Жаңа сабақтар

Жалмуханова Ақмарал

№ 29 «Балауса» бөбекжайы педагог-психологы: Жалмуханова А.К.

Тақырыбы: «Сиқырлы құм елі»

Қажетті заттар: құм терапиясына арналған 4 үстел, түтікше, түтікшелер(трубочкалар), дала жануарларының мүсіндері, ойыншық қала макеті (үй, ағаш, ғимараттар), түрлі – түсті құмды салатын ыдыс (банка), түрлі – түсті тастар, проектр тақтасы, теледидар.

Мақсаты:

  • Балалардың жоғары мазасыздық деңгейін басу;
  • Эмоционалды – психикалық қысымды шешу;

  • Өзін – өзі бағалау деңгейін арттыру және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру;

Дамытушы міндеті:

  • Баланың эмоционалды – сезіну әлемін дамыту;
  • Коммуникативті бағдарын дамыту;

  • Тактильді түйсігін, соның ішінде тактильді — кинестетикалық сезімталдығын дамыту.

  • Тәрбиелік міндеті:

    • Балаларды мейірімділік, достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу;
  • Қиындыққа ұшыраған досына қашанда көмекке келуге дайын болуына тәрбиелеу;

  • Сақ, қайырымды, қайғыра білуге тәрбиелеу;

  • Бірлескен іс – әрекеттен қуанышқа бөлену;

  • Өзіне сенімділік сезімін арттыру.

  • Ұйымдастырылған оқу қызметі практикалық формада түзете –дамытушылық ретінде құрылған.

    ҰОҚ-нің мазмұны құм елінің қалаларын құтқару негізінде құрылған.

    ҰОҚ-нің құрылымына кіреді:

    Амандасу (Балаларды біріктіру, сенім мен қабылдау атмосферасын орнату).

    Релаксация ( Балалардың эмоционалды – психикалық қысымын шешу).

    Негізгі бөлім (Құрғақ құмға жақындау этабы, ол мотивациялық болып табылады, бұл деген құммен әрекеттесу мотивациясы).

    «Сәлем, құм», «Жануарлар ізі», «Құмдағы өрнек» — сияқты жаттығулар психофизикалық қысымды шешеді.

    «Құмды жаңбыр» — бұлшық еттің қысымымен босаңсуын реттейді.

    «Жел» жаттығуы – дем алу мен дем шығаруды басқара алуды үйретеді.

    «Қуаныш қалашығында»-эмоционалды қысымды жоямыз, ішкі мазасыздықты басамыз, мұңаю мен ашулану сияқты негативті эмоционалды күйді жеңеміз.

    «Қиял қалашығында» — біз қалаларды модельдейміз, өз әлемімізді құрамыз, мұнда біз өзін – өзі бағалау деңгейлерін көтеріп, бірлескен іс – әрекеттен қуанышқа бөленеміз.

    «Қазына қалашығында » — Біз тактильді – кинестетикалық сезімін дамытамыз.

    ҰОҚ соңында рефлексия ретінде балалармен бірге өткен оқу қызметіне баға беріледі.

    Балалар мадақталып, қоштасу рәсімімен аяқтаймыз.

    Педагог – психолог: Сәламатсыздарма балалар. Мен бүгін өте мейірімдімін. Және сол мейіріммен сіздермен бөліскім келеді. Мен өз мейірімімді Жәмиляға беремін. Жәмиля Алиханмен бөліседі. Алихан… .Енді біздің мейіріміміз артып оданда көбейді.

    Қазір мен сіздерге ойын ұсынғым келеді.Ойнаймызба?

    Қане барлығымыз тізелерімізді бүгіп, бастарымызды төменге түсіріп отырайық, өздеріңізді жерден көрініп келе жатқан өскінбіз деп елестетіңіз- дер. Күннің көзі шығып, жерді қыздырды. Содан біздің өскіндеріміз өсе бастады. Жаймен аяқтарымызға тұрып, жоғарыға қарай көтерілеміз. Ал күн оданда қатты қыздырып, сіздің жапырақтарыңыз одан сайын ұзара бастады.

    Арқамызды түзу ұстап, енді басымызды көтереміз, қолымызды күнге қарай бағыттаймыз. Көтерілеміз, көтерілеміз… біздің өсінділеріміз өсті.

    (дауылдың дыбысы естілді) Ой, не бұл балалар, не болып қалды?!

    • Сәламатсызба, сіз кім боласыз?

    Құм адамы: Сәламатсыздарма, мен құм адамымын. Біздің еліміздің үстінен құмды дауыл өтіп, жолдарында кездескеннің барлығын жоқ қылды. Құм елінің қала тұрғындары сіздерден көмек сұрайды, бізге көмектесесіздерме?.

    Педагог – психолог: Қане, балалар біз құм елінің тұрғындарына көмектесеміз бе? Ендеше көмекке аттанайық.

    1 Үстел. Балалар, біздер кәдімгі шөлейтке келіп жеттік. Қане, құммен танысайық, ұстап қарайық. Құм қандай?

    Балалар: жұмсақ, салқын, тегіс.

    Педагог – психолог: Ол салқын болмас үшін, біз оны қазір жылытамыз.

    Міне, мен құмды аламын, сіздерде алыңыздар, сосын алақандарымыздың қызуымен жылытамыз. Енді жылы құммен бір-бірімізбен бөлісеміз. Мен өзімнің жылы құмымды Айзереге беремін. Айзере келесі тұрған балаға береді. Осылайша барлығы бір-бірлерімен бөлісіп шығады. Рахмет балалар, қараңдаршы біз бірге қаншалықты көп құмды жылыттық.

    Әрі қарай жол жүру үшін бізге жолдар керек. Қане, қазір біз сол жолдарды салып көрейік. Ал, ең жіңішке жол шығу үшін біз қай саусақпен саламыз? Кішкентай саусақ.(Жолдар тегіс және бұралаң болуы мүмкін). Және жолдар кең болуы мүмкін, қане, екі саусақтарыңмен (сұқ және ортаңғы) салып көріңдер. Барлығымыз бірге өту үшін ең кең жол керек, салайық (Алақандарының жанымен). Жарайсыңдар.

    Біздің жолдар үлкен құмды тауға әкелді. (Құмды тау қылып үйеміз). Қараңдаршы, қандай биік тау. Осы тауға саусақтарымыз шығайықшы, жаймен, асықпай. Біз таудың ең биік шыңына шықтық. Осы таудың басынан нені көруіміз мүмкін, қалай ойлайсыздар?- Барлық қаланы, шөлді. Дұрыс, енді түсейік.

    Құмды алдарымызға тартып, жаяйық. Балалар құмның үстімен біз саусақтарымызбен жүрсек не қалады? Іздер. Құмның үстінде тағы нелер іздер қалдыруы мүмкін? Жолбарыс, жылан және т.б. Қане, іздер қалдырып көрейікші. Біздің шөлейттің үстімен кенгуру секіріп өтті (Үш саусақпен құмды шымшылау. Басбармақ, сұқ саусақ және ортаңғы). Ал, енді жылан жорғалап өтті. (Алақанның жанымен). Және біздің шөлейттің үстімен піл жүрген (Саусақтарын жинап, түю).

    Қараңдаршы балалар, біздің шөлейтке тағы қандай жануарлар келген. (жабайы жануарлар ойыншықтарын тарату). Қане, алыңдар өздеріңе. Қалай із қалдыратындарын қараңдар. Балалар, қалай ойлайсыңдар бұл жануарлар шөлейттен не іздеуі мүмкін? Су. Бірақ, құмды дауыл құдықтардың барлығын жауып тастаған. Ендеше құдық жасап берейік. (Түтікше тарату). Қазір біз бұл түтікшеге үрлеуіміз керек, мұрнымызбен дем алып, ауызымызбен шығаруымыз қажет. Біз жаңа үрлеген кезде, аспанды бұлт торлап, жаңбыр жауа бастады. (Алақандарына құм жинап, себу жәйдан, қаттырақ жауған жаңбырды имитация жасау). Біздің құдықтарға су толды. Енді жануарлар су іше алатын болды. Біз бұл қала тұрғындарына көмектесе алдық. Бізге әрі қарай аттану керек. Құмға кіріп кетпеу үшін аяқ ұштармен жүріп өтуіміз керек.

    2 Үстел. Сіздердің алдарыңызда «Қуаныш» қалашығы.

    Бірақ, құм дауылы бұл қалашықтан барлық қуанышты алып кеткен. Енді бұл қала тұрғындары… қандай? Мұңлы. Балалар, мұңлы адамдардың түрін көрсетіндерші. Қалай болады? Қане, құмда мұңлы адамды салайықшы. Енді «ашулы» қабақтары түйілген, еріндері томпайған. Біз бұл қала тұрғындарының қуанышын қайтарумыз қажет. Қуанышты адам ол қандай болады көрсетіндерші. Құмға салайық. Осы қуаныштарыңызбен бұл қала тұрғындарымен бөлісулеріңді сіздерге ұсынамын. Қолдарыңызға кішкене құм алып, мына ыдысқа салуларыңыз қажет.(Түрлі – түсті құмды банкаға салу). Қане, күлімдейік, біз өз қуаныштарымызбен бөлісіп жатырмыз. Балалар біз қандай жақсы қасиеттерімізбен бөлісіп жатырмыз? ( Мейіріммен, қуанышпен, күлкіммен және т.б.). Балалар қараңдаршы ыдысымызда қаншалықты қуаныш жиналды? Ол неге ұқсайды? Қуаныш кемпірқосағына ұқсайды. Біз оны осы қала тұрғындарына сыйлаймыз. Енді оларға қуаныш оралды. Ал бізге бұл кемпірқосақ әрі қарай аттануымызға көмектеседі. Көзімізді жұмайық. Алдарыңызда кемпірқосақ тұр деп елестетіңіздерші. Біз дем алғанда (вдох), бұл кемпірқосаққа шығайық, дем шығарғанда (выдох) түсейік. (2-3 рет қайталау). Жарайсыңдар. Осылайша кемпірқосақ бізді

    3 Үстел. «Қиял» қалашығына жетуімізге көмектесті. Құм дауылынан бұл қала жоқ болып кеткен. Мұнда ағаштарда, үйлерде, суларда ештеңе қалмаған. Адамдар бұл қаланы тастап кетуге мәжбүр болған. Ендеше, қала тұрғындары қайтып келулері үшін, бұл қаланы қайта құруға көмектесейікші. (Түрлі фигуралар: үй, ағаш, дүкен және т.б.пайдалану арқылы). Жарайсыңдар балалар, сіздер халықтың қайта келулеріне жағдай жасап бердіңіздер. Олар үйлеріне оралуда. Бізге басқа да қала тұрғындарына көмекке бару керек. Ендеше, аттанайық. Келесі қалаға бару үшін біз мына сордан абайлап өтуіміз қажет. Ол үшін құлап қалмай мына тастардан басамыз. Арқамыз тік ұстап, қолдарымыз жанда болу қажет.

    4 Үстел. Біз «Қазына» қалашығына келіп жеттік. Қане, қолдарымызды құмның үстіне қойып, құмды ұстап қарайық. Ол қандай? (салқын, жұмсақ). Бұл қалада құм дауылы барлық қазыналарды тығып тастаған. Бізге соларды қазір табу керек. Жайлап құмды жан – жағына түсіріп, асыл тастарды табуымыз қажет. Мұнда қазына бар ма? Мұқият қараймыз. Міне, олар. Барлығын таптыңыздар ма ? Ендеше бұл құмнан күн жасайықшы. Себебі күн қайта оралып, қазына қалашығы жарқырай түсті емеспе. Ортаға құмды үйіп дөңгелек жасап, одан таралған шуақтарды жасайық. Әркім өзінің шуағын жасасын. Күн оданда жарқырай түсуі үшін күн шуақтарын асыл тастармен безендірейік. Міне осындай күн пайда болды.

    (Дауылдың дыбысы естіледі)

    Педагог – психолог: Құм адамы біз сізге көмектесе алдық, және барлық қазыналарыңды қайтардық.

    Құм адамы: Рахмет, сіздерге балалар. Ал сендер не істедіңдер?

    Педагог – психолог: Балалар біз не істедік? Қай қалаларда болдық?

    (Балалар жауабы)

    Құм адамы: Балалар, құм қалашығының тұрғындары сіздерге рахмет айтып жатыр. Олар өте қатты риза болып, сіздерге сыйлық беріп жіберді. (тәтті тарату).

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.