береміз. Қабыл алыңыздар!.

Тәрбиеші:
Ұлдарымыз өнерлі
Би де билеп береді
Бойға жиып жақсылық
Азамат боп келеді.

Би: Ұлдардың Школа

Математикадан тапсырмалар:

  1. 1-10-ға дейінгі сандарды өсу ретімен және кему ретімен орналастыр.
  2. Қызықты есептер «Шешуін кім табады»

1.Төрт қаз ұшып барады

Биіктен төмен қарады

Аяқ нешеу,бас нешеу:Жауабын кім табады:( Басы 4,аяғы8)

2.Балапанын көгалада
Санай алмай тауық жүр
Жетеуі жүр жүгіріп
Үшеуі жем тауып жүр
Қанша барлық балапан
Санап берші балақан(10 )

3.Құмырсқалар еңбекшіл
Үйымшыл және ол көпшіл
Екеуі жүр дән тасып
Екеуі шөпке жармасып
Бесеуі шырша түбінде
Барлығы нешеу, санап шық (9)

4.Бес қой қосу екі қой
Жалпы болды қанша қой
Екі қой қайта алғаным
Айтшы ,қанша қалғанын 5+2 7-2

5. Ағашта отыр 8 құс Оның ішінде 6 торғай,қалғаны қарға
Сонда неше қарға?

Ән: Жамбылұлы Әділ «Ақ құс»

Тәрбиеші: Мың бұралып билеу неткен құдірет,

Сұлулық пен әсемдік тұр үлбіреп.

Ырғақпенен көп нәрсені аңғартқан,

Оны көріп бұлқынады жас жүрек, – дей отырып, ортада «Вальс» биімен оқушыларды қарсы аламыз.

Ойын: «иа, жоқ» балалармен
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Танартен ерте тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?

  1. Оқуда озат боламыз ба?

Хор: «Оқуда озат боламын»

Оқушыларға грамотларды табыстау үшін сөз кезегін мектеп директоры Кулсарина Маншук Куканбаевнаға береміз.

Грамоталарды табыстайды.

Тәрбиеші:

Бір ата , бір ананың тірегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

Бірлік барда, тірлік бар деген бабам,

Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз,- дей отырып, құттықтау сөз ата-аналарға береміз.

Тәрбиеші:
Құрметті менің түлектерім!
Әрқайсысың өзгешесің, дарасың
Бүгінен бастап алыстап менен барасың.
Білім деген теңіздің шығып бетіне
Өріне жүзіп, тұнығына қанасың!
Еркелікті бәрінде енді қоясың,
Білімнің шәрбәт сусынына тоясың
Білімнің кілтін талмастан іздеп талпынсаң,
Өмірде мынау толық адам боласың — дей келе ортаға болашақ бірінші сыныптың ұстазы балтын Ижанова Нұргүл апайды шақырамын. Құрметті Нұргүл апай, , алдыңыздағы енді ғана бүрін жарған нәзік те, үлбіреген балаларды өзіңізге ұсынамын. Сіздің берген біліміңізбен бастауыш баспалдағында жақсы жетістіктермен көзге түседі деп ойлаймын. Оқушыларды алып шығып кетеді.

Жүргізуші:

Көңілдің ақ тілегін көл етеміз

Тілектермен нығайсын мерекеңіз

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс

Осымен аяқталды мерекеміз.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұстаздар, оқушылар Даярлық тобымен қоштасу мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қош бол, даярлығым!» атты ертеңгілігіміз аяқталады. Барлықтарыңызға рахмет, сау-саламатта болыңыздар.

Тақырыбы: Әр жыл мезгілінде қандай өзгерістер болады? Мектеп: Қ.Шаңғытбаев атындағы ЖОББМ
Күні:13.02.2019. Педагогтың аты-жөні: Қожалепесова А.М
Топ: Мектепалды даярлық Қатысқандар: 22
ҰОҚ-ніңоқытылу мақсаты 0.2.2.2. Маусымдық өзгерістердің жанды табиғатқа тигізер ықпалын анықтау.
Күтілетін нәтиже Барлық балалар:

  • бақылауға қатыса алады;
  • маусымдық өзгерістерді атай алады;
  • табиғатта болатын өзгерістерді анықтай алады;
  • жыл мезгілдеріне байланысты маусымдық өзгерістердің ерекшеліктерін көрсете алады.
Көпшілік балалар:

  • маусымдық өзгерістердің ерекшеліктерін анықтай алады;
  • маусымдық өзгерістерге байланысты табиғат құбылыстарының өзгермелілігін айта алады;
  • практикалық жұмысты орындай алады.
Кейбір балалар:

  • бақылау үдерісін талқылай алады және қорытынды шығара алады.
Тілдік мақсат Дағдыны дамыту: маусымдық өзгерістерді бақылау үдерісінде сұрақ қоя білу, болжамдар айту, ұғымдарға анықтама беру, жүйелеу, бақылау, қорытындылау және ойша тұжырым жасау. Көптілділік:

жыл мезгілдері – времена года – seasons

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.

Маусым, маусымдық өзгерістер, жыл мезгілдері, табиғат құбылысы, т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар.

Әр маусымда қандай өзгерістер болады?

Маусымдық өзгерістер дегеніміз не?

Маусымдық өзгерістер неге байланысты құбылады?

Маусымдық өзгерістердің жанды табиғатқа тигізер ықпалы қандай?

Өткен ҰОҚ-дан алған білім Маусымдық өзгерістер туралы ұғымдар; қарапайым бақылау дағдылары.
Жоспар
Жоспарланған

уақыты

ан уақыт

Жоспарланған іс-әрекет ресурстар
I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) «Мен жерімді сүйемін» өлеңінің көмегімен дұрыс әсерлі көңіл күй жасау.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

Өлең.
II.Өмірлік

тәжірибені

маңыздандыу.

Мақсатты болжам.

2–5 мин.

(Ұ) Балалар, табиғат құбылысы дегеніміз не? Есімізге түсірейікші.

Бүгін біз сендермен әр маусымда болатын өзгерістер туралы айтатын боламыз. Маусымдық өзгерістер дегеніміз не? Қалай ойлайсыңдар?

Мақсатты болжам.

(Ұ) Балалар ҰОҚ әңгіме не жайында болатындығын сурет бойынша болжамдайды. ҰОҚ соңында қол жеткізетін мақсат айқындалады. (Оған рефлексия кезеңінде қайтып оралады).

Маусымдық

өзгерістер бейне-

ленген

суреттер.

ҰОҚ-ның ортасы

III. ҰОҚ-ның

тақырыбы

бойынша жұмыс

6 – 28 мин.

(Ұ) Өзекті мәселелер.

Жұмбақтарды шешу арқылы маусымдық өзгерістер туралы түсінік беру.

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Сырғанап жастар ойнайды.

Бөбектерім, айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (Қыс).

Қар, мұз еріп, су көбейіп,

Сай-салаға толады.

Бүршік жарып, жарық ашып,

Гүл бәйшешек басады.

Бөбектерім, айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (Көктем).

Өрік, алма,шие, алша.

Жидек жүзім піседі.

Қауын-қарбыз,

Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.

Астық пісіп, орақ түсіп,

Қырман дәнге толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (Жаз)

Бұлттар төніп, жерге төгіліп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала нұры қашады.

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім, айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (Күз)

Балалар, қандай жыл маусымдарын білесіңдер? Жылдың төрт мезгілі бар: қыс, көктем, жаз, күз. Маусымдық өзгерістерге анықтама беріп көрейікші.

ҚБ: смайликтер арқылы бағалау.

(Ұ) «Галереяға саяхат» әдісі.

«Маусымдық өзгерістер» тақырыбында сурет бойынша әңгімелеу (1-тапсырма)

  • Балалар, суреттен нені байқадыңдар?
  • Қай мезгілді көріп отырсыңдар?
  • Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
  • Жаз мезгілінің басқа мезгілдерден айырмашылығы қандай?
  • Күз мезгілінде ағаштардың жапырақтары неге сары түске енеді деп ойлайсыңдар?
  • Көктем мезгілінде алғаш жер бетіне шығатын қандай гүл?

Топтықжұмыс. Шығармашылықжұмыс.

Қыстобы— аққаланың аппликациясын жасайды.

Көктемтобы— кемпірқосақ суретін бояйды.

Жазтобы— гүлдің суретін бояйды.

Күз тобы— тал аппликациясын жасайды.

ҚБ: Топтар бірін бірі басбармақ арқылы бағалау.

Сергіту сәті: «Көңілді күн».

(Ұ) Өзекті мәселелер.

Жаз мезгілінде адамдар қалай киінеді? Қыста ауа райы неге суық болады? Астық пен жеміс-жидектің толық пісіп-жетілетін кезі қай мезгіл? Өрік пен құлпынай жемісі қай кезде піседі?

Қорытынды:

Маусымдық өзгерістердің жанды табиғатқа тигізер ықпалы зор. Көктемде жан-жануарлар мен өсімдіктер тіріліп, тіршілік басталады. Жануарлардың кейбір түрі жаз, күз мезгілдерінде азықтарын жинап, қыста қысқы ұйқыға кетеді. Адамдар да әр маусымдық өзгерістерге байланысты киім киеді. Көктемде жерді жыртып, дәнді-дақылдар мен көкөністерді, жемістерді отырғызып, жазда күтіп-баптап, күзде жинап алады.

Әр маусымдық өзгерістердің өзіндік ерекшеліктері бар.

Бақылау нәтижелері бойынша бірлескен қорытынды шығарылады:

Жұмбақтардың

жауабына

байланысты

суреттер.

Жыл мезгілдерінің суреті.

ҰОҚ-ның соңы Қалыптастырушы бағалау:

Тапсырма:
Суреттегі ауа райына сәйкес келетін заттар мен киімдерді анықтаңыз және байланыстырып сызыңыз.

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы.

рефлексия.

28-30 мин.

Рефлексия «Ауа райы»

Тақырыбы: Тәуелсіздік жолында!
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің болашағы — жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу. Отаны, елі үшін құрбан болған батыр аға — әпкелеріміздің ерлігін дәріптеу. Ой — өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Әдіс — тәсілі: сұрақ — жауап, түсіндіру, көрнекілік және «Кубизм» әдісі
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: Тәуелсіздікке арналған және желтоқсан құрбандарының суреттері, сөзжұмбақ. Мотивациялық — қозғаушылық Балалар «Көк тудың желбірегені» әнімен залға кіреді.
Жылулық шеңбері:
Армысың, қайырымды аспан ата!
Армысың, мейірімді жер ана!
Армысың, шұғылалы алтын күнім!
Армысың, тәуелсіз елім менің! Шеңберге тұрады

Балалар шеңберде тұрып айтады.
Балалар, біз аспаны ашық, сәулелі, кең байтақ елде тұрамыз. Ол ел қалай аталады?
— Дұрыс айтасыңдар.
Ендеше бүгінгі ертеңгілігіміз еліміздің Тәуелсіздігіне арналмақ.
— Ертеңгілігімізді ҚР әнұранымен бастайық.
— Балалар, бізге тәуелсіздік оңайшылықпен келген жоқ. Осындай бейбіт өмірге жету үшін біздің қаншама аға — әпкелеріміз, ата — бабаларымыз қиындық көрді, жаумен шайқасты. Сөйтіп, ерліктерінің арқасында осы Тәуелсіз Қазақ елін бізге табыстады. Біздің мәңгі Отанымыз ол — Қазақстан!
Диас
Шұғылалы таңымыз,
Қазақ жері бағымыз!
Қайнарынан мөп — мөлдір
Сусындайды жанымыз!
Аяулым
Отан деген — атамекен,
Отан деген — туған жер.
Отан — ана, Отан — үлкен
Қазақстан — туған ел!
Қайсар:
Қазақ жері — сәніміз
Мәуесі мол бағымыз.
Саясында жетілер
Балдай бала шағымыз.

Эльнар
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді бағалап.
Өйткені Отан баласындай
Бізді өсірер аялап.
Ерлан
Отанды біз атамекен
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Атамыз бен бабамыз.
Ән: Отаным
Көрініс «Тәуелсіздік деген не?»

Ақырын басып әжесі шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)
Немересі: — Әже,, не ойлап отырсыз?
Әжесі: — Ә, балам, әжең не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: — Әже, өткен өмір деген не?
Әжесі: — Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата — бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: — Ал, ол қандай болған?
Әжесі: балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің. Тарих ол ешқашан ұмытылмайды. Сонау ерте кезде біздің ата — бабаларымыз өзінің елі, жері үшін күресіп өтті. Қаншама қиыншылықтарды бастан кешірді. Соның бірі 16 желтоқсан. Сендерге осы егеменді елді сыйлаған Желтоқсанда өз жандарын құрбан қылған аға — әпкелерің бар!
Немересі: Ол аға — әпкелеріміз кімдер?
Әжесі: Олар Ләззәт, Сабира, Қайрат, Ерболдар! Отаны үшін жаумен күресті. Амина
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ләззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас — талқан боп өлгені.
Іңкар:
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Гүлсезім
Ел үшін ерлігімен еленген,
Абырой мен атағына бөленген,
Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман,
Ұрпағына болар мәңгі өнеге.
Санжар
Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен Ләззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік
Әнел

Жалғыз Отан адамның жүрегі ғой,
Ер жігіт туған ерін сүйеді ғой.
Ел үшін желтоқсанда құрбан болған
Ербол, Қайрат — нағыз ердің бірі еді ғой.

Жасұлан:
Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған батырларым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.
Ислам
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Сұлтан
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Немересі: — Әже «Егемендік» деген не?
Әжесі: Егемендік дегеніміз желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Осы сендердің егемендіктерің! Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Осы аталарыңның тарихын ұмытпаңдар, айналайын ұрпақтарым! Соңынан бата беру!
Көріністен кейін ел рәміздері туралы тақпақ айтылады:
Сұлтан
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.

Ислам
Әнұраным, жанұраным,
Айтар әнім, айтар сөзім.
Туған жерім сағынарым
Жүрсем егер дүние кезіп.

Жасұлан
Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.

«Сөзжұмбақ» шешу.
Балалар мына жерде сұрақтар жасырылған. Сол сұрақтарға дұрыс жауап берсек мына жерде жасырылған сөзді таба аламыз.
1/Біз қай тілде сөйлейміз?/қазақ/
2/Елордамыз қай қала?/Астана/
3/Ту, елтаңба, әнұранды бір сөзбен қалай атаймыз?/рәміздер/
4/Тудың ортасында қандай құс бейнеленген?/қыран/
5/Қазір қыстың қай айы?/желтоқсан/
6/Қазір жылдың қай мезгілі?/қыс/
7/Аспан түстес, ортасында қыран құс бейнеленген рәміз қайсы?/ту/
8/Елбасымыздың есімі? /Нұрсұлтан/
9/Балабақшада күнде таңертең біз қандай патриоттық ән айтамыз?/әнұран/

Ән: «Достық әні»

«Кубизм» әдісі бойынша мақал — мәтел айту.
Шарты: бала қолына кубик беріледі. Соны лақтырады. Егер кубик қай қырымен түссе, сол қырындағы шартты орындайды.
Балалар достық, Отан, тіл, ерлік туралы мақал — мәтел айтады.
— Балалар, ендеше ертеңгілігімізді қорытындылау мақсатында қыздарымыздың биін тамашалайық.
— Бала — біздің болашағымыз! Әрқашан балаларымыз гүлдей жайнап, көк аспанның астында достықта, бірлікте өмір сүрсін. Тәуелсіздігіміз баянды болсын.

Гүл бейнесі бейнеленген портретке қолдарындағы туларын қадайды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.