Жаңа сабақтар

Абайға арнау

Абай сөзі жаныма арай берет,

Қан жүгіртіп, бойыма тарай берет.

Терең ойлап, білімге көңіл қойып,

Асыл бабам Абайдай болғым келет.

Болашақ ұрпақтарға алаң болған,

Қазағыма арқа сүйер бабам болған.

Өмірдің бар мәнін танып-біліп,

45 қара сөзбен жазып қойған.

Ұлы Абайдың қара сөзі, өлеңінен,

Қазағым, шөл қандырып, көгерген ең.

Әріп танып, кітабын ашқан сәттен,

Сол бабамның нұрына бөленген ем.

Абай тұнған дарын, данышпаным,

Жасымнан жырыңды оқып, танысқаным.

Өсиет қып қалдырған жырларыңды,

Ұрпақтарға аманат деп қабылдадым.

КММ ЖББО № 53 мектеп – лицейінің

8 «Ә» сынып оқушысы Ыдырыс Ернар

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.